Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБастауыш сыныпқа арналған диктанттар жинағы

Бастауыш сыныпқа арналған диктанттар жинағы

Скачать материал

 

 

Алғы  сөз

 

       Бала тәрбиесіне жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп,оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Оның тәрбие –тәсілдері  мен тәжірибелері өте көп.Халықтың ғасырлар бойы өмір тәжірибесінің елегінен өтіп бүгінгі күнге толыққанды жетті деуге де боларлық осы бір дүниелердің маңызы өте зор.Оның бір дәлелі еліміздің егемендік алып, тәуелсіз мемлекет атануы  дер едім.Сол тәуелсіздікке міне,20 жыл. Халықтық салт-дәстүр,әдеп-ғұрыпты дәріптеп  асқақтатқанымызға  да  20 жыл.

 

              Қазіргі ұлттық салт-дәстүрдің маңызы мен өзіндік ерекшелігін бүгінгі ұрпақ ұғынуы үшін бастауыш сыныптан-ақ жұмыстар жүргізілген дұрыс. Бақылау жұмыстарында мәтіннің ерекшелігі ,жинақы ,тиянақты  ойы , мән  мағыналылығы , ұмыт қалған бай дүниенің жаңғырып жаңартылып берілуі маңызды іс, міндетті борыш. Сондықтан да танымал қаламгер  Ахмет Жүнісовтың  «Бабалар дәстүрі» атты кітабынан мектеп жасындағы балаға сай етіп, қазақтың ырым, салт, дәстүрі мен қасиетті ұғымдарынан құралған диктанттар жинағын ұсынамын. Өйткені, ұлт рухын көтеретін ұлтшыл үл-қызға берілер білімнің қай-қай түрі де тәрбиеден бастау алмақ.

 

            Ұсынылып отырған диктанттар жинағы  2 тараудан құралған. I тарауда қазақ халқының    салт - дәстүрі әдеп-ғұрпы  жайында баяндалады.  II  тарауда   қазақ халқына  қасиетті  болып саналатын  ұғым атауларынан түсінік береді. Бұл жұмыстарды бастауыш сыныптың білім дәрежесіне ,өтілген бағдарламаға байланысты оқушының алған теориялық білімін бекіту мақсатында және де шағын диктанттарды сабақтың қолайлы уақытында сауатты білімге жетелеу  негізінде  жүргізуге болады.

 

           Диктантты  бағаланда қатенің саны және оның ауыр-жеңілдігі назарға алынады. Диктантты бағалағанда мұғалім мынадай нормаларды негізге алады:

 

                     «5»-қатесі жоқ жұмыс үшін

                     «4»-1,2 қате жіберген жұмыс үшін

                    «3»-3,5 қате жіберген жұмыс үшін

                    «2»-5, одан да көп қате жіберген үшін

 

            ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сай  3-4  сыныптың диктант жазу нормасы басшылыққа алына отырып, жазба жұмысының жүгі лайықты белгіленген.

 

 

                                                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалжа

            Қазақ халқы баласы үшін еш нәрсе аяған емес. Баласының өмірге келгеніне қуанған ата-ана той жасайды.  Қонақ шақырады. Баланың кіндік шешесі қалжа әкеледі. Қалжа- бұл жас анаға арналып сойылған малдың еті. Қалжаға әкелген малдан жас сорпа, май мен ет баланың анасына дайындалады.

(43 сөз)

 

                                                                              Иткөйлек

 

              Нәрестеге арнайы тігілген көйлек. Иткөйлекті кіндік шешесі дайындайды.

Жұмсақ матадан жағасы ойылып, жеңі мен бойы тұтас пішіліп,тігісін бүкпей тігеді.Иткөйлектің етегі, жеңі мол болады.Тігіп қайырмайды. Өскенде пейілі кең, мінезі жақсы, мырза болсын деген.Ұзақ өмір сүрсін, таршылық көрмесін деп тілеген.Иткөйлекті бала қырқынан шыққанша киеді.Нәресте қырқынан шыққан күні иткөйлекті дәмге толтырып, ит мойнына байлайды.Балалар

қуып кетеді.Нәрестенің бойындағы жамандық ,ит мінезі қалсын  дегені. Енді азамат болды.Жаңа киім киеді деген ой болған.(78 сөз)                                                                 

 

Шілдехана

 

            Жарыс қазанның арты шілдеханаға жалғасады. Домбыра тартып, ән салып би де болады. Сол күні  қалжада сойылған малдың омыртқасынан ауыз тигізу керек. Омыртқаны тобылғыға тізіп, үйдің бір жоғары жеріне ілу керек. Бұл баланың мойны тез қатайсын деген салт. Шілдехана деп жас сәбидің өмірге келгенін көппен бірге тойлауын айтады. Сән – салтанат құрып, қошемет көрсетіледі.

(54 сөз)  

Бесік тойы

            Бесікке салу-үлкен той. Бесікті арнайы шебер жасайды. Баланы жөргектен шығарады, ит көйлек кигізеді. Содан соң сәбиді бесікке бауыры бүтін ана салады.  Бесікке саларда отқа табындырып, аластайды. Бесік арқалығына бүркіттің тұяғын іледі, тұмар байлайды. Ол қырандай болсын, аман болсын деген екен.

(42 сөз)

 

             

                                                                             Құйрық ботқа

 

      Нәресте жаңа ғана отыра бастағанда жасалатын ырым.Дастарқан    жайып , ауыл аналарын

 шақырады.  Табақ толы тарыға орамал жайып, баланы соған отырғызып алдарынан өткізеді.
Жұмсақ тары үстіне отырып  үйренген сәби жерге де отырудан қорықпайтын болады.Ән айтылады.(35 сөз)

 

Тұсау кесер

 

            Бала бесіктен шығып, жүруге талпынады. Еңбектеуден өткен соң қаз басады. Ата-анасы тұсау кесер тойын тойлайды. Ол - өмір жолының басы.

            Баланың аяғына ала жіп байлайды. Оны ешкімге жамандық жасамасын деп ырымдайды. Келешегіне жол ашып, ақ жол тілейді. Сәбидің тұсауын ақ көңіл, аяғы жеңіл адамға кестіреді.

(45 сөз)

 

Ашамайға мінгізу

            Ашамай – ердің балаға арналған түрі. Жеті жасқа келген бала атқа өзі отырады. Әкесі баласының алғашқы ашамайға мінгенін тойлайды. Балаға үлкендер бата береді. Ашамайға мінгізудің бір жағы баланы еңбекке баулу болса, бір жағы бата алу.

(34 сөз)

 

Тоқым қағу

            Ашамайға мінген соң іле-шала әлгі бәсіре ғып ен салған құлыны да арқалы ат болып шыға келеді. Баласы алыс сапарға бірінші рет шыққанда ата-анасы тойлайды. Тоқым қағарын өткізеді. Бұл -  ақ  ниетпен,  адал көңілмен атқаратын міндет. Ұл өсірген қазақ бұдан аттап өткен емес.

(43 сөз)

 

Қозы жасы

            Қазақ  ұлын оннан асқан соң қозы жасына келді деп есептейді. Өйткені, бала бұл жаста қозы бағуға жарайды. Қозы жас аталуы осыдан.

 

(21 сөз)

Қой жасы

            Қозы жасындағы бала он беске келісімен қой бағады екен. Себебі, бір қора қойды ит-құсқа жегізбеу, жолғалтпай бағу, жауын-шашында, боранда аман сақтау оңай жұмыс емес. Он беске толған бала өзіне деген жауапкершілкті толық атқарса, ол ерлік екен.

(38 сөз) 

Жылқы жасы

 

            Қой жасын ойдағыдай атқарса, жылқы жасына келеді. Жігіт жасы жиырма беске жетсе,  жылқы бағу міндеті тапсырылады. Атпен жүріп үйір-үйір жылқы баққан жігіт мықты, епті болады. Үлкен еңбекке араласқан ол жігіт барлық қиындықты жеңе білген.

(35 сөз)

Бастан

            Қазақта бастанды ата-анасы бір жаққа кеткенде қызы жасайды. Үйге құрбылары жиналады. Арнайы ет, мал беріп кетеді. Жиналған жастар ән салып, домбыра шертіп, әзілдесіп отырады. Мұның сыры баласының елмен араласып, сыйласу мен қонақ  күте білуге жол ашу, біреуді құрметтеп, өзін құрметтеуге үйрету екен.

(44 сөз) 

Біз шаншу

            Қазақта құда түсу салты бар. Алдымен құдалар келгенде тегін береді. Тегін деген түстікте сойылған арнайы мал.

            Бұл асты түсте – жаз кезінде шаншылған таяқтың көлеңкесі жоғалып, күн шаңырақтың дәл үстіне келген кезде береді. Келген қонақтар ешкіммен сөйлеспей жатып қалады. Ертеңіне ерте аттанып кетеді. Қонақ  кеткен соң үй иесі сырмақ  қағады, қайрақ іздейді. Сырмаққа шаншылған бізді көреді. Ол жекжат болайық дегені екен. Бір жетіден соң кешегі қонақтар келіп құда түседі. Біз шаншу қызға құда түсерде жасалады.

(73сөз)

Сарын

            Қазақта сарын деп қызды ұзатарда айтады. Бірде  сыңсу деп те айтады. Қызды шығарып салатын кезде айтылатын ұлттық әуен. Оны көбіне жеңгесі, шешесі, құрбысы айтады. Әуенді қимастық, үлкен тілекпен жырлаған.

(30 сөз) 

Қоржын сөзгу

            Қоржын сөгу ұлды үйлендіргенде болады. Анасы қоржынның аузына бір киімдік мата салады. Оны сөккен әйел алады. Сосын жағалы киімді қыздың ата-анасына береді.

(23 сөз)

Мойын тастау

            Қыздың үйі отау көтеріп ұзатса, оған арнайы мал сояды. Сойған малдың мойнын күйеуге береді. Бұл – асықты жілік. Төске мүлдем ұқсамайды. Қазақта мойынды бала-шаға жейді. Мойын алған күйеу таза етіп мүжу керек. Алай олай етпесе, күйеу айып төлейді. Бір жағынан мойынды таза мүжуде тазалыққа, ұқыптылыққа  баулу тәрбиесі бар екен. Мойын тастар кәдесі күйеуге енді үйлі, балалы-шағалы боласың дегенді білдірген.

(61 сөз)

Босағаға ілу

            Той тарап, бір күннен соң қыз аттанады. Күйеу ең артынан аттанады. Ата үйінің босағасына бір шапанын іліп кетеді. Мұны біреу алады. Ілудің мәні осы шаңырақтың мен де бір ұлымын. Осы шаңырақтан қол үзбеймін дегенді білдірген.

(35 сөз)

Беташар

            Ата – анасы баласының қуанышыны үшін артық ештеңе жоқ. Жаңа келген келінді елмен таныстыру беташар деп аталады. Оның тәрбиелік мәні өте зор. Ауылдың  үлкенін, кішісін толық таныстырады. Ол үлкен құрмет көрсетіп, сәлем етеді.

            Жас келін әдепті болып, туғандарына сөз келтірмеу керек. Келіннің ақылды, парасатты болуына көп көмек көрсетеді.

(47 сөз)

Отқа май салу

            Келін табалдырықты аттайды.  Енесі маздап тұрған отқа май салғызады. Ол сонау заманнан келе жатқан дәстүр. Бұл  жағынан отқа табынудың белгісі, екінші жағынан түтіні өшпесін дегенді білдіреді. Баласы бір шаңырақ болып, түтінін өшірмей отырғаны ата-ана үшін үлкен бақыт.

(38 сөз) 

Өңір салу

            Отқа шақырумен бірге болады. Бұл кәдеге үлкен әжелер келеді. Келінге шашу шашып, құтты болсын айтады. Шашудың сыртында өңір әкеледі. Өңір деген ол киім, бұйым, зат. Не болмаса бүркіт тұяғын әкеліп шымылдыққа тағады.

            Келін түскен үй қонақты күтеді. Дастарханнан дәм алады. Ас үстіне салынған кездеме алады. Оның мәні келген келін осы өңірге сыйлы болсын, соған тілектеспіз дегенді білдіреді.

(57 сөз)

Отқа шақыру

            Той өткен соң түскен келінді айналасы үйіне отқа шақырады. Барған жеріне құр бармайды. Әкелген жасауынан бір зат апару шарт. Отқа шақырудың мәні бұл да бір үйің, жақының  деп  білсін дегені. Аралассын дегені. Дастархан жасап мал сойылады. Келін өн бойындағы барлық әдептілігімен, көргенділігін көрсетуге тырысады.

(44 сөз)

 

Төркіндеу

            Төркіндеу – қазақта үлкен кәде. Салт бойынша ұзатылған қыз төркініне бір жылдан соң барады.

            Төркіндеуге қыз, күйеу, кішкене жиендер барған. Апаратыны - әке-шешеге жағалы киім, бір-бір мата, т.б. Төркіні арнайы мал сояды. Қонаққа шақырады. Еліне қайтарда қыздың үйі бұзаулы сиыр, бір түйе берген. Жиендерінен де ештеңе аямаған. Қыздың барлық  тумалары да қонаққа шақыруды ұмытпаған. 

(52 сөз)

 

Енші беру

              Ата-ана  ұлын үйлендіреді. Өз өмірін сүрсін  деп бөлек шығарған. Еншісін берген. Мал бөледі, ыдыс-аяқ береді. Бастарына киіз үй көтереді. Соның өзі бір той болып өтеді. Жақындары қолынан келгенінше барын береді. Көптің көмегімен бір отау болып шыға келеді. Ақ  батасын алып, өз бетімен өмір сүруге талпынады екен.

(48 сөз)

 

Ерулік

            Жаңадан көрші болып келген қонаққа шақырады. Ерулік береді. Танысып, қатар өмір сүруге бір-біріне тілегін білдіреді. Қолынан келсе бір бұйым, не зат апарады. Үй иесі  келген көршінің де көңілін қалдырмайды. Бұйымға бұйым, киім, мата береді.

(36 сөз)

 

 

 

Киелі киім

            Киелі киім деп кимешекті айтады. Оны келіннің төркіні дайындайды. Жасауымен бірге сандықтың түбіне салады. Бір жыл өткен соң келіннің қуанышына ата-енесі разы болып киелі киімді кигізеді. Төрге шығарып, жылы-жұмсақ береді. Киелі киімді ана болу құрметіне киетін болған. Жылылығы, тазалығы және жамандықтан қорғайтын қасиеті де бар екен.

(48 сөз) 

 

Ат байлар

            Отау көтергенде ат байлар кәдесі болады. Дастархан жиналмасын дейді. Баланың анасы шайға сүт болсын деп сиыр береді. Ал әкесі көші - қонына керек деп түйе мінгізген екен.

(26 сөз)

 

Шаңырақ көтеру

            Отаудың шаңырағын кез-келген адам көтермейді. Оны көп баласы бар күйеулер көтереді. Егер алыста болса, алдырады. Егер отау өте үлкен болса, ол аттың үстінде тұрып көтереді. Оған сол үшін ат, не түйе береді. Малды отауды көтерткен жақ  береді.

(38 сөз)

 

Патша жасы

            Қазақта патша жасы деп ақыл тоқтатып, елмен араласқан жігіт ағасын айтады. Атқа мініп ел басқарған. Сұлтан, хан болған. Өнерімен, ақылымен көзге түскен азаматты атаған. Батырлығы мен даналығын да қатты ескерген. Патша жасын ауылымен тойлаған.

(28 сөз)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                        II  тарау

 

                                                                      Туған жер

 

    Атамекен, туған жер-әркімнің ата-бабасы, өзі туып өскен жер. Туған жер, өскен елді құрметтеу,

оған барып тұру -  азаматтық белгісі. «Алтын бесік» деп әспеттеп айтатын жеріне келген баладан бастап ересек адамдарды туған жеріне аунатып алатын қазақ ырымы бар. Бұл бала отаншыл болсын, үлкендердің ауру-сырқауы, шер-шемені кетсін деген ұғымнан туған.(51 сөз)

 

                                                                    Қарашаңырақ

   Қарашаңырақ - ата-бабалардан қалған үй. Атадан балаға қалып келе жатқан киіз үй (қыстау) қасиетті орын есебінде сақталған. Мұндай үйді күтіп, таза сақтайды. (22 сөз)

 

                                                                  Киелі орын

   Киелі орындар-әулие-әмбиелердің, батырлар мен би шешендердің, атақты адамдардың мекен-жайлары, қабірі, мешіті киелі, қасиетті деп саналады. Мұндай орындарға халық әдейі барып зират етеді, түнейді, тілек тілдейді.  (28 сөз)

 

                                                             Ананың ақ сүті

   Ананың ақ сүті-адам баласы үшін қадір-қасиеті ерекше ұғым. Ананың ақ сүтін ақтау өте үлкен парыз. Аналардың «ақ сүтім ақталды» деген марқамы балаларына ризалықтың белгісі. Ананы риза ету-Алланы риза ету деген сөз. (34 сөз)

 

 

                                                              Құран

    Құран Кәрім-Мұхаммед пайғамбарымызға аспаннан түскен қасиетті  төрт кітаптьың бірі. Сол сияқты хадистер мен діни шариғат жинақтары да киелі кітаптар деп саналады.(22 сөз)

 

                                                                     Дастарқан

     Дастарқан - тағам, дәм байлығы мен берекесінің бейнесі, символы. Жомарттар мен мырзалардың, қолы берекелі әйелдердің атақ- даңқы осы кең дастарқанымен шыққан. Дастарқанды аттамайды. Дастарқан үстінде әдепсіз сөз айтылмайды. (27 сөз)

 

                                                               Қара қазан

    Қара қазан-тоқтық пен мырзалықтың айғағы. Сонымен бірге ол мол ас пен адалдық қазынасының бірлігі ретінде қастерленеді. (17 сөз)

 

 

                                                                    Ошақ

    Қазан-ошақ  деп  қосарлана айтылатын киелі де иелі заттың бірі. Әке, шеше, бала- үшеуінің бірлігін көрсетеді. «Ошақтың үш бұтынан бер» деген қазағымызда ізгі ақ тілек бар.(26 сөз)

 

                                                                    От орны

     От орны. Киіз үйдің ортасында ошақ құрылып, қазан асылып, от жағылатын орны. От орынын аттамайды. (15 сөз)

 

                                                                       Төр

    Төр-әр үйдің қонақ отыратын жоғары әрі қасиетті орны. Үйге келген адамға «төрге шығыңыз» деген ілтифат пен ақ ниет осыдан шыққан. (21 сөз)

 

                                                                Қару-жарақ

    Батырлардың қару жарағы-нағыз киелі заттар деп бағаланады. Қаһармандар Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай, Кенесары, Ағыбай, Райымбек, Наурызбай сынды ерлердің қылыш, найзасы, сауыты мен дулығасы,  садақ, шоқпарлары  ғасырдан-ғасырға сақталатын мәңгілік мұра.(30 сөз)

 

                                                          Қасиетті мүліктер

    Шебердің  құралдары,мергеннің мылтығы, аңшының қақпаны, үйшінің үскісі, ұстаның балғасы, етікшінің бізі де қасиетті мүлік есебінде сақталады. Ол ешкімге берілмейді, сатылмайды және оны жоғалтпай ұстайды. (25 сөз)

 

   

                                                  Ұлылар қаламы

   Ұлылардың қаламы-сирек кездесетін бағалы мұра ретінде музейге, әр үйде сақталады. (11 сөз)

 

                                                           Көрік үй                             

     Ұстаның көрік үйі-халық ұғымында сақтайтын иесі, соғатын киесі бар деседі. Сондықтан оған жай адамдар, әйелдер кіре бермейді. (18 сөз)

 

                                                         Қара қос

     Жылқышының қара қосы-береке үйі деп халық оны жоғары бағалайды. Қыста «қара қоста» әрқашан жылқының семіз еті мен майлы сорпасы мен құрт көже үзілмейді. Мұнда келгендер тойып аттанады. Сондықтан жылқышының қара қосында қонақтар да көп болады. (36 сөз)

 

                                                                 Ескерткіштер

     Ертеден қалған ескерткіштер-ежелгі қала орны, ата-баба жұрты, ескі қорымдар киелі орындар деп есептеген. Ондай жерге көп адамдар бара бермейді. Мұндай орындар барлық мемлекеттерде қамқорлыққа алынған. (27 сөз)

 

                                                                    Бұлақ

     Бұлақ-тазалық пен нәр көзі есебінде қасиетті деп қаралған. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген қағида оның жоғары бағасын білдіреді.Бұлақ суы өте таза.мөлдір екен. Бұлақтың көзін ашқан адам  сауапқа қалған.(31 сөз)

 

                                                       Өнер иелерінің мүлкі

      Әншілер мен композиторлардың, ақындар мен жазушылардың, қобызшылар мен домбырашылардың саз аспаптары, киімдері мен тұтынған заттарын да халық ерекше мүлік ретінде қастерлеп ұстап, сақтап келген.(24 сөз)

                                                                     Бақан

     Бақан-шаңырақ көтеретін киіз үй мүлкі. «Бақанды аттама» деген тиым оның өзіндік қасиетті дүние екенін білдіреді. (16 сөз)

 

                                                                  Мал басы

    Мал басы- әр үйде болады.Малымыздың басы, құты -деп айтып отыратын бір малын  қадір  тұтқан. Олар: үйірін ит-құсқа бермейтін айғыр, соңынан төл еріткен мама бие, қой бастайтын серке сияқты. Қазақ мұндай мал басын сатпайды, айырбастамайды .(36 сөз)  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

        Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері екі нәрсеге баса назар аударған. Бірі – тіл, екіншісі - әдет-ғұрып.

       Қазақтың ағартушы – педагогтары  А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов ұстаздық етуде және тәлім – тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлтының салт-санасын терең зерттеген. .М.Дулатов оқу тәрбие үрдісін ұлттық сипатта жүзеге асыру туралы ой-пікірінің ұлттық   идея тұрғысынан алғанда маңызы  мен   мәні  ерекше  деп  көрсеткен.

 

   Оның міндеті:Балқыған жас баланың бойына ,ана тілін анық  үйретіп  шығару.

  Әдіс-құралдары:Оқу кітаптары ана тілімен өз ұлтының тұрмысымен һәм табиғаттан жазылуы, бастауыш  мектепте  алған  тәрбиенің  әсерлі,  күшті, сенімді  болуы;

  Нәтижесі:»Мұндай балалар мектеп бітіргеннен кейін қай жұртты ңарасында журсе де сүйегі не сіңген ұлт рухы жасымайды. Қайда болса да тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады» деп ұлттық   тәрбие  әсерін  тамаша  көрсеткен  екен

                               Ұлымыз ұлықты ,қызымыз  қылықты  болсын,  ағайын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер :

 

                                  1.А. Жүнісов.»Балалар дәстүрі». Алматы, 1992 жыл.

   2. С.Кенжеахметұлы. « Жеті қазына» , Алматы, 2000 жыл

                                  3. Б. Балұлы «Өнегелі өмір» . Атырау, 2008 жыл

                                 4. ҚР Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы, 2002 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

 

КІріспе -------------------------------------------------------------------------------

I  тарау--------------------------------------------------------------------------------

II  тарау ------------------------------------------------------------------------------

                         Қорытынды-------------------------------------------------------------------------

                         Пайдаланған    әдебиеттер  ----------------------------------------------------

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сыныпқа арналған диктанттар жинағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

       Қазіргі ұлттық салт-дәстүрдің маңызы мен өзіндік ерекшелігін бүгінгі ұрпақ ұғынуы үшін бастауыш сыныптан-ақ жұмыстар жүргізілген дұрыс. Бақылау жұмыстарында мәтіннің ерекшелігі ,жинақы ,тиянақты  ойы , мән  мағыналылығы , ұмыт қалған бай дүниенің жаңғырып жаңартылып берілуі маңызды іс, міндетті борыш. Сондықтан да танымал қаламгер  Ахмет Жүнісовтың  «Бабалар дәстүрі» атты кітабынан мектеп жасындағы балаға сай етіп, қазақтың ырым, салт, дәстүрі мен қасиетті ұғымдарынан құралған диктанттар жинағын ұсынамын. Өйткені, ұлт рухын көтеретін ұлтшыл үл-қызға берілер білімнің қай-қай түрі де тәрбиеден бастау алмақ.

 

 

            Ұсынылып отырған диктанттар жинағы  2 тараудан құралған. I тарауда қазақ халқының    салт - дәстүрі әдеп-ғұрпы  жайында баяндалады.  II  тарауда   қазақ халқына  қасиетті  болып саналатын  ұғым атауларынан түсінік береді. Бұл жұмыстарды бастауыш сыныптың білім дәрежесіне ,өтілген бағдарламаға байланысты оқушының алған теориялық білімін бекіту мақсатында және де шағын диктанттарды сабақтың қолайлы уақытында сауатты білімге жетелеу  негізінде  жүргізуге болады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 586 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.12.2014 1519
    • DOCX 88 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тастайбекова Гульназ Самигуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1601
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 958 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 668 человек

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 222 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 53 человека