Инфоурок Иностранные языки ПрезентацииCырбайдың сырлы әлемі

Cырбайдың сырлы әлемі

Скачать материал

Cырбайдың сырлы әлемі

Сыныптан тыс сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: -Қазақ лирикасының классигі Сырбай Мәуленовтің сырбаз сыршылдық пен сымбатты суреткерлік өлең өрнегі мен ақынның соғыс тақырыбындағы толғаныстары мен табиғат бояуларын өзек еткен  жырларының ерекшілігі мен мәнін ашу.

Дамытушылық: Оқушыларды ақын өлеңдерінің   эстетикалық-рухани құндылықтарымен тыныстыра отырып,ойлау қабілетін,мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру

Тәрбиелік:- Поэзияға  деген сүйіспеншілікке, ерлікке адалдыққа тәрбиелеу

Сабақтын түрі: танымдық-шығармашылық

Сабақтың әдіс-тәсілі: жинақтау, мәнерлеп оқу, ой толғау, топпен жұмыс

Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, бейнебаян

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Ой қозғау .Сырбай Мәуленов туралы бейнебаян көрсетіледі.

Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы, қызметі туралы постер қорғайды.

 Қазақ даласы қашанда таланттарға әсте кенде болмаған.Өткен ғасырдың елуінші жылдары қазақ әдебиетінің  рухани кемелденуіне   өзіндік қолтаңбасымен келген  үлкен тіректі тұлғаның бірі -Сырбай Мәуленов.Оның қаламынан туған өлең өрнектері өміршеңдігі құнды. Соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті бір кездегі рухани биігіне қайта көтерілу жолындағы ізденісті өте тездетті. Осы ізденісті тездетуге майданға барып, өмірдің ащы шындығын көріп келіп ,адамдық болмыстың бүкіл тұңғиық тереңдеріне  өзінің көркемдік нақты тәжірибесі арқылы көз жеткізіп келген ұрпақ көп себепші болды.Мәселен, сол ұрпақтың үлкен рухани көсемі ретінде біз Қасым Аманжоловты алатын болсақ, осы Қасымдар бастаған рухани сардарлардың ішінде алдымен көзге түсетін ақын Сырбай Мәуленов болды . Сырбай осы жылдардан бастап қазақ поэзиясында оқырманды  нағыз сыршыл сезімімен де , ойымен де , көркемдік бейнесімен де бірден баурап алатын шынайы поэзияның орнығуына ықпал ете білген ақын.

Өлеңім сырласатын серігімсің,

Өзіммен бірге жасар өмірімсің.

Адамзат жүрегіме үңілгенде

Әр уақыт сен арқылы мені білсін,- деп ақынның өзі айтып кеткендей бүгін Сырбай ақынның өлеңдері арқылы сырлы өміріне жол ашпақпыз. Өлеңдерінің ерекшелігі ,ішкі мазмұны , тақырыбы жайлы тоқталмақпыз.

«Арманым жоқ көкірегімді кең ашып ,

Туған елге тарту етсем барымды »- деп ақын артына өшпес із қалдырды. Жалынды жырларын жұртына тастады. “Балалық досы”, “Кәрі өлім”, “Жыр жолы”, “Бауырлас алыстағы ағайыным”өлеңдері оқылады.

Бүгінде Сырбай Мәуленовтің көптеген жыр жинақтары жарық көрген. Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген.

Жыр жинақтары:

 «Шаңқай түс»(1966)

Жалын(1979)

Жаңбырсыз күз(1980)

Шуақ(1981)

Күзгі бұлттар(1987)

Қысқы жаңбыр(1988)

Ақшамның қызыл қанаты(1994)

Алып кетіп барамын(2003)

Ақ түн(2003)

Ұшқан ұяда(2012)

Бұл жыр жинақтарда ақынның таңғы шықтай таза, өрнекті өлеңдері топтастырылған.

Тілге жеңіл,жаттауға оңай,әрі қысқы ,әрі нұсқа “Ақын сезімі” “Мектеп”, “Балалықта ойыма”, “Қазақ тілі”

Ал кейде жеке бастың қайғысын не қуанышын жырлауда, көпке ортақ тіл, көптің көңіліне жол табуға болады. Мысалы, осы жинағындағы Сырбай Мәуленовтің «Ұлыма», «Әкеме» деген өлеңдері жеке бастағы, ақынның өз басындағы жағдайдың негізінде құрылған сияқты. Ақын өз қайғысын, өз қуанышын жырлай отырып, көптің көңілін толғантар ой тастаған. “Әкеме” өлеңі оқылады.

 Өлеңдерінің тақырыптары:

Соғыс суреттері ,дала табиғаты , ғашықтық-махаббат

Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер ретінде С.Мәуленовтің шығармашылығында соғыс тақырыбы үлкен орын алады.

Майдан жырлары.

Он сегізде әскермін

Қоңырау соғылды

Құлын

Жауынгермін құшағымда

Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін

Жау оғынан бораған ,жасырды жер мені

Түтік

Күлге айналған ормандар

Мен он сегіз жасымда армияға алынып ,Дондағы Ростовта болдым да ,көп ұзамай аурулығыма байланысты  әскери қызметтен босатылдым. Соғыс басталғаннан кейін бір жыл өткен соң ,денсаулығым түзелгесін өз өтінішіммен майданға аттандым .Әскери өмір менің өлеңімнің де мектебі болды. Соғыс мені күйретті де, көп нәрсеге үйретті. Тәніме өшпейтін таңбасын түсірді.”- дейді ақын.  Ендігі кезекті осы майдан жырларына берейік. “Сұр шинель”, “Майдан түні”, “Фашист лагері”

 Оның жастық шағы ,бозбала  кезеңі бүкіл халықтың асына түскен ауыртпалы- сұрапыл соғыспен тұспатұс келді. Сол соғыстың алдында ол Қостанай өңіріндегі боздала «Жаркөл » стансасынан Отан алдындағы борышты міндетін атқару үшін әскерге алынып, дондағы Ростовтан бір-ақ шыққан болатын.Сол кездің өзінде –ақ болашақ ақынның жыр жолдары жас жүрегінде ұшқын ата бастап еді.

Міне ,ақын майдан тақырыбын осылай жырлады. Сырбайдың әр өлең жолынан қан майданның оқ дәрісінің исі мүңкіп тұрады, соғыстың жанды суреті елестейді, жалынды жүрек үні естіледі.

Соғыстан соң Сырбай ауа, күн, жел, тау, тас, өзен –көл-жалпы ,туған табиғат туралы көп толғанып , поэзия әлеміне  парасатты , көрікті  жырлар ұсынды. Табиғат ақынның жүрегін оятатын ,сұлу сезімге бөлейтін ,қиял құсын қияға ұшыратын  шабыттың шақпақ оттарының бірі. “Жаңбырлы көзі жасаурап”, “Діріл”, “Жаңа туған ай” ,“Ақ түн”

өлеңдері оқылады.

Сырбай жырларының алтын арқауы ,таусылмас тақырыбы.Оның кіндік қаны тамған Торғай өлкесі туралы өлеңдері өзі бір бөлек дүниелер.

 «Менің кіндік қаным тамып, кең дүниеге көзімді ашып, қараған жерім Қызылжыңғылда, нәресте ойымды бала қиялымды тербеген бесігім , табигаттың таз ауасын ,жазық даласын, өзен суын алдыма тосқан ,алғаш маған өмір есігін ашқан,білім босағасын аттатқан бүкіл жаратылысымен қаныма құйылып, жанымда ойнаған қасиеті шағармам –Торғай бойы, Тосын тоғайы» ,-дейді ақын . Ендеше ақын туған жерін қалай жырлады “Торғай”, “Туған жер” өлеңдері оқылады.

Естіліктеріне тоқталу

 Сырбай жырларын қазақ даласының көркем шежіресі деуге болады. Өйткені ,қазақ жерінде ол жырламаған өзен –көл жоқ.Сырбай жырлаған сол өлкенің табиғатына тіл бітеді.

“Соғыстан қайтқан солдаттар” әнін орындайды. Бекнұр мен Ақгүл

Қорытыныды:Қазақ әдебиетінің поэзия саласына тұтас бір майдан сарынын алып келген даладай дарынды ақын Сырбай Мәуленов кезеңі өлең өлкесінде өшпес із қалдырды .Осы орайда қуатты қаламгер ,туындыларын әлем таныған Әбіш Кекілбаевтың мына бір ғибратты сөзі еске түседі .

«Біз бала кезімізден бастап Сырбайша оқуға , Сырбайша жазуға ,Сырбайша сөйлеуге ұмтылып өскен ұрпақпыз.Қазіргі әдебиеттегі алпысқа келгендер мен төменгі буынның барлығының болмысында міндетті түрде Сырбайдың рухы, Сырбайдың әсері бар десем асыра айтқан болмаспын. Сырбай- тек өз мектебі бар ақын ғана емес, қазақ поэзиясын жарқыраған жаңа кезеңге көтеріп  бере алған кемел тұлға. Бұл тұрғыдан келгенде Сырбай-қазақтың ұлттық әдебиетінің классигі»

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Туретова Гакку Айбековна

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Cырбайдың сырлы әлемі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Cырбайдың сырлы әлеміСыныптан тыс сабақСабақтың мақсаты:Білімділік: -Қазақ лирикасының классигі Сырбай Мәуленовтің сырбаз сыршылдық пен сымбатты суреткерлік өлең өрнегі мен ақынның соғыс тақырыбындағы толғаныстары мен табиғат бояуларын өзек еткен жырларының ерекшілігі мен мәнін ашу.Дамытушылық: Оқушыларды ақын өлеңдерінің эстетикалық-рухани құндылықтарымен тыныстыра отырып,ойлау қабілетін,мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыруТәрбиелік:- Поэзияға деген сүйіспеншілікке, ерлікке адалдыққа тәрбиелеуСабақтын түрі: танымдық-шығармашылық Сабақтың әдіс-тәсілі: жинақтау, мәнерлеп оқу, ой толғау, топпен жұмысКөрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, бейнебаян1.Ұйымдастыру кезеңі2. Ой қозғау .Сырбай Мәуленов туралы бейнебаян көрсетіледі.Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы, қызметі туралы постер қорғайды. Қазақ даласы қашанда таланттарға әсте кенде болмаған.Өткен ғасырдың елуінші жылдары қазақ әдебиетінің рухани кемелденуіне өзіндік қолтаңбасымен келген үлкен тіректі тұлғаның бірі -Сырбай Мәуленов.Оның қаламынан туған өлең өрнектері өміршеңдігі құнды. Соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті бір кездегі рухани биігіне қайта көтерілу жолындағы ізденісті өте тездетті. Осы ізденісті тездетуге майданға барып, өмірдің ащы шындығын көріп келіп ,адамдық болмыстың бүкіл тұңғиық тереңдеріне өзінің көркемдік нақты тәжірибесі арқылы көз жеткізіп келген ұрпақ көп себепші болды.Мәселен, сол ұрпақтың үлкен рухани көсемі ретінде біз Қасым Аманжоловты алатын болсақ, осы Қасымдар бастаған рухани сардарлардың ішінде алдымен көзге түсетін ақын Сырбай Мәуленов болды . Сырбай осы жылдардан бастап қазақ поэзиясында оқырманды нағыз сыршыл сезімімен де , ойымен де , көркемдік бейнесімен де бірден баурап алатын шынайы поэзияның орнығуына ықпал ете білген ақын.Өлеңім сырласатын серігімсің,Өзіммен бірге жасар өмірімсің.Адамзат жүрегіме үңілгендеӘр уақыт сен арқылы мені білсін,- деп ақынның өзі айтып кеткендей бүгін Сырбай ақынның өлеңдері арқылы сырлы өміріне жол ашпақпыз. Өлеңдерінің ерекшелігі ,ішкі мазмұны , тақырыбы жайлы тоқталмақпыз.«Арманым жоқ көкірегімді кең ашып ,Туған елге тарту етсем барымды »- деп ақын артына өшпес із қалдырды. Жалынды жырларын жұртына тастады. “Балалық досы”, “Кәрі өлім”, “Жыр жолы”, “Бауырлас алыстағы ағайыным”өлеңдері оқылады.Бүгінде Сырбай Мәуленовтің көптеген жыр жинақтары жарық көрген. Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген.Жыр жинақтары: «Шаңқай түс»(1966)Жалын(1979)Жаңбырсыз күз(1980)Шуақ(1981)Күзгі бұлттар(1987)Қысқы жаңбыр(1988)Ақшамның қызыл қанаты(1994)Алып кетіп барамын(2003)Ақ түн(2003)Ұшқан ұяда(2012)Бұл жыр жинақтарда ақынның таңғы шықтай таза, өрнекті өлеңдері топтастырылған.Тілге жеңіл,жаттауға оңай,әрі қысқы ,әрі нұсқа “Ақын сезімі” “Мектеп”, “Балалықта ойыма”, “Қазақ тілі”Ал кейде жеке бастың қайғысын не қуанышын жырлауда, көпке ортақ тіл, көптің көңіліне жол табуға болады. Мысалы, осы жинағындағы Сырбай Мәуленовтің «Ұлыма», «Әкеме» деген өлеңдері жеке бастағы, ақынның өз басындағы жағдайдың негізінде құрылған сияқты. Ақын өз қайғысын, өз қуанышын жырлай отырып, көптің көңілін толғантар ой тастаған. “Әкеме” өлеңі оқылады. Өлеңдерінің тақырыптары:Соғыс суреттері ,дала табиғаты , ғашықтық-махаббатҰлы Отан соғысына қатысқан майдангер ретінде С.Мәуленовтің шығармашылығында соғыс тақырыбы үлкен орын алады.Майдан жырлары.Он сегізде әскермінҚоңырау соғылдыҚұлынЖауынгермін құшағымдаСоғыста бір-ақ заң бар мен білетінЖау оғынан бораған ,жасырды жер меніТүтікКүлге айналған ормандар“Мен он сегіз жасымда армияға алынып ,Дондағы Ростовта болдым да ,көп ұзамай аурулығыма байланысты әскери қызметтен босатылдым. Соғыс басталғаннан кейін бір жыл өткен соң ,денсаулығым түзелгесін өз өтінішіммен майданға аттандым .Әскери өмір менің өлеңімнің де мектебі болды. Соғыс мені күйретті де, көп нәрсеге үйретті. Тәніме өшпейтін таңбасын түсірді.”- дейді ақын. Ендігі кезекті осы майдан жырларына берейік. “Сұр шинель”, “Майдан түні”, “Фашист лагері” Оның жастық шағы ,бозбалакезеңі бүкіл халықтың асына түскен ауыртпалы- сұрапыл соғыспен тұспа –тұс келді. Сол соғыстың алдында ол Қостанай өңіріндегі боздала «Жаркөл » стансасынан Отан алдындағы борышты міндетін атқару үшін әскерге алынып, дондағы Ростовтан бір-ақ шыққан болатын.Сол кездің өзінде –ақ болашақ ақынның жыр жолдары жас жүрегінде ұшқын ата бастап еді. Міне ,ақын майдан тақырыбын осылай жырлады. Сырбайдың әр өлең жолынан қан майданның оқ дәрісінің исі мүңкіп тұрады, соғыстың жанды суреті елестейді, жалынды жүрек үні естіледі.Соғыстан соң Сырбай ауа, күн, жел, тау, тас, өзен –көл-жалпы ,туған табиғат туралы көп толғанып , поэзия әлеміне парасатты , көрікті жырлар ұсынды. Табиғат ақынның жүрегін оятатын ,сұлу сезімге бөлейтін ,қиял құсын қияға ұшыратын шабыттың шақпақ оттарының бірі. “Жаңбырлы көзі жасаурап”, “Діріл”, “Жаңа туған ай” ,“Ақ түн”өлеңдері оқылады.Сырбай жырларының алтын арқауы ,таусылмас тақырыбы.Оның кіндік қаны тамған Торғай өлкесі туралы өлеңдері өзі бір бөлек дүниелер. «Менің кіндік қаным тамып, кең дүниеге көзімді ашып, қараған жерім Қызылжыңғылда, нәресте ойымды бала қиялымды тербеген бесігім , табигаттың таз ауасын ,жазық даласын, өзен суын алдыма тосқан ,алғаш маған өмір есігін ашқан,білім босағасын аттатқан бүкіл жаратылысымен қаныма құйылып, жанымда ойнаған қасиеті шағармам –Торғай бойы, Тосын тоғайы» ,-дейді ақын . Ендеше ақын туған жерін қалай жырлады “Торғай”, “Туған жер” өлеңдері оқылады.Естіліктеріне тоқталу Сырбай жырларын қазақ даласының көркем шежіресі деуге болады. Өйткені ,қазақ жерінде ол жырламаған өзен –көл жоқ.Сырбай жырлаған сол өлкенің табиғатына тіл бітеді.“Соғыстан қайтқан солдаттар” әнін орындайды. Бекнұр мен АқгүлҚорытыныды:Қазақ әдебиетінің поэзия саласына тұтас бір майдан сарынын алып келген даладай дарынды ақын Сырбай Мәуленов кезеңі өлең өлкесінде өшпес із қалдырды .Осы орайда қуатты қаламгер ,туындыларын әлем таныған Әбіш Кекілбаевтың мына бір ғибратты сөзі еске түседі .«Біз бала кезімізден бастап Сырбайша оқуға , Сырбайша жазуға ,Сырбайша сөйлеуге ұмтылып өскен ұрпақпыз.Қазіргі әдебиеттегі алпысқа келгендер мен төменгі буынның барлығының болмысында міндетті түрде Сырбайдың рухы, Сырбайдың әсері бар десем асыра айтқан болмаспын. Сырбай- тек өз мектебі бар ақын ғана емес, қазақ поэзиясын жарқыраған жаңа кезеңге көтеріп бере алған кемел тұлға. Бұл тұрғыдан келгенде Сырбай-қазақтың ұлттық әдебиетінің классигі»Өткізген: Туретова Гакку Айбековна

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 160 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.05.2020 310
    • DOCX 48.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Фокина Наталья Борисовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Фокина Наталья Борисовна
    Фокина Наталья Борисовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 75322
    • Всего материалов: 217

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика обучения испанскому языку

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Курс профессиональной переподготовки

Испанский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель испанского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (немецкий язык)

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе