Инфоурок Биология Рабочие программы: §51 Балықтар жоғарғы класы

: §51 Балықтар жоғарғы класы

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: §51 Балықтар жоғарғы класы

Білімділік мақсаты:                                                                                                           Балықтарға жалпы сипаттама беру. Балықтардың түрлері: шеміршекті, сүйекті балықтар класымен танысу. Сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері, сезім мүшелері. Торсылдақ және оның маңызы.               

Дамытушылық мақсаты:

a)      Балықтардың сыртқы және ішкі ортасымен, олардың сулы ортада тіршілік етуіне байланысты биологиялық ерекшеліктері, сыртқы құрылыс ерекшеліктеріне қарап, шеміршекті және сүйекті балықтарды бірінен-бірін   топтық жүйесіне сүйене отырып балықтарды ажырата білу білімдерін тексеру;

ә)   Оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін ой –  

өрісін дамыту.

б)  Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

д) оқушылардың алған білімдерін жинақтау және қолдана білуі

 

Тәрбиелілік мақсаты: Оқушыларды табиғатты сүюге ,аялауға, қорғауға тәрбиелеу .

 Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: Жаңа ұғымдарды меңгерту.

Сабақтың әдісі: сөздік-түсіндіру, көрнекілік-слайд,                                         сарамандық-зертханалық                    

Пайдаланылатын көрнекіліктер:  Сүйекті балықтардың суреттері, слайд,интерактивті тақта.

Пайдаланылатын әдебиеттер: Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов                                  Биология 7 сынып. Қ.Қайым Б.Муханов «Жануартану» 7-8 сынып

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары:   I.Ұйымдастыру

                                  ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

                                  ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру

                                  ІY.Бекіту

                                  Ү.Зертханалық жұмыс

                                  ҮІ.Бағалау

                                  ҮІІ.Үйге тапсырма

Ұйымдастыру бөлімі: Сәләматсыздарма оқушылар! Отырыңыз

(амандасу рәсімі) Сыныпта кезекші кім?(түгендеу)

Үй тапсырмасын сұрау.    

1.     Желілілер типіне жататын жануарлардың арқа жағында бас пен құйрықты жалғастыратын созынды - . . . . . . деп аталады (желі)

2.     Қазір ғылымда желілілердің . . . . . . түрі белгілі (40 000)

3.     Желіллер . . . . . . да, . . . . . . да мекен ететін жануарлар. (суда, құрлықта)

4.     Қара теңіздің Севастополь маңындағы құм қайырларын кәдімгі қандауырға (денеден қан шығаруға арналған, ұшы екі жағынан өткірленген кішкене пышақ) ұқсас, мөлдір денелі кішкене жануарды –

. . . . . . деп атаймыз. (қандауырша)

5.     Қандауыршалардың қан айналымы - . . . . . ., (тұйық)

6.     Қандауыршаның уылдырықтан . . . . . . арқылы дамиды. (дернәсіл)

7.     Қоректенгендегі түтіктің ауызға жалғасқан бөлігі . . . . . . деп аталады. (жұтқыншақ)

8.     Қандауыршаның зәршығару мүшесі . . . . . . орналасады. (желбезек қуысында)

9.     Қандауырша . . . . . . жынысты. (дара)

10.  Қандауыршадағы қаңқа қызметін . . . . . . атқарады. (желі)

 

 

иә

жоқ

1.     Қандауырша қаны - түссіз

+

 

2.     Сезім мүшесі жақсы дамыған

 

+

3.     Қандауырша «омыртқалы – желілі жануар»

 

+

4.     Жүрек болмайды

+

 

5.     Қаңқа қызметін желі атқарады

+

 

6.     Қандауырша денесі екі бүйірінен жалпақ келеді

 

+

Суретпен жұмыс

Жұмбақ жасыру: Қауырсын мұрт шетінен

                                Жүзеді тек шалұалап

                                Шабақты су бетінен

                                Онай ұстар қалқалап    /Балықтар - жайын/

 

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

Желілер типіндегі жоғарғы сатылы жануарарда омыртқа жотасы болатынын бұдан бұрынырақ айтқамбыз. Омыртқа жотасы бар жануарлар омыртқалылар деп аталады. Балық та – омыртқалыларға жатады.

         Балықтардың орталық жүйке жүйесі мидан және жұлыннан құралады. Ми – бассүйектегі ми сауытында орналасады. Сондықтан балықтар жануарлардың басссүйектілер тип тармағына жатады.

         Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады. Біз балықтардың екі класын: шеміршекті балықтар және сүйекті балықтар кластарын қарастырамыз.

Шеміршекті балықтар (Chondrichthyes) 140-қа жуық туысы, 730 түрі бар. Шеміршекті балықтардың денесінің ұзындығы 6 см-ден 20 м-ге жетеді. Қаңқасы тек шеміршекті, қаңқасының ізбестенгендері (сүйектенбеген) жиі кездеседі. Егер қабыршағы бар болса, ол плакодты (тісшелі). Көпшілігінде ұзынша тұмсығы болады, аузы тұмсығының астында көлденең саңылау сияқты көрінеді. Қанат қалақшалары эластинді талшықтармен бекіген. Құйрыққанаттарының қалақшалары тең емес, үстіңгі қалағы үлкен, 5 — 7 жұп желбезек саңылаулары сыртқа жеке ашылады. Торсылдағы болмайды. Тоқ ішегінде иірлі қатпарлы қақпақшасы, жүрегінде артериалды конусы бар. Ас қорыту және несеп-жыныс жүйелері құрсақ қанаттарының жанындағы ортақ қуыс — клоакаға ашылады. Іштей ұрықтанады. Аталықтарының жұп шағылысу органдары (птеригоподилері) құрсақ қанаттарының сыртқы талшықтарынан дамыған. Шеміршекті балықтар тірі туады (сирек) немесе ұрықтанған жұмыртқа салады (тірідей жұмыртқа туу). Шеміршекті балықтардың ішкі осмостық қысымы негізінен қанда еритін мочевина арқылы реттеледі. Дене қуысы сұйығының қысымы сыртқы ортаға қарағанда жоғары болады. Шеміршекті балықтар негізінен теңізде тіршілік етеді. Бұларды тұщы суға жіберсе, ішкі осмостық қысымы төмендейді де, олар тез өліп қалады. Араларында тұщы суда кездесетін түрлері бар, олар осмостық қысымын сақтау үшін өте көп мөлшерде зәр бөледі. Шеміршекті балықтардың барлығы да жыртқыштар. Бұлардың көп аулануына қарамастан, кәсіптік маңызы шамалы.

Акулалар отряды

Акулалардың 250-ге жуық түрі бар.

Өте шапшаң жүзетін қомағай жыртқыш

Мөлшері 20см-20м-ге дейін, салмағы 14 тонна

Атлант және Тынық мұхитта мекендейтін тұрқы 5 метрлік акула адамға өте қауіпті. Арктика теңіздерінде мекен етеін акуланың тұрқы 12 метрлі, ұсақ балық шабақтармен қоректенді.

Нашар көреді, өте иіс сезгіш

Торсылдағы болмайды

Қаңқасы шеміршекті

Іштей ұрықтанады, көпшілігі жұмыртқа салады, тіпті шабақтап көбейеді.

 

Тұтасқанаттылар отряды (скаттар)

Тұтасбалықтардың 350-ге тарта түрі белгілі.

КСРО теңіздерінде Азов және Қара теңіздерде 10-нан астам түрі бар.

Денесі ромб немесе тегеріш пішінді болып келеді.

Дене тұрқы бірнеше см-ден 6-7 м-г дейін, салмағы 2,5 тоннаға дейін жетеді.

Құрсақ жағында желбезек саңылаулары болады.

Тұтасқанаттылар жемін аулағанда кертпелі сояуды немесе электр зарядын пайдаланады (заряд кернеуі 8-ден 220 вольтқа дейін)

Жұмыртқа немесе тірілей (шабақ) туады

Еті жеуге жарамды.

 

Сүйекті балықтар класы

Сүйекті балықтарға: сазан, табан, тұқы, мөңке және т.б.

Сүйекті балықтардың денесі жұмыр және жалпақ

Тіршілік етуіне байланысты кейбір ерекшеліктері ғана болмаса, дене және мүшелер жүйесінің құрылысы шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтар бір-біріне ұқсас. Сондықтан сазанды алып оның ішкі сыртқы мүшелерін қарастырдық

 

 

Қоректенуі: Сазан – су өсімдіктерімен, суға жел ұшырып үсірген құрлық өсімдіктерінің тұқымымен, шаянтәрізділермен былқылдақденелілермен, әр түрлі ұсақ омыртқасыз жәндіктермен қоректенетін кәсіптік балық. Қорек ең алдымен балықтың аузына түсіп, соған жалғасып жатқан жұтқыншаққа қарай жылжиды. Жұтқыншақтың қабырғасы желбезек қуысымен жалғасады. Одан әрі жұтқыншақтан қарынмен жалғасатын өңеш созылады. Қарынның қабырғалары жұтқыншақтан түскен қоректі қорытатын сөл бөледі, сөйтіп қорек қарында қорытыла бастайды. Қарыннан қорегі қорытылып қанға сіңеді. Қан кенеулі заттарды сазанның бүкіл денесіне таратады. Қорытылмағандары аналь тесігі арқылы шығып кетеді.

Зәр шығаруы: ыдыраған заттарды, сұйық өнімді шығаратын мүше - бүйрек

 

Тыныс алуы: Сазанның тынысалу мүшесі – желбезек. Желбезек доғаларынан құралады. Әр доғаның бір жағында желбезек жапырақшалары, екінші жағында желбезек талшықтары орналасады. Желбезектің осындай нәзік бөліктерін желбезек қақпағы жауып жатады. Сазан суда еріген оттегімен тыныс алады. Тыныс алу кезінде жұтылған су желбезек саңылауы арқылы желбезек бөліктерімен ұласады. Ауа желбезек қақпағы арқылы сумен сыртқа шығады.

 

Қан айналымы: Сазанның қанайналым жүйесі екі бөлікті жүректен және қантамырлардан құралады. Жүректің жұқа қабырғалы жүрекшесі және қалың бұлшықетті қарыншасы болады.Сазан денесіндегі қанайналым – тұйықЖүрекке қан әкелетін тамыр – көктамыр, жүректен шығатын – салатамыр. Жүректің жұқа қабырғалы жүрекшесі жиырылған кезде қан жүректің бұлшықетті қарыншасына айдалады, ал қарынша жиырылған кезде ең ірі салатамыр – құрсақ қоолқасына өтеді, өйткені жүрекше мен қарыншаның қақпақшалары қанды кері қарай жібермейді.

 

Жүйке жүйесі:

Сазанның жүйке жүйесі – жұлын және мидан тұрады. Миы бес бөліктен тұрады: алдыңғы ми, ортаңғы ми, аралық ми, мишық, сопақша ми. Алдыңғы ми – тітіркену, жүйкеленуді қабылдайды. Ортаңғы ми – көруді. Мишық – қимылды. Сопақша ми тынысалуды, асқорыту, зәршығару әрекеттерін басқарады.

 

 

 

 

Сезім мүшелері: Сазан айналасындағы заттарды екі көз арқылы көреді. Алдыңғы екі танау тесігі арқылы – иіс сезеді. Аузында, сондай-ақ бүкіл сыртқы денесіндегі сезімтал жасушалар көп болғандықтан, сазан дәмді де ажырата алады. Сипап сезу мүшесі – мұрты. Сазан өте қатты болмасада  сырттағы дыбыстарды естиді және оның есту мүшесі сырттай қарағанда байқалмайды, бассүйектің ішкі жағында орналасады. Барлық балықтарға тән ерекше белгі – бүйір сызығы

 

Балықтарда болатын рефлекстер:

Балықтардың мінез – қылығы өте күрделі. Олар айналадағы ортаға өажеттіне қарай бейімделіп, шартты және шартсыз рефлекстерді орнықтыра және өзгерте алады.

 

Бекіту. Сәйкестендіру тест

Сүйекті балықтардың қазіргі кезде

Шеміршекті балықтармен  салыстырғанда қарапайым әрі кіші

Сүйекті балықтарда ерекше

Кета, нерпа, құныс балық жатады.

Аталық безден бөлінген сұйықтық

Саусаққанатты балықтар

Сүйекті балықтардың миының құрылысы

Сәулеқанатты және қалаққанатты балықтар

Шортан ,аққайран,табан, ақмарқа,сазан

Мүше- торсылдақ болады.

Албырттәріздестер отрядына

Сүйекті балықтар

Бұл балықтар ерте заманда кеңінен таралып,кейін жойылып кеткен .

Шоғал деп аталады.

Сүйекті балықтар негізгі 2 класс тармағына бөлінеді

20 000-нан астам түрлері бар

 

Үй тапсырмасы: §51 Балықтар жоғарғы класы. Әр оқушы 10 сұрақтан тест құрап келу.

 

 

№6 зертханалық жұмыс

1.     Тірі балықты бақылау

2.     Олардың сыртқы құрылысын зерттеу

3.     Қабыршақтары бойынша балықтың жасын   анықтау

4.     Балықтардың қаңқасын зерттеу

5.     Балықтардың ішкі құрылысын зерттеу

 

6.Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ": §51 Балықтар жоғарғы класы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Білімділік мақсаты:Балықтарға жалпы сипаттама беру. Балықтардың түрлері: шеміршекті, сүйекті балықтар класымен танысу. Сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері, сезім мүшелері. Торсылдақ және оның маңызы.Дамытушылық мақсаты: a)Балықтардың сыртқы және ішкі ортасымен, олардың сулы ортада тіршілік етуіне байланысты биологиялық ерекшеліктері, сыртқы құрылыс ерекшеліктеріне қарап, шеміршекті және сүйекті балықтарды бірінен-бірінтоптық жүйесіне сүйене отырып балықтарды ажырата білу білімдерін тексеру;ә)Оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін ой – өрісін дамыту.б)Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.д) оқушылардың алған білімдерін жинақтау және қолдана білуі

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 584 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.11.2020 930
    • DOCX 85.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Григорьев Александр Владимирович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 66346
    • Всего материалов: 231

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 809 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Биология")

Учитель биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе