Инфоурок Начальные классы Рабочие программыБастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу сабағында шығармашылық қабілетін дамыту

Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу сабағында шығармашылық қабілетін дамыту

Скачать материал

                                  

                       Жулдаякова ИнкарБакытбековна

       №249 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі

 

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу сабағында шығармашылық қабілетін дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу сабағында шығармашылық қабілетін дамыту.

№249 мектеп-лицейдің Бастауыш сынып мұғалімі:   Жулдаякова .І.Б

 

Мақсаты:

Оқушылардың ізденімпаздық,зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып,білім сапасын арттыру.

Міндеттері:

1.Білімге деген қызығушылығын арттырып,танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай  алатын орта туғызу.

2. Оқушының  бойындағы жеке дара қабілетінің   дамуына  мүмкіндік жасай отырып, қабілетін  дамытып, шығармашылығын шыңдау.                                             3. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз  тұлға қалыптастыру.                         4.Ақыл-ой қабілетін жетілдіру, ұтымды логикалық, қисынды ойлау қабілетін дамыту;
5.Іс жүзіндегі шеберлікті қалыптастыру арқылы екі қолдың қимыл әрекетін, көзбен мөлшерлеу қабілетін және басқа да сапалық қасиеттерді дамыту

Тақырыптың  өзектілігі:                                                                                  А.Энштейн «Адам естіп-білгені арқылы жетілмейді, еңбек пен іс - әрекет үстінде қалыптасады» деп айтқандай, еңбекке шұғылдану үстінде бала саусағының бұлшық еттері жан-жақты жетіліп, жазуға, сурет салуға, түрлі бұйымдар жасауға икемділіктері артады. Еңбекке баулу пәнінен бастауыш мектеп оқушылары еңбектің бастапқы әліппесімен танысып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі, шығармашылық белсенділіктері артады және жас кезінен бастап жүйелі түрде еңбек тапсырмаларын орындауға,отбасындағы қажеттілікке көңіл бөлуге, төзімділікке үйренеді.

Оқытуда оқушының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту үшін жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға да мүмкіндіктер көбеюде. Еңбек ету үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту көзделуі қажет. Осыған орай оқушыға берілетін тапсырмалардың үйренушілік,алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгейлері қолданылады. Шығармашылық деңгейде оқушы құбылысты өз бетінше таңдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге үйренеді. Бұл оқушыға «кішкентай жаңалық» ашқанмен бірдей. Бұдан баланың танымдық міндеттері қалыптасады, шығармашылық қабілеттері мен білім, білік, дағдылары, қызығуы жетіледі, білімге құштарлығы оянады. Тапсырмаларды орындау барысында әр түрлі қабілетті балалар көзге түседі. Л.С.Выготский: «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі, оның деңгейіне лайықтап беріледі. Әр баланың өзінің даму зонасында жетілдіру керек» деген.


Шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізерде мұғалім жұмыстың өн бойынан шығармашалық тапсырмаларға лайықты жағдайларды іздеп табуы керек. Кейбір практикалық тапсырмаларды шығармашылық арнаға бұрып алуға, өзгертуге болады.
Шығармашылық тапсырмаларды сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, психологиялық саралығы, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап әрі қарай жалғастыруға болады. Бұл оқушының өз бетімен ізденуіне көп әсер етеді.

Кіші мектеп жасындағы оқушылар өздерінің жасаған өнімдерінің нәтижесіне аса мән береді. Көптеген жағдайларда нәтижелер соншалық әсерлі болуы мүмкін. Тіпті оқушылардың жұмыстарын көргендер еріксіз: “ О, бұл аса дарынды, талантты, қабілетті баланың жасағаны ғой! ”-десіп, таң қалады. Біз баланы тек қабілет дамытудың тәсілдерімен қаруландырып, жұмыстың кілтін, орындалу принципін оның қолына беру- дарындылығының ашылып, одан әрі дамуына жағдай жасау деп есептейміз.

Бастауыш сынып оқушыларының бірегей өнім. бұйым жасауы оның шығармашылық іс-әрекеті. Жұмыс барысында оқушы игерген білімін, іскерлігін, әдістерін өзінше дербес түрде қолданады, сонымен бірге оларды алмастыруды, белгілі бір әдістерін құрамдастыруды өзі ойластырады, шешім қабылдайды. Жұмыстың мұндай алуан түрлілігі өз күш-жігерін жан-жақты байқаудан өткізу әр баланың дербес қабілетін ашуына мүмкіндік беріп, оны дамыту жағдайларымен қамтамасыз етеді. Уақыт талабына сай оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануға болады. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда жасаған затқа сәйкес өлең шумақтарын құрастыруда бала екі-үш буынды сөздерге ұйқас сөздер тауып, өлең шығарады. Оқушы өзінің жетістігін көріп қуанады, сабаққа қызығушылығы артады. Педагогика саласындағы оқыту әдістерін түгел дерлік еңбекке баулу сабақтарында өз орнымен пайдаланып, сабақтың мазмұнын арттыруға болады.

“Еңбекке баулу” пәнінің мақсаты-білім беру мәнінің жаңа бағытына сәйкес іс-әрекеті негізінде оқушылардың жеке тұлғасын, шығармашылығын қалыптастыру деп айқындалды, сонымен бірге, баланың дене қимылын, сезімдерін, эстетикалық талғамын, ақыл-ой өрісін дамыту, яғни жеке тұлғаны дамытудың құралы болу,
Балаларды өзіне-өзі қызмет етуге баулу бірінші сыныптан басталады. Келесі сыныпта оның мазмұны күрделенеді. Балалар шаруашылық, тұрмыс еңбегіне бейімделеді, қажетті іскерліктері дамиды.Еңбектің бұл түрі отбасы тәрбиесімен ұштастырылып отырады.

Өзіне-өзі қызмет ету еңбегіне үйретудің тәрбиелік әрі қоғамдық маңызы зор. Мектепте ұйымдастырылған мұндай еңбек түрі баланың дұрыс қалыптасуына әсерін тигізеді, олардың мәдениеті мен көркемдік талғамдарын тәрбиелеуге негіз болады.
 Техникалық еңбекке баулу. Мұнда қағаз және қатырма қағазбен істелетін жұмыстар мен құрастыру жұмыстары қамтылған. Бағдарламада қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеуге көбірек сағат бөлінеді. Әр түрлі бұйымдар, құралдар, ойынға қажетті жабдықтар, тұрмыстық заттар жасауға үйретіледі.

Қатырма қағаз- қағазға қарағанда қалың әрі тығыз материал. Қатырма қағаздың қалыңдығы әр түрлі. Қатырма қағаздың ағаш ұнтағынан істелген ақ және қоңыр түстілері, сабанан, ескі шүберектен дайындалған мықты түрлері болады.

Балаларға қағаздың шығу тарихы және қағаз жасайтын машина жайлы қосымша түсінік берілуі керек. Қағаздың көп қажет болуына байланысты қағаз өнділісі дамыды. Біздің өмірімізде қағаз пайдаланылмайтын сала жоқ. Қағазды басқа материалдармен ауыстыруға болмайды. Себебі, оның берік, жұқа, жоғары диэлектрлік сияқты т.б. қасиеттері бар. Еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды қағаз бен қатырма қағаз жөніндегі осындай деректермен таныстырудан соң қарапайым операцияларды пайдаланып, бұйымдар әзірлеу, үлгі бойынша әзірлеу, бүктеп – қаттау және көрсетілген сызық бойымен кесу жұмыстары жүргізіледі. Сызбадағы кесілетін сызық, бүктейтін жер және көмекші сызықтарды таба білумен таныстырудың да мәні зор.
Көркем еңбек блогында ермексазбен жұмыс оқушыларды мүсіндік шығарма жасаудың жолдарымен таныстыру мақсатында жүргізіледі. Қарапайым бұйымдарды жасату арқылы оқушылардың көркемдік талғамын арттыру мақсаты да көзделеді.
Матамен жұмысты бастамас бұрын оқушыларға матаның түрлерін, оның қалай пайдаланылатыны жайлы қысқаша түсінік беріледі. Осы мақсатта мақта, жүн, жібек, жасанды талшықтардан тоқылатын маталармен таныстырылады.

Қолданбалы қолөнер- халық өмірі және тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өнер. Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындылары элементтерімен таныстыру. Оқушылардың практикалық жұмыстарында бұл элементтерді қағазды қолдана отырып жасату.

Оқушылар алдымен әр алуан материалдарды сапалы өңдеп үйренуі тиіс. Өйткені оларды сонда ғана көз тартарлық тамаша заттар жасап шығару үшін қажетті құрал ретінде шығармашылықпен пайдалана алады. Бағдарлама мәтінінде барлық құрамдас нәрселер “минимум бойынша” көрсетілген, ал одан да көп “максимум бойынша пайдалана беруге шек қойылмайды.”

Тапсырмалар өздерінің орындалу мүмкіндіктеріне қарай үш түрлі деңгейді қамтиды. Олар:
1.оқулықтағы үлгілер деңгейіндегі тапсырмалар;
2.оқушылардың өздері дербес атқара алатын жұмыстар деңгейіндегі тапсырмалар;
3.оқушылардың біліміне, қабілетіне қарай қойылатын талаптарды орындап шығуына болатын ықтимал деңгейдегі шығармашылық тапсырмалар.
    Оқушының әр түрлі материалдармен “белсене” таныс болуын қамтамасыз етудің маңызы зор. Сонда ол оқушы материалдардың көркемдік және конструкциялық қасиеттерін творчестволықпен алуан түрлі етіп пайдалана алады. Іс жүзінде мұның өзі “материалды сезіну” жөніндегі тәрбиенің өзіндік түрі болуы керек. Ал мұнсыз еркін көркемдік- шығармашылық қызметтің болуы тіпті де болуы мүмкін емес. Балалар әдетте, алуан логикалық міндеттерді, бас қатыратын жұмбақтарды құмарта отырып шеше алады. Әрине, бұл ретте оларға берілетін тапсырмалар баспен ойлау және қолмен істеу аралығындағы ақылға қонымды сәйкестіктер болуы өте-мөте қажет. Тап осындай жағдайда оқушылар ақылға салып ойлау, өзінше қызық, шығармашылық еңбек әлемінің есігін ашады, істі қолдың ептілігімен қалай болса солай тез тындыра салумен шектеліп қалмайды.

Балаларға экскурсия дегеніміз әрқашан әлдебір жаңалықтар ашу болып табылатынын көрсету және түсіндіру қажет. Еңбекке баулу пәні тұрғысынан қарағандағы негізгі жаңалық балалардың санасына табиғаттағы нәрсенің барлығы да пайдалы әрі әсем екенін жеткізіп, сіңіре білу. Бұл ретте қай саланың болса да өзегін жарып өтетін алтын арқау табиғаттың бәрі де сұлу, бәрі де қажет болуы тиіс деген өктем талабы болуы тиіс.

Балалармен топтық, жұптық жұмыс істеудің орны ерекше. Олардың жеке өздерінің бақылау қабілеттерін және материалдармен кез-келген дербес жұмыс істеу “тәжірибе” жасап көруін, сондай-ақ бейнелей білу шеберлігін бірте-бірте байқап, бағалап, көтермелеп отырады. Сөйтіп, оқушылардың кеңістікте белгілі бір мақсатқа бағытталған ойлау қабілеті қалыптасады.

Баланың ұсақ бұлшық еттерін қозғалысқа келтіретін  саусақтарымен жұмыс істеу дағдысы пайда болады. Мұндайда оқушылардың көңілін көтере дем беріп, мақтап қойған дұрыс.

Өңделетін материалдармен олардың сәнділік және технологиялық қасиеттерімен танысуды одан әрі үнемі жалғастырып отырамыз. Балалардың жеке-жеке дербес жасаған шығармашылық жұмыстарын біріктіріп, белгілі көзделген ойға бағыттаймыз. Олар комбинациялық-логикалық сипаттағы суреттемелерді жасап, орындап шығу жөніндегі міндеттерді шешуді үйренеді.
Мақсат көздеу - әлдеқайда күрделі кешенді процесс болып табылады. Мұның өзі дайын конструкцияға талдау жасауда ғана емес, сонымен қатар ең алдымен кез-келген конструкция мен оның атқаратын қызметінің ерекшелігі арасындағы белгілі бір тәуелділікті орнатуды да көздейді. Мақсат көздеу ең алдымен нағыз саналы ізденімпаздықты, проблеманы шешу тәсілін, мәселеге шығармашылық тұрғыдан келуді қамтиды.
Оқытудың бүкіл курсы бір-бірімен өзара байланысты тақырыптардың біртұтас жүйесі болып табылады. Ол тақырыптар оқушылар сыныптан сыныпқа көшкен сайын бірте-бірте күрделі бола түседі, сонымен қатар адамдардың практикалыққызметінің алуан түрлі қыруар байланыстарын ашып көрсетеді. Сөйтіп оқушылар тақырыптардағы проблемаларға әртүрлі деңгейде бойлап еніп, біртұтас курстың әр түрлі сатысында өз білімдерін көтере алады.

Оқытудың мазмұнындағы ең басты мәселе адамзаттың материалдық мәдениетте көрініс тапқан адамгершілік- эстетикалық және әлеуметтік – тарихи тәжірибесін меңгеру болып табылады. Оқушылар қол еңбегі сабақтарында тап сондай заттарды жасайтын болғандықтан, балалардың басты назарын заттар әлеміне аударамыз. Аса маңызды кәсіби-практикалық білім мен шеберлік атаулы осы бағдарламаның құрамдас элементтері болып табылады.

Бастауыш мектептегі оқу кезеңінде балалардың мүмкін болғанша әр түрлі заттар жасалатын сан алуан материалдарды игеруіне және олармен жұмыс істеп, өңдей білуге үйренуіне тура келеді. Технология тек құрал болып табылғанымен де, бұл құралды пайдалана білуді толық игеру керек. Бұлай етпеген жағдайда оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуінде ілгері басушылық елеулі түрде қиындықтарға тап болады. Бала дайын үлгі бойынша белгі салып алудың негізгі тәсілдерін тиянақты түрде игеріп алуға, қолмен атқарылатын жұмыстарды сапалы әрі дәлме-дәл орындауға, сондай-ақ практикалық жұмыс ретін саналы әрі сауаттықұра білуге, яғни еңбекті ұйымдастырудың қажетті мәдениеті мен ережелерін мұқият сақтауға міндетті.

Еңбекке оқушыларды дағдыландыру қарапайым жұмыстар жасаудан басталады да бірте-бірте күрделеніп отырады.

Технология сабағында оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру басты орын алады. Неге десеңіз, әрбір жасалған бұйым сапасы жағымен қоса эстетикасы жағынан да тартымды болуы тиіс. Оқушылар бұйымды дайындауға үлкен құлшыныспен кірісуі тиіс.

Күтілетін нәтиже                                                                                                             1. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен  практикалық әрекеттері арқылы дамыды.                                                                                 2.Дарынды және талантты оқушылар үшін қабілетін әрі қарай дамытуға жол ашылды.                                                                                                                3.Ұжыммен жұмыс жасауға,өзін-өзі реттеуге дағдыланды.                              4.Білгенін өмірде пайдаға асыруды үйренді.                                                 5.Оқушылардың бойында еңбек сүйгіштік қасиеті және еңбекке деген дұрыс көзқарас қалыптасты.                                                                                    6.Еңбектенуге, алға қойған мақсатына қол жеткізуге және өз еңбегінің нәтижелерін көре білуге үйренді.
7.Ептілікке, аспаптармен жұмыс істей білуге, бірлесіп жасаған еңбекті бағалауға үйренді. Жұмыс кезінде бір – біріне көмектесу керектігін түсінді.

Мұғалімнің басты міндеті – оқушыларды шығармашылық жұмысқа дайындау және оларды қызықтыру.

                  

 

 

                Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Күнпеиіс Ж. Технология пәнін оқыту арқылы бастауыш  сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың негіздері. Монография. Түркістан-2011 ж

2. Омарова Р, т.б.  Мектеп оқушыларының шығармашылық  еңбегін қалыптастыру. Актөбе. 2005ж

 

 

 

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Әйтеке би кенті

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу сабағында шығармашылық қабілетін дамыту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу сабағында шығармашылық қабілетін дамыту.№249 мектеп-лицейдің Бастауыш сынып мұғалімі: Жулдаякова .І.Б Мақсаты: Оқушылардың ізденімпаздық,зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып,білім сапасын арттыру.Міндеттері: 1.Білімге деген қызығушылығын арттырып,танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай алатын орта туғызу. 2. Оқушының бойындағы жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау. 3. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру. 4.Ақыл-ой қабілетін жетілдіру, ұтымды логикалық, қисынды ойлау қабілетін дамыту; 5.Іс жүзіндегі шеберлікті қалыптастыру арқылы екі қолдың қимыл әрекетін, көзбен мөлшерлеу қабілетін және басқа да сапалық қасиеттерді дамытуТақырыптың өзектілігі: А.Энштейн «Адам естіп-білгені арқылы жетілмейді, еңбек пен іс - әрекет үстінде қалыптасады» деп айтқандай, еңбекке шұғылдану үстінде бала саусағының бұлшық еттері жан-жақты жетіліп, жазуға, сурет салуға, түрлі бұйымдар жасауға икемділіктері артады. Еңбекке баулу пәнінен бастауыш мектеп оқушылары еңбектің бастапқы әліппесімен танысып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі, шығармашылық белсенділіктері артады және жас кезінен бастап жүйелі түрде еңбек тапсырмаларын орындауға,отбасындағы қажеттілікке көңіл бөлуге, төзімділікке үйренеді. Оқытуда оқушының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту үшін жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға да мүмкіндіктер көбеюде. Еңбек ету үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту көзделуі қажет. Осыған орай оқушыға берілетін тапсырмалардың үйренушілік,алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгейлері қолданылады. Шығармашылық деңгейде оқушы құбылысты өз бетінше таңдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге үйренеді. Бұл оқушыға «кішкентай жаңалық» ашқанмен бірдей. Бұдан баланың танымдық міндеттері қалыптасады, шығармашылық қабілеттері мен білім, білік, дағдылары, қызығуы жетіледі, білімге құштарлығы оянады. Тапсырмаларды орындау барысында әр түрлі қабілетті балалар көзге түседі. Л.С.Выготский: «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі, оның деңгейіне лайықтап беріледі. Әр баланың өзінің даму зонасында жетілдіру керек» деген.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 677 920 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2020 1496
    • DOCX 2.8 мбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кочетов Олег Викторович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кочетов Олег Викторович
    Кочетов Олег Викторович
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67799
    • Всего материалов: 217

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 091 человек

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 422 человека

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе