Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБастауыш сыныптарда оқушылардың көркем жазу дағдысын қалыптастыру

Бастауыш сыныптарда оқушылардың көркем жазу дағдысын қалыптастыру

Скачать материал

 

 

Жақсылықова РайханМолдахметқызы

         Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі

Білімі-жоғары

         Мамандығы- Бастауыш сынып мұғалімі

         Еңбек өтілі-27 жыл

         Санаты- І

 

 

Бастауыш сыныптарда  оқушылардың көркем жазу дағдысын қалыптастыру

Көркем жазу оқушының мектепке келген күнімен, жазуымен басталады. Әдемі жазуды меңгерудің әр адамға маңызы өте зор. Әдемі жазу бұл мәдениеттің белгісі, әрі сол жазуды оқитын адамға көзқарасы, құрметі. Көркем жазудың мақсаты - дұрыс, анық және тез жазуды қалыптастыру. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық, қоғамдық, тәрбиелік мәні зор.
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - балаға хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да, күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге ( фонетика - графикалық жазуға ) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкі көлбе, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.
Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп жазуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келгеннен бастап, баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Әдемі, анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушыны еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелейді.

Көркем жазу әдісі - тікелей жазу тарихымен байланысады. Ежелден адамдар өз ойын келер ұрпаққа жеткізу үшін тасқа, металға, ағашқа, саз балшыққа жазған екен. Одан кейін папирус, пергамент, матаға, қағазға жазатын болды. Жазу қарулары да өзгерді. Олар қамыс ағаш, бояу жаққыш, қаздың қауырсыны, болаттан жасалған қаламұш, шарик қаламсабы болды. Болаттан жасалған қаламұш  ХІХ ғасырдың басында пайда болғанымен, оны пайдалану ғасырдың екінші жартысында пайдалана бастады. Ал қаздың қауырсыны жазуға әдемілік береді, әрі арзан, әрі ыңғайлы деген ойлар ХІХ  ғасырдың аяғына дейін жетті. Шрифт қиын болғандықтан жазу, І Петрдің кезінде жеңілдетілді. Мектептерде жазуды оқыту арнайы пән болып кірді. Көркем жазу пәнінің ең маңыздысы жылдам әрі әдемі жазу болып табылатын. ХХ  ғасырдың басында жазу шрифтерін жеңілдету туралы тағы әңгіме көтерілді. 
Өткен ғасырдың 70 жылдарында ғана мектепке арналған жазу шрифті қабылданды. Бұл шрифт арнайы шарик қаламсабына арналған, салмақ салмай, қаламсапты дәптердің бетінен алмай, жылдам жазу. Өткен ғасырдан бастап оқушылардың отыруына да гигиеналық талаптар қойыла бастады. Профессор  Ф.Эрисмон мектеп партасы ең ыңғайлы болып табылады деген. Ендігі басталған дискуссия жазу жөнінде болды. Әріпті түзу салу керек пе, әлде қиғашынан салған жөн бе? Кейбір елдерде түзу жазғанды жөн көрді. Әріп анық түседі, әрі қитар балалар саны аз болады деп есептеді. Түзу жазудың өмірі ұзаққа бармады. Қиғашынан жазу әрі тез, әрі ыңғайлы деп табылды. Көркем жазудың ойдағыдай болуы гигиеналық талаптарды орындаудың нәтижесінде болады. Ол мектеп жиһазы партаның оқушыға сәйкес келуі, оның ыңғайлылығы, жарықтың түсуі. 
Жазу процесінде оқушы дұрыс отыру керек, қаламсапты дұрыс ұстауы, дәптерді партаға орналастыруы, осының әрі баланың көзіне, жазуына жұмыс қабілетіне әсерін тигізеді. Отырғанда орындық партаға кіріп тұруы керек, сол қол дәптерді басып тұрады, ал оң қолдың басы дәптерде жатады. Бала мен партаның арасына жұдырық сыятындай болуы керек. Көз бен дәптердің арасы 30 см болуы шарт. Жарық сол жақтан түсуі керек. Жазу ұзақтығы 1 сыныпта- 5 минут, 2 сыныпта-8 минут, 3 сыныпта- 12 мин, 4 сыныпта- 15 мин. Одан ұзақ жазу баланы шаршатады. Арасында балаларды демалдырып, сергіту жаттығуларын жасаған жөн. Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әр түрлі зат бейнесін, геометриялық фигураларды штрихтау, баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеуі мен ойлауын дамытады. Штрихтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, оң, сол, шеті, жоғары, төмен, түзу, қисық, дөңгелек т. б ұғымдарды меңгереді.

 

Жазуды үйренуде мына принциптерді сақтаған жөн:

1. Көрнекілік принципі: мұғалім тақтаға, дәптерге таблицаға көрнекіліктер арқылы жазып көрсетеді.

2. Сапалық принципі: мұғалім басында не үшін қиғашынан жазады, әріптерді қалай басқарады, әріптердің биіктігі қандай болу керек екенін түсіндіреді. Қиғашынан жазу тез, әрі ыңғайлы.

 

 

 

3. Қайталау принципі: жаттығуды  орындау кезінде пайдаланады. Жазылған нәрсеге міндетті түрде анализ беріледі. Баланың жазған жазуының  дұрыстығын тексеріп отырады.

 

 

 

 

 

4. Генетикалық принципі: алғашында жеңіл әріптер, содан соң жазылуы  қиын әріптер мысалы а, о, ш, т, п, н,.... қолы жаттыққаннан кейін қ. ж. б. в. ф т. с...  әріптері жазылады.

 

5. Жеке дара ерекшелігін ескеру принципі; оқушылардың көз нашарлығы, бас ауруы, жүрек ауруы. т. б ескеріп отыруы қажет. Барлық бала бірдей емес, олардың жас ерекшеліктері, ойлау қабілеттері әр түрлі Сондықтанда жазу каллиграфиялары әр түрлі. Біреуі өте жақсы, енді біреулері өте нашар жазады. Нашар жазатын оқушылармен жеке жұмыс жасау талап етіледі.

 

Каллиграфикалық жазуды қалыптастырудың негізгі әдістері:

1. Мұғалім жазу үлгісін өзі тақтаға қайта – қайта жазып көрсетуі тиіс.

 

2.Ауада жазу. Ұстаз әріпті ауада жазып көрсетеді. Бала қолдың қозғалысынан әріптің дұрыс формасын ұғады. Бұл әдіс оқу процесін жандандырады.
3. Көшірмесін түсіру әдісі. Жазылған әріптің үстінен басу.

4. Дайын үлгіден көшіру әдісі. Бұл еліктеу. Оқушы өз жазғанын ұстаздың жазғанымен салыстырады.

5. Әріпке анализ жасау әдісі. Мысалы: а әріпі бір дөңгелектен және бір ілмешектен тұрады.


Балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай жаттығуларды пайдаланған жөн:
1. Ғажайып алаң. Тақтаға әріп жасырылады. Мұғалім жасырылған әріптің әрбір элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады. Мысалы: Түйе өркешін қарайық, ұқсайды оған қай әріп? Жаңа әріпті өту үшін 2 сағат беріледі. Бұл жаттығуды 2 - сағатында өткен өте тиімді.

2. Әріпті тап. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді. Барлық әріпті өткеннен кейін, сабағымыздың басында көркем жазу болады. Сол кезде пайдаланған тиімді. Бұл жаттығудың мақсаты білген білімдерін әрі қарай төселдіру дағдыларын қалыптастыру.

 

3. Орнын белгіле. Тақтаға немесе дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орнын белгілейді. Бұл жатттығуды қазақ тілі сабағында пайдаланған жөн.
Бұндай жаттығулар жас жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Оқушының каллиграфиялық дағдысына көп әсер беретіні  ол алғашқы кезде, алғашқы рет қаламсап ұстап, әріп жазған кезі. Әдемі, сұлу жазудың фундаменті 1, 2 - сыныпта құйылады.

 

Сол кезде жазуын жөндемесе сол қалпында қалып қоюы мүмкін. Кейін жөндеу қиын болады.


Оқушының жазуы  неге нашар болады?


Мұғалімнің жазуының  үлгісі. Оқушы ұстаздың жазуын көшіреді.
Мұғалімнің әлеуметтік жағынан оқытудың жоқтығы. Мұғалім әр оқушыға жазудың кемшілігін, оны қалай жөндеу керектігін түсіндіріп отыру қажет.

Әдемі жазуды қалыптастыруына мұғалім ғана емес, оқушының жеке ерекшеліктері де әсерін тигізеді :


1. Оқушының әдемі жазуға деген ынтасы.
2. Оқушының жай жазуы. Тез жазып үлгеремін деп жазу каллиграфиясын бұзады.
3. Нашар жазуға түрлі аурулар себеп болады: невроз, көз ауруы, ревматизм т. б.

 

Бұл оқушыларға мұғалім жеңілдік жасайды.
Қорыта келе «Ғылым қалғып кетсе, қараңғылық бас көтереді» дегендей, заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жүргізу алдымызда отырған бала тәрбиесіне зор ықпал ететіні белгілі. Қазіргі мынау заман талабына сай ақпараттық технологиялардың даму қарқынының басымдылығы соншама барлық жазу үрдісі компьютермен қамтылған. Көркем жазу емлесі біз үшін, болашақ жастарымыз үшін ешқашан қалыс қалмау қажет. Қарыштаған заманда біз өз қалыптасқан көркем жазу сауаттылығын ұмытпауымыз керек! Көркем жазу, өзіндік жазу жазбалары сауаттылықтың нышаны.

Құрметті ұстаздар! Оқушыларымыз сауатсыз болмасын десек, жазу дағдысын, көркем үлгі деңгейін көтерейік! Оқушының жазу мәнерін әдемі болып қалыптасуына бастауыш сынып мұғалімдері жауаптымыз.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сыныптарда оқушылардың көркем жазу дағдысын қалыптастыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Көркем жазу оқушының мектепке келген күнімен, жазуымен басталады. Әдемі жазуды меңгерудің әр адамға маңызы өте зор. Әдемі жазу бұл мәдениеттің белгісі, әрі сол жазуды оқитын адамға көзқарасы, құрметі. Көркем жазудың мақсаты - дұрыс, анық және тез жазуды қалыптастыру. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық, қоғамдық, тәрбиелік мәні зор.
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - балаға хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да, күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге ( фонетика - графикалық жазуға ) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкі көлбе, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 097 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.12.2014 4190
    • DOCX 2.7 мбайт
    • 58 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жақсылықова Райхан Молдахметқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5938
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 523 человека

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 311 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек