Инфоурок Другое Другие методич. материалыCабақ жоспары: "Атом орбитальдарының гибридтенуі(sp, sp2, sp3), молекулалар геометриясы, зат қасиеттерінің молекулаларының химиялық, электрондық және кеңістік құрылысына, атомдардың өзара әсеріне, кристалдық торы мен химиялық байланыс типіне тәуелділігі "

Cабақ жоспары: "Атом орбитальдарының гибридтенуі(sp, sp2, sp3), молекулалар геометриясы, зат қасиеттерінің молекулаларының химиялық, электрондық және кеңістік құрылысына, атомдардың өзара әсеріне, кристалдық торы мен химиялық байланыс типіне тәуелділігі "

Скачать материал

№14 Сабақ

Күні: 20.10.2017ж

Класс: 10 «Ә»

Сабақ тақырыбы:

Атом орбитальдарының гибридтенуі(sp, sp2, sp3), молекулалар геометриясы, зат қасиеттерінің молекулаларының химиялық, электрондық және кеңістік құрылысына, атомдардың өзара әсеріне, кристалдық торы мен химиялық байланыс типіне тәуелділігі 

Жалпы мақсаттар:

атом орбитальдарының гибридтенуі туралы, молекуланың геометриялық формасы туралы түсініктерді қалыптастыру; 
- зат қасиеттерінің молекулаларының кристалдық тор мен химиялық байланыс типіне тәуелділігін, атомдардың өзара әсеріне тәуелділігін, олардың электрондық, кеңістік құрылыстарына тәуелділігін түсіндіру; 
- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамытып, ұжымда жұмыс жасай алу қабілетін жетілдіру; 

Күтілетін  нәтиже

- Гибридтену, молекулалар геометриясы туралы түсінік қалыптастырады; 
- Орталық атомның сыртқы электрондық орбитальдарының гибридтенуінің әр түрлі типіне сәйкес келетін молекулалардың геометриялық конфигурацияларын жазып, құрастырады; 
- пәнге деген қызығушылығын дамытып, ұжымда жұмыс жасай алу қабілеті артады. 

Сабақтың әдісі

Топтық, жеке,  жұптық  тапсырмалар,  диалог әдісі.

Сабақтың көрнекілігі

 Интербелсенді тақта, үлестірмелі карточкалар

Ұйымдастыру кезеңі

- Сыныптың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау; 
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу. 
- Топқа бөлу: Оқушыларды химиялық байланыстың типтерімен 3 топқа бөлемін. Әр оқушыға химиялық формулалар жазылған қима қағаздар таратылады .Солар бойынша: 
Ітоп:Коваленттік байланыс 
ІІ топ: Иондық, металдық байланыс 
ІІІ топ: Сутектік байланыс 
Әр топ өздерінің топ басшыларын сайлайды. Топ ережесін шығарады. Бағалау парағы таратылады. 
Тапсырма № 1. "Ой түрткі" арқылы үй тапсырмасы сұралады. 
І топ: 
1.Коваленттік байланыс дегеніміз не? Түрлері қандай? Мысалдармен түсіндіріңдер. 
2. Коваленттік байланыстың қандай сипаттамалары бар? (қанығуы, полюстенуі, бағытталуы) 
3. Ковалентті байланыстың қанығуы деген не? 
4. Ковалентті байланыстың полюстенуі деген не? 
5. Ковалентті байланыстың бағытталуы деген не? 
ІІ топ: 
1.Иондық байланыс дегеніміз не? 
2. Иондық байланыс пен коваленттік байланыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай? 
3. Металдық байланыс дегеніміз не? 
4. Металдық байланыстың кристалдық торы қандай? 
5. Металдық байланыс пен ковалентті байланыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай? 
ІІІ топ: 
1.Сутектік байланыс дегеніміз не? 
2. Сутектік байланыс түзіу үшін қандай жағдайлар қажет? 
3. Тірі организмдер үшін сутектік байланыстың маңызы қандай? 
Үй тапсырмасын қорытып, жаңа сабаққа көшемін. 

Үй  тапсырмасын  сұрау

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді. Флипчартта жазылған тапсырмалар орындалады. Топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалау парағына бағалап отырады. 
Оқушы тапсырманы жекелей, жұппен топпен орындайды. 

 

«Ой  қозғау»

 «Жедел жауап»
• Сутегіндегі протон саны
• Периодтық жүйедегі элементтер саны
• Периодтық жүйені ұсынған
• Бейорганикалық қосылыстардың класс саны
• Электртерістілік деп
• Оттегіндегі нейтрон саны Өткен тақырыпты саралап, алған білімдерін тексереді, жалпылайды. 

Жаңа  сабақ

 

 

 

Тапсырма № 2. 
І топ: 
Sp гибридтену, молекуланың геометриясы 
ІІ топ: 
sp2 гибридтену, молекуланың геометриясы 
ІІІ топ: 
sp3 гибридтену, молекуланың геометриясы 
Постер қорғау 
Оқушыға қосымша: 
Гибридті орбитальдар түзілу үшін мына жағдайлар орындалуы керек: 
Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді. Оқулықпен жұмыстанып, интернет материалдарын пайдаланып, әрбір топ өздеріне берілген тапсырманы топтық жұмыспен орындайды. Постер қорғайды. Осы арқылы жаңа тақырып ашылады. Топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалау парағына бағалап отырады.Әрбір топ постер қорғап болған соң бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды. 

Гибридтелетін электрондардың энергиялары шамалас болуы, яғни олар бір деңгейдің әр деңгейшелерінде орналасуы керек; 
Гибридті орбитальдар басқа элементтің электрон бұлттарымен мүмкіндігінше толық қабыса алуы тиіс; 
Гибридтелуге қанша орбиталь түссе, пайда болатын гибридті орбитальдар саны да сонша болады; 
Гибридтенуге тек ƃ байланысын түзетін электрондар ғана қатысады. 

Тапсырмалар 

“Кім жүйрік” ойыны 
Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай тапсырмалар беріледі. Әр топ тапсырманы бір-бірімен жарыса орындайды. 
Тапсырма № 3. 

І топ: 
СО2, ССІ4 молекулаларының кеңістіктік формуласын құрастыр. 
ІІ топ: SO3, BeH2 молекулаларының кеңістіктік формуласын құрастыр. 
ІІІ топ: POCI3, BCI3 молекуласының кеңістіктік формуласын құрастыр. 

Бағалау. Бағалау парағына топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалайды. Берілген тапсырмаларды оқушылар жеке орындайды, жұптық және топтық талқылайды, бір-бірін топтық бағалайды жұлдызшалармен. Тапсырманы бірінші аяқтаған топ марапатталады: Жарайсың, сенің қолыңнан келеді!!! (Вербальді бағалау) 

5.Жинақтау 
Тапсырма № 4. 
Деңгейлік тест тапсырмасы 
A деңгей 
1.Әр деңгейшелердегі орбитальдардың пішіні мен энергиясының теңесу процесі не деп аталады? 
a) Электрон жұбының ығысуы; 
б) гибридизация; 
с) иондану; 
д) химиялық байланыстың түзілуі. 

2. Атом орбитальдарының гибридизациясы ұғымын алғаш енгізген кім? 
a) А.М.Бутлеров; 
б) Л.Полинг 
с) Э.Резерфорд 
д) Д.И.Менделеев 

3. BCI3 молекуласындағы гибридизация типін көрсетіңіз: 
a) sp 
б) sp2 
с) sp3 
д) dsp 

4. sp2 гибридизациясы бар молекулалардың геометриясы қандай? 
a) тетраэдр 
б) бұрыштық 
с) белгілі пішіні жоқ 
д) сызықтық 

В деңгей 

5. Ацетилен молекуласындағы а) гибридтену типін, б) геометриясын көрсетіңіз: 
a) sp – сызықтық; 
б) sp2 – бұрыштық; 
с) sp3 – бұрыштық; 
д) sp3 – бұрыштық. 

6. Молекуланың кеңістіктегі құрылысы ковалентті байланыстың қандай қасиетіне негізделген? 
a) бағытына 
б) беріктігіне 
с) қаныққандығына 
д) байланыс энергиясына 
7. BF-4 ионының кеңістіктегі пішіні қандай? 
a) сызықтық 
б) бұрыштық 
с) тетраэдр 
д) үшбұрыштық 
8. Мына қатарда гибридтену типі қалай өзгереді? 
a) sp → sp2 → sp3 
б) sp → sp3 → sp2 
с) sp2 → sp3 → sp 
д) sp3 → sp → sp2 

С деңгей 

9. 220 г 7%-тік күкірт қышқылы ерітіндісімен құрамында 2 моль барий хлориді бар ерітінді әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасы 
a)36,2 г 
б) 35,25 г 
с) 37,28 г 
д) 35,52 г 
10. Массасы 32 грамм мыс (ІІ) оксиді мен темір (ІІІ) оксидінің қоспасын термиялық тотықсыздандырғанда 9 грамм су түзілгендігі белгілі болса, осы қоспадан неше моль темір алуға болады? 
a) 0,2 моль 
б) 2 моль 
с) 0,1 моль 
д) 1 моль 

Тест кілті: 
1 - б, 2 -б, 3 - б, 4 - б, 5 - а, 6 - а, 7 - с, 8 - а, 9 - с, 10 - с 
Тест тапсырмалары әрбір оқушыға жеке парақпен беріледі. Аяқтаған соң көршілерімен алмасып, флипчартқа шыққан тест жауабымен бір-бірін бағалайды. Топ басшысына айтады. Топ басшысы бағалау парағына түсіреді. Қорытынды баға шығарады. 
10 жауап дұрыс – “5” 
9 – 6 жауап дұрыс – “4” 
5 – 4 жауап дұрыс – “3” 

Кейінгі  тапсырмалар

Оқулықтағы  жаттығу  жұмыстарын  орындау.

Бағалау

Формативті бағалау :

Топтағы  оқушылар бағалау парақшаларына   критерий арқылы  бағалайды. 

 

Кері байланыс

Бүгін мен сабақтан --------------------------білдім. 
Бүгін мен сабақтан-----------------------үйрендім. 
Бүгінгі сабақтан кейін мен------------------------------------------------------------білуім керек. 

Үйге тапсырма

  §.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Cабақ жоспары: "Атом орбитальдарының гибридтенуі(sp, sp2, sp3), молекулалар геометриясы, зат қасиеттерінің молекулаларының химиялық, электрондық және кеңістік құрылысына, атомдардың өзара әсеріне, кристалдық торы мен химиялық байланыс типіне тәуелділігі ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 805 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.09.2020 2104
    • DOCX 20.5 кбайт
    • 54 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Варганова Любовь Павловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Варганова Любовь Павловна
    Варганова Любовь Павловна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 84475
    • Всего материалов: 227

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 134 человека из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 82 человека

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе