Сабақтың тақырыбы: Әбу Насыр Әл-Фараби. «Қашықтасың туған жер»,
«Бауырым, қанша сүйгенмен» өлеңдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірімен таныстыру және «Қашықтасың туған жер…», «Бауырым, қанша сүйгенмен» өлеңдерімен таныстыру, өлеңнің мәнін ашу, түсіндіру.
Дамытушылық. Оқушылардың әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, қазақша сөйлеу тілін, ақыл-ойын, сөйлеу мәнерін, сұраққа толық жауап беруін және есте сақтау қабілетін дамыту.
Өткен сабақты бекіту үшін сыныпты төрт топқа бөліп, постер қорғау үшін тапсырмалар беремін.
Неліктен ислам дәуіріндегі әдебиет деп аталады?
Ислам дәуіріндегі әдебиеттің көрнекті өкілдері
Қазіргі кезең мен Ислам дәуіріндегі әдебиет (салыстыру)
Ислам дәуіріндегі Қазақстан жеріндегі мәдениет ошақтары
ІІІ. Жаңа сабақ
Әбу Насыр әл-Фараби – Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, ақын. Ол Сырдария өзенінің жағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни әкесі Узлағ, арғы атасы Тархан. «Тархан» деген атау оның түркі тайпасының дәулетті бір отбасынан шыққандығын дәлелдейді. Алғашында ана тілі – қыпшақ тілінде білім алған. Ол кезде Отырар кітапхана Мысырдағы Александрия кітапханасынан кейінгі дүние жүзіндегі ең үлкен кітапхана болып есептелген. Әл-Фараби сондағы кітаптарды сарыла оқыған. Кейін ол Бағдад, Каир, Дамаск қалаларындағы ірі оқу орындарында білім алған. Түркі, араб, парсы, грек, латын, санскрит, т.б тілдерді білген.
Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика,этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды.
Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары. Бұл шығарма 948-ші жылы Египетте жазылған. Қоғамныңөзi адамныңағзасысияқты «Қайырымдықала» денемүшелерiнiңбәрi детiршiлiкиесiнiңөмiрiнсақтау, оныанағұрлымтолыққандыетуүшiнбiр-бiрiнтолықтырыптұратынадамныңсаутәнi секiлдi көрiнедi. Өйткенi, қоғамдаоныңтолыққандымүшелерiнентұрадыжәнеолардабiр-бiрiнқажетсiнедi. Адамдардыңәлеуметтiктеңсiздiгi туралыайтқанәл-Фараби «адамдардыңәуелдентоқымашынемесехатшыболыптумайтынысияқтықайырымдылықпенжаманәрекеттердеәуелбастанжаратылысынандарымайды.»
ӘбуНасырӘл-Фарабиғылымныңкөптегенсалаларынтереңзерттеген. «Философияныоқуүшіналдыменненібілукерек?», «Азаматтықсаяхат», «Музыканыңүлкенкітабы», т.бшығармаларыбар. Әл-Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы – өмірдің мәні, қайырымдылық, бақыт, тәрбиенің рөлі, туған жерді аңсау, т.б болып келеді. Бізге беріліп отырған бірінші өлеңді оқып көрелік.
IV. Жаңа білімді меңгеру кезеңі
( «Қашықтасың туған жер…» өлеңін оқимын)
— Бұл өлеңнен не түсіндік?
— Ақын нені аңсап жатыр?
— Ол неге шаршадым дейді?
(«Бауырым, қанша сүйгенмен» өлеңін оқытамын)
— Ал, енді, осы өлең жолдарынан не түсіндіңдер?
— Бауырым, сен неден аулақ бол дейді?
— Адамдар не үшін олай істейді?
— Бұл өлеңде бізді неге шақырып тұр?
V. Бекіту кезеңі
1. Әбу Насыр әл- Фараби кім?
2. Оның қандай шығармалары бар?
3. Ол қай жерде дүниеге келді?
4. Толық аты-жөні кім?
5. Білімді алғаш қай тілде алды?
6. Өмірінің соңғы күндерін қай қалада өткізді?
7. Неше жасында дүниеден өтті?
8. Өлеңдерінің негізгі тақырыбы қандай?
9. Ол қандай тілдерді білген?
VI. Үйге тапсырма:«Қашықтасың туған жер», «Бауырым, қанша сүйгенмен» өлеңдерін жаттау
‹ ›
Чтобы скачать материал, введите свой E-mail, укажите, кто Вы, и нажмите кнопку
Нажимая кнопку, Вы соглашаетесь получать от нас E-mail-рассылку
Если скачивание материала не началось, нажмите еще раз "Скачать материал".
Скачивание материала начнется через 60 сек.
А пока Вы ожидаете, предлагаем ознакомиться с курсами видеолекций
для учителей от центра дополнительного образования "Профессионал-Р"
(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №3715 от 13.11.2013).
Әбу Насыр әл-Фараби – Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, ақын. Ол Сырдария өзенінің жағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни әкесі Узлағ, арғы атасы Тархан. «Тархан» деген атау оның түркі тайпасының дәулетті бір отбасынан шыққандығын дәлелдейді. Алғашында ана тілі – қыпшақ тілінде білім алған. Ол кезде Отырар кітапхана Мысырдағы Александрия кітапханасынан кейінгі дүние жүзіндегі ең үлкен кітапхана болып есептелген. Әл-Фараби сондағы кітаптарды сарыла оқыған. Кейін ол Бағдад, Каир, Дамаск қалаларындағы ірі оқу орындарында білім алған. Түркі, араб, парсы, грек, латын, санскрит, т.б тілдерді білген.
Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика,этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды.
Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары. Бұл шығарма 948-ші жылы Египетте жазылған. Қоғамның өзi адамның ағзасы сияқты «Қайырымды қала» дене мүшелерiнiң бәрi де тiршiлiк иесiнiң өмiрiн сақтау, оны анағұрлым толыққанды ету үшiн бiр-бiрiн толықтырып тұратын адамның сау тәнi секiлдi көрiнедi. Өйткенi, қоғам да оның толыққанды мүшелерiнен тұрады және олар да бiр-бiрiн қажетсiнедi. Адамдардың әлеуметтiк теңсiздiгi туралы айтқан әл-Фараби «адамдардың әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман әрекеттер де әуел бастан жаратылысынан дарымайды.»
Оставьте свой комментарий:
Комментарии: