Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Музыка / Дина Нұрпейісованың күйі "Той бастар" (ашық сабақ)

Дина Нұрпейісованың күйі "Той бастар" (ашық сабақ)

Бекітемін

« Сәтбаев қаласының оқушылар

сарайы КМКҚ директоры

________Г.С. Сансызбаева

«___» _________2013 ж

« Жұлдызша» бағдарламасының

2013-2014 оқу жылына арналған жоспары

Іс- шара мазмұны

Өту мерзімі

1

«Мен және мен өмір сүретін орта» (сауалнама)

қазан

2

«Жүзден жүйрік» (сайыс)

желтоқсан

3

«Есірткіден ел болып қорғанайық»

(пікір алмасу)

ақпан

4

Дарынды балалармен жұмыс қабілетін анықтау тесті

сәуір

5

Дарынды оқушыларды анықтау

мамыр



















«Домбыра» үйірмесінің қосымша білім беру ұстазы: Берлібекова К.Қ





Тақырыбы: Дина Нұрпейісованың күйі « Той бастар»

Білімділік мақсаты: Ұлы Құрманғазының шәкірті, лайықты мұрагері Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, « Той бастар» күйіне толық мағлұмат беру.

Тәрбиелік мақсаты: Домбыра арқылы халық шығармашылық өнерін, көркем өнер туындыларын санамызға сіңіруге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Ән- күй тыңдау арқылы оқушылардың қиялы мен ой- өрісін ойлау қабілетін, сезімін дамыту.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі:Дина Нұрпейісованың суреті, слайд, буклет, тірек сызба, той бейнеленген сурет.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2.Өткен сабақты қайталау.

3. Үй жұмысын сұрау.

4. Көрініс.

5.Сергіту сәті.

6. Күйді 1-ші буынға дейін үйрену.

7.Қорытынды « Ой жинақтау».

8. Бағалау.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу.

Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.

Мұғалім: Оқушылар бүгінгі сабағымызда Ұлы Құрманғазының шәкірті, лайықты мұрагері Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, « Той бастар» күйіне толық мағлұматтар беру.

Оқушылар сабағымызды бастамас бұрын өткен сабағымызды қайталап алайық. Өткен сабақта қандай күй үйрендік?

Оқушы: « Жастар биі» күйін жатқа ойнадық.

Мұғалім: Оқушылар біз «Жастар биі» күйін буынға бөліп жатқа ойнадық. Енді әр оқушының қалай жаттағанын жеке-жеке тексереміз. Уақытты тиімді пайдалану үшін күй тартыс ойынын ойнаймыз. Ойынның шартын білеміз 1-ші оқушы 1- ші буынды ойнаса, 2-ші оқушы 2-ші буынды жалғастырып ойнайды, солай жалғасып соңына дейін ойналады. Сосын осы «Жастар биі» күйін ансамбльде қосылып ойнайық

Мұғалім: Күй- қазақтың бағына біткен дара өнер, қастерлі дүние. Ұлы таланттар сан ғасырлық тарихымызды домбыра үні арқылы күй құдіретімен жеткізген. Алып даланың сырлы сазын мұңлы күймен жеткізе білген Қорқыт, Кетбұға , Асан қайғы, Қазтуған, Қ ұрманғазы секілді ұлы тұлғалардың ізін басып, дәстүрін жалғастырып бүгінгі күнге жеткізген дәулескер күйшілер сирек.Сол сиректердің бірі әрі бірегейі- әйгілі күйші Дина Нұрпейісова.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылар өткен сабақта сіздерге Күй атасы Құрманғазының батасын алған төл шәкірті Дина Нұрпейісова туралы шығармашылық жұмыстар дайындап келуге берілді.

Мұғалім: - Ал, балалар лоай болса Дина Нұрпейісованың өмірімен кім таныстырады.

1-ші оқушы: Дина Нұрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жерде дүниеге келгн. Әкесі Кенже мен анасы Жаниха елге сыйлы, қадірлі адамдар болған Әкесі Кенже- тұлпар баптап, күреске түскен, күй тартып, ән шырқаған сері кісі. Күйші Динаның туа біткен өнеріне әкесіеің ықпалы аз болмаған. Ол тоғыз жасында-ақ , күйдің пірлері Құрманғазы, Дәулеткерей, Мүсірәлі, Түркеш, Ұзақ, Байжұма секілді күйшілердің күйін нақышына келтіре тартып, ел арасында арасында « күйші қыз» атанып, көзге түскен. Қаршадай күйші қыздың даңқын естіп білген Құрманғазы Сағырбайұлы арнайы іздеп келген.

Оның домбыра шертісіне тәнті болған дәулескер күйші батасын береді. Домбыра тартудың тылсым сырларын үйретеді. Әруақты күйші Құрманғазы атамыз- Динаның өнержолындағы тұсауын алғаш кескен адам.

2- ші оқушы: Дайындап келген слайдын көрсетеді.

Мұғалім: Оқушылар жарайсыңдар, кім тағы Дина апамыз туралы не білеміз?

3- ші оқушы: Күйші Дина Нұрпейісованың балуан болғандығын көп адам біле бермейді.

Саусағынан күй саулаған әйгілі күйші Дина Нұрпейісова домбырашы ғана емес, той думанның көркін қыздырған шебер балуан да болған. Дина апамыздың қарапайымдылығынан бұрын жігерлілігіне бас июі керек. Кезінде қыз- келіншектеріміз шалбар киіп, күреспек түгілі ел алдында өз ойларын толық білдіре алмаушы еді. Ал Дина Кенжеқызы кез келген той- думанда домбыра шертіп, күй тартумен бірге білегін түріп, күреске де түсетін шебер балуан болған». Динаның қос қолымен бірдей домбыра шертудегі шеберлігін көрген адамды ерекше қайран қалдыратын.

Мұғалім: - Жарайсыңдар балалар Дина апамыз туралы біраз мағлұматтар алдық енді осы Дина апамыз жайлы көрініс тамашалайық.

Мұғалім: - Оқушылар мына көріністегі қарт кісі кім деп ойлайсыңдар?

Оқушылар: Құрманғазы атамыз.

Мұғалім:- Ия балалар дұрыс айтасыңдар көріністегі Дина апамыздың ұстазы, қазақ халқының бір туар күйшісі Құрманғазы атамыз болатын.

Мұғалім: - Ия балалар дұрыс айтасыңдар көріністегі Динм апамыздың ұстазы, қазақ халқының бір туар күйшісі Құрманғазы атамыз болатын. Ал, Құрманғазы атамыз үкілі домбырасын кімге береді ?

Оқушы: Дина, Құрманғазы атамыздың ойнаған күйін тыңдайды да, қатесіз қайталап ойнап береді. Құрманғазы оның домбыра шертісіне риза болып, батасын беріп домбырасын мұраға қалдырады.

Мұғалім: Күй атасы Құрманғазының батасын алған, « Қазақстанның Халық әртісі» өнегелі өмір жолында 13 баланы дүниеге әкеліп абзал ана болған, арқалы күйлер шығарып дана болған Дина анамыздың талантын қазақ қоғамы зор бағалады, оның дарынын, күйшілігін ерлермен қатар құрметтеді. Күйшінің күй мұрасы ұрпақтан ұрпаққа берілді. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның халқы да Дина күйшіні орынды мақтан етеді.

Ш.Сергіту сәті:

-Қане балалар, біраз демалып алайық. Ол үшін ұлдар ортаға шығып, « Сал күрең» күйін ойнайды. Ал, қалған оқушылар сол күйге билеп, біраз серігіп алайық.

IV. Жаңа сабақты ашу:

Мұғалім: Ал, балалар біраз сергіп демалып алдық. Енді «Тойбастар» күйімен танысайық.

Дина « Той бастар» күйін 1940 жылы өткен Қазақстан республикасының жиырма жылдығына арнап шығарады. Дина бұл күйінде бостандық алған, өз мемлекеті өркендеп келе жатқан экономикасы мен мәдениеті бар халықтың шалқыған қуанышын суреттейді. «Той бастар» жарқын болашаққа алып адаммен келе жатқан халықтың салтанатты марш сияқты. Бұл арнау күй. Құрылымы жағынан төкпе күй.

Оқушылар Дина апамыз тойды домбыра үні арқылы күй құдіретімен жеткізсе, мына суретте суретші тойды қыл қаламның құдіретімен бейналап жеткізіп отыр. Енді, « Той бастар» күйін Дина апамыздың рөлін сомдаған Қасым Мөлдірдің орындауында тыңдайық.

Күйді 1- ші буынға дейін үйренеміз. Біріміз үйреніп отырғанда, қалғандарымыз той туралы сурет салып отырамыз.

Салған суреттерін әңгімелеп іліп қояды.

V. Қорытынды: « Ой жинақтау»

Мұғалім: - Ал енді оқушылар бүгінгі сабақта не үйрендік, не білдік, бәрін естеріңе түсіріп, қортындылайық, менің қолымдағы мына карточканың 1- жағында сұрақ, 1- жағында домбыраның суретінің бір бөлігі бар. Алдымен сұраққа жауап береміз де, домбыраның суретін құрастырамыз.

Сұрақтар:

1.Дина неше жасында қолына домбыра ұстады? Дина тоғыз жасында күйшілік өнерді еркін меңгерді.

2.Дина кім ? Дина Нұрпейісова әйгілі күйші, Күй атасы Құрманғазының батасын алған төл шәкірті.

3. Динаның ұстазы кім? Күй атасы- Құрманғазы.

4. Динаның туған жері. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы Бекетай деген жер.

5.Динаның қандай күйлері бар? « Әсем қоңыр», «Жеңіс». «Еңбек ері»

«Сауыншы», « Байжұма», «Той бастар», « Көгентүп», « Кішкентай», «1916 жыл».

6. « Той бастар»күйі қандай күй? Құрылымы жағынан төкпе күй, арнау күйдің түріне жатады.

7. Дина қандай күйшілердің күйін орындап « домбырашы қыз» деп атаған?

Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсан сияқты күйшілердің күйін орындап домбырашы қыз атанған.

8. Динаның туған жылы. Дина 1861 жылы дүниеге келіп, 1955 жылы қайтыс болған.

Мұғалім: Міне, оқушылар қазақтың қасиетті де, қадірлі аспабы домбыраның суретін құрастырдық.



VI. Бағалау:

Мұғалім: - Бүгінгі сабаққа барлығыңда жақсы қатыстыңдар, Дина Нұрпейісова туралы шығармашылық жұмыстарды жақсы жасап келіпсіңдер.

VII.Үйге тапсырма:

« Той бастар» күйін 1- ші буынға дейін үйде санап дайындалып келу.

  • Музыка
Описание:

Тақырыбы: Дина  Нұрпейісованың күйі « Той бастар»

Білімділік мақсаты: Ұлы  Құрманғазының шәкірті, лайықты мұрагері  Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, « Той бастар» күйіне толық мағлұмат беру.

Тәрбиелік мақсаты: Домбыра арқылы  халық  шығармашылық өнерін, көркем өнер туындыларын санамызға сіңіруге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Ән- күй тыңдау арқылы оқушылардың қиялы мен ой- өрісін ойлау қабілетін, сезімін дамыту.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі:Дина Нұрпейісованың суреті, слайд, буклет, тірек сызба, той бейнеленген сурет.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2.Өткен сабақты қайталау.

3. Үй жұмысын  сұрау.

4. Көрініс.

5.Сергіту сәті.

6. Күйді 1-ші буынға дейін үйрену.

7.Қорытынды « Ой жинақтау».

 

8. Бағалау.

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Скачать материал
Автор Берлибекова Куляш Канарбаевна
Дата добавления 21.01.2015
Раздел Музыка
Подраздел Другое
Просмотров 5607
Номер материала 54611
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы

Нет результатов.