Инфоурок Другое Другие методич. материалыБастауыш сыныпта балаға педагогикалық қолдауды қалай көрсету керек?

Бастауыш сыныпта балаға педагогикалық қолдауды қалай көрсету керек?

Скачать материал

 

 

 

 

 

Мақсаты:Қазақтың ертегілеріндегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлердің сөйлеген сөзі,іс-әрекеті арқылы ізгілікке,жақсылыққатәрбиелеу.

Жүргізілу әдісі:Кейіпкерлерді кейіптеу,ойын-сауық.

Тәрбиелік іс-шараның түрі:Мерекелік әдеби-музыкалық сахналық қойылым.

Қатысушылар:  1.Бастаушы

                           2.Мыстан кемпір

                           3.Тазша бала

                           4. Аяз ата

                           5.Ақшақар

                           6.Алдар көсе

Бастаушы-1:Аманбысың ардақты халқым менің,

                  Көптен күткен келді міне барыс жылың.

                  Мереке басы болсын берекенің,

                  Игі еңбектің бәрі көрсін.

Бастаушы-2:Сыпырғышын қолына алып қаранды

                  Соқыр мылқау,танымас тірі жанды,

                  Үсті басы жалбыр-жұлбыр,түсі суық,

                   Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Осы кезде қолында ұстаған сыпырғышы бар,үсті-басы алба-жұлба Мыстан кемпір күтпеген жерден шығы келеді.

Мыстан: (Бастаушыға) Қателесесің балақай!Олай емес!Тіпті де олай емес!Шыршаға қатысуға менің де қақым бар.Мә,көр,нанбасаң рұқсат қағазымды.Осыдан кештеріңді бұзып кетпесем,мыстан атым құрысын!

(Мыстан кемпір қалтасынан бір жапырақ қағазды суырып алып,бастаушының дәл көз алдына апарып сілкілей бастайды,бірақ қолына бермейді.Одан шегініп кетеді де,алқа қотан тұрған балаларға көрсеткен болады.)

Мыстан:Қайдағы Жаңа жыл ? (балаларды нұсқап) Мыналар не ғып тұр?Әй,балалар, тараңдар!Ешқандай Жаңа жыл мерекесі болмайды.Қазір қар жауады,боран соғады.Үйлеріңе тараңдар,жаурап қаласыңдар!

 

 

 

 

 

 

 Бастаушы-1:Мыстан әже,сәл сабыр етіңіз.Сіз бірдеңені шатастырып алған шығарсыз.

Бізде Жаңа жыл тойы өтіп жатыр.Қазір”Ертегілер елінен”құрметті қонақтар келуі керек.

Шырша әні

Мыстан. Ешкімде келмейді.мен бәрін дұғалап тастағам.( Мыстан шыршаны айналып жүгіріп,зікір салып,дуасын оқиды,бұрқылдап жынын шақырады.Шашының бір талын жұлып алып,оны бірнеше бөлшекке бөліп алып,үрлейді.)

 Бастаушы-2: Енді қайттік , Ә, бәсе, міне келе жатыр ғой біреулер (Қолында домбыра, әндетіп Тазша бала, келеді ).

Тазша : (иіліп): Амансыздар, халайық. Жаңа жыл құтты болсын!

Мыстан: Тақылдаған сен кімсің ей?

      Мен не ғып сені білмеймін?

Тазша: Е, мен елге Тазша атанған, халқыма қылығыммен жаққан Тазша баламын, әже.

Ау, тойды бастамай не ғып тұрсыңдар.

 Бастаушы-1:  Мына Мыстан тойға келе жатқан «Ертегілер елінің» елшілерін сиқырлап, ұйықтатып тастапты. Не істерімізді білмей тұрмыз, Тазшам.

Тазша: Айтпақшы, Мыстан әже, мына тойда өзіңізге арнап бір өлең айтып бергі кеп тұрғаны.

Мыстан: керегі жоқ өлеңнің. Білем мен сендерді: Бірақ мені жек көресіңдер. Ана ақ басты кемпір- шалдардан бастап, мына тұрған балаларға дейін мені иттің етінен жек көреді.білем мен сендерді......

Тазша:Сәл сабыр етіңіз әжетай!Әуелі тыңдап көрмейсіз бе?

            Оу,халайық қараса,

            Әжем қандай тамаша.

            Ақ тістері маржандай,

            Тізіліп тұр жараса.

             Келбетіне қарасам,

             Жаңа жылдың аппақ қарындай.

             Оймақ ауыз, бұраң бел,

 

 

 

 

 

 

              Кім жек көрер осындай,

              Өзі сұлу,ақылды

              Менің Мыстан әжемдай      

Мыстан:ой,айналып кетейін Тазшам.Қой балам!мен барып әлгі қонақтарды сиқырдан арылтып осында жіберейін.оларда тойласын.Міне,енді ертегі басталады,аздап күте тұрыңдар!

(Мырс-мырс күліп,шырша маңындағы қаумалаған жұрт арасынан шығып кетеді)

Бастаушы-2:Ең әдемі шанасына,

                 Күшті аттарын жегіп-ап,

                 Ертегіден біздерге,

                 Үлкен қабын арқалап.

                 Күлкі менен әндерді

                 Сыйлайды ол халқына,

                 Жаңа жылдың қарсаңында,

                 Келіп қалар Аяз ата.

“Жаңа жыл” әні 

( 3рет Аяз ата,Ақшақар)

Осы кезде залға Аяз ата қабын арқалап,Ақшақар сыбызғысын тартып кіреді.Ақшақар кенет Мыстанды көреді де тартына қалады.Аяз ата ақшақарды әрең ертіп келе жатады.Ақшақар залға кірсі келмей,тартынып,шегініп жылай бастайды.

Аяз ата қабын жерге қояды да аса таяғын қолына алады.Шырша маңындағы балалардың назары соларға ауады.

Ақшақар. (жылап)Бар-май-мын Көр-мей-мін Үй-ге қай-та-мын.

Аяз ата:Не деп тұрсың,сен өзің? Біз мына мерекеге келіп тұрмыз ғой.

Амансыңдар ма,балалар!

Балалар:Сәлеметсіз бе,Аяз ата!

Аяз ата:Қазір бұл жерді көңілді етеміз.Ал,балалар,қане,бәрің қосылып,менің жақсы көретін әнімді айтып жіберіңдерші.

Елка жыры әні

Қабағын түйген Ақшақар өкпелеген кісіше бұртиып,шыршаға қарап тұрады.

 

 

 

 

 

Бастаушы-1:Аяз ата,айтыңызшы.

Ақшақарға не болды?

Аяз ата:Не болғанын өзімде білмеймін,балам:Әу баста көңілді ойнап-күліп жүрген сендерге арнап өлең де айтып бермек болған.Ол осында жақындағанда сүрінген еді,жылап жіберді.Осыдан бастап ол Ақшақар емес,ертегідегі Күлмес қызға айналды.

Бастаушы-2: (Жұлып алғандай) Аяз ата тоқтай тұршы!Жаңа ғана осы жерде Мыстан кемпір болып,төңіректі дуалап кеткенді.Бізді ертегілер еліне айналдырмақ болған-ды...Ақшақар,ақшақар

Аяз ата (үрейленіп) Не дейсің ?Мыстан кемпір дейсің бе ?Бұл қайдан жүр ?Қалайша араларыңа жіберіп алдыңдар!Оның адамдарға жасаған жамандығы аз ба екен.Оның сиқырына қалай жол беріп жүрсіңдер.

Аяз ата күрсініп,Оһ,оңбаған,мыстан кемпірдің бармайтын жері жоқ.Мына Ақшақарды Күлмес қызға айналдырып кеткендәл соның өзі болды ғой.

Бастаушы-1:Солай,балалар!Демек,мейрамды бүлдіріп алған екенбіз.Енді өзіміз түзеп алайық.Ақшақарды Мыстан кемпірдің дуасынан арылту үшін оны күлдіртуіміз керек.

               Оқушылар думаны бір ғанибет

                Күлкі сыйлай беретін бар адамға

                Қол соғып қошеметтеп қарсы алсаңдар

                Оларға одан басқа арман бар ма!

3ВМәдениет Гүлнұр би

Балалар:(Музыка )1,2,3 Ақшақар күлімде

                                1,2,3 Ақшақар би биле

Аяз ата:Дегенмен біздің бұл ісімізден ештеңе шықпайды.Ақшақардың қабағы ашылар емес.

Ескі жыл:”Мө” деп мөңіредім,

                  Молшылық төңірегім.

                  Жыл басы боламын деп-

                  Ертерек келіп едім.

                  Көгалда – тұрағым,

                 Дайын тұр тұрағым.

                 Сүтіммен,етіммен,

                 Адамға ұнадым

 

 

 

 

 

Жаңа жыл:Ырр,ырр,Барыспын, Барыспын,

                  Бәріңе таныспын,таныспын.

                  Күшіме сенемін,сенемін,

                  Жыл басы болуға,шіреніп келемін

Бастаушы-2:Алдар көсені шақырайық.Оның толып жатқан пері-диюалар, жын-шайтан атты достары бар.Мүмкін,солар көмектесер.

Аяз ата:Ал,балалар олай болса бәріміз Алдар көсені шақырайық.

(Қолындағы аса таяғымен жерді салып-салып қалады)

                    Ей,әлемнің құстары

                    Дүниені кезіп ұш кәне.

                    Хайуан біткен барыңдар,

                    Шартарапқа шабыңдар.

                    Әлемге жар салыңдар,

                    Алдарды іздеп табыңдар!

Осы кезде шайтан арбамен Алдар көсе келеді.Шыршаны бір айналып тоқтайды.

Алдар көсе: (көңілді).Барлығыңа бір сәлем!Аяз ата және оның немересі Ақшақарға мың сәлем!аяз ата мені не үшін шақырттыңыз?

Аяз ата:Сен баяғдағы қалпыңнан әлі өзгермепсің ғой.Өз аяғыңмен жүрмей шайтанды жегіп алыпсың.Сені шақыртқан себебім Ақшақардың қабағы түсіп кетті.Мұны әлгі Мыстан кемпір дуалап кетті.Енді оны күлкімен ғана жазу керек.

Оны күлдіру сенің қолыңнан келеді.

Алдар көсе:Бұл қиын мәселе,менің қолымнан түк келмейді.Мына балалардың көмегі керек.

Бастаушы-1:Иә,иә, Көмектесеміз.

Осы кезде Алдар көсе “Қораз” Ойынын ойнатады.Шеңбер сызып ортасына екі бала бірін-бірі шеңберден итеріп шығарады.

Алдар көсе: (Ақшақарға) Қалай, қызық па?

Ақшақар: Қызық!(Арт жағынан Мыстан кемпір қызық емес деп айт дейді.Естіген Ақшақар қызық емес дейді.

Балалар: (Мыстанға Ақшақарға сыбырлап тұрған сол деп шулайды)Мыстан,Мыстан

 

 

 

 

 

 

Алдар көсе Мыстан кемпірді ұстап алады.Екеуі алыса кетеді.Мыстан кемпір қасарысып Жо-қ,жо-қ!Бәрібір Ақшақар күлмейді.Бәрібір менің тілегенімдей мейрамдарың қызықсыз өтеді.

Алдар көсе: (жекіріп )О, оңбаған Мыстан!ойлайтының жамандық.

Бәрібір дегенің болмайды.Қәне , кімнің сиқыры басым екен көрейік.Алдар көсе Мыстан кемпірді биге алып шығады.Сол кезде Мыстанның қолынан сыпырғышы  түсіп кетеді де ,өзі қиқаң-қиқаң етіп билей жөнеледі.

Оның биіне балалардың күлкісі келеді.Ол өте тез ,шапшаң билейді де шаршап қалады.Содан Алдар көседен ақырындатуын баяулатуын өтінеді.

Мыстан кемпір:(жалынып)Алдар көсе жаным, босатшы!Бұдан былай ешкімді дұғаламаймын....

Алдар көсе:Біз оны балалардан сұрайық.Балалар не десе сол болады.Балалар Мыстан кемпірді босатып жіберейік пе?

Балалар:Жоқ , босатуға болмайды.Тағыда билей түссін.

    Би жалғаса береді мыстан балаларға жалынады.Өзінің ауру, әлсіз кәрі кемпір екенін айтып аяуды өтінеді.Бидің екпініне шыдай алмай кемпір құлап түседі.Құлап жатып аяқ-қолын ербеңдетеді.Мұны көрген Ақшақар күлімсірей бастайды.Және қатты күледі.

Ақшақар: Амандасу салтым ғой

                             Сәлем бердім сіздерге

                            Аяз ата келді ғой

                             Басталады мереке.

Балалар:Алдар аға сізге көп рақмет! (Алдар қолын кеудесіне қойып бас иеді)

Аяз ата:Енді Алдар көсенің құрметіне күмбірлете күй төгіп, асқақтата ән шырқап,мың бұралта би билейік.

    Би Чуга-Чанга

    Біз шадыман баламыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аяз ата:Балалар, Жаңа жылда тәртіпті болып,жақсы оқуларыңды тілеймін!

Балалар.Рахмет.

Бастаушы-2 :Аяз атаны шығарып салайық,шаршады,үйіне барып демалсын.

Балалар:(Аяз ата сау болыңыз!)3 рет.

   Ән Қыс қызығы тамаша

 

                                Сау болыңыздар!!!             

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сыныпта балаға педагогикалық қолдауды қалай көрсету керек?"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 274 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.04.2020 258
    • DOCX 56.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аджимуратова Зарина Тагировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аджимуратова Зарина Тагировна
    Аджимуратова Зарина Тагировна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 70879
    • Всего материалов: 218

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции