Инновациялық технология – білім сапасын арттыру
кепілі.
Молдагалиева Анар Аскаровна
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж,
Орал қаласы
Мұғалім - өзінің білімін
үздіксіз көтеріп
отырғанда ғана мұғалім, ал
оқуды, ізденуді
тоқтатқанмен оның мұғалімдігі
де жойылады.
К.Д.Ушинский.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа
дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет
біткеннің өзегі, тағылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Елбасының
«Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында
білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім
берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр», деп
атап көрсетті. Осы орайда мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын,
мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани
құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі
заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды
сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында
күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу» деп атап көрсеткен.
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды,
талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты
назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру,
таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол
– үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта
кету артық болмас.
Инновациялық технология электрондық есептеуіш
техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге,
электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс
істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық
әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы
білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық
прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің
негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына
экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл
дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады.
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды
қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты
пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық
ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға
және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану
негізгі мәнге ие болып отыр. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп
отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық
пән бойынша білім сапасын арттыру керек. Сол мақсатта Батыс Қазақстан
облысы, Орал қаласындағы 100 жылдық тарихы бар білім ордасының оқытушылары да
тынбай еңбектеніп, өз үлестерін қосуда.
Мен, «Жаңа педагогикалық технологиялар»
пәнінің «Интерактивті технологияны ұйымдастырудың программалық жабдықтары»
тақырыбындағы «Негізгі мектептің информатика пәні мұғалімі» мамандығының 2 –
курс студенттерінде инновациялық технологияларды пайдаланып өткізген сабағымды
ұсынғым келеді. Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттерін
төмендегіше анықтадым:
а) ақпараттық құзыреттілік: интерактивтік
оқыту, интерактивтік тақта туралы түсінік беру, оның аппараттық жабдықтарымен
жұмыстарын жетілдіру;
ә) оқушылардың компьютерлік сауаттылығын,
ақпараттық мәдениетін арттыру, өз ойын ашық айта білуге, ойын жүйелеп жеткізу;
б) өз жұмысында компьютердің мүмкіндіктерін
пайдалану, мәтіндік редактордың көмегімен дидактикалық материалдар даярлау,
іс-құжаттарын өңдеу, форматтау.
Сабақта қолданылатын педагогикалық
технологиялар: ақпараттық коммуникациялық технология
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, үйрету
Пәнаралық байланыс: Ағылшын тілі
Оқыту құралдары:
а) Техникалық: компьютер, интерактивті
тақта, видеопроектор, ACTIVpen электрондық қалам, ACTIVote құрылғысы
ә) Программалық: MS Windows операциялық жүйесі, MS Windows ОЖ
стандартты программалар тобы, MS Office пакеті, ActivStudio
б) Дидактикалық: презентациялық материалдар, флипчарт т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Бұл кезеңде студенттермен амандасып, жоқ
студенттер анықталып, студенттердің сабаққа дайындығын тексерілді. Информатика
кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін еске түсіру мақсатында
тапсырма берілді. Студенттер интерактивті тақтада көрсетілген әрбір ережеге
суретті сәйкестендірді.
ІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа
материалды қабылдауға дайындық кезеңі
Бұл кезеңде екі тапсырма ұсынылған болатын:
а) ACTIVote құрылғысы көмегімен студенттер
тест тапсырмаларына жауап беру;
ә) құрылғының суретіне сәйкес оның атауын
кестеге жазу.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
ActivStudio бағдарламасымен жұмыс
жасау принципі түсіндірілді.
ІҮ. Жаңа материалды бекіту кезеңі
Бұл кезеңде топ студенттеріне екі тапсырма
берілген болатын. Біріншісі, топты бес шағын топтарға бөліп, әр топқа
ActivStudio бағдарламасымен жұмыс жасауға негізделген практикалық тапсырмалар
топшамаларға жазылып таратылды. Екіншісі, ActivStudio бағдарламасының құралдар
панеліндегі батырмаларды олардың атауларына сәйкестендіру.
Студенттерге қойылған талап: берілген тапсырма бойынша әдебиеттерден,
баспасөз беттерінен, Интернеттен, электрондық оқулықтардан жинақтаған
материалдарды интерактивтік тақтада көрсетіп, қорғау;
Ақпарат іздеу көздері: оқу құралдарымен жұмыс, ғылыми әдебиеттермен, электрондық оқулықтармен,
Интернет сайттарында жұмыс;
Жұмыс нәтижесі:
Сызбалар, суреттер, флипчартта орындалған
жұмыс.
Ү.Бағалау кезеңі.
Бұл кезеңде алдын – ала дайындалған кесте
бойынша сабаққа белсене қатысқан топ студенттері бағаланды.
Бағалау критериі
|
3
(орташа)
|
4
(жақсы)
|
5
(өте жақсы)
|
Тест тапсырмасы
|
|
|
|
1 - сәйкестендіру тапсырмасы
|
|
|
|
Практикалық жұмыс
|
|
|
|
2 - сәйкестендіру тапсырмасы
|
|
|
|
Қорытынды баға:
|
|
|
|
ҮІ. Үйге тапсырма.
Үйге www.prometheanworld.com, www.activboard.ru, www.tds-prometey.ru, www.interactiv.kz сайттарына шолу жасау берілді.
ҮІІ. Қорытындылау.
Бұл кезеңде студенттердің практикалық жұмысты
орындауларына жалпы сипаттама беріліп, кемшіліктерді айтып, олардың алдын – алу
жолдары көрсетілді.
Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін
– ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекөор, терең
қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.
Ежелгі грек материалисі, философ
Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі».
Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері
үстем болсын.
Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты...
Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,
Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін-
деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі сыйлы,
қадірлі болып, шәкірттерімізді білім нәрімен сусындатып, белестерге жете
берейік.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.