Инфоурок Классному руководителю КонспектыБәрі де ана бір өзіңнен басталады

Бәрі де ана бір өзіңнен басталады

Скачать материал

8-Наурыз
Салтанатты жиын: «Бәрі де ана, бір өзіңнен басталады»

Мұғалім: Бәрі де ана бір өзіңнен басталады,
Сен деп жазды алғашқы әнді,
Қуандым да, өзің бар деп шаттандым,

Жанарыңнан көрдім алғашқы аспанды,
Еркелесем бір өзіңе еркелеп,
Бір өзіңмен шаттанам.


Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар!

Сізді 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілейміз! Жылдың әр күні Сіздерге тек қана жақсылық пен игілік әкелсін!


Мұғалім: Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз – адамның
Анаға айтар лебізі.

Балауса: Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағыңда қысылмай.
Үмітіңдей көзіме
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзіме
Ертеңіңіз тұр күліп.

Айдана: Жүре берсем қасыңда,
Әйбат, анам, ай анам.
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
Кір түсірмей жағама,
Шашымды да тарайсың.
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.

 

Мұғалім: Бүгін ана мерекесі,

Бүгін әже мерекесі,

Бүгін апа мерекесі,

Аналар ел еркесі.

Мерекеге шуақты біз әкелейік,

Бар жылулықпен махаббатты анаға берейік!

5 сынып қыздары «Қазақша би»

Медет: О, періште Анам!
Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
Жұмақ-кұшак панам,
Күндей нұрлы санаң!
Қызығын көр ұл-кыз,
Еңбек сүйгіш Анам!
Жыртылмастан жағаң,
Шарықтасын жаңа ән!
Арманыңа жетші,
О, періште Анам!

 

Жибек: Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар!
Болса да өзге жүрек,
Адамға адам – тірек.
Сіздерге айтар мынау,
Мерекелік тілек:
Карау жүрсін қашық,
Алшы тұрсын асық.
Берекесін берсін,
Сіздер еткен кәсіп!
Әр таңдарың атқан,
Бақыт берсін батпан.
Кұрастырсын құдай,
Табысынды тапқан!

 

Мұғалім: Мерекесі бүгін
Алтын анамның,
Сыйлайыншы гүлін,
Жарқын даламның.
Күлімдеген көзі,
Күннің нұрындай,
Ұлым деген сөзі,
Ақын жырындай.

7 сынып Өлең

 

Рамазан: Раушан гүлін сыйлаймын,
Мейрамыңмен құттықтап.
Өзгеге сені қимаймын,
Сенімен жаным жыр ұқпақ.
Жаныңда сенің тең келмес,
Әсемдігі гүлдің де.
Мейрамыңда тілеймін,
Шаттықпен күліп жүр күнде.

 

Жардем: Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы,
Бала өсіріп, тәрбиелеп барлаушы.
Мейрамыңыз құтты болсын, бақ берсін,
Отбасының жайын ойлап қамдаушы.
Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы,
Арманымен әлем шарлап самғаушы.
Қанаттарың ешқашанда талмасын,
Көркемдіктің көрмесіндей тандаушы.

 

Арнат: Ана өмірдің қуанышы тірегі
Бала оның жұбанышы жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дайым тыныштықты тіледі.

 

Мұғалім: Айналайын ана, мерекеңмен!

Сыйлайыншы саған дала гүлін мен.

Мерекелі күнің қандай тамаша

Кеудеңдегң гүлің, қалды эжараса!
8 сынып Өлең

 

Мұғалім: Табаны жерге тимейді

Біздің балалар ғажап билейді,

Би сұлулық, әсемдік

Сымбаттылық бұл дейді – ендігі кезекті биге берейік.

 

6 сынып ұлдары «Би»

(аналарға сыйлықтар сыйлау)

 

Ұстаздарға арнайы тілектер:

 

Актоты: Үйретіп әріп сырын төзім бердің,
Тәрбиеңді дарыған өзім көрдім.
Еңбегің зейнет болсын, асыл ұстаз,
Қазіргінің батыры өзің дермін.
Білім – бұлақ бастауын сенен алдым,
Білмегенді үйретіп демеп алдың.
Мерекең құтты болсын, мерейлі ұстаз,
Қадаған тамыры терең терек – талдың.

 

Балауса: Үлгілі ұстазымды мақтан тұтам,
Өзінен білім нәрін алып жұтам.
Шәкіртке бар жылуын сыйлар ұстаз,
Бойына біткен тәлім, биік ұстам.

Дарытып білім бойыма,
Үйреткен әріп ұстазым.
Қуанған әрбір тойыма,
Көңілімде мәңгі қыстадың.

 

Айдана: Басымнан сипап мейіріммен,
Білімнің сырын үйреткен.
Тамаша көңіл – күйімен,
Жаманның жолын күйреткен.
Ұстазым, аспаныңыз ашық болсын,
Мерекеңіз үстем болып асып – толсын!
Саулығыңыз сыр бермей 100 жас жасап,
Жамандық 6 қырдан қашық болсын!

 

Мұғалім: Жыл басы - Наурыз мереке,
Ақ нұрға әсем боянды,
Аналар тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.

 

9 сынып

Медет: Белестерден белге от,
Өзендерден көлге өт.
Қызыққа толсын өмірің,
Бақыты қонған жерге жет!
Достарың мың сан болсын!
Өмірің гүл – сән болсын!
Мерекеде мерейлі,
Салғаның шатты ән болсын!

Арнат: Арманым асып белестен,
Үйрендім сізден білімді.
Аман жүр әркез, ұстазым,
Сыйлаймын әсем гүлімді.

Есейіп қазір қалсамда,
Шәкіртпін әлі сіз үшін.
Қартайма, асыл ұстазым,
Биіксіз мәңгі біз үшін.

 

 

 

Бакыт: Сарп еткен бізге бар күшін,
Арнаған күзін, жаз, қысын.
Еңбегің берген өлшеусіз,
Соғамын саған сом мүсін.
Саф алтыннан мүсіндеуге лайықты,
Ұлағатты, ұстам биік, ұстазым.
Ескегі боп көмектесер қайықтың,
Жарқын жүрек, алтын тірек, ұстазым.

 

Мұғалім: Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Ана мерекесі құтты болсын!

 

10 сынып: өлең «Асыл ана» Жанайым мен Зейнеш

 

(ұстаздарға сыйлық сыйлау)

 

СҰРАҚТАР ҚОЙЫЛАДЫ.

1. Орман дәрігері (тоқылдақ)

2. Күндіз көрмейтін құс(жапалақ)

3. Мемлекеттік тіл (қазақ тілі)

4. Басты байлық – (денсаулық )

5. Қазақстан Р.валютасы (теңге)

6. Абылайдың шын аты кім?(Әбілмансұр)

7. Бір жұмыртқа 5 минут піссе 3 жұм. ше минутта піседі?

8. Жүз жыл (ғасыр)

 

8 сынып қыздары Ұстаздарға арналған «Үнді би»

Мұғалім: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды - дей отырып бүгінгі «Бәрі де ана, бір өзіңнен басталады» атты салтанатты жиын жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар, ұстаздар, оқушылар мейрамдарыңыз құтты болсын.



 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бәрі де ана бір өзіңнен басталады"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы, Бала өсіріп, тәрбиелеп барлаушы. Мейрамыңыз құтты болсын, бақ берсін, Отбасының жайын ойлап қамдаушы. Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы, Арманымен әлем шарлап самғаушы. Қанаттарың ешқашанда талмасын, Көркемдіктің көрмесіндей тандаушы.Ана өмірдің қуанышы тірегі Бала оның жұбанышы жүрегі Ана алдында ел жауы да бас иген Олар дайым тыныштықты тіледі.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 349 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2020 455
    • DOCX 23 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курочкина Ольга Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Курочкина Ольга Викторовна
    Курочкина Ольга Викторовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 78986
    • Всего материалов: 228

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 52 регионов

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 766 человек из 71 региона

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические и психологические основы образования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе