Инфоурок Другое Другие методич. материалыБіріккен сөздердің жазылуы (4 сынып)

Біріккен сөздердің жазылуы (4 сынып)

Скачать материал

Бекітемін:                 Қайырқұл Ш.С.

Күні: 11.12.2017 ж

Пәні:  Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздердің жазылуы

Сабақтың мақсаты:

1.  Біріккен түбірлердің дыбыстық құрамы мен айтылуында, соған сәйкес жазылуында болатын өзгерістермен таныстыру; айтылуы бойынша және түбір тұлғасын сақтап жазылатын біріккен сөздерді айыра білуге үйрету.

2.           Қатесіз жазу дағдыларын арттыру; сөздік қорларын дамыту.

3.Ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық.

Сабақтық барысы:

І. Ұйыдастыру бөлімі:

Амандасу, түгендеу.

Сабаққа әзірліктерін тексеру.

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.

Үйден орындап келген жаттығу жұмыстары тексеріледі. Біріккен сөздер туралы білімді меңгеру деңгейлерін тексеру.

·        Біріккен сөздер дегеніміз не, олар қалай жазылады?

·        Біріккен сөздердің туынды түбір, түбірлес сөздерден қандай айырмашылығы бар?

·        Неге күрделі сөздер деп аталады?

·        Біріккен сөздердің құрамындағы түбірлердің бастапқы мағынасы өзгере ме?

IІI.          Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.

Бұл сабақтарда түбір тұлғасын сақтап және дыбыстық өзгеріске түсіп бірігетін, айтылуы бойынша жазылатын біріккен сөздермен танысады.

1-жаттығу жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыстың сақталып жазылатынын меңгертуге арналған.
Сары+ағаш, Сары+арқа, Сары+өзек, Жаңа+өлке, Әулие+ата біріккен
сөздерін сөз құрамына талдатқызып, содан соң тақтаға жазылады. Алғашқы түбірдің қандай дыбысқа аяқталып, келесі түбірдің қандай дыбыстан басталып тұрғанына назарларын аудару. Бірігіп жазу кезінде екі дауысты дыбыстың да сақталатынына көздерін жеткізу.

2-жаттығу біріккен сөздер туралы алған білімдерін пысықтауға арналған. Біріккен сөздерді тауып, оның ішіндегіҚараүңгір сөзінде екі түбірдің арасында дауысты дыбыстың сақталып жазылғанын айтады.

3-жаттығу арқылы, керісінше, адам аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылатынын біледі:

 Қожа +Ахмет-Қожахмет, Жұма + Әділ -Жұмәділ, Әбді+Ахмет — Әбдахмет, Мыр-за +Ахмет — Мырзахмет, Жылы + Айдар — Жылқайдар.

4-жаттығу біріккен сөздер туралы алған білімдерін тереңдете түсуге арналады. 5-жаттығу күрделірек тапсырмалардың қатарына жатады. Сөз тіркестерінің мағыналарын анықтап, олардың қай уақытта біріккен сөз ретінде жұмсалатынын ауызша түсіндіріп айтады.

Мысалы: Ақ сақал +сақалдың түсін, яғни ағарғанын білдіріп тұр.

Ақсақал — үлкен қария кісі.

Ақбоз ат — аттың түсін білдіріп тұр.

Ақбозат — жұлдыз атауы.

Бота көз — көздің ботаның көзіне ұқсайтындығын, яғни үлкендігін
айтып тұр. Ботакөз — қыздың аты, т.с.с.

Келесі сабақта біріккен сөздердің жазылуына арналған. Адам аттарында алғашқы түбір дауысты, ұяң, үнді дыбыстарына аяқталып, кейінгі түбірдің басындағы қ, к дыбыстары ұяң болып айтылса, г, ғ әріптері жазылатындығы, қатаң болып айтылса, қ, к әріптері жазылатындығын меңгертуге арналған жаттығулар берілген. Яғни, екінші сыңары қ, к дыбыстарынан басталатынын, кісі аттарының естілуі бойынша жазылатынын естерінде қалдыру керек. Бұл ережені қалай меңгергендіктерін 2-жаттығуды орындату арқылы байқауға болады.

3-жаттығу бойынша түбірлері сақталып жазылған біріккен сөздерді
бір бөлек, айтылу қалпын сақтап, дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен сөздерді бір бөлек жазады.

ІҮ. Сабақты бекіту.

4-жаттығу сөздердің біріккен сөз немесе жай сөз тіркесі екенін ажырата білуге үйрету үшін берілген.

Бірінші сөйлемде қара көз — сөз тіркесі, бұл жерде көздің түсін білдіріп тұр. Екінші сөйлемде Қаракөз —қыздың есімі және бірігіп жазылады.
 Мұндай біріккен сөздер мен сөз тіркестері тілімізде көп кездеседі. Тағы
басқа да көптеген мысалдар келтіріп, айыра білуге дағдыландыру керек.

5-жаттығу екі түбірдің арасындағы үндестік заңын анықтауға арналған.

Ү. Үйге тапсырма беру. 6 жаттығу, 103 бет.

ҮІ. Қорытынды. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:                 Қайырқұл Ш.С.

Күні: 11.12.2017 ж

Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: Мырзатай Жолдасбеков. Тоқсан жастағы тарлан.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кенен Әзірбаев және оның өнері туралы, ән құдіреті туралы әңгімені оқыта отырып, қазақ елінің тарихы, тұрмыс - салты туралы мағлұмат беру. Көркем сөздер, қара сөздер, нақыл сөздердің мағынасын аша отырып, дұрыс пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық: Өнер адамдары туралы білімдерін кеңейту, әнге, өнерге деген қызығушылығын арттыру, сыни тұрғыдан ойлау арқылы сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Кенен ата әндерінің құдіретін сезінуге ықпал жасай отырып, өнер адамдарын құрметтеуге, қадірлеуге, адамгершілікке, туған елінің тарихын қастер тұтуға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Кенен Әзірбаев туралы буклет, кітаптар, үнтаспа («Бозторғай» әні).
Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Шеңбер аясында Ө. Ақыпбековтың «Өзіңді тану» өлеңін бірлесе қайталау.
Өзіңді тану
Жақсы болу - өзіңнен,
Жаман болу - өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен, өзіңнен.
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің - ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
«Өзіңді тану» пайдасы.
Үй жұмысын қорытындылау.
Өткен сабақтағы «Оқышы дана Абайды» өлеңін қайталап шығу.
«Оқимын мен де Абайды» тақырыбына құрастырған өлең шумақтарын оқыту.
І. Қызығушылықты ояту.
Сыныпты топтарға бөлу:
1 - топ. Домбыра.
2 - топ. Қобыз.
3 - топ. Жетіген.
(Топтардың аталуына тоқталып кету).
- Топтардың аталуы қандай тақырыпқа байланысты болып отыр?
Сабағымыз не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?
- Қазақ халқының арасында өнер адамдары көп болған. Өнердің түрлері де сан алуын. Соның ішінде күй өнерін халыққа жеткізген атақты композиторларды халық қастерлеген, құрметтеген.
- Қандай композиторларды білесіңдер? (Музыка сабағына саяхат)
- Енді осы әнші композиторлардың бірінің әнін тыңдап көрелік.
«Бозторғай» әнін тыңдау.
- Әнді тыңдағаннан қандай әсер алдыңдар?
- Көз алдарыңа не елестеді?
- Неліктен деп ойлайсыңдар?
- Оқиға қай кезде болған? (Тарихқа шолу. Дүниетану сабағын еске түсіру)
- Бұл ән кімнің әні болуы мүмкін? Білетіндерің бар ма?
Кенен Әзірбаев туралы мәлімет беру. Ақынның қызы Төрткен әкесінің еңбектерін насихаттап, халыққа жеткізіп жүрген ұрпақтарының бірі екенін айту.
ІІ. Мағынаны тану.
Мәтінді түсініп оқу. («Түртіп алу» стратегиясы бойынша)
Сөздерге түсінік беру.
Сіңірі шыққан кедей – өте кедей.
Бұғанасы қатпай жатып – кәмелет жасқа жетпей.
Үзеңгілес серігі – бірге жүрген жолдасы.
- Кенен ақынға сипаттама беру. Ақынның бойында қандай қасиеттер болған екен?
- «Ел басына қайғы түскен қараңғы түнек» дегенді қалай түсінесің?
- Ақын нені армандапты? Сол арманына жетті ме екен?
Сергіту сәті.
Мынау менің – жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің – оң қолым,
Мынау менің – сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Дәптермен жұмыс.
- Мәтіннен ақынның балаларға берген батасын тауып, мәнерлеп оқып, өзіңе айтқандай қабылдап, дәптеріңе жазып ал.
ІІІ. Ойтолғау.
1 - топ. Кенен Әзірбаев – топтастыру жасау.
2 - топ. «Ән құдіреті» эссе жазу.
3 - топ. «Кенен ата» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.
Топтарда жұмыс.
Топтардың жұмысын талқылау, талдау, ортаға салу.
Сабақты қорытындылау ретінде сұрақтарға жауап беру.
- Білім таппай, білгіш болма,
Көрінгенге күлгіш болма,
Қорқақтаған қоян болма,
Қуыс кеуде ноян болма... – ден Кенен атамыздың бата сөздерімен сабағымыз аяқталады.
Кенен ата әндерін жүрекпен ұғып, жүрекпен айта білейік.
Үйге тапсырма.
Кенен ата туралы қосымша мәліметтер жинастыру
Бағалау
Сабақта белсенділік танытқан, топпен жұмысты дұрыс орындаған оқушылар бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:                 Қайырқұл Ш.С.

Күні: 11.12.2017 ж

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: "Үлестер"

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Өтілген материал бойынша жеке қиындықтарды анықтау, санның үлесі ұғымын нақтылау; есептердің өтілген түрлерін шығару дағдыларын бекіту.

2.Дамытушылық:Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілетін, логикалық ойлау қабілетін арттыру.

3.Тәрбиелік: Шапшаңдыққа,ептілікке,тапқырлыққа баулу, адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру, ізденіс

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, ойындар,геометриялық фигуралар.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану пәні, дене шынықтыру

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушылармен сәлемдесу.

Ә) Балалардың назарын сабаққа аудару.

2.Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн достым, қызықты күн болсын.

Бейсенбінің күнінде, сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын.

3.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге №5 есеп 139 беттегі. Өрнектерді жаз және олардың мәнін тап.

(1800:6)+(600*60)=300+36000=36300

(5000-509)-999=4491-999=3492

(35000*2):100=70000:100=700

(8400-8200)*250=200*250=50000

(10200+16000):20=26200:20=1310

2-3 балаға оқытып, басқаларын тексертемін.

4.Жаңа сабақ мазмұны. Тақырып: "Үлестер".

Суретке қараймыз. Мына тіктөртбұрыш неше тең бөлікке бөлінген? (16) Қанша бөлігі боялған?(4 бөлігі боялған). Мұны біз бөлшек түрінде жазып көрсетейік. hello_html_3eccbf2c.gif - 16 бөлімі, 4 алымы

2-суретте 21 бөлікке бөлінген, 9 бөлігі боялған, яғни бөлшек түрінде hello_html_m288d885d.gifкөрсетеміз.

Мынау бүтін алма ортасынан бөлсек 2 бөлікке бөлінеді.Тағы ортасынан бөлсек 4 бөлікке бөлінеді. Төрт бөліктің 1 бөлігін алып тәрелкеге саламыз.Бөлшек түрінде жазамыз

hello_html_685d8d49.gif4 бөлімі, 1 алымы. Демек, тәрелкегеhello_html_685d8d49.gif алма салынды.

5.Сергіту сәті.

Оқушыларды 3 топқа бөлемін.

1 топқа №2 есеп

а) 240:8=30 алма ағаштары, 240-30=210 алмұрт ағаштары

 

2 топқа №2 есеп

ә) 12*3=36 cм

 

3 топқа №2 есеп

б) 45дм:5=9 дм қалды, 45 дм- 9 дм=36 дм жұмсалды.

3 есеп тақтада орындалады. «Кім жылдам » ойын третінде ойналады

(3 қатардан 3 оқушы тақтаға шығарылады) .

816:□=9 (6 қалдық).

634:□=7 (4 қалдық).

725:□=8 (5 қалдық).

4 есеп

t=? V1 =13км/сағ V2 = 17км/сағ S=90км V1+V2=V

13км/сағ+17км/сағ=30км/сағ. t=S:V=90км:30км/сағ=3сағ.

5 есеп 3 топқа бөлемін, тақтада баған түрінде орындайды.

1 топ 2 топ 3 топ

150:3=50 615:3=205 140:7=20

600:3=200 350:7=50 364:7=52

Логикалық есеп №8

Серік пен Назымның үйлері көшенің бір жағында орналасқан. Серіктің үйінен мектепке дейінгі арақашықтық 200 м-ді құраса, ал Назымның үйінен мектепке дейінгі арақашықтық 500 м аралықты алып жатыр. Назымның үйінен Серіктіңүйіне дейінгі арақашықтықты тап.

Жауабы: Назымның үйінен Серіктің үйіне дейін 300 м.

6.Қорытындылау.

3 қатарға 3түрлі фигура беремін ,4,6,8 бөліктерге бөлдіртіп, 2, 3, 4 бөлектерді боятамын. Бөлшек түрінде жаздырамын. Ары қарай бөлшектерді толықтырамын, қорытындылаймын.

7.Үйге тапсырма беру.

№4 есеп (ә) 142 бет, №6 есеп 143 бет

8. Бағалау. Әрбір оқушыны сабақ бойында жинаған фишкаларының санымен бағалаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:                 Биғазиева А.М.

Күні: 11.12.2017 ж

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Қазақстанның тәуелсіздігі еліміздің басты бағыты

Сабақ мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта 
тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: ҚР 1991-2010 жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар, үн қағаздар буклеттер, карта, фотосуреттер, үнтаспа. 
Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты 
Мұғалім: Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді. 
Әнұранды орындау 
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді. 
Мұз жастанып азаттықтын жолында, 
Тәуелсіздік туы тұрды қолында. 
Сойыл таяқ ойнаса да жанында. 
Отан үшін жанын қиды ұлдарың, 
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың, 
Күйініштен ауырады жүрегім, 
Естігенде желтоқсанның ызғарын. 
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе, 
Ұрпақ өсер айналатын тірекке, 
Егемендік тиді бүгін еншіме, 
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке. 
Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. 
Егемендік иесі мен деген сөз, 
Көптеген бері естілмеген ерен сөз, 
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған 
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз. 
Егемендік ел болудың белгісі, 
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші. 
«Егемендік» деген сөзден естілер 
Ата жұрттың арысы мен бергісі. 
1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады. 
Шықты тарап ой данадан, 
Бері қарады жұлдыз беті. 
Өзі қалап сайлап алған, 
Елімніңбар Президенті. 
Шырақ етіп өмір нұрын, 
Алыс жатты алдағы жол. 
Ел намысын, елдің жүгін, 
Арқалаған ардағым-ол. 
1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды,ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды.
1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды. 
1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 
1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз. 
1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді. 
1995 жылы ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік. 
1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды. 
1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ал, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді. 
1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді. 
1988 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты. 
1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белдгіленді 
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды. 
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді. 
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды. 
2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді. 
2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды. 
2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды. 
2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы болды. 
2006 жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды. 
2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді. 
2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды. 
Сұрақ-жауап сайысы 
1. Қазақстан қандай ел? 
2. Қазақстанның қанша халқы бар? 
3. Еліміздің табиғаты туралы не білесіңдер? 
4. Біздің еліміздің астанасы қай қала? 
5. Біздің еліміздің басшысы кім? 
6. Еліміздің Президенті кім бола алады? 
Мақал-мәтелдер сайысы. 
«Жалғастыр» 
1. Еңбек түбі береке, 
(Көптің түбі мереке) 
2. Елінен безген – ер оңбас, 
(Көлінен безген – қаз оңбас) 
3. Ер бір рет өледі, 
(Қорқақ мың рет өледі) 
4. Сөз атасы – құлақ, 
Жол атасы – тұяқ, 
(Су атасы – бұлақ) 
5. Өлеңді жерде 
Өгіз семіреді. 
Өлімді жерде 
(Молда семіреді)

Көрініс «Қайратты тергеу сәті»
Қайрат:
Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұшырдың
Балағаттайсың мен ешқандай түсінбедім
Жазықты емес қайталай берем несіне
Оқып көр мына өлеңді түнде түсірдім!
Тергеуші:
Түкірдім мен жырларыңа
Ит не деген өткір едің
Ине сұқтым тырнағыңа
Өлердей ғып тепкіледім
Алдап, арбау тәсілімен
Салдым жанға қанша бұғау.
Тәні таудың тасы білем
Мойындата алмадым - ау
Қайрат:
Мойындата алмайсың адал - арым
Көзің жетіп болды ғой бағалағын
Меңсіз едім жақпасаң маған қасқа
Отыз жеті емес бұл замандасқа
Тергеуші:
Байқа 87 бұл бүлігі көп
Өтпексің ғой қылмыстың дүбірі боп
Тілді безеп өзің айт маған десең
Савицкийді өлтірдің алаңда сен
Қайрат:
Бітер екен осы бір кеңсе қашан
Инженерді көргем жоқ мен ешқашан
Өлтіргем жоқ, құдайым,
Достар куә!
Тергеуші:
Аһ, баскесер, тағы да басталды ма,
Періштедей бейкүнә жұтынасың
Куә халық, қалайша құтыласың
1 - жүргізуші.
Тұрыңдар сот келеді.
Тергеуші.
Сот процесі басталады.
1 - куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ. Сіз алаңда Қ. Рысқұлбековтың Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба?
1 - куәгер. Боламын. Өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз менде қолында таяғымен түскен суреті бар. Ол - ұлтшыл. Қайрат оңбаған.
2 - ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қ. Рысқұлбековтың Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз рас па?
2 - куәгер. Рас - рас. Ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды.
Тергеуші:
Қ. Рысқұлбековке сөз беріледі.
Қайрат.
Мен ұлтшыл де, кінәлі емеспін.
Сот.
Барлық куәгерлерді тыңдай отырып, Қ. Рысқұлбековты айыпты деп табамыз.
Қайрат.
О, халқым!
Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім бар.
Ақтық сөзі.
Әкетай – ау пайғамбардай жасың бар.
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегіңді жаралап
Кесір болды - ау мен секілді масылдар.
Айналайын, қарындасым, қарағым
Сіздерге кім бұл өмірде тең келер
Сүмірейтіп сот алдында отырған
Бауырыңды енді кімдер есіркер
Айналайын, қарындасым, қарағым
Қолда кісен мен айдауда барамын
Қайғы жеңіп, азап тартқан ағаңды
Айтшы жаным қайдан ғана баладың
Айналайын, інішегім, құлыным
Сені ойласам үзіледі жұлыным
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай
Кетіп барам мен айдауда құлыным.
Күнәдан таза басым бар
21 - де жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар.
Автор:
Қайрат Семей түрмесінің 21 - камерасында 21 жасында 1988 жылдың 21 мамыр күні дүниеден өтті. 1992 жылы 21 ақпанда қайтадан ақталды. Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
2 - жүргізуші.
Ендеше сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық.
Автор.
Арада 4 жыл өткен соң 1990 жылы 17 желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылып, желтоқсан оқиғасын зерттеу комиссиясының төрағасы Мұхтар Шаханов жастарға арнаған жалынды өлеңін оқыды.
Қорытынды:
Бүгінгі тәрбие сағатымызға келгендеріңізге көп - көп рахмет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Қазақстанның тәуелсіздігі еліміздің басты бағыты»

Сыныбы:4 «ә»

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Айдынгалиева М.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017-2018 оқу жылы 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Біріккен сөздердің жазылуы (4 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 657 032 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2020 356
    • DOCX 32.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Чухиль Наталья Григорьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Чухиль Наталья Григорьевна
    Чухиль Наталья Григорьевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 88359
    • Всего материалов: 230

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 848 человек

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 601 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 205 человек

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии антикризисных коммуникаций и управление репутацией в современном бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе