Инфоурок Информатика Другие методич. материалыБаяндама: «12жылдық білім беруге көшу жағдайында информатиканы оқытудың сапасын арттыру жолдары»

Баяндама: «12жылдық білім беруге көшу жағдайында информатиканы оқытудың сапасын арттыру жолдары»

Скачать материал

Баяндама: «12жылдық білім беруге көшу жағдайында информатиканы оқытудың сапасын арттыру жолдары»

«Өмір велосипед сияқты, тоқтасаң - құлайсың»

                          А.Эйнштейн.

         Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым – қатынасына ақпараттық – коммуникациялық технологияларды кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

         Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу – әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер жүктеді. ЖОның тұжырымдылық мақсаты – оқушылардың танымдық және ұжымдық жұмыс жасау формаларын қалыптастыруына ықпал ететін информатиканың рөлін күшейтеді.

         Білім беру жүйесіндегі қайта құрылулардың негізгі субъетісі – мұғалім. Сондықтан, қазіргі мұғалімдерден шығармашылық ізденіс пен шеберлік қабілетіне қоса жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгеру талап етіледі. Мұғалім бір уақытта педагог, психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар, оқушылардың шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.

         Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды – машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табуға құзіретті, талдау және ұғымды пайдалану жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі заман талабына лайық өмір сүру және жұмыс істеуге қабілеттілік болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы  білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырбасталуы, бейімдік оқытуды, көптілділікті қамтамасыз етеді. Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшуді 6 жастан бастау көзделсе, бұл жас мектепте білім алуға неғұрлым қолайлы, адам дамуының физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес деп есептеймін. Осыдан 12 жылдық білім берудің үш сатыда іске асырылатынын білеміз: І саты – бастауыш білім беру, 1 – 4 сыныптар; ІІ саты – негізгі білім беру, 5 – 10 сыныптар; ІІІ саты – орта білім беру, 11 – 12 сыныптар. Егер әрбір сатыға білім беру жүйесі тұрғысынан қарайтын болсақ, онда алғашқы сатыдан бастап мамандыққа баулу мақсатында оқушылар мамандық әлемімен таныстырыла бастайды. Қазіргі уақытта мамандықтар туралы оқу ағарту жұмыстары орындалуы тиіс. ІІ сатыда сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, психологтар, әлеуметтік педагогтар мен қосымша білім беру педагогтары ата – аналармен бірігіп отырып әрбір оқушымен жекелей жұмыс атқарып, оларды мамандық таңдауға нақты даярлай бастау керек. Бұл жерде өзіміздің пайдаланып жүрген психо – диагностикалық тесттер, сауалнамалар, сұхбат, пікіралмасу, кештер оздыру, қазіргі заманның әлеуметтік тұрмысын ескере отырып қажетті деген мамандық көздері туралы ойтолғау, кездесулер, мамандық туралы социологиялық сауалнамалар қорытындысы талдау, ауыл үшін қандай мамандық аса қажет екені туралы тәрбие сағаттарында әртүрлі әдістер арқылы түсіндірудің маңызы зор. ІІІ сатыда оқушыларға таңдаған нақты мамандығы бойынша білім беру. Осы жерде ақпараттандыру жұмыстарында мамандық әлемінің ақпараттарымен, оған қойылатын талаптармен, жаңалықтармен қаруландырып отыру.

         12 жылдық білім беру жүйесі оқушының функционалдық сауаттылығымен; көпварианттылығымен; деңгейлі және бағдарлы сараланғандығы; аймақтық білім беру; жеке тұлғаға бағдарланғандығы; бағдарлы бағыт ұстайтын педагогикалық функциялармен ерекшеленеді.

         12 жылдық білім беруге көшудегі мақсат – еркін бағдарды ұстайтын, өзін – өзі іске кірістіре алатын, өзін дамыта алатын, тез өзгеретін өмірдегі жағдаяттарда өздігінен дұрыс шешім қабылдайтын, жоғары білімді, мәдениетті, қоғам мен мемлекеттің талабын қанағаттандыратын, халықаралық еңбек бәсекесінде қабілеті жоғары, отандық, ұлттық рухы жоғары, ақпараттық технологияларды жетік меңгерген маман, жеке тұлға қалыптастыру. Біздің мектебімізде 12 жылдыққа көшуге дайындық мақсатында информатика курсы бастауыш сыныпта аптасына 1 сағат 2 – 4 сыныптарда қосымша сабақ ретінде, 5 – 11 сыныптарда стандарт талаптарына сай оқытылады. Бұдан оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, білімге құштарлығы, тапқырлығы, тәуелсіз дербестігі, жауапкершілігі артуда деп диагностикалауға болады.

         Біздің информатика пәнінен 12 жылдық білім беруден күтетін нәтижелеріміз мыналар:

-         компьютерлік сауатты, жоғары білімді маман дайындау;

-         ақпараттық бәсекелестік қабілеті жоғары жеке тұлға қалыптастыру.

Мұндай жетістіктерге жету үшін әрбір информатика пәнінің мұғалімі компьтерлік сауатты мұғалім болуы міндетті.

         Әлемдік білім беру кеңістігіне кіру, инновациялық педагогикалық шеберлікті меңгеру компьютерлік сауаттылыққа тікелей байланысты. Әрбір пән мұғалімінің сабақты жаңа заман талабына сай, ғылыми – техникалық ақпарат құралдармен жабдықтап жұмыс атқаруы компьютерлік сауаттылықтың нәтижесі мен жаңа форматты мұғалімдердің бейнесі.

         Компьютерлік сауаттылықты меңгерген мұғалім 12 жылдық білім беруге дайындығы бар мұғалім деп бағалауға болады. Олай болса, 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында информатиканы оқытудың сапасын арттыруда пән мұғалімдерінің қосар үлесі зор болмақ.

        

  

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: «12жылдық білім беруге көшу жағдайында информатиканы оқытудың сапасын арттыру жолдары»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Баяндама: «12жылдық білім беруге көшу жағдайында информатиканы оқытудың сапасын арттыру жолдары» «Өмір велосипед сияқты, тоқтасаң - құлайсың» А.Эйнштейн. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым – қатынасына ақпараттық – коммуникациялық технологияларды кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу – әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер жүктеді. ЖОның тұжырымдылық мақсаты – оқушылардың танымдық және ұжымдық жұмыс жасау формаларын қалыптастыруына ықпал ететін информатиканың рөлін күшейтеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрылулардың негізгі субъетісі – мұғалім. Сондықтан, қазіргі мұғалімдерден шығармашылық ізденіс пен шеберлік қабілетіне қоса жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгеру талап етіледі. Мұғалім бір уақытта педагог, психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар, оқушылардың шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды – машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табуға құзіретті, талдау және ұғымды пайдалану жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі заман талабына лайық өмір сүру және жұмыс істеуге қабілеттілік болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырбасталуы, бейімдік оқытуды, көптілділікті қамтамасыз етеді. Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшуді 6 жастан бастау көзделсе, бұл жас мектепте білім алуға неғұрлым қолайлы, адам дамуының физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес деп есептеймін. Осыдан 12 жылдық білім берудің үш сатыда іске асырылатынын білеміз: І саты – бастауыш білім беру, 1 – 4 сыныптар; ІІ саты – негізгі білім беру, 5 – 10 сыныптар; ІІІ саты – орта білім беру, 11 – 12 сыныптар. Егер әрбір сатыға білім беру жүйесі тұрғысынан қарайтын болсақ, онда алғашқы сатыдан бастап мамандыққа баулу мақсатында оқушылар мамандық әлемімен таныстырыла бастайды. Қазіргі уақытта мамандықтар туралы оқу ағарту жұмыстары орындалуы тиіс. ІІ сатыда сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, психологтар, әлеуметтік педагогтар мен қосымша білім беру педагогтары ата – аналармен бірігіп отырып әрбір оқушымен жекелей жұмыс атқарып, оларды мамандық таңдауға нақты даярлай бастау керек. Бұл жерде өзіміздің пайдаланып жүрген психо – диагностикалық тесттер, сауалнамалар, сұхбат, пікіралмасу, кештер оздыру, қазіргі заманның әлеуметтік тұрмысын ескере отырып қажетті деген мамандық көздері туралы ойтолғау, кездесулер, мамандық туралы социологиялық сауалнамалар қорытындысы талдау, ауыл үшін қандай мамандық аса қажет екені туралы тәрбие сағаттарында әртүрлі әдістер арқылы түсіндірудің маңызы зор. ІІІ сатыда оқушыларға таңдаған нақты мамандығы бойынша білім беру. Осы жерде ақпараттандыру жұмыстарында мамандық әлемінің ақпараттарымен, оған қойылатын талаптармен, жаңалықтармен қаруландырып отыру. 12 жылдық білім беру жүйесі оқушының функционалдық сауаттылығымен; көпварианттылығымен; деңгейлі және бағдарлы сараланғандығы; аймақтық білім беру; жеке тұлғаға бағдарланғандығы; бағдарлы бағыт ұстайтын педагогикалық функциялармен ерекшеленеді. 12 жылдық білім беруге көшудегі мақсат – еркін бағдарды ұстайтын, өзін – өзі іске кірістіре алатын, өзін дамыта алатын, тез өзгеретін өмірдегі жағдаяттарда өздігінен дұрыс шешім қабылдайтын, жоғары білімді, мәдениетті, қоғам мен мемлекеттің талабын қанағаттандыратын, халықаралық еңбек бәсекесінде қабілеті жоғары, отандық, ұлттық рухы жоғары, ақпараттық технологияларды жетік меңгерген маман, жеке тұлға қалыптастыру. Біздің мектебімізде 12 жылдыққа көшуге дайындық мақсатында информатика курсы бастауыш сыныпта аптасына 1 сағат 2 – 4 сыныптарда қосымша сабақ ретінде, 5 – 11 сыныптарда стандарт талаптарына сай оқытылады. Бұдан оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, білімге құштарлығы, тапқырлығы, тәуелсіз дербестігі, жауапкершілігі артуда деп диагностикалауға болады. Біздің информатика пәнінен 12 жылдық білім беруден күтетін нәтижелеріміз мыналар: - компьютерлік сауатты, жоғары білімді маман дайындау; - ақпараттық бәсекелестік қабілеті жоғары жеке тұлға қалыптастыру. Мұндай жетістіктерге жету үшін әрбір информатика пәнінің мұғалімі компьтерлік сауатты мұғалім болуы міндетті. Әлемдік білім беру кеңістігіне кіру, инновациялық педагогикалық шеберлікті меңгеру компьютерлік сауаттылыққа тікелей байланысты. Әрбір пән мұғалімінің сабақты жаңа заман талабына сай, ғылыми – техникалық ақпарат құралдармен жабдықтап жұмыс атқаруы компьютерлік сауаттылықтың нәтижесі мен жаңа форматты мұғалімдердің бейнесі. Компьютерлік сауаттылықты меңгерген мұғалім 12 жылдық білім беруге дайындығы бар мұғалім деп бағалауға болады. Олай болса, 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында информатиканы оқытудың сапасын арттыруда пән мұғалімдерінің қосар үлесі зор болмақ.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 666 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.08.2020 257
    • DOCX 18.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Запекина Марина Леонидовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Запекина Марина Леонидовна
    Запекина Марина Леонидовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 87814
    • Всего материалов: 221

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 577 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 297 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек