Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыДіни экстремизм - опат болудың жолы!

Діни экстремизм - опат болудың жолы!

Скачать материал

Күні: 21.11.2014.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Діни экстремизм  - опат болудың жолы!

Мақсаты:

• Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;

• Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан - жақты талдап, оқушыларға ой салу;

• Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

• Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт - дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер, үнтаспа, құран және «Ислам тағылымдары»  кітаптар,  теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы деректер.

Мұғалім: Халқымыз жан - жақты адамды «сегіз қырлы бір сырлы»,- дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның ақылы, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болады, жаман мен жақсыны айыра біледі.

Міне, сол себепті біз «Діни экстремизм  - опат болудың жолы» деген тақырыпта өз ойларымызды ортаға салмақпыз.

Соңғы кездері экстремисттер бейбітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.

          Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде - кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты.

          Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып,, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті.

Қазіргі кезде ата - анасын қарттар үйіне өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп, жүрген алаяқтар, маскүнем, ұрылардың көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын.(Слайд)

Сондықтан, осы өзекті мәселе туралы ой қозғамақшымыз.

Экстремизм дегеніміз – латын сөзі. Ол «шеттеу», «өз пікірімен әрекет жасау» дегенді білдіреді.

Секталар: «Иегова күәгерлері», кришнаиттер, саентологтар, мунистер, баптистер. Олар дін жолын табыстың көзіне айналдырған. Күллі әлемді евангелиендіру саясатымен Америкадан әлемнің түкпір - түкпіріне мыңдаған миссионерлер жөнелтуде.

Секта - орталық шіркеу немесе мешіттен бөлектенген діни топ, қауым, бас пайдасы, жеке мүддесі үшін халықтан қол үзген топ.

Саентология деген не?

Олардың сырт көзге білінбестен гипнозбен, зомбыландыруымен адамда ішкі психологиялық сәттілік сезімі пайда болады. Сектаға тартылған адамдардың психологиялық күйі күннен күнге асқына береді. Саентология ілімдерін қолданатын бизнес - мектептері: «Дианетика», «Нарконон», «Кримиан», «Рубикон», «Перформия».

 Ой толғау!

Экстеремизм, терроризм сөзін естігенде еске не түседі. (оқушылар жауабы)

Видео(Сириядағы Қазақстандықтар)

Мұны білу өте маңызды!

1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!

2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.

3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.

4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.

5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.

6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.

7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.

8. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.

9.  Есіңде болсын! Есте сақта!

Бәрі өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айрылғың келмесе, Ойлан!

 

Исламдағы  теріс  ұғымдар туралы оқушылардың айтар пікірлеріне тоқталсақ:

«Салафиттер» немесе салафилер ұйымы 7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата - баба басында құран бағыштауға қарсы. Атырау қаласында кең тараған. «Салафи» сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі. Негізінен «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Ал қазіргі заманның салафилерінің іс - әрекеттері Құран аяттарын өз беттерінше өзгертіп алған.

«Такфиршілер» ұйымы. Олар өздерін таза мұсылмандар санап, өзгелерді кәпірге есептейді екен. Египетте бастау алған бұл ағым өзге мұсылмандармен араласпайды, мешітке бармайды. Мұсылмандар арасында жік салушы. Мемлекеттің саяси бағытын қабылдамайды. Олар дін ақиқатын білуге талпынбайды. Ағым мұсылмандар арасында іріткі салып, олардың бірлік - ынтымағын бұзуға тырысады. Дау - жанжал туғызу арқылы мемлекеттің саяси - экономикалық бағдарламасының нығаюына кері ықпал жасайды.

«Таза ислам» деп аталатын діни ағым өкілдерінің ниеттері - ұстанымдылық пен Алладан қорқушылық қағидаларын аяқ асты етіп, Исламға жат жоспарларын жүзеге асыру. Олар адам ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады. Осындай 7 адамнан тұратын топ 2008 жылдың желтоқсан айында ұсталған екен.

«Таблиғ жамағаты». Нақты тұжырым жасасақ, бұл «дін уағыздаушы топ» деген ұғымды білдіреді. Олардың екінші бір аты - «дағуатшылар», қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу, шақыру. Олар Ислам дінін өздері құрған ереже бойынша насихаттайды. Өздерін саясаттан бөлек ұстайды. Сақал қойып, ұзын көйлек киеді. Туған күнге, ұйымның іс - әрекетіне тыйым салған.

«Нұршылар жамағаты» Түркияда пайда болған. Ұйымның мақсаты – мемлекет әкімшілігіне қарсы шығатын діни фанат адамдарды тәрбиелеу. Бұл ағым елімізге 1992 жылдан бері келе бастаған. Өздері басып шығарған уағыз парақшаларын тарату арқылы қатарларын толықтыруға тырысады.

«Қадиян» тобы Үндістанда пайда болған. Адасқан ағымдардың бірі. Мұсылмандарды діннен аластату мақсатында пайда болған. Отанды қорғауды қажет деп есептемейді. Зиянды, жағымсыз әдеттермен мұсылмандар арасында жан - жақты идеологиялық күресті күшейтіп, төңкеріс арқылы қол жеткізуді көздейді.

«Уаһһабилер»Сауд Арабиясында дүниеге келген.

Мұхаммед ибн Абдуллуаһһаб деген адам астыртын жіберілген ағылшын тыңшыларымен байланысып, солардың ақыл - кеңесімен «Уаһһабия» деген ағымның негізін салған. Олар мәдениетті, өнерді мойындамайды. Уаһһабия ағымының белгілері:

1) мемлекет заңдарына бағынбайды; 2) пайғамбарымыздың кейбір хадистерін мойындайды; 3) әулиелерге зиярат жасауға болмайды деп есептейді; 4) садақа беруге мүлдем қарсы, мешітке кіріп намаз оқымайды; 5) мемлекеттің тәуелсіздігін нұқсан келтіреді. Өкінішке қарай, біздің мемлекетімізде де осы қауіпті ағым жолын ұстанушылар кездеседі. Олар ата - аналарын сыйламайды. Туыстарымен қатынаспайды. Бұл ағымда Ислам өркениеттің күш алып кетуінен қорыққан еуропалықтардың әрекеті бар.

Постр

Сонымен теріс бағыттағы діни ағымдардың мақсаты:

1. Басқа нұқсан келтіру, адамдарға деген жиіркенішті сезім тудыруды уағыздау.

2. Адам ойына үстемдік жүргізу.

3. Мемлекеттің, отбасының бірлігін, тыныштығын бұзу.

4. Халықтың патриоттық қатынастарын бұзу.

5. Мемлекеттің тәуелсіздігіне нұқсан келтіру және мемлекет заңдарына бағынбау.

Дін және заң бөлімі. «Діни диверсияға құқықтық тосқауыл».

«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңнан үзінді.

Зайырлықтың мына қағидаларын тұратынын көрсетеді

Мемлекеттік билікке діни бірлестіктердің араласуына жол бермейді.

Мемлекеттік органдар діни бірлестіктердің қызметіне заңсыз араласа алмайды.

Діни бірлестіктерге партия ретінде құрылуына жол бермейді.

Мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмайды.

Белгілі бір дінді мемлекеттің білім дағдарламаларына арнайы пән ретінде енгізуге болмайды.

Білім беру орындарында дінтану пәндері танымдық негізде өткізілуі мүмкін.

 

Мұғалім: Сонымен қатар, бүгінгі тақырыбымызға сай өз оқушыларымыз мұсылман діні туралы қандай ұғымдары біледі екен, соған кезек берелік.

І. 1 - оқушы: Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед пайғамбар. Ұлты араб. Меккеде туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес, тарихи тұлға. Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп те атайды.

2 - оқушы: Ислам дінін ұстанатын адамдарды мұсылман деп атайды.

3 - оқушы: Мұсылман дінін ұстанатындардың негізгі қасиетті күні - жұма.

4 - оқушы: Ораза ұстаған адам өзін - өзі тәртіпке шақырып, жаман істерден тыйылады. Мұсылмандыққа жат қылықтардан - өтірік, өсек айту, дау - жанжалдан, біреу туралы жаман ойлардан, дауыс көтеріп ұрысудан аулақ болуға тырысады. Адамдарға кешірімді болуға, мейірімді болуға, басқа ораза ұстаушыларға қамқорлық көрсетуге ниет етеді.

5 - оқушы: Мұсылмандардың қасиетті үйі – мешіт. Мешіт - өтірік айтылмайтын, ақиқат пен шындық жолын тұтынған ең таза пәк жер.

6 - оқушы: Мұсылман дінінің қасиетті кітабы - Құран. Құранның сөзі құдайдың сөзі.

7 - оқушы: Ораза айында әр отбасы жан басына белгіленген мөлшерде пітір - садақа береді. Бұл осы Рамазан айына аман - есен жеткеніміз үшін берілетін құдайы садақа. Мұнда мұсылман қауымы дүние - қоңыздықтан аулақ болуға үйренеді. Адамдарды тату өмір сүруге баулиды. Пітір садақаны ауру - сырқаулы, жетім, мүсәпір адамдарға беруге болады.

9 - оқушы: Аллаға сенудің пендеге берері көп. Тіршілікте таза болып, дұрыс, түзу жол табу – иман мен жақсы істердің нәтижесі. Иман - адам бойында қанағат, қайсарлық пен сабырлық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Ислам дінін тұтынатын мұсылманның бес парызы бар. Сендер, балалар, атап бере аласыңдар ма?

1. Құдай бірлігі Мұхаммед пайғамбар қасиетін мойындау

2. Намаз оқу

3. Ораза ұстау

4. Садақа беру

5. Қажылыққа бару.

10 - оқушы: Шариғат бойынша адам қылмыс жасамауы, жаман сөз өтірік айтпауы керек. «Менде ғана болсын» деген өзімшілдік, біреуге қиянат, зорлық жасау діннен безген, діннен қорықпағандардың ісі, ондай адам күнәхар болып есептелінеді.

Монтаж

Қорытынды сөз:

Бүгінгі «Діни экстремизм  - опат болудың жолы!» атты тәрбие сағатымызды Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым кеп отыр.

«Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі.

Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады»

Құрметті қонақтар бүгін сыныбымызға келгендеріңізге рахмет, ортаға  өз ақыл – кеңестеріңізбен  бөлісе кетсеңіздер.

Міне, балалар бүгін біз теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы ой бөлістік. Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» демекші, Алла бізді теріс сенім- нанымдардан аулақ қылсың. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Діни экстремизм - опат болудың жолы!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Діни экстремизм  - опат болудың жолы!

Мақсаты:

• Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;

• Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан - жақты талдап, оқушыларға ой салу;

• Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

• Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт - дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер, үнтаспа, құран және «Ислам тағылымдары»  кітаптар,  теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы деректер.

Мұғалім: Халқымыз жан - жақты адамды «сегіз қырлы бір сырлы»,- дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның ақылы, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болады, жаман мен жақсыны айыра біледі.

Міне, сол себепті біз «Діни экстремизм  - опат болудың жолы» деген тақырыпта өз ойларымызды ортаға салмақпыз.

Соңғы кездері экстремисттер бейбітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 136 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.12.2014 997
    • DOCX 54 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елубаева Гульсезим Курмангазиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 90525
    • Всего материалов: 29

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 555 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 17 регионов