Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Другое / "Батырлар"

"Батырлар"

Курсы профессиональной переподготовки от Московского учебного центра "Профессионал"

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования только до 31 августа действуют скидки до 50% при обучении на курсах профессиональной переподготовки (184 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: ВЫБРАТЬ КУРС


Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас. Коммуникация

Пән/Предмет: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Әлем қорғанысында»

Тақырыбы/Тема: «Батырлар»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Балалардың бойын Отан сүйгіштік сезімге баулып, ел, ұлт намысын қорғаған батырларды сыйлап, құрметтеуге үйрету.

2.Дамытушылық – развивающая: Мақал-мәтелдер, өлең арқылы балаларды қазақ батырларына деген сүйіспеншіліктерін дамыту.

3.Оқыту – обучающая: Отан қорғаушылар туралы түсінік беру, сөйлеу мәнерін сақтауға, сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үйрету, тақырыпқа сәйкес қысқа өлең жаттату.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Батырлар суреттері; бейнетаспа, бала саны бойынша қағаздан қиылған көгершін құсы.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: ардагерлер - ветераны


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт: Балалар бүгін бізде жай сабақ емес, мерекелік сабақ.

Жыл сайын мамыр айының басында, біздің елімізде ұлы мереке - Жеңіс Күні. Ол біздің бейбітшілігімді қорғайтын барлық солдаттар мен офицерлерге, Отанын қорғау үшін өмірлерін құрбан еткен батырларды еске алу күні.

Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,

Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.

Күн парақтар қып - қызыл боп ашылды.

Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Балалар сендер батыр деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

- Ия, балалар, қазақ батырлардың мақсат-мұраты – халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау.

- Батырлар елін, жерін, халқын сүйген, халыққа қамқоршы болған.

Балалар, сендер қандай батырларды білесіңдер?

- Ия, балалар, сонымен қатар халықтың тәуелсіздігі үшін, ата-ананың амандығы үшін күрескен бірнеше мың батырлар бар. Балалар мен сендерге атап кеткім келеді.

Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәмбетова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов.

Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды.

Ұлы Отан соғысының батырлары туралы бейне таспадан көрсету.

«Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген дана халқымыз.

Балалар ендеше осы батырларымыздың құрметіне мына өлең шумақтарын жаттап алайық.

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржандай атамыз.

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды.

-Балалар, айтыңдаршы ардагерлер дегеніміз кімдер?

Билингвалдық компонент: ардагерлер - ветераны

Дұрыс айтасыңдар, олар соғысқа қатысқан біздің аталарымыз бен әжелеріміз.

Жеке жұмыс: Самрат сенің атаң соғысқа қатысты ма?

Ардагерлердің ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі. Әрине соғыс болмасын!

3.Қорытынды/итоговая часть:

Тәрбиеші: Балалар ендігі жерде соғыстың өзі түгілі аты аталмасын, жер бетінде, бүкіл әлдемде тек бейбітшілік, бейбіт өмір болсын, әрқашан күн сөнбесін деп аспанға бейбітшілік құстарын ұшырайық! Балалар қолдарындағы қағаз құстармен бұлғап тұрады.

Жарайсыңдар балалар!

Балалар бүгін қандай мереке?

Балаларды мадақтау.


  • Другое
Автор Темірбай Қымбат Сәбитбекқызы
Дата добавления 15.05.2018
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 74
Номер материала MA-079309
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы

Курс повышения квалификации
«Изобразительное искусство как творческая составляющая развития обучающихся в системе образования в условиях реализации ФГОС»