- 03.10.2020
- 317
- 1
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Дамытушылық: компьютерде тестік тапсырмалармен жұмыс жасау машықтарын қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуларына жағдай жасау.
Тәрбиелік: алған білімдерін жүйелі түрде қалыптастырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, презентация, тапсырмалары бар карточка, таратпа материал, MyTest бағдарламасымен құрылған тестік тапсырмалар, электронды оқулық.
Сабақ типі: кіріктірілген сабақ
Сабақ түрі: ойын сабақ
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.
2. Сабақтың тақырыбын, жүргізу формасын және мақсатын хабарлау.
Сабақ кіріспесі.
3. Бекеттер бойынша жұмыстар
Билетке тапсырыс беру – «Тест тапсырмалары»
1. Бекет– «Математика»
2. Бекет – «Информатика»
3. Бекет – «Электронды оқулықпен жұмыс»
4. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы. Бағалау.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.
Сынып бөлмесі мен оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақ басталмастан бұрын үй жұмысын тексеріп алу.
2. Сабақтың тақырыбын, жүргізу формасын және мақсатын хабарлау.
Кіріспе
Сабақ ойын түрінде өтетінін және ойынның жүргізілу тәртібімен таныстыру. Сабақ соңында әр оқушының «Білім» қаласына қай вагонмен келгенімен бағаланатынын ескерту. Ол үшін алдымен билетке «тапсырыс береді»: оқушылар компьютерде MyTest бағдарламасымен құрылған тестік тапсырмаларын орындайды. Білімдерін компьютер бағалайды. Алған бағалары бойынша математикалық поездың сәйкес вагонына орналасып, «Білім» қаласына аттанады.
«5»-тік баға алған оқушы купе вагонымен;
«4» -тік баға алған оқушы плацкарт вагонымен;
«3» -тік баға алған оқушы жалпы вагонмен аттанады,
ал «2» -лік баға алған оқушы «Білім» қаласына сапарға аттана алмайды.
Сонымен қатар әр бекеттегі тапсырмаларды орындау арқылы өз вагондарынан басқа вагондарға ауыса алады. Мысалы деңгейлік тапсырмалардың үшеуі дұрыс орындалса, жалпыдан→ плацкартқа; плацкарттан→купеге; екеуі дұрыс орындалса, өз вагонында қалады, ал егер біреуі дұрыс орындалса, керісінше
купеден→ плацкартқа; плацкарттан→жалпыға ауысады. Басқа бекеттердегі тапсырмаларды өз сұраулары бойынша орындайды және вагондарға ауысу тәртібі тапсырмалары дұрыс орындалса ғана жүзеге асады.
Сәт сапар тілейміз!
3. Бекеттер бойынша тапсырмалар орындау
1. Бекет– «Математика»
Деңгейлік тапсырмалар:
А деңгей-
жалпы вагондағы оқушыларға
Көпмүше түрінде жазыңдар:
1) (а+х)2 2) (3х-у)2 3) (0,2в+10с)2
В деңгей
Плацкарттағы оқушыларға
Көпмүше түрінде жазыңдар:
1) (9-3в)2 2) (2х+)2 3) (-9m+0,5n)2
С деңгей
Купедегі оқушыларға
Көпмүше түрінде жазыңдар:
1) (8a-в)2 2) (-1 x+6y)2 3) (0,8c-0,1d)2
2. Бекет – «Информатика»
Компьютерде жұмыс істеу. Мәтіндік редакторда төмендегі мәтінді теру:
Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздік – елім, сенің мерекең,
Тәуелсіздік – таусылмайтын берекең.
Тәуелсіздік – қуат көзі, нәр екен,
Құтты болсын, құтты болсын мерекең!
3. Бекет – «Электронды оқулықпен жұмыс»
SinKaz электронды оқулығының 1, 2 модульдері бойынша жұмыс істеу
4. Сабақты қорытындылау.
Сапар соңында «Білім» қаласына оқушылар қандай вагонмен келді, соған байланысты білімдері бағаланады.
5. Үйге тапсырма.
Егер «Білім» қаласына:
Купе вагонымен келсеңіз:
Алгебрадан: 68 бет №255
Информатикадан: «Қазіргі кездегі операциялық жүйе түрлері» тақырыбына баяндама дайындау
Плацкарт вагонымен келсеңіз:
Алгебрадан: 67 бет №252
Информатикадан: Сөзжұмбақ құрастыру
Жалпы вагонымен келсеңіз:
Алгебрадан: 67 бет №248
Информатикадан: «Windows операциялық жүйесі. Windows объектілері» тақырыбын қайталау
Рефлексия. Оқушылар өз білімдерін сабақта қалай көрсеткендерін өздері төмендегідей бағалайды:
! - сабақ өте жақсы ұнады және бар мүмкіндігімді пайдаландым
!? – сабақ ұнады және өз мүмкіндігімше қатыстым
? – маған әлі де осы тақырыптар бойынша жұмыс жасау керек
Оқушыларды бағалау.
6 660 047 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Cейтова Айнур Койбагаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
8 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.