Инфоурок Биология Другие методич. материалыБиология сабақтарында қосымша ақпарат көздерін пайдалану жолдары

Биология сабақтарында қосымша ақпарат көздерін пайдалану жолдары

Скачать материал

«Биология сабақтарында қосымша ақпарат көздерін пайдалану жолдары»

Қосымша ақпарат көздерін қолдану әдістерінің бірі «Айналмақ»осы әдісті биология пәндерінде оқушының білімін тексеру кезінде, логикалық ойлауды дамыту немесе жаңа тақырыпты бекіту, меңгерту кезде пайдаланған өте тиімді. Себебі: бір ғана тексерудің түрі қолданылмайды мұнда оқушылардың білімі тест, биолгиялык диктант, тірек сызба, сурет бойынша және терминдерді тексеру сыныптағы бүкіл оқушыларды бір мезгілде қамтып, білім деңгейін анықтауға, логикалық ойлауын дамыту кезінде қолдануға мүмкіндік береді.

Сыныпты 4-топқа бөліп, топ басшылары сайланады да, тапсырмалары таратылады. Білім тексерген кезде қатар отырған оқушы бір-бірінен көшіріп алмау үшін және білім деңгейіне байланысты әр түрлі нұсқада деңгейлеп беріледі.Әр тапсырманы орындауға 7-мин, оның 2-минутын топ басшылары тексеріп, бағалап үлгеруі керек. Тапсырманы орындағаннан кейін бір мезгілде орындарынан тұрып сағат тілі бағытымен топтар орын ауыстырады да келесі жаңа тапсырманы орындай бастайды. Осындай бағытпен оқушы 5-түрлі тапсырма орындап 5-баға алады. Қалған уақытта топ басшылары қорытындылап, ортақ бағасы қойылады.

Тапсырмаларды құрастырған кезде бағдарламада көрсетілген «Оқушылардың білім мен біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар» бөлімінен алынған біліміне қарай оқулықтан диктантқа мәтін іріктеп алынады. Енді іріктелген дидактикалық материалды қолдану мақсатына қарай карточка жасаймыз

Тест: ашық тест, жабық тест, сәйкестік тест т.б. қолдануға болады.
Биологиялық диктантты да түрлендіріп қолдануға болады.

1)Биологиялық атауларды білдіретін сөз қалдырылған сөйлем жазылады. (қалдырылған орынға тиісті сөзді тауып жазады).

2)Биологиялық диктант сұрақ түрінде құрылады. (Қысқаша нақты жауап қайтарады).

Мысалы, Анатомия пәнінде «Асқорыту жүйесі» тарауында тестік тапсырмалар -1 топ, 2-топ биологиялық диктант, 3-топ тірек сызбалар, 4-топ суретпен жұмыс 5-топ терминдерден тұратын тапсырмаларды орындауға бердім. Белгіленген уакыт өткеннен кейін тапсырмалар орнында қалады да оқушылар дәптер, қаламымен орындарын ауыстыра отырып 5-түрлі тексеруден өтеді. Енді «Жаңа тақырыпты меңгеруде» бұл әдісті қалай қолданамыз?

1.Осы тақырып туралы алдын ала түсінік беремін.

2.Үйде қосымша материалдар қарау, әкелу тапсырылады.

3.Сынып оқушыларын топқа бөліп, ойын шартымен таныстырылады.

Ойын: 4-кезеннен тұрады
1 кезең жеке жұмыс.
2 кезең жұптық жұмыс
3 кезең топ болып жұмыс жасауды жалғастыру.
4 кезең топтық шешімді қабылдау.

Әр топтағы оқушыны шартты түрде 4-әріптен белгілейміз (А-В-С-Д).

Тақырыпты оқи отырып әр әріптің қандай тапсырма орындау керектігі айтылады.Мысалы: А- мәтінді оқи отырып тест құрау,В- мәтінді оқи отырып биологиялық диктант құрау, С- мәтіндегі суреттердің құрылысы мен қызметін талдайды, Д- негізгі түсініктермен, терминдермен жұмыс жасайды.
1-кезең жеке жұмыс.
Оқулықтың 3-4 тақырыпшадан тұратын материалын оқып қысқаша өзіне берілген тапсырманы орындайды. Бұл тапсырманы дайындауға 15 минут уақыт беріледі.

2-кезең жұппен жұмыс. 1-топтағы оқушылар өзіне серіктес таңдайды. Мысалы, А-В, С-Д. Тапсырма мазмұны өзгермейді. Бірақ, бұл кезщеңнің мақсаты топша ішіндегі жұптардың ортақ шешімге келуіне және бірін-бірі толықтыру. Уақыты 5 минут.

3-кезең. Топтар арасындағы жұмысты жалғастыру. Алдыңғы топтар уақытша таралып жаңадан «әріптік бірлік» қағидасы бойынша құрылған топтар (А-А-А-А, ВВВВ, СССС, Д-Д-Д-Д) келеді. Әрбір жаңа топтың қатысушылары өзінің мәселені шешу жолдарын ұсынып, өзге топтардың пікірлерімен танысады. Ортақ және тиімді шешім таңдалады. (10 мин.).

4-кезең. Топтық шешім қабылдау. Әр топтан 1-оқушы шығып ортақ тапсырманы қорғайды. (10 мин). М: (зәр шығару жүйесі тақтадағы оқушылар жұмысын таныстыру.

Мұндай әдістен күтілетін нәтиже:
1)Оқушылардың логикалық тұрғыда ойланып, оны сабақта қаралған мәселенің негізгісін анықтауға дағдыланады.
2)Биологиялық терминдерді дұрыс түсініп, мәнін аша білуге үйретеді.
3)Сызбалар, суреттер арқылы нақтылы түсінікке тез көшуге жәрдемін тигізеді.
4)Жұмыстың бұл формасы, ақпаратты белсенді меңгеруге бағытталған біріккен іс-әрекет дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
5)Интерактивті түрде өткізген кезде оқушылар тек қана бақылаушы болып қатыспай, қиын мәселелерді де өз бетінше шеше отырып шығармашылық қабілеттері дамиды .

АҚТ меңгерудегі мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығы.
1)ИОТ  оқып үйрену
2)ИОТ меңгеру
3)ИОТ тәжірибеде қолдану
4)ИОТ дамыту және нәтижесін көру.

ИОТ бойынша қосымша ақпаратты оқушылар мына жолдармен қабылдайды.
1)Интернет
2)Онлаин жүйесінде білім алу
3)интерактивті тақта
4)оқулық
5)компьютерлік техника

Биологияның пәндерін оқытудың оқушыларға тиянақты жемісті білім беру мен оқытып - тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелі болуы мұғалімнің оқушылармен бірігіп жүргізетін бір бағыттағы іс - әрекеттеріне байланысты.

Биология пәндерін оқыту барысындағы мұғалімнің негізгі міндеті оқушылардың бойына жүйелі түрде, бірізділік пен биологиялық түсініктерді, ғылыми көз қарасты, өздігінен ойлау процесі мен практикалық жұмыстарды орындау икем дағдыларының біртұтастығын үздіксіз дамыту болып табылады.

“Система” - дегеніміз грек тілінде белгілі бір логикалық тәртіпте құбылыстарды, заттарды іс әректтерді топтастыру деген мағынаны білдіреді екен. Жүйе бір – біріммен байланыстағы бөліктердің дамуының заңдылықтарының орналасу тәртібі.
Ал “методика” (әдістеме) “жүйе” түсінігі тәрбиелеп - оқытудың присптерінің біртұтастығы, оның элементтерінің өзара қарым – қатынасы мен бірлігі.
Мектепте оқушыларды тәрбиелеп оқытудың алуан түрлі формаларын ұйымдастыру қолданылады. Оқыту формалары дегеніміз - оқушылардың оқып білім алу, іздену әректтерін ұйымдастыру, мұғалімнің мұғалімнің оқу процесі кезінде әр түрлі жағдайларды, іс - әрекетті пайдалануы.

Сабақтың алғашқы жобасын жасаған неміс педагок И Штурм, дамытып, теорялық негізін қалаған, іс жүзінде қолдану технологиясы жасаған А Я Коменский. Сабақта мемлекеттік оқыту бағдарламасына сай материялдардың мазмұны оқытудағы тақырыптың негізінде мазмұндап , оқушыларға білім және тәрбие қалыптастырады. Әр бір оқушы сабаққа қатысуға міндетті... Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдердің, формаларын қолданадыМектептегі биология пәндерін оқыту барысында оқытудың басқада формалары қолданады. Сабақтардың мазмұнына байланысты міндетті түрде өткізілетін топ серуендер (экскурция), сабақтан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, кеңестер, қосымша сабақтар, жұмыстар міндетті немесе кластан тыс жұмыстық, мен тірі табиғат үйірмесінде орындалатын жұмыстар.

Сабақ кезінде мұғалім оқытудың барлық әдіс – тәсілдерін қолданады.


       
Сапалы сабақ өткізудің талаптары өте күрделі:

  Сабақты оқытудың дидактикалық принциптері толық қамтамасыз етіледі.

  1. Ғылымның, педагогикалық іс – тәжрибенің озық жетістіктерін пайдаланады.
  2. Оқушылардың танымдық іс - әректтерімен пәнге қызығушылығын арттыру.
  3. Пәнарқылы байланыстарын қамтамасыз ету.
  4. Өткен сабақтарда алған білімдеріңді негізінде, оқушылардың білім деңгейін одан әрі дамыту.
  5. Әр бір сабақта оқушылардың ойлау әрекетін дамыту.
  6. Мұғалімнің сабақ жоспарының дұрыс түзілуімен сабақты рационалды түрде өткізу т.б.

Сабақтың негізгі мақсаттары, білім беру, тәрбиелеу және дамыту. Білім беру мақсатын орындау үшін төмендегідей дидактикалық мәселелерді қамтыған жөн.

    • Сабақтың білімдік мақсатын ашатын ақпараттармен қамтамасыз ету.
    • Сабақ жаңа технологиялық әдістермен өткізу.
    • Сабақтардың құрлымымен оны ұйымдастыруда шығармашылық таныта білу.
    • Сабақ барысында ұжымдық және жекеше ізденіс формаларын жүзеге асыру.
    • Сабақтың мазмұнын түсіну, игеру деңгейін анықтау, бағалау.

Биология пәнінен оқытудың әдістері және олардың жүйеленуі.
Жалпыға бірдей білім беретін
оқу орындарында, оқушыларға білім мен тәрбие беру үшін, пәннің мазмұны мен құрылымы және сабақ өткізу үшін пайдаланылатын көрнекіліктер мен қажетті материялдардан басқа, мұғалімнің қолданатын оқыту әдістерінің үлкен маңызы бар. Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясын ескере отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдап алғанда ғана, оқушыларға сапалы білім беруге, тәрбие қалыптастыруға болады.

1963 жылғы философиялық сөздікте “ метод” немесе “әдіс” дегенімізді белгілі бір алға қойған мақсатқа жетудің тәсілі, реттелген іс- әрекет деп түсіндірілген. Демек “іс әрекетті” дидактикалық принсптер тұрғысында алатын болсақ, жасөспірімдерге білім беру мен тәрбиелеу жолындағы мұғалімнің алдына қойған мақсатына жету ұшін жасайтын, пайдаланылатын тәсілдері деп қарастырамыз.

Оқыту әдісі дегеніміз – мұғалім нің оқушыларға білім мен тәрбие беру тәсілдері және Оқушылардың білімді қабылдау барысындағы іс әрекеттері – деп айтуға болады. Екі жақты бір – бірінетығыз байланыстығы, бір мақсатқа жету үшін жасалатын әрекеттер жиынтығы. Оқыту, білім беру көзі мен оқулықтың мазмұны міндетті түрде оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша анықталады.

Биология пән ретінде оқыту барысында алуан түрлі әдістер мен тәсілдердің қалыптасқаны белгілі және олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтастыруға болады.

1. Оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс- әрекеттің сипаты.
2. Мұғалімнің білім берудегі іс - әрекетінің сипаты.

3.  Білім алу көзі.

Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негіз болып табылады. Дәстүрлі сабақ беру ежелден келе жатқан білшім беру жүйесі. Осы орайда білім берудің негізгі классикалық әдістері үшеу екендігі белгілі: ал сөздік әдіс, көрнекілік және әдіс және практикалық әдіс. Қазіргі заманның талабына сай білім берудің жаңа әдістері де оқу – тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда. Олар: оқулық және алуантүрлі техникалық жүйелер. Әдістердің сызбанұсқасын төмендегідей етіп көрсетуге болады.


Биология оқыту әдістері

Сөздік

Көрнекілік

Практикалық

Оқулық пен жұмыс

Техникалық құралдармен жұмыс

  1. Сұрақ- жауап
  2. Әңгімелеу
  3. Түсіндіру
  4. Лекция
  5. Нұсқау беру
  6. Пікірталас т.б.

Бейнелеу көрнекіліктерін демонстрациялау, тірі табиғи объектілер, тәжрибелер, кинофильмдер, таблитца сызба- нұсқалар арқылы білім беру

Объектілерді танып білу, өз бетінше тәжрибе жүргізу, эксперимент қою, оқу өндірістік еңбек т.б.

Оқулыққа шолужасау, қарап шығу, оқу, зерттеу, мазмұндау, конспект, реферат жазу.

Компютермен жұмыс жасау, техникалық құралдармен жаттығу, көру, зерттеу, қортындылау т.б.

Әр әдістің өзіне тән қолдану ерекшеліктері бар. Сөздік әдістері қолдануда оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады. Мұғалім әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап, лекция түрінде білім береді, ал оқушылардың іс- әрекеті тыңдау. Тақырыпты өтіп болған соң, оқушылар ауызша немесе жазбаша есеп беру барысында алған білімдері мен түсініктері қортындылады, бекітеді.

Көрнекілік әдісін пайдаланған кезде мұғалімнің сөзі бас қа мағына алады да, оқушылардың алатын білім көзі мұғалімнің заттар мен құбылыстарды көрсету, демонстрациялау болып табылады. Оқушылар көрген фактіларін ой елегінен өткізіп, белгілі бір қорытындыға келіп жаңа білім қалыптастырады. Бұл жағдайда оқушылардың бақылаған, көрген құбылыстары білім көзі болып есептелінеді.

Практикалық әдіс қолдануда мұғалім нің сөзі нұсқау беру үшін және орындалатын жұмыстың мақсатымен таныстыру үшін қажет. Оқушылардың алатын білім көзі, өздерінің орындайтын практикалық жұмысы.

Бірқатар жағдайларда мұғалімнің нұсқауымен білім алу үшін кітаппен жұмы с жүргізледі. Оқушылар білімді кітаптың мазмұнынан алады. Кітаппен жұмыс алуан түрлі әдістерді қолдану барысында да жүргізіледі мұғалімнің қандайда бір әдістерді қолдануының негізгі мақсаты, оқушыларды белсенді түрде сабаққа қатыстыру . Оқушылар сабақтарда баяндамалар, түсініктемелер, тәхрибелер, практикалық жұмыстар жасайды.

Әдістердің барлық түрлерін қолдануда, оқушылардың өз бетінше ойлау деңгейін дамыту жағын қамтамасыз етілуі тиіс, сонымен қатар оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін дамыту үшін олардың жауап әрекеттеріне сараптама жасау керек. Бұл жұмыс оқушылардың білімін тексеру, есепке алу арқылы жүзеге асады.

Көрнекілік әдіс.

Көрнекілік әдісін педагогиканың көрнекілік принмптерімен шатастырмау керек. Бұл екі түрлі түсінік, бірақ бір – бірімен тығыз байланыста.

Көрнекіліктер биология сабақтарының барлығында қолданылады, бірақ бұл сабақтарды көрнекілік әдісімен өткізу деген түсі нік емес.

Сөздік әдістерін қолдануда алуан түрлі суреттерді, таблицаларды көрсету арқылы мұғалімнің сөзін дәлелдеу үшін қолданады. Мысалы: өсімдіктер мен жануарлар туралы әңгімелеуде, табиғи обеътілерді қолдануға, суреттерін көрсетуге болады. Сондайақ ғалымдардың өмір жолын, ашқан жаңалықтарын баяндаукезінде суреттер, таблицалар т.б. қолданады. Бұл кезеңдерде оқушылардың білім алу көзі, мұғалімнің сөзі, баяндауы, лекциясы немесе түсіндіруі. Ал қолданылған көрнекілігі қосымша материял ретінде сабақтың мазмұнын әсерлеу үшін қажет.

Ал сабақты көрнекілік әдіспен өткен кезде, пайдаланылған көрнекіліктің сипаты өзгереді жасалған тәжрибелер, көрсетілген тірі обеъктілер, кинофилмдер, таблицалар, бейнетаспалар – оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі екінші ретте көмекші құрал ретінде көрініс алады.

Көрнекіліктер мен обеътілерді демонстрациялау барысында оқушылар өз бетінше бақылап немесе мұғалімнің жетекшілігімен қортындылар мен тұжырымдар жасап, жаңа білім алады.

Көрнекілік әдісін қолдану, оқушылардың жаңа мазмұнды қабылдау және ойлау қабілетін дамытады.

Биология сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер 2 топқа бөлінеді.

1. Табиғи түріндегі (Табиғи тірі объектілер және препраттар)
2. Бейнелеу құралдары ( таблицалар сызбанұсқалар, мульяждар, бейнефилмдер т.б.)

Әсіресе табиғи объектілерді демонстрациялау пәнді оқытуды тиімділігі өте жоғары. Оқушылар өсімдіктер мен жануарлар жайында нақты ұғымдар қалыптастырады. Өсімдіктер тіршіліктану пәндерін оқытуда өсімдіктерді демонстрациялауға мүмкіншіліктері мол өсімдіктері алдын-ала табиғаттан тірі табиғат жүйесінен, т.б. дайындауға болады.

Өсімдіктану пәнінен жапырақтардың түр өзгерісі “тақырыбында, суды аз мөлшерде буландыру үшін жапырақтардың экологиялық ортаға беймделуін олардың түк қабаттары мен шаңданған қабаттарын, жапырақ тақталарының көлемінің кішірейун бөлме өсімдіктерінен көруге болады, оқушылар тірі обеъктілерден беймделуді көреді, мысалы: Монстера (Бразиляның ылғалды тропик ормандары), Камелия (Оңтүстік қытай) Алое (Оңтүстік африканың Калахари тахыры), Кактустар (Мексика шөлейті), шыршаның иелерінен, сексеуілдің жапырақтарынан, жантақтың теңге жапырақтарынан, т..б. көрсетуге болады.

Тәжрибелерді демонстрациялау биология пәндерінің барлық сабақтарында қолданлады. Мысалы: Жалпы биология пәнінінде жасушаның құрылысы тарауындағы «Цитоплазма» тақырыбы сабағында өсімдік жасушасы цитоплазмасындағы плазмолиз бен деплазмолизді бақылап, оқушылар жұмыс дәптерлеріне тәжрибені қою тәртібінің суретін салып, қортынды нәтижелерін жазады. Оқушылардың микроскоппен жұмыс істеу икем дағдылары қалыптасады. Қандайда болмасын әдістің негізгі мақсаты оқушылардың өз бетінше білім алуын көздейді. Олардың сана сезімін дамытып, логикалық ойлауын, шығармашылығын, өз бетінше білімін іс - әрекетте, практикада білуін дамытады.

Практикалық әдістер.

Практикалық әдістер бұл әдістер мұғалімнің ұйымдастыруы мен бағыттауның нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын сөздік көрнекілік және практикалық жұмыстардың күрделі байланысы болып табылады. Практикалық метадоттарды қолдану оқушылардың рецепторлары мен анализаторларын белсендіреді, еңбекке баулйды. Оқу тәрбиелеу жұмысын іске асыруға практикалық жұмыстарды орындау өте құнды. Оқушылар бұрынғы алған блімдерін іс – жүзінде практикалық тапсырманы орындау нәтижесінде жүзеге асырады, дағдылары қалыптасады. Осындай жағдай ғана практикалық жұмыстар білім көзі болып табылады. Практикалық жұмыстардың түрлері:

  1. Табиғи обеъктілерді танып білу және анықтау.

2.    Құбылысты бақылап есепке алу.

3.    Экспериммент жасау.

Практиклық жұмыстың басында қойылған мәселе мен сұрақты практикалық жұмыстың көрсеткіші мен оқушылар дәлелдеулері керек. Көрнекілік методымен практикалық методот кезіндегі оқушыларының бақылауының айырмашылығы жер мен көктей. Практикалық бақылау кезінде оқушылар өз бетінше жұмыс жүргізеді, өлшейді, есептейді, кептіреді т.б. Осындай құбылыстардың нәтижесінде оқушылар құбылысты дәлелдейтін материалдар жинайды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Биология сабақтарында қосымша ақпарат көздерін пайдалану жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қосымша ақпарат көздерін қолдану әдістерінің бірі «Айналмақ»осы әдісті биология пәндерінде оқушының білімін тексеру кезінде, логикалық ойлауды дамыту немесе жаңа тақырыпты бекіту, меңгерту кезде пайдаланған өте тиімді. Себебі: бір ғана тексерудің түрі қолданылмайды мұнда оқушылардың білімі тест, биолгиялык диктант, тірек сызба, сурет бойынша және терминдерді тексеру сыныптағы бүкіл оқушыларды бір мезгілде қамтып, білім деңгейін анықтауға, логикалық ойлауын дамыту кезінде қолдануға мүмкіндік береді. Сыныпты 4-топқа бөліп, топ басшылары сайланады да, тапсырмалары таратылады. Білім тексерген кезде қатар отырған оқушы бір-бірінен көшіріп алмау үшін және білім деңгейіне байланысты әр түрлі нұсқада деңгейлеп беріледі.Әр тапсырманы орындауға 7-мин, оның 2-минутын топ басшылары тексеріп, бағалап үлгеруі керек. Тапсырманы орындағаннан кейін бір мезгілде орындарынан тұрып сағат тілі бағытымен топтар орын ауыстырады да келесі жаңа тапсырманы орындай бастайды. Осындай бағытпен оқушы 5-түрлі тапсырма орындап 5-баға алады. Қалған уақытта топ басшылары қорытындылап, ортақ бағасы қойылады. Тапсырмаларды құрастырған кезде бағдарламада көрсетілген «Оқушылардың білім мен біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар» бөлімінен алынған біліміне қарай оқулықтан диктантқа мәтін іріктеп алынады. Енді іріктелген дидактикалық материалды қолдану мақсатына қарай карточка жасаймыз Тест: ашық тест, жабық тест, сәйкестік тест т.б. қолдануға болады. Биологиялық диктантты да түрлендіріп қолдануға болады. 1)Биологиялық атауларды білдіретін сөз қалдырылған сөйлем жазылады. (қалдырылған орынға тиісті сөзді тауып жазады). 2)Биологиялық диктант сұрақ түрінде құрылады. (Қысқаша нақты жауап қайтарады). Мысалы, Анатомия пәнінде «Асқорыту жүйесі» тарауында тестік тапсырмалар -1 топ, 2-топ биологиялық диктант, 3-топ тірек сызбалар, 4-топ суретпен жұмыс 5-топ терминдерден тұратын тапсырмаларды орындауға бердім. Белгіленген уакыт өткеннен кейін тапсырмалар орнында қалады да оқушылар дәптер, қаламымен орындарын ауыстыра отырып 5-түрлі тексеруден өтеді. Енді «Жаңа тақырыпты меңгеруде» бұл әдісті қалай қолданамыз? 1.Осы тақырып туралы алдын ала түсінік беремін. 2.Үйде қосымша материалдар қарау, әкелу тапсырылады. 3.Сынып оқушыларын топқа бөліп, ойын шартымен таныстырылады. Ойын: 4-кезеннен тұрады1 кезең жеке жұмыс.2 кезең жұптық жұмыс 3 кезең топ болып жұмыс жасауды жалғастыру. 4 кезең топтық шешімді қабылдау. Әр топтағы оқушыны шартты түрде 4-әріптен белгілейміз (А-В-С-Д). Тақырыпты оқи отырып әр әріптің қандай тапсырма орындау керектігі айтылады.Мысалы: А- мәтінді оқи отырып тест құрау,В- мәтінді оқи отырып биологиялық диктант құрау, С- мәтіндегі суреттердің құрылысы мен қызметін талдайды, Д- негізгі түсініктермен, терминдермен жұмыс жасайды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 820 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.09.2020 765
    • DOCX 74.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Степанова Вера Валерьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Степанова Вера Валерьевна
    Степанова Вера Валерьевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 82268
    • Всего материалов: 217

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов биологии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 41 региона

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе