Инфоурок Школьному психологу КонспектыБаяндама: Мектептегі зейінді психолог немесе бақылау әдісі арқылы зерттеу

Баяндама: Мектептегі зейінді психолог немесе бақылау әдісі арқылы зерттеу

Скачать материал

Мектепгеі зейінді психолог немесе бақылау әдісі арқылы жүргізілген зерттеу жұмысы

 

Баянова Жумагуль Тасболатовна

Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп психологы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласы.

 

          Психологияның  негізгі төрт бағытының  алғысы да негізгісіде диагностика болып табылады. Сондықтан оқушылар бойындағы қандай да бір өзгерістің болуын зерттемей отырып, коррекциялық  жұмыстардың жүрмейтіні ақиқат, сондықтан  зерттеу жұмысымды осы диагостикалық  бағытта алдым. Диагностика (гректің екі сөзінен құралған, біріншісі "диа" ~ қазақшалағанда "айқын", "анық" деген мағынаны білдіреді, екіншісі гректің "гнозис" - білім деген мағынада қолданынады). Диагностика - зерттелетін объекті немесе үрдіс туралы алдын-ала ақпарат алудың жалпы тәсілі. Жеке тұлғаның психологиялық даму саласында диагностиканың мәні медицинадағы ауру сипаты туралы дұрыс қойылған диагноздың мәнімен бірдей: егер оның белгілері, шығу себептері уақытында және дұрыс анықталған болса, емдеу нәтижесі оң болатындығына сенім мол. Дұрыс қойылмаған диагноз аурудың жазылуына деген үміттің үзілуіне әкеп соқтырады. Осы аталғандардың барлығы тән денсаулығы саласы психикасына қатысы бар, сондықтан да диагностика даму саласында ерекше мәні бар іс, жоғары біліктілікті және жауапкершілікті қажет етеді.

Психология ғылымында кеңінен таралған негізгі диагностикалық әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологияда жеке әдістер де қолданылады:әңгіме әдісі, анкета әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі. Осы аталмыш  әдістердің арасында өзім үнемі қолданысқа алатын бақылау жұмыстарын алсақ.

Бақылау адамның психикалық өмірін зерттеу әдісі ретінде психологияда жиі қолданылады. Бақылаудың көмегімен жеке психикалық үрдістерді (ес, зейін, ойлау), жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін зерттейді, олар сырттай әртүрлі адамзаттың іс-әрекеттері (еңбек, оқу, ойын), психикалық қалпы (көңіл-күй, эффект) түрінде аңғарылады. Бақылау әдісі адамның психикасының, сыртқы көрінісін (іс-әреттері, қылықтары, басқа адамдармен қарым-қатынаста аңғарылатын тілдік ерекшеліктері, тұтастай мінез-құлқы) зерттеу табиғи өмір жағдайында іске асады. Зерттеуші адамдардың іс-әрекеті мен қылықтарын бақылау арқылы олардың психикалық өмірінің ерекшеліктері туралы бағалай алады, демек, сыртқы объективтік факторлардан адамның ішкі субъективтік дүниесін түсінуге бағытталады. Психологиялық бақылау мақсатты болуы қажет: бақылаушы кімді не үшін бақылайтынын нақтылы білуі және түсінуі керек. Олай болмаса, бақылау кездейсоқ деректерді жинақтауға айналады. Психологиялық бақылау белгілі жоспармен немесе бағдарламамен жүргізілуі тиіс. Бақылау бағдарламасы бақылаушыны күні бұрын дайындалған зерттеу мәселелері және деректермен қамтамасыз етеді. Белгіленген жоспарсыз немесе бағдарламасыз бақылаудың негізгі бағыты жойылады, соның салдарынан адамның психикалық іс-әрекетінде негізгі және маңызды жағы назардан тыс қалуы мүмкін. Бақылауды бір жүйелі жүргізіп отыру керек. Бір жүйелі бақылау бақылаудың тұрақты жағдайын сақтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бақыланатын деректердің арасында тығыз байланыс жасауға жағдай тудырады.Психологиялық бақылау, ереже бойынша, ұзақ уақытты қажет етеді. Бақылау неғұрлым ұзақ мерзімге жүргізілсе, соғұрлым бақылаушы мол деректер жинақтауға мүмкіндік алады, яғни тереңірек және сенімдірек психологиялық қорытынды жасайды. Көп жағдайда ұзақ мерзімді бақылау шәкірттердің жас ерекшеліктерін зерттеуде қолданылады, мәселен, тілі мен ойлауын дамыту ерекшеліктері, эмоциялық ерекшеліктері мен ерік-жігер іс-әрекеттері, қызығуы мен бейімділігі, мінез бітісі мен қабілеттілігі.

          Сонымен, бақылау әдісі дегеніміз әртүрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Ал, осы зерттеу түрі арқылы жасаған жұмыстарым тоқталып өтсем.

            Адамдардың сөйлеген сөздері шын мәнінде ойлағаны мен сезінгеніне әрдайым сәйкес келе қоймайды. Бірақ мұндай жағдайларды қалай түсініп білуге болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін ым – ишара мен дене бітімінің тілін  білу қажет, себебі, адамның ішкі жан дүниесі, ой, эмоциясы мен оның армандары туралы нағыз  маңызды мәліметтер осы болып табылады.

Маған мектеп психологы ретінде сабақтарға көбірек кіруге тура келеді. Сабаққа кірудің барысы баланың тәртібін  бақылау, сабаққа дайындалуын қадағалауда жатыр. Мен әріптестерімнің  назарына өз қадағалауымның  нәтижелерін ұсынғым келіп отыр және де бұл  нәтижелерін тек қана  психологтарға ғана емес, әр мұғалімге, әр ата – анаға, балалармен жұмыс  атқаратын  барлық  педагогтарға қызықты болар деп есептеймін.

Менің ойымша жеке тұлғамен танысу, мұғалімнің  сыныпқа кірген-ақ сәтінен  басталады. Оқушылардың сәлемдесу  барысындағы жағдайы мұғалімге (есік алдында тұрса, орнынан тұрса, орнында отыра берсе), әр балаға баға беруге толық жол ашады. Баланың  мінезі ашық, әлде керісінше тұйық екенін осыдан білуге болады. Оқушының қалыбы тыңдау  үрдісінде баланың  небір ақпаратты қабылдауға ашық немесе жоқтығын білдіреді. Егер бала алға қарай бүгіле отырса, онда ол білім нәрімен сусындауда, немесе бала ауытқып, орындықта теңселіп отырса, оқуға мүлдем ынтасы жоқ екенін көрсетеді.

Анда – санда оқушылар орындықтан төмен қарай  ауытқиды, бұл қылығымен бала         ақпараттың тасқынынан  партамен «қорғанғандай» болады. Егерде бала партаға кеудесімен сүйеніп отырса (мұндай қалыпта  бала бүкірейе бастайды), баланың  сабаққа жауапкершілігі мол екенін көрсетеді. Сабақты жазу  кезінде  дәптердің партада жату  жағдайы өте маңызды. Дәптер неғұрлым көлденең жатса, соғұрлым баланың  сабаққа деген көңілі қиналу, наразылық білдіру ретінде болып келеді деген сөз.

Кей кезде айрықша  тұйық балалар өз дәптерін мұғалімнен кітаппен немесе қолмен жабуға тырысады. Құрметті қауым, естеріңізде сақтаңыздар, балалар қате үшін жаза алудан қорқып, тұйықтықтан немесе өз – өзін төмен бағалағандықтан дәптерін қолымен жабуға тырысады. Егер оқушылар сабақ уақытында, әсіресе оқу барысында, кітап астына қоятын  тіреуді қолданса, бұл да жазадан қашудың бір себебі. Бірақ  бала мұндай  жағдайда өзінің сергіп демалу үшін құқығын қорғайтыны  рас. Демалу үшін бала қаламды, кітапқа арналған тіреуді бір орыннан екінші орынға жылжытады немесе сөмкесін қопара  бастайды. Егер осы белгілерді көрсеңіздер, үзіліс жасауға уақыт келді деген  сөз.

Оқушылардың көңілдерін басқа нәрсеге аударып, сергіту жаттығуын жасауға болады. Жауап қайтарып қол көтеру әрекеті өзіне деген сенімділіктің белгісі екенін  білдіреді. Көп аяншақтық  танытатын балалар қолдарын партадан үзе алмайды, ал жомарт жандар керісінше  өзін жақсы жағынан  көрсете біледі. Орнынан айқайлау  баланың тәрбиесінен өзге, оның тұлғасына деген мұғалімнің қызығушылығына сенімсіздігі мен сыныптастарын қадірлемеу  болып табылады. Тақтаға шығу – бала үшін әрдайым стресс болып табылады. Әлсіз ,тұйық балалар сыныпқа қырымен тұрып мұғалімге жауап береді.Өз – өзіне сенімді бала арқасымен тақтаға  қарай сүйеніп, сыныпқа  қарай  тұрады. Ал, өзімшілдер алдыңғы  партаға сүйеніп тұрып алады. Бір үлкен мәртебеге  ие  болғысы келген бала мұғалімнің орынна тұрғысы келеді, ол үшін әрекет те жасайды. Егер сыныптың көшбасшысы орынан тұрып сөйлесе, оқушылар түгел оған бұрылып  қарайды, ал одан кері бұрылған бала оның қарсыласы деген сөз. Сыныпта орташа буында орын алған бала  http://gym1562uv.mskobr.ru/images/1452862565188.jpgжауап  берсе, достары әрдайым көмек  беруге дайын тұрады. Нағыз шығай бала көмек емес, сыныптың күлкісіне қалады. Орнынан тұрып жауап берген бала туралы көп нәрсе айтуға болады. Ол баланың  сабаққа дайындығы туралы немесе  жауапқа дайын еместігі сияқты. Егер мұғалім сұрақ  қойған соң бала абыржып кітаптың беттерін аша бастаса, бұл оның  үйде оқымағандығының  айқын көрінісі немесе оқушы талаптанып кітап беттерінен іздесе, онда ол үйде  оқып дайындалғанын айтады. Оқушылар кейде не себепті абдырап қалғанын түсінбейді: қиын сұрақ па, әлде ойлануды талап  ету ме немесе сұрақты дұрыс түсінбеу ме, онысы белгісіз. Егер қойылған  сұрақтан  соң оқушы іздеуден бас алмаса – сұрақ қиын, егер орнында тұрып қалса  сұрақ түсініксіз деген сөз. Сұрақ қою барысында бала есінесе, бала қапырықта емес, керісінше  қобалжып, ойы шиеленісуде  екенін білдіреді.

http://massaget.kz/userdata/users/user_50937/1352265110.jpgЕгер бала сурет салып отырса ол бала тыныштық  табуға тырысады. Мұғалімнің көзіне тура қарап отырған  бала, жауап бергісі келіп отырғандығын білдіреді. Тағы оқушы жайында ақпарат беретін үлкен жайт, ол оның  қиын  сабақ үдерісіндегі http://kausarkids.kz/wp-content/uploads/2014/10/blog_09-690x414.jpg?i=79295мінез – құлқы (сабақ оқуға уақыт жетпейді немесе түк білмейді). Өзін ғана  ойлайтын  бала өзіне жеңіл тапсырмаларды сұрай  бастайды  және  мұғалімді кінәлай береді. «Әділеттілік үшін күрес»  дегеніміз – жұмыстың орындалуының  нанымсыз екенін дәлелдеу . Өз кінәсін мойындаған оқушы – біреуге жала жауып, оның үстіне тапсырманың  орындалмайтынын мұғалімге дәлелдейді. Еңбекқор адам сөзсіз жұмыс атқарады. Өзгенің   еңбегін пайдаланып қалғысы келетіндер біреуден көшіріп алғысы келеді. Оқушыларды сабақ уақытында оданда көбірек зерттеуге болады. Мысалы: өте жақсы есту қабілеті бар бала көзін жай ғана жауып қойып, сабақты қайталап отырады. Көру қабілеті  жақсы балалар түсініп оқып алуға тырысады. Ал, кейбір балалар оқығанда саусақтарымен жүргізіп отырады. Тағы бір балалар арасында соңғы партаға қашқақтайтын оқушыларда кездеседі. Соңғы парта немесе «ұстаздан қашқан оқушы» психологиясын анықтап көрейік. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар. Бір бөлігі оқушыға байланысты болса, екінші бөлігі ұстазға тәуелді.Соңғы партаға отыратын оқушы өзін ұстазға «онша» көрінбеймін әрі сабақ оқымасам да болады деп ойлайды. Яғни, сабаққа деген қызығушылығы жоқ. Ол қызығушылықтың жоқ болуына ұстаздың назар аудармауы себеп. Ал тақтаның алдында болып жатқан оқиғалар оған қатысы жоқ секілді көрінеді. Тақтада жазылғандарды оқимын дегенше, көздері жол-жөнекей басқа объектілерге сүрініп, мазасы кетеді.Мысалы, Айжан мен Дархан қаламға таласып жатыр, Әсемгүл құлаққаппен әуен тыңдап отыр, Жәнібек айналасындағыларға қағаз лақтырып т.б. Басқаша айтқанда, тақтаға жақын отырған бала мен алыс отырған баланың дүниетанымы түрліше болады. Өз саласының маманына айналған ұстаздар бірінші кезекте көру қабілеттерін ескереді, артынша жақсы оқушыларды соңғы парталарға, озат оқушыларды алдыңғы парталарға жайғастырады. Және озат пен үлгерімі нашар оқушыны қатар отырғызғанда ол оқушының досына көмектесетіндігіне де мән беруі қажет.

 

http://blizko.by/ckeditor_assets/pictures/1378/content_school-uruche.jpg

Соңғы партада отырған оқушыны ұстаздың орнына әкеліп отырғызып таңғалдыруға болады. Ұстаздың орнынан бүкіл сынып толықтай көрінеді. Және бақылау жазу барысында тақырыпты түсінген оқушылар жан-жағына жалтақтамай тапсырмасын бірден орындауға кіріссе, түсінбегендері айналасынан көмек іздей бастайды. Ұстаздар жаңа тақырыпты үлгерімі нашар баланың партасына келіп түсіндірсе, тіпті, партаның үстіне саусақтарын қойып тұрса, оқушының назары түсіндірушіге бірден ауады. Соңғы партада отыратын оқушыларды сабаққа қызықтыруды осындайдан бастауға болады.Осыдан 10 шақты жыл бұрын, естеріңізде болса, ұстаздардың назары тек алдыңғы партада отыратын оқушыларда ғана болатын. Сол кезде «Алдыңғы партада кім отырады?» десе, «Ең жақсы оқитын, үздік, ұстаздың сүйікті оқушысы отырады» деп жауап қайтаратыны анық. Сол себепті психолог мамандар атынан жоқ дегенде алғашқы тоқсандарда орынды жиі ауыстырып тұруға кеңес беремін.

            Негізінде, оқу барысында зерттеу баланың  ішкі жан дүниесін біліп тануға  бағыт беріп қана қоймай, сонымен қатар түрлі психологиялық диагностикалардың туындауына да себепші  бола алады. Психология үлкен зейінділікті талап ететін мамандық, сондықтан жақсы жұмыс нәтижесін көру үшін зейінді болуыңыз шартты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер :

1.      Қызықты психология журналы №4,2014

2.      Мектептегі психология 02(56)2013

3.      Әдеби-психологиялықпортреттер. Стефан Цвейг

4.      Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования.-М:Академия, 2003.

5.      Ғаламтор материалдары.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: Мектептегі зейінді психолог немесе бақылау әдісі арқылы зерттеу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Психологияның негізгі төрт бағытының алғысы да негізгісіде диагностика болып табылады. Сондықтан оқушылар бойындағы қандай да бір өзгерістің болуын зерттемей отырып, коррекциялық жұмыстардың жүрмейтіні ақиқат, сондықтан зерттеу жұмысымды осы диагостикалық бағытта алдым. Диагностика (гректің екі сөзінен құралған, біріншісі "диа" ~ қазақшалағанда "айқын", "анық" деген мағынаны білдіреді, екіншісі гректің "гнозис" - білім деген мағынада қолданынады). Диагностика - зерттелетін объекті немесе үрдіс туралы алдын-ала ақпарат алудың жалпы тәсілі. Жеке тұлғаның психологиялық даму саласында диагностиканың мәні медицинадағы ауру сипаты туралы дұрыс қойылған диагноздың мәнімен бірдей: егер оның белгілері, шығу себептері уақытында және дұрыс анықталған болса, емдеу нәтижесі оң болатындығына сенім мол. Дұрыс қойылмаған диагноз аурудың жазылуына деген үміттің үзілуіне әкеп соқтырады. Осы аталғандардың барлығы тән денсаулығы саласы психикасына қатысы бар, сондықтан да диагностика даму саласында ерекше мәні бар іс, жоғары біліктілікті және жауапкершілікті қажет етеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 816 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.03.2020 763
    • DOCX 464.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Архестова Моника Хажалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Архестова Моника Хажалиевна
    Архестова Моника Хажалиевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 109713
    • Всего материалов: 206

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Детская психология: диагностика особенностей развития, психологическая помощь и психокоррекция

Психолог

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 777 человек из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 116 человек

Курс повышения квалификации

Стресс и психосоматика

36 ч. — 144 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 402 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Курс повышения квалификации

Инструктор по трудовой терапии для детей с девиантным поведением

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 71 человек

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека