Инфоурок Начальные классы Рабочие программы"Біз осындай баламыз"

"Біз осындай баламыз"

Скачать материал

Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Мектеп: № 47 ЖОББМ

Тақырып:   «Біз осындай баламыз»

Құндылық:   сүйіспеншілік

Қасиеттер:   мейірімділік, сыйластық, әдептілік, ізеттілік

Сынып:   2

Мұғалімі: Бабагумарова Аяжан Мүтиғоллақызы

Сабақ мақсаты:

Балалардың бойына «мейірімділік, сыйластық, ізеттілік» қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- «Өзін-өзі тану» пәнінің адам өміріне пайдасын ұғындыру;

- Өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру;

- Балалаларды мейірімділікке,  ізгілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

 Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті             

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмай, қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің      төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 

Сабақ барысын талқылау.

Үй тапсырмасын тексеру

«Ұлан» газетінен берілген «Балапан» әңгімесі

Сұрақтар:

-          Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?

-          Сендер жазғы демалыс кезінде қандай қамқорлық істер жасай алдыңдар?

-           Енді сол туралы әңгімелеп беріңдер.

Балалар үй тапсырмасын айтып, сұрақтарға жауап берді.

Дәйексөз.

  «Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің».

А.Пивен

 

-          Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

 

Оқушылар дәйексөзді қалай түсінетіндігі жайлы өз ойларын толық жеткізе білді.

 

Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Күлімде, күн, күлімде

  Жер беті ертеден қара кешке дейін тынбаған дүбірден, жүріс-тұріс қозғалысынан қалжыраған сықылды. Күн бата манаурай мүлгіді де, ұйқысы меңдеткендей қалғи бастаған. Маңайда ешбір қыбыр жоқ. Көңілді алаңдатар сыбдыр-сыбыс естілмейді. Назар аударар қараң-құраң да байқалмайды. Мелшиген мылқау қараңғылық барған сайын қоюланып, айналадаға ашықты қара шымылдық көлегейлеген. Аң да, құс та тыныштық құшағына бөленген. Бесіктей тербететін самал да еспейді. Қорадағы қой бырт-бырт күйсеп бейғам жатыр. Түннің торғындай қара мақпал пердесі төңіректі тұмшалаған. Аспан да тұңғиық түбіндей тымырайып, шұңқырға іркілген судай түнған. Дөңкиген жөн-жотаның етегі далия жаймаланып, үлкейіп кеткен.

   Әлден уақытта осы қым-қуыт, асай-топыр, аумалы-төкпелі құбылысты сыпырып, түннің түңдігін түргісі келгендей, салқын лебімен баяу желпіп самал есті. Қалқиған үлкен таудың етегіне қарай салаланған жөн-жота ұйқысы бөлінген алыптай ыңырана қыбырлады. Аспанның күншығыс төрі ақтаңдақтанды. Сай ішінен құстың үні, аңның жүрісі білінді. Алыс көкжиектің жер шегімен қабысқан түкпірі бозарды. Таң сәулесі сүзіле сарғайып, биікке қанат жайды. Жамырай шашыраған мамыражай жарық та бірте-бірте құлашын жазып, жер үстіне тұтас жайылды. Осынау тұрақсыз ауыспалы құбылыстардың өзі мүлгіген әлемге қуаныш нұрын себелеп тұрғандай мерейлі...

   -Таң атты, таң атты!... – деп, төменгі жазықтан, жалпақ алқапқа егілген астық арасынан бөдене шақырды. Дауысы балғамен соққан тақтайдай тақылдайды. Қойнаудағы ойпатта көлкіген көлдің шарасы қаңылтырдай жалтырайды. Бөденеге қопа маңында жүрген тырна үн қосты.

   -Тұ-рың-дар, тұ-рың-дар!...

   -Шыр-қаң-дар, шыр-қаң-дар!... – деп, сол заматта бұл дыбыраны көкке шырқап шыққан бозторғайлар іліп әкетті.

   Демнің арасында жер үсті әр қилы үнмен дүңкіп сала берді. Әнші құстардың әуені біріне бірі ұласты. Маңай түгел ұйқыдан оянды.

   Тұс-тұстан аңдыздап мал өрді. Күжірейген мүк ағаштар ұйқысын ашқысы келгендей, жап-жасыл жапырақтарын судырата сілкілейді.

   Таулардың төбесін күннің шұғыласы аймалады. Аздан кейін жалпақ даланың төсіне маржан сәуле себілді. Шөптің бетіндегі шық күмістей жылтылдайды.

   -Күлімде, Күн, күлімде!... – деп, табиғат бөбегінің бәрі ізгі тілектерін ақтарды.

Сұрақтар:

-          Әңгімеде табиғаттың қандай көрінісі бейнеленген?

Интернет желісінен алынған мәлімет.

Шығармашылық жұмыс

Дәптерде берілген суреттерге қарап берілген сұрақтарды қолдана отырып «Біз қалай өсеміз» тақырыбында әңгіме жазу.

Балалар шағын әңгіме жазды.

Топпен ән айту.

Жан досым

Сөзі: Б.Батырбекова

Әні: А.Меңжанова

Сүйемін, құрметтеймін достың атын,

Дос барда талмайтындай қос қанатым.

Қосылып жүректегі сырларымыз,

Арманның асқарына жол табатын.

Қайырмасы:

Өмір сәні достықта,

Көңіл нәрі достықта.

Жүректі мәңгі жалғадық,

Сырға сырды қостық та.

Бейімдеп мінезімді мінезіне,

Ұқсағым келіп тұрар бір өзіңе.

Ай нұрлы, шуақ жүзді асыл досым,

Өзіңді балап жүрем күн көзіне.

 

 

Балалар әуенге қосыла ән шырқады.

Үй тапсырмасы.

«Бос қайық» аңыз  әңгімесін оқу

Балалар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алды.

Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

   - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Балалар сабақтан алған  жақсы әсерлерін бойларына сақтап алады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Біз осындай баламыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

өзін- өзі тану пәнінен 2 сыныпқа арналған "Біз осындай баламыз" тақырыбына сабақ жоспары. сабақ жоспары тыныштық сәтінен басталып, тыныштық сәтінен аяқталады. үй тапсырмасын тексеру «Ұлан» газетінен берілген «Балапан» әңгімесі.Сұрақтар:-Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?-Сендер жазғы демалыс кезінде қандай қамқорлық істер жасай алдыңдар? Енді сол туралы әңгімелеп беріңдер.Дәйексөз «Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің».А.ПивенӘңгімелеуИнтернет желісінен алынған Күлімде, күн, күлімде әңгімесі. Шығармашылық жұмыс Дәптерде берілген суреттерге қарап берілген сұрақтарды қолдана отырып «Біз қалай өсеміз» тақырыбында әңгіме жазу.Топпен ән айту.Жан досымҮйге тапсырма

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 198 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.10.2020 423
    • DOCX 23.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Якубова Регина Вагизовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Якубова Регина Вагизовна
    Якубова Регина Вагизовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 86545
    • Всего материалов: 235

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 412 человек

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 256 человек

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2668 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 466 человек

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 364 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Мини-курс

Финансовые аспекты и ценности: концепции ответственного инвестирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе