Әдебиеттік оқу 3- сынып
Сабақтың тақырыбы: Ө. Тұрманжанов. Қаңбақ
пен Жантақ
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:Қаңбақ пен Жантақ мысалын түсіндіре
отырып, оның негізгі идеясын
ашу.
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, өз бетінше
жұмыс орындауға баулу.
Тәрбиелік: оқушыларды еңбекқорлыққа, адлдыққа, жаман әдеттерден бойын
аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі:
әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Топтастыру», «Венн диаграммасы» ,« Эссе жазу» стратегиялары.
Пәнаралық байланыс:
дүниетану, қазақ тілі
Көрнекілігі:
Ө. Тұрманжанов портреті, тақырыпқа байланысты суреттер мен мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезең: Психологиялық
дайындық.
Қоршаған орта
табиғат Жануар,
өсімдік, адамзат
.
Сүю, қорғау-парасат, Білейік
мұны жамағат.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Ой шақыру. Жер
бетінде өсімдік өспейтін жер жоқ. Өсімдіктердің көп түрлілігі сондай, әр түрдің
атын атап, тізіп айту қиын. Ғалымдардың есептегені бойынша, біздің елімізде
алты мыңнан астам өсімдік түрі өседі екен. Олар алуан түрлі ортада, әр түрлі
жағдайларда тіршілік етеді.
Тақырыппен
таныспас бұрын ой қозғайық. Тапсырма.
Балалар, қазір мен екі топқа өсімдіктердің суреттерін таратамын, ал сендер сол
өсімдіктерді зерттеп, атын атап, тіршілік ету ортасы туралы айтып кетіңідер. Осы
өсімдіктер арасында өзгеше бір өсімдік бар шығар. Сол туралы не
білесіңдер? Әр топтан
бір оқушы шығып, сыныпқа өз шешімдерін айтып береді.
–Біз қаңбақ пен жантақ
туралы не айта аламыз?
Серіктестерімізбен ой
бөлісу
ІІ. Мағынаны тану
-Балалар, біз
бүгін Ө. Тұрманжановтың «Қаңбақ пен Жантақ» атты шығармасымен танысамыз.
Осы күнге дейін біз шығармалардың қай түрлерін білетін едік?(әңгіме, ертегі,
өлең, жұмбақ, мақал-мәтел, айтыс, аңыз, жаңылтпаш)
Бүгінгі күні біз
шығарманың тағы бір жаңа түрі –мысалмен танысамыз. Мысал не екенін сабақ бойы
жұмыс істей отырып анықтайтын боламыз?
Олай болса біз мысалдың
мазмұнын меңгере отырып, ақын қаңбақ пен жантақтың қандай қасиеттерін
сынайтынын біліп, мысалды өз сөзімізбен әңгімелеуге үйренеміз.
1. Өтебай
Тұрманжанов туралы мағлұмат беру
2. Оқулықтан
«Қаңбақ пен Жантақ» мысалын мәнерлеп оқу.
Мен мысалды оқыған кезде
түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін белгілеп отырыңдар.Содан кейін сөздік
жұмысын жүргіземіз
3. Сөздік
жұмысын жүргізу
-Балалар қандай сөздер
түсініксіз болды?
Адырайып-көздің
әдеттен тыс ашылуы, бадыраюы жағаласа-жанжалды
тайталасу, алыс-жұлыс айқасу кимелесті
–итермелеп алға ұмтылды
шүйделесті-
ұрды, соқты
4. Оқушылардың
мысалды іштен оқуы
-Ақын Қаңбақты неліктен
әдепсіз санайды?
-Жантақ пен Қаңбақтың
қайсысының ісі дұрыс? Не себепті? -Ақын қаңбақтың
бойындағы қандай кемшілігін күлкі етіп отыр?
-Мысалдың түйінді ойын
тауып оқып көрейік . Түйінді ой мысалдың басында не аяғында болады .Ал осы
мысалда соңында тұр.
5. Оқушылардың
кезекпен мәнерлеп оқуы
6. «Қаңбақ
пен Жантақ» мысалындағы кейіпкерлерді Венн
диаграммасы арқылы салыстыру
-Сендер қаңбаққа
ұқсағыларың келе ме? Неге?
-Жантақ сендерге ұнайма? Оған ұқсағыларың келе ме? Неге? Ендеше, осы
мысалдағы екі кейіпкерді салыстырып сипаттап көрейік.
Қаңбақ Жантақ
7. Әдептілікке
қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Әдептің
не
екенін
Әдепсізді көргенде ұғарсың. Осы мақалды қалай
түсінесіңдер?
8. Балалар
, осы мысалдың негізгі кейіпкерлері нелер еді? Мысал кейіпкерлері өсімдіктер
болғанымен оның ар жағында ақын кімдерді
бейнелеген?
-Қаңбақты ақын қандай адамға теңейді? Жантақты ше?
9. Сергіту
сәті
10. Мысал
деген не?
Мысал-аң, хайуанат,
жәндік, өсімдік, заттарды кейіпкер етіп, солардың әрекеті арқылы адам
бойындағы мін, кемшілікті келеке (күлкі) ете отырып тәрбиелейтін шығарма. Мысал
кейіркерлері күлкі тудырады. Бірақ бізге кейіпкердің өздері емес, олардың
ақымақтық, өзімшілдік, қызғаншақтық, алдамшылық, тағы басқа әрекеттері күлкілі.
Мысал өсиет айтуға құрылады. Бұл шығармаларды жазатын адамдарды мысалшы дейміз.
(Орыс мысалшысы И.Крылов Осы жазушының шығармаларын Абай, А.Байтұрсынов, С.
Көбеев аударған)
ІІІ. Ой толғаныс
1. -Жантақ
пен Қаңбақ мінездес адамдар кездессе, оларға не деп , қандай ақыл-кеңес берер
едіңдер. Соны дәптерге жазып көрсетейік. (топтарда оқу, әр топтан бір оқушы
шығып өз жазғанын оқиды.)
2. Мысалға
байланысты сурет салу
3. Мысал
кейіпкерлеріне өлең шығару
-Мысалдағы негізгі ой не
екен?
-Мысалда қандай әдет
сыналған?
-Мысал бізге не
үйретті?
-Мысал арқылы қандай қорытынды жасар едіңдер?
Бойымызға жақсы
қасиеттерді жинап, жаман қасиеттерден аулақ болайық.Бойында жақсы қасиеті,
мінезі жақсы адамның болашағы жарқын болса, жаман мінезді адам өмірден жейтін
таяғы көп болады. Жақсы әдеттерді үйреніп, жаман қылықтардан аулақ болып,
жантақ сияқты тиянақты, орнықты,сөзімізде тұра білетін азамат болып өсейік.
Қасқыр-жауыз,
ашқарақ, қара жүрек қатыгез, қой –момын,жуас, түлкі- қу, екі жүзді алдамшы, бұлбұл-әнші,
сауысқан-өсекші, есек-опас, дүлей
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.