Инфоурок Другое КонспектыБілім биржасы. интеллектуалды зияткерлік ойын сайысы

Білім биржасы. интеллектуалды зияткерлік ойын сайысы

Скачать материал

"Білім биржасы" зияткерлік сайысының жоспары

http://balkhash.goo.kz/media/img/blog/54c3494ac1b95.jpg 

 

Мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.

Ойын барасы: Ойынға 6 адамнан тұратын 2 топ қатысады.

Ойын алаңы: магнит тақтада  1-ден  10-ға дейінгі сандар, 4 конверт :жасыл, сары, қызыл, көк

Топтың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі.

1. Қызыл конверт- «Логика».

2. «Өрмекші торы».

3. Жасыл конверт- «Қазақ тілі».

4. Лотерея билеті.

5. « От ».

6. Көк конверт- « 7 жұмбақ ».

7. «Алтын сандық ».

8. « Қамал ».

9. Сары конверт- « Мақал-мәтелдер ».

10. «Қара мысық ».

 

Техникалық құрал:компьютер, проектор, жылжымалы экран.

Бағдарламалық жабдық: MS Power Point-та жасалған слайдтар.

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

  Бүгінгі сайысымызды  Нұрсұлтан  Әбішұлы .Назарбаевтың сөзімен бастайық: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз,озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ.  Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.” 

Осы  сайыста көрсеткен білімдерің күнделікті жақсы оқығандарың -  өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың  болып табылады. Олай болса

«Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер!

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын, жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма  жасып

Ойынымызды бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін  білім сайысының әділ эксперт мүшелерін сайлап алалық (Эксперт төрағасы мен мүшелерімен таныстыру)

                           

                           Шын жүйрік шабысынан табылады.

                           Нақты  білім, терең ой сыналады.

                           Баға берер әділқазы ортамызда

                          Сіздерге құрметпен қол соғылады.

Шақырамыз, келіңдер жарысуға,

Күш, өнер,білімменен алысуға

Бар өнерді салайық, ортамызға

Қанеки кім шығады сайысуға,- алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициясымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда .

 

Ал, қанеки сайысты біз бастайық

Ұрандарымызды айтып,

Өзімізді таныстырып тастайық.

Әр топ өз капитан командаларын сайлайды

(Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).

І топ: «Болашақ» дарындылар тобы:

Ұраны:

Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Сайыста көрсетпекпіз  алған білімді.

ІІ топ: «Эврика» тапқырлар тобы:

Ұраны:

«Тапқырлық таныту-мақсатымыз,

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

 

Сонымен құрметті көрермендер, сайысымызды басталық.

Ойынымыздың  өтілу тәртібімен таныстырайық.

Ойын алаңы: магнит тақтада  1-ден  10-ға дейінгі сандар, 4 конверт :жасыл, сары, қызыл, көк

Топтың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі.

 

1. Қызыл конверт- «Логика».

2. «Өрмекші торы».

3. Жасыл конверт- «Қазақ тілі».

4. Лотерея билеті.

5. «От».

6. Көк конверт- « 7 жұмбақ ».

7. «Алтын сандық ».

8. « Қамал ».

9. Сары конверт- «Мақал-мәтелдер»

10. «Қара мысық ».

 

Ойын шарты:

«Қара мысық» түссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.

« От » келсе , жинаған ұпайларыңыздың 30 ұпайы күйіп кетеді.

«Лотерея билеті»- керісінше 30 ұпай сыйлыққа беріледі.

«Қамалға» келсеңіз , қиын сұраққа тап боласыз. Ол арнайы сұрақ болады.

«Алтын сандық» -олжаға кенелеміз. Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.

«Өрмекші торына» түссеңіз, көрермендер сұрағына ие боласыз. Сұрақтың дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.

 

Ойын барысы:

Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады,

« Ж » әрпінен басталатын қазақ тілі терминдерін кім көп айтады, сол команда бірінші бастайды.

 

«Өрмекші торы»

Ойла-ойла тереңнен,

Жақсы емес-ау көп бөгелген.

Сұрақтарды шешпесең

өте алмайсың бөгеттен

(қөрермендер сұрағы)/ Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай/

1.Жазда 6 бала таудан сырғанақ тепті. Олардың 4-еуі қайтып кетті.

   Нешеуі қалды? (Жазда сырғанақ болмайды)

2.  Айдала. Қараңғы түн. Екі салт  атты ауылға беттеп келеді. Алыстан жылт еткен сәуле сөніп- өшті. Үй иесі бұрын көре ме, әлде салт аттылар  бұрын көре ме?/ ешқайсысы)

3. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмас бір стақан сүтті і шіп қойды. Үстелде неше стақан бар?(3)

4. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?   (құдықтағы су ішінде)

5.Анам кесеге шайды толтырып қоя салды. Кенже інім аңдамай қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды.Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың? (кеседегі шай құрғақ болған)

6.  Ахметтің анасының  үш баласы бар. Балаларының біреуінің аты Қыркүйек,екіншісінің аты Қазан. Онда үшіншісінің аты кім? (Ахмет)

7. Кім барлық тілде сөйлейді?  (жаңғырық)  

8. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?  (құс жолымен)   

 «Қамал»

Тауды биік демеңдер,

Талаптансаң шығарсың

Арнайы сұрақ    (40ұпай)

 

1.Оның биіктігі 97 метр. Бұл Елордасы Алматыдан Астанаға көшкен жылдың соңғы екі цифрына,1997 жылға сәйкес келеді.Ол өзінің сыпайы сұлулығымен, сәулеттік сымбатымен адамды тарта түседі.Ол металдан,әйнектен және темірбетоннан жасалған.Оның үстіне жерден 77 метр биіктікте үстіңгі ауданы 1553 шаршы метрге тең алтын шар орналасқан.Бұл не?

/Астана-Бәйтерек кешені. Жобалаған талантты сәулетші Ақмырза Рүстембеков басқарған тобы-сәулетшілер С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструктор М.Вайнштейн, дизайнер А.Оспанов//

2. Жаңа үй салып жатқан Бобер Бобтың 6 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 6-ға бөлу керек. Ол өзінің өткір тістерімен бөренені бір жерден кесу үшін 1 минут уақытын жібереді.Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді?

Шешімі: Бөренелердің біреуін 6-ға бөлу үшін 5 рет кесу керек. 1бөренеге- 5минут, 6*5=30 минут. 

«Бұл кім?» - берілген мәтіннен кім екенін табу.

Сіздерге көмек ретінде сөйлемдер оқылады, сіздер оларға сүйеніп мен кім туралы айтып жатқанымды табуыңызға тиістісіздер. Егер жауабын 1-ші сөйлемнен кейін тапсаңыз, 5 ұпай, 2-ші сөйлемнен кейін – 4 ұпай, 3-ші сөйлемнен кейін – 3 ұпай, 4-ші сөйлемнен кейін – 2 ұпай, ал 5-ші сөйлемнен кейін – 1 ұпай аласыз. Ал, сәт-сапар!

 

1-ші мәтін: Оның әкесі ерте қайтты. Балғожа бидің қамқорлығында болған. «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін оқыту құрал» кітаптың авторы. Қазақ  балалары үшін, мектеп ашып, жаңа мектеп салдырды. 1941 жылы Торғай облысында туылған ағартушы-педагог. (Ыбырай Алтынсарин)

                                                                                             

2-ші мәтін: Ол «Манас» жырын алғаш рет хатқа түсірген. Жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды. Он екі жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түскен. Қазақтан шыққан ең бірінші ғалым, саяхатшы, зерттеуші.

                                                                                 (Шоқан Уәлиханов)

                                                                   

«Қазақ тілі»- жасыл конвертінің сұрақтары  (әр дұрыс жауап – 10 ұпай).

- Үш бәйтерек кім?  (Сәкен,Бейімбет, Ілияс)

- Абай қай рудан?  (Тобықты)

- Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы? (Зат есім)

- Қазақ тілінде неше дыбыс бар? (38)

- Буынның неше түрі бар? Ата. (3 түрі бар –ашық буын, тұйық буын, бітеу буын)

- Балалар әдебиетінің атасы? (Ы.Алтынсарин)

- Жақсы сөз - ...... (жарым ырыс)

- - Тіл ғылымының атасы?  (А.Байтұрсынов)

- «Білімді» сөзіне антоним? (надан)

- Құмайда бар, суда жоқ.

   Тұманда бар, буда жоқ. (Ұ)

- Биікте бар, ойда жоқ,

  Киікте бар, қойда жоқ. (и)

 «Логика»

Ал қанеки балалар

Құлақ салшы  сөзіме

Сұрақ берсем берейін

Логикадан өзіңе

 «Логика» - қызыл конверттің сұрақтары   (20 ұпай).

1. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында ,біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады? (5)

2.  Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? (3)

3. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? (2)

                                                                                

4. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың

соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған? (13)

 

«Мақал-мәтелдер» - сары конверт. (10 ұпай)

Құрамында сандар бар мақал-мәтелдер айтыңдар.

1.Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі  ілім біл)Жеті-семь-seven
 2. Айдағаны бес ешкі,ысқырығы жер жарар     Бес-пять-five
 3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас) екі-два-
 4. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарар)отыз-тридцать-

5. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын) жүз-сто-

6. Елу жылда ел жаңа, (жүз жылда қазан)Елу-пятьдесят-fifry
 7. Білгенің бір тоғыз, (білмейтінің тоқсан тоғыз)
 8. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына ) үш-три-
 9.Жігітке жеті өнер де аз,жетпіс өнер көп емес Жетпіс-семьдесят-seventy

  10. Жеті рет өлшеп, (бір рет кес)Бір-один-one

« Жеті жұмбақ» - көк конверт .    (30 ұпай)

1.Бірінің ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей, бірі қашады.

                                                                     (Дөңгелектер)
 
2.Тақия, мұрын, бір құлағы бар,
Самаурын қасында тұрағы бар.

                                                             (Шайнек)
 
3.Бірі үй күзетіп қалса да,
Бірі жүрер қалтада.

                                                               (Құлып пен кілт)
 

Көк көйлекті жеңешем көлбең-көлбең етеді, Жер түбіне жетеді.                                              (түтін-дым- )

5. Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат, жан-жануар арасында
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.
                                                     (жер-земля- )

6. Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона, пайдасын біліп алдым.

                                                             (Қамшы)

7. Бір арба келіншек,
Әрбір келіншектің басында бір-бір түйіншек
                                                         (сіріңке – спички - )
 

 Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

 

Сөз әділқазылар алқасында.Жеңген топты марапаттау

 

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ,

Тағы да үйренерміз аман болсақ, 
Шыңымыз биік болар, білім қусақ.–-дей келе Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды 2050 жылы барысқа апаратын –бүгінгі жастар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының, ұстаздарыңның сенімін ақтауда дәл бүгінгідей өз білімімізбен биіктерден көріне берейік.

Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,-деген Зелинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойынынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар.

 

 

 Көрермендер сұрағы

 

 

1.Жазда 6 бала таудан сырғанақ тепті. Олардың 4-еуі қайтып кетті.   Нешеуі қалды?

 

 

2.  Айдала. Қараңғы түн. Екі салт  атты ауылға беттеп келеді. Алыстан жылт еткен сәуле сөніп- өшті. Үй иесі бұрын көре ме, әлде салт аттылар  бұрын көре ме?

 

 

3. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмас бір стақан сүтті і шіп қойды. Үстелде неше стақан бар?

 

 

4. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? 

 

 

5.Анам кесеге шайды толтырып қоя салды. Кенже інім аңдамай қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды.Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың?

 

 

6.  Ахметтің анасының  үш баласы бар. Балаларының біреуінің аты Қыркүйек,екіншісінің аты Қазан. Онда үшіншісінің аты кім?

 

 

7. Кім барлық тілде сөйлейді?  

 

 

8. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?  

 

 

 

 

 

 

  

« Жеті жұмбақ» - көк конверт .    (30 ұпай)

1.Бірінің ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей, бірі қашады.

 


2.Тақия, мұрын, бір құлағы бар,
Самаурын қасында тұрағы бар.

                                                            
 


3.Бірі үй күзетіп қалса да,
Бірі жүрер қалтада.

                                                           
 

4.Көк көйлекті жеңешем көлбең-көлбең етеді, Жер түбіне жетеді. 

 

                                            

5. Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат, жан-жануар арасында
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.
                  

                                

6. Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона, пайдасын біліп алдым.

                  

                                         

7. Бір арба келіншек,
Әрбір келіншектің басында бір-бір түйіншек
                                                     

 

 «Логика» - қызыл конверттің сұрақтары   (20 ұпай).

1.                       Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында ,біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады?

 

2.                        Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

 

 

3.                       Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? 

 

                                                                                

4. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың

соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған?

 

 

«Қазақ тілі»- жасыл конверттің сұрақтары  (әр дұрыс жауап – 10 ұпай).

 

- Үш бәйтерек кім?

- Абай қай рудан?

- Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы?

- Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

- Буынның неше түрі бар? Ата.

- Балалар әдебиетінің атасы?

- Жақсы сөз - ......

- - Тіл ғылымының атасы?

- «Білімді» сөзіне антоним?

- Құмайда бар, суда жоқ.

   Тұманда бар, буда жоқ.

- Биікте бар, ойда жоқ,

  Киікте бар, қойда жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қамал»

Арнайы сұрақ    (40 ұпай)

 

1.Оның биіктігі 97 метр. Бұл Елордасы Алматыдан Астанаға көшкен жылдың соңғы екі цифрына,1997 жылға сәйкес келеді.Ол өзінің сыпайы сұлулығымен, сәулеттік сымбатымен адамды тарта түседі.Ол металдан,әйнектен және темірбетоннан жасалған.Оның үстіне жерден 77 метр биіктікте үстіңгі ауданы 1553 шаршы метрге тең алтын шар орналасқан.Бұл не?

 

 

 

 

 

2. Жаңа үй салып жатқан Бобер Бобтың 6 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 6-ға бөлу керек. Ол өзінің өткір тістерімен бөренені бір жерден кесу үшін 1 минут уақытын жібереді.Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді?

 

 

«Бұл кім?» - берілген мәтіннен кім екенін табу.

Сіздерге көмек ретінде сөйлемдер оқылады, сіздер оларға сүйеніп мен кім туралы айтып жатқанымды табуыңызға тиістісіздер. Егер жауабын 1-ші сөйлемнен кейін тапсаңыз, 5 ұпай, 2-ші сөйлемнен кейін – 4 ұпай, 3-ші сөйлемнен кейін – 3 ұпай, 4-ші сөйлемнен кейін – 2 ұпай, ал 5-ші сөйлемнен кейін – 1 ұпай аласыз. Ал, сәт-сапар!

 1-ші мәтін: Оның әкесі ерте қайтты. Балғожа бидің қамқорлығында болған. «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін оқыту құрал» кітаптың авторы. Қазақ  балалары үшін, мектеп ашып, жаңа мектеп салдырды. 1941 жылы Торғай облысында туылған ағартушы-педагог.

                                                                                             

2-ші мәтін: Ол «Манас» жырын алғаш рет хатқа түсірген. Жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды. Он екі жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түскен. Қазақтан шыққан ең бірінші ғалым, саяхатшы, зерттеуші.

 

 

 

 

 

 

 

Құрамында сандар бар мақал-мәтел айтыңдар

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім биржасы. интеллектуалды зияткерлік ойын сайысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.Ойын барасы: Ойынға 6 адамнан тұратын 2 топ қатысады.Ойын алаңы: магнит тақтада 1-ден 10-ға дейінгі сандар, 4 конверт :жасыл, сары, қызыл, көкТоптың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі.1. Қызыл конверт- «Логика».2. «Өрмекші торы».3. Жасыл конверт- «Қазақ тілі».4. Лотерея билеті.5. « От ».6. Көк конверт- « 7 жұмбақ ».7. «Алтын сандық ».8. « Қамал ».9. Сары конверт- « Мақал-мәтелдер ».10. «Қара мысық ».

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 710 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.04.2020 839
    • DOCX 203.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асташева Наталья Юрьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Асташева Наталья Юрьевна
    Асташева Наталья Юрьевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 64924
    • Всего материалов: 206

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1709 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 150 человек

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе