Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама "«Балабақшадағы құм терапиясының маңызы»

Баяндама "«Балабақшадағы құм терапиясының маңызы»

Скачать материал

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің заманауи жағдайында ата-аналар мен педагогтардың  әлеуметтік  серіктестігін  дамыту

Білім берудегі жағдай жаңа типтегі балабақша,білім мазмұнын жаңарту, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру сияқты оң тенденциялармен ғана ерекшелініп қоймай, отбасы мен балабақша  арасындағы байланыстың әлі де өз деңгейінде болмауымен де ерекшеленеді. Бұған себеп ретінде ата-аналардың жұмыс бастылығын,әлеуметтік деңгейдің төмендеуін,отбасылық құндылықтың жоғалуын т.б  келтіруге болады.

Сондықтан білім ордалары адамгершілік қарым-қатынастың, құндылықтарды қалыптастырудың, жеке тұлғаны дамытудың ошағы ретінде әрекет етуге бағытталған. Қазіргі балабақша  Миссиясы тек балаларға адамгершілік,коммуникативтілік, ынтымақтастық мекені болып қана қоймай, ата-аналардың да бала тәрбиесіндегі сенімді серіктесіне айналу құзырына да ие болуы маңызды. Әсіресе бұл ынтымақтастықты қалыптастыру балабақшада  ерекше орын алады.

Баланың бірінші ұстазы-ата-анасы деп тегін айтылмаған. Балабақша болсын,мектеп болсын  ең алғаш оқытушы алдына келген баланың отбасында қалыптасқан мінез-құлқы, танымы,әдеті мен түсініктері бар. Сондықтан алдымызға келген баланы әрі қарай дамытып, бойына жеке тұлғалық құндылықтарды қалыптатыруда ата-анамен бірлесе әрекет ету күмәнсіз жақсы нәтижеге жеткізері анық. Білім беру мен тәрбиелеудің негізгі тапсырыс берушісі ретінде ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығын арттыру-ата-аналармен әрекеттің негізі. Баланы балабақшаға дайындаудағы мақсат, міндет, түсініктер мен танымдарды қабылдап,атсалысуын қамтамасыз ету.

Көптеген ата-аналардың балабақша  өміріне тікелей қатысуында тәжірибесі жоқтың қасы.

Бұл мәселені шешуде отбасымен серіктестік пен ынмытақтастықты баланың балабақшаға бейімделуі кезеңінде жаңа деңгейде құру қажет. Баланың балабақшадағы  өмірінің табысты басталуы-отбасы мен балабақшаның ортақ әрекетінің нәтижесі. Ата-аналармен  ынтымақтастық бастауында серіктестіктің қалыптасуы баланың балабақша өміріне тез бейімделіп, жан-жақты дамуына апарар жолдың негізгісі. Себебі ата-анасының балабақша өміріне белсене қатысуы  баланың өзіне деген сенімін арттырып,оқуға деген құлшынысын арттырары сөзсіз.

Балабақшадан мектепке қабылданған кез-әр баланың өмірінде күрт өзгеріске толы кезең. Баланың психикалық жетілуіндегі маңызды  қортынды оның мектепке қаншалықты дайындығында жатыр.Себебі үйреншікті әдеттері мен әрекеттері өзгеріске ұшырайды, жаңа әлеуметтік жағдайларға тап болып, оған бейімделе бастайды. Өзінің жаңа қалып-жағдайын ұғыну,түсіну қиындыққа соқтырады.

Педагогикалық ұжымның міндеті – балабақшада балалармен жұмыс істеудің мазмұнын жаңарту қызметін жетілдірудің ішкі резервтерін іздестіру. Мектепке дейінгі ұйымның  негізгі функциясы – баланың жеке тұлғасын мақсатты түрде әлеуметтендіру. Осыған байланысты МДҰ-ға қойылатын

 

 қазіргі заманғы негізгі талаптарды бөліп қарауға болады: бала өз қажеттіліктеріне, қабілеттеріне және мүмкіндіктеріне сәйкес, ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар құру арқылы дербес дамуға деген өз құқығын іске асырады; педагог өзінің кәсіптік және жеке қасиеттерін дамытады, басшы балалар мен педагогтар қызметтерінің табыстылығын қамтамасыз етеді; МДҰ-да ата-аналардың өз балалары үшін қалайтын болашаққа деген көзқарасының ерекшеліктерін ескереді және оларды балалармен және білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығымен сындарлы-серіктестік өзара әрекеттестікке бағдарлайды. МДҰ-ның қызметі «бала – бала», «бала – ата-ана», «бала – тәрбиеші», «бала – маман» жүйесіндегі «Серіктестікке негізделген іс-қимылдардың алуан түріндегі шығармашылыққа белсенді, еркін баланы дамыту» тұжырымдамалық қағидалары негізінде құрылады. Тек айналасындағы адамдармен тығыз ынтымақтастықта ғана бала мінез-құлықтың әлеуметтік қабылданған түрлерімен танысады, адамгершілік нормаларын саналы түрде ұстануға және білім беру үдерісіне белсене қатысуға үйренеді. Даму МДҰ-қызметінің барлық жағын қамтиды, ал өзгерістер әр балаға, тәрбиешіге, басшыға, отбасына қатысты болады. Әр педагог тәрбиеленушілермен өзара әрекеттесудің негізгі түрлеріне – ынтымақтастыққа, сұхбатқа, серіктестікке, бірлескен шығармашылыққа үнемі бағдар алып отырады. Тұжырымдамалық қағидаттар негізінде МДҰ-ны басқару технологиясын ұйымдастыруды қарастырамыз. Мақсаты: МДҰ тәрбие беру қызметін дамыту үдерісін стихиялықтан гөрі басқару үдерісіне ауыстыру. Міндеттері: Қайта құру үдерістерінің мәнін көрсететін басқарылатын ақпарат ағынын ұйымдастыру. Ақапараттық-зияткерлік ортаны қалыптастыру. Педагогтың өзін-өзі дамытуына ықпал ететін жағдайлар жасау. Педагогтың инновациялық қызметін проблемалық-бағдарлық сүйемелдеуді қамтамасыз ету. Аталған міндеттерді іске асыруға арналған құралдарға: диагностау (анықтау), құрылымдау немесе жоспарлау (жаңалықтарды модельдеу-әзірлеу); түзету; талдау; сараптау (бағалау); басқарушы шешім қабылдау жатады. Кезеңдері: Диагностау – басқару назарының аймағын айқындау, қайта құру бағыттарын анықтау. Түзету – болашақ МДҰ моделін белгілеу, бағдарламаланатын модельді түзету, эксперименттік қызмет. МДҰ-дағы өз жұмысы туралы пікірлері мен қалауларын, жұмыс түрлерін анықтау мақсатында педагогтармен «миға шабуыл» жүргізу. Өзара әрекеттесу мақсатында басқа МДҰ-лар туралы ақпарат жинау және оларды өңдеу. Қызметті жоспарлау – нақты жұмыс жоспарын құру. Негізгі мақсатты, қызмет бағытын, жоспарды іске асыру кезеңдері мен мерзімдерін белгілеу. Талдау – МДҰ жұмысының деңгейін мына позициялар бойынша анықтау: балалардың даму деңгейі, педагогтардың кәсіптік құзыреттілігі; тәрбие және білім беру бағдарламаларын іске асыру, инновациялық қызметтің нәтижелілігі, оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік және дидактикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, құрылған дамытушы ортаның деңгейі; материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Педагогикалық жұмыстың мазмұны туралы көптеген әзірлемелер бар. Әрбір МДҰ-ның педагогтардың нақты ұсыныстарымен қабылданатын өзіндік ерекше тәсілдері бар. Жұмысты ұйымдастыра отырып, басшы педагогикалық үдерістің – білім беруге қатысушылардың барлығына бағытталған мұқият ойластырылған жүйе екенін есте ұстауы тиіс. Қазіргі кезде педагогикалық ұжым ізденістік режимде жұмыс істеуі қажет. Жұмыста ең бастысы – мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстың нысандары мен әдістерін жетілдіруде педагогтарға нақты көмек көрсету. Барлық жұмыс тәрбие және білім берудің үздік педагогикалық тәжірибелері енгізілген, бір мақсатқа біріккен, пікірлес педагогикалық ұжымды қалыптастыруға бағытталған. «Шығармашылық шеберхана» білім беру үдерісі Ата-аналар Баланың сапалы күтімі мен біліміне мүдделілік,тәрбие беру қызметінің дағдыларын жетілдіру Әдіскер Ата-аналарды ынтымақтастыққа тарту, МДҰ-да неғұрлым қол жетімді және қолдануға келетін тәрбиелік қызметтерге деген сұранысты зерделеу Педагогтар Отбасына деген педагогикалық көмекке қолдау көрсету Балалар Балалардың қызығушылығын қалыптастыру және бағыттау, оларды кеңейту және тереңдету, оларға тұрақтылық, әрекеттілік, адамгершілік бағыттарын беру Тәрбие және білім беру үдерісінің маңызды аспектілеріне балаларды оқыту мен түрлі қызмет барысында субъектілік ұстанымды қамтамасыз ету, баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне құрметпен қарау; таңдау еркіндігі; қатарластары және ересектермен мейірімді қарым-қатынас; білімін, икемдерін, қарым-қатынас пен ойындағы, еңбектегі, арақатынастағы тәжірибесін меңгеру және қолдану. Барлық педагогикалық технологиялар баланың өз өмірінің субъектісі бола білу қабілетін дамытуға бағытталған. Қызмет субъектісі ретінде баланың маңызды сипаттамалары – бұл оның өзіндік дербестігі, бастамашылдығы, танымда, ара қатынаста шығармашылық қызметін көрсету. Сонымен қатар балабақша жұмысының тиімділігі көп жағдайларда МДҰ –қызметкерлері мен ата-аналар арасындағы сындарлы өзара әрекеттесушілік пен өзара түсіністікке байланысты болады. Ата-аналармен жұмыстың әзірленген моделі өзара әрекеттесудің «Ата-ана – бала – педагог» жүйесін құруға мүмкіндік береді, бұнда бала назарға алудың жетекші субъектісіне айналады, ал ересектердің арақатынасы – эмоциялық тұрғыдан бірқалыпты, өзара қолдануға келетін, еркін және тәуелсіз, сындарлы болады. Ынтымақтастық жобасының өзара әрекеттесу үдерісіне неғұрлым белсене қатысуын көздейді, алайда бұл белсенділік бәрбір жергілікті сипатта ғана болады, өйткені белгілі бір қызметте ғана күш сала қатысуды нысанға алады. Ынтымақтастықтың аталған моделін іске асыру үдерісі кезінде «ата-аналықтың басымдылығына» деген қарым-қатынас түбегейлі өзгереді. Ата-аналар бойында балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру үдерісіне педагогтармен бірлесе, саналы түрде ортақ кірісу икемдері қалыптасады, ал педагогтар ата-аналардың білім беру жүйесінен қашықта болуы сияқты таптаурынды кедергіден өтеді. Дәстүрлі қалыптасқандай тек ата-аналармен ғана жұмыс жүргізіп қою жеткіліксіз, оны МДҰ-ның барлық қызметкерлерін қамти отырып, балалармен жүргізілетін жұмысты да үйлестіру қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекеттесуінің негізгі идеясы – балаларды тәрбиелеуде күш біріктіруге мүмкіндік беретін серіктестік қарым-қатынасты орнату, мүдделер ортақтығының атмосферасын құру, ата-аналардың тәрбиелеу машықтарын белсендіру. МДҰ-дағы білім беру үдерісіндегі ата-аналардың және педагогтардың өзара әрекеттесу моделін құру мынадай міндеттерді шешуді: – ата-аналардың тәрбиелеу мүмкіншіліктерін белсендіруді; – ата-аналарды МДҰ-дағы білім беру үдерісіне қатысуға тартуды; – отбасылық тәрбиелеу тәжірибесін білім беру бағдарламаларын іске асыруда пайдалануды; – өзара әрекеттесуге қатысушылардың жеке тәжірибесін қызмет арқылы, оны өзгерту мен қайта құру арқылы байытуға ықпал етуді көздейді. Қарым-қатынастың сенімгерлік нысанының моделі Баланың жағымды бейнесін (ата-аналарға) трансляциялау Отбасында алған білімін (ата-аналарға) трансляциялау Педагогтарды баланың дербестігімен таныстыру Баланың дербестігін бірге зерттеу және қалыптастыру Әлеуметтік серіктестік моделін іске асыру мына нәтижелерге: – баланы МДҰ-да күтіп-ұстаудың отбасына неғұрлым жақын эмоциялық-психологиялық қолайлы жағдайын жасауға; – педагогтар мен ата-аналардың бойындағы бірыңғай құндылық бағдарларға қол жеткізуге; – отбасының бала өміріндегі әлеуметтік және педагогтық рөлдің маңыздылығын тануға; – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде және оларға білім беруде ата-аналардың педагогикалық, психологиялық және құқықтық сауаттылықтарын арттыруға; – бала мен ата-аналар қарым қатынасын ізгілендіруге; – ата-аналардың МДҰ қызметіне араласу деңгейін арттыруға; – эмоциялық өзара қолдау, жайлылық, өзара түсіністік атмосферасы, мүдделер ортақтығына; – ата-аналардың МДҰ қызметін жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Отбасы мен МДҰ-ның әлеуметтік-педагогикалық серіктестігінің моделі – әлеуметтік өзара әрекеттесудің перспективалық және тиімді түрі. Ол ізгілік тәсіліне бағдарланған дәстүрлі педагогикалық дүниетанымды өзгертуді қажет етеді: бала, оның дамуы, жеке басы әлеуетінің ашылуы басты әрекет етуші тұлғаға айналады, ал МДҰ бала мен ата-аналар арасындағы делдал болып табылады және олардың қарым-қатынастарының үйлесімді болуына көмектеседі.

   Отбасымен жұмыстың қалыптасқан әдістерімен қатар,балабақшамызда жүйелі түрде өткізілетін отбасымен серіктестік  әрекет түрлері де бар. Отбасының әлеуметтік, тұрмыс, мәдени деңгейін, жұмыс ерекшелігін ескере отырып әлеуметтік портретін құру.

1. Ашық есік күндері өткізілетін шаралар арқылы әр ата-ана баласының жетістіктерін байқай отырып, мүмкіндіктерінің, мінезінің қыр-сынын тани бастайды.

2.Мерекелер мен шараларды өткізуге қатыстыру

3.«Толағай»атты топтарарасындағы спорттық сайыс.Ата-аналар балаларының дене дайындығын ғана байқап қоймай,өздерінің де қабілеттерін көрсету арқылы жақсы эмоционалды байланыс орнатады. «Көктем-ана,қыздар-гүл»,  «Әке және мен» сайыстары отбасылық дәстүрді жаңғыртып, отбасымен серіктестікті нығайтады.

4.“Ата-аналарға арналған бұрыш ”. Бұрышта ата-аналарға баланың психикалық, дене, дамуындағы, жас ерекшеліктеріндегі өзгерістер, ескерілетін жағдайлар бойынша кеңестер мен сұрақ-жауап айдары жұмыс жасайды.

Адамгершілік-бұл  ата-ана мен баланы сақтайтын бекет,біріншісін реніш пен өкініштен сақтаса,соңғысын ар-ожданы алдындағы азаптан сақтайды.

Отбасымен серіктестік барысында жүйелі әрекет қажет, әрбір отбасының қызметін, әлеуметтік-материалдық жағдайын,білімі мен қызығушылығын,ұстанымдарын ескере әрекеттенген жөн. Ата-аналармен ағартушылық және бірлескен әрекеттердің кезеңдері анық нақты айқындалуы қажет.

•Барлық бірлескен әрекеттер,ұсынған әдістер отбасына қызықты қажет болуы шарт

•Ұсынылған әрекеттер мен әдістердің ішінде ата-анаға таңдау құқығы берілгені жөн.

•Өз балаларымен бірлесе әрекет етуге,оның көзінде маңыздылығын сезінуге бағыттайтын әрекет жасауға мүмкіндігінің болуы

Балабақша тек оқу мен жазуға үйрететін орта емес,тек білім беріп қана қоймай, ең алдымен әр баланың жас ерекшелігіне сай танымдық,адамгершілік,жеке дара ерекшеліктерінің уақытында дамып,қалыптасуына ықпал ететін орта екенін ата-аналарға түсіндіру қажет. Ата-аналар жиналысын “Балаға деген адамгершілік қарым-қатынас деген не? ” тақырыбына арнау

Ендеше алдарымыздағы жас ұрпаққа адамгершілік құндылықтардың тұқымын сеуіп қана қоймай, оның жайқалып өсуіне де жағдай жасай білейік!    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "«Балабақшадағы құм терапиясының маңызы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Құм терапиясының маңызы:Балаөзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады ол түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақмоторикасын дамиды.Құм терапиясының мақсаты: Балалардыңқұм терапиясындақиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекііс-әрекеттік ойлауды, шығармашылықжәне сын тұрғысынан ойлауды дамыту.Құм терапиясы арқылы баланың қандай құзіреттіліктері дамиды:*Шығармашылық* Танымдық * Интеллектуалдық * қарым –қатынасҚұм терапиясын қолданудың әдіс — тәсілдері:* Әңгімелесу *Түрлі – түсті құммен сурет салу * Танымдық ойындар*Коммуникативтік ойындар* ПікірталастарҚұм терапиясы негізгі принциптеріШығармашылық белсенділікті таныта отырып, бала өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде сезініп табиғи ынталандыратын орта жасау. Абстрактылы нышандар әріптердің сандық тиімді және осы принциптің жүзеге асырылуы болып жатқан оқиғаға баланың жеке қызығушылығымен іс-әрекетіне оң мотивацияны қалыптастыруға және күшейтуге мүмкіндік береді.Ертегі ойындарының кейіпкерлерімен бірге әртүрлі жағдаяттарды ойнау шынайы бірге тұру.«Құм терапиясы» принципі аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав Юнгпен ұсынылған. Мүмкін ұлы Юнгке адамның құммен «әлектенуінің» қажеттілігі, оның құрылысы осы идеяны ұсынуға себеп болған шығар. Себебі көптеген психологтар жекелеген құм түйіршіктерінде жеке тұлғаның нышандық айқындамасын, ал құм массасында – жаһандағы Өмірді көреді.Құм – миллион жыл бұрын пайда болған. Ол бүкіл әлем бойы жайылған. Құм – өте ұсақақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенің сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 097 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.08.2020 802
    • DOCX 24 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Прошкина Екатерина Константиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 121048
    • Всего материалов: 229

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов

Мини-курс

Волонтерство: сущность, мотивация, и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе