Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАқсақ киік . СүСейфуллин

Ақсақ киік . СүСейфуллин

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: И дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты:

                      Білімділік: И дыбысы мен әрпін таныстыру.И дыбысы бар сөздерге

                                           талдау жасау. Ит, жеті қазына  туралы мағлұмат беру.

.

                      Дамытушылық: И дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы  

                                            балалардың тілін дамыту. Сурет бойынша әңгіме құрауға баули         отырып, ой –өрісін дамыту.

                      Тәрбиелік: Өз ойын еркін айтуға дағдырландыру, шапшаңдыққа,

                                            тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: жұмбақтар,сұрақ-жауап,ребустар, топпен, суретпен жұмыс.

Көрнекілік: қызыл, көк текшелер,слайд, кеспе әріптер.

 

Сабақтың барысы:

 

І Ұйымдастырушылық кезеңі.

Орындарымыздан тұрамыз,

Қолды биікке созамыз,

Содан белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір

Бір,екі,үш

Жоғары қолды созамыз

Тып-тыныш қана отырамыз.

 

ІІ. Жаңа сабақ

                     Тұмсығына жібін байлап

                      Сүңгіп батып,сүңгіп батып, бұл мықты,

                      Бүтіндейді жыртықты

                                                                              (ине)

                      Өзі төрт қанатты,

                      Және алты аяқты,

                      Сөйтсе де тікұшақа ұқсайды

                                                                         (инелік)

Табанынан тыз етiп,

Жүрсе дағы сыз өтiп.

Күнi-түнi ерiнбей,

Үйдi жүрер күзетiп.   (Ит)  Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:

1.     жүйрік ат;

2.     қыран бүркіт;

3.     құмай тазы;

4.     берен мылтық;

5.     қанды ауыз қақпан;

6.     майланғыш ау;

7.     өткір кездік.

 

-Ит қандай әріптен басталады?

-Дұрыс. Олай болса И әрпімен танысамыз.

- И-и-и

- Қалай айтылады екен?

- Созылып айтылады

- Демек бұл қандай дыбыс?

- Дауысты дыбыс

- Оны қандай текшемен белгілейміз?

- Қызыл текшемен

. И – еріннің артқа қарай тартылуынан жасалатын езулік дауысты дыбысты белгілейтін таңба.  И сөздің барлық буынында келеді.

IІІ Таяқшамен жұмыс: И әрпін құрастыру

 

IV дәптермен жұмыс.

 ИНЕЛІК сөзіне дыбыстық талдау.
Инелік -6 әріп, 6 дыбыс, 3 буын,3 дауысты дыбыс, (и,е, і) 3 дауыссыз дыбыс (н,л,к)

 

      И дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі

   И дыбысы бар сөздерді ойлату, буынға бөлу

- Балалар, осы әріпке ұқсас тағы қандай әріп бар?

- Й әрпі

 «И» және «Й» айырмашылықтарын түсіндіру.

 

1)    Инелік, шие сөздерін жаздыру

2)    И әрпін ауада жазу.Жазу жазғанда түзу отыру, дәптерлерді қиғаш қою ерекшелерін ескерту,әдемі жазуға бейімдеу.

3)    И дыбысының әріп таңбасын жаздыру.

 

V Сөз мағынасын ашу

    Ит – жануар
Ине – іс тігетін зат
инелік – бунақденелі, жануар
Иек – адамның мүшесі
Киік – жануар
кит – балық, су жануары
киім – адамның үстіне киетін матадан жасалған заты.
тиын – ақша
Тиін – аң
тиек – киімде болатын зат(ілгек)
Жиек – бір нәрсенің шеті
Иман – діни қызметкер
иман – мұсылман қауымы
шие – жеміс
                                             

VI Қорытындылау

-Қандай дыбыспен таныстық?

-И дыбысы қандай дыбыс?

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттік оқу 3сынып

Сабақтың тақырыбы:Ақсақ киік. С. Сейфуллин.

Сабақтың мақсаты: табиғаттың адам өміріндегі маңызын айта отырып, ондағы аңдарды атпау керектігі туралы, ақынның өмірі туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

А)тәрбиелік: табиғатты қорғауға, аңдарды атпауға, экологиялық тәрбие беру.

Б) дамытушылық: кейіпкердің іс әрекетіне өз пікірін, көзқарасын білдіру.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекіліктер: киік, шөл дала суреті С.Сейфуллин портреті, сызба, карточкалар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру. А) амандасу. Ә) түгелдеу. Б) зейіндерін аудару.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

-          Үйге қандай тапсырма берілді?

-          Киіктің айласы.

-          Киіктер неге жосып жөнелді?

-          Киіктің бір текесі оншақты қасқырды қалайша алдап кеттті?

-          Киіктің лағын қалай атайды?

-          Мәтінге сүйеніп аңдардың, жан-жануардың сақтанатын құралдарын ата

-          Мәтіннің авторы кім?

-          Әуелбек Қоңыратбаев

(Әр сұраққа жауап беру арқылы киік құрастырылады.)

Мәтінге психологиялық дайындық.

-«Киік- киелі аң» Киік те, адамды қоршаған табиғат та киелі. Оған қол жұмсау тіршілікке қол жұмсау. Ендеше біз бүгін С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік»  атты табиғат мәселесін кезінде көтерген өлеңімен танысамыз.

ІІІ Жаңа сабақ

-Сәкен Сейфуллин Қарағанда облысы, Жаңаарқа ауданында ауданында  1894 жылы туған. Сәкен- қазақ әдебиетінің өсіп, үлкен үлес қосқан ақын әрі жазушы. Көне әдебиет үлгілерін жинап,  кітап етіп шығарған зерттеуші. Қазақ жастарының оқып,  білім алуына зор көңіл бөліп,  мектеп оқулықтарын жасауға да қатысты. Сәкен Сейфуллин жалған жаланың құрбаны болды. 1938

- Бұрын С. Сейфуллиннің қандай шығармаларын оқыдық?

-Біржан. Туған өлкем.

-Демек, біз бүгін «Ақсақ киік» өлеңімен танысамыз. Киікті халық ауыз әдебиетінде киікке байланысты аңыз-әңгімелер, теңеулер жиі кездеседі. « Қырында киік жайлаған, суында балық ойнаған.» (Асан Қайғы) «Киігін қойдай қайырған» (Бұқар жырау) «Киіктің киесі бар» Халық арасында кеңінен тараған. Бұл наным-ұғымдардың көпшілігі  тікелей ақ бөкенге байланысты айтылған, өйткені киік деп халық көбінесе,  ақ бөкенді атайды. Сұлудың көзінің қаралығын ақбөкеннің көзіне теңеу, атты « бөкен қабақ», «бөкен желіс» деп суреттеу жиі кездеседі. Киік мүйізінен дәрі жасалады.

    Мәтінді мен оқимын, сендер мұқият тыңдаңыздар.(бейнетаспадан  киікті көру, ән тыңдау)

-          Киік бізге хат жолдапты. Мен окимын, сендер тыңдаңыздар.

« Қымбатты орман қорғаушылары. Бетпақдала көркі-киелі киік едім. Мүйізімді пайда деп тауып, еті жұғымды әрі тәтті деді де өзімді өлтіріп жатыр. Терімнен аяқтарына етік киіп, етімді сүйсіне жеуде. Осы адамды тауып, барлығын түсіндіріңіздерші. Мені құртатындай не жазығым бар. Ол адамның мынадай белгілері бар.

                                           Мерген

 


 Епті                                   аңшы                            батыл

 

                                               Төзімді

-бұл кім екен?

 -аңшы

- аңшы қандай мақсатпен аңға шығады?

                                    Таза ауада демалу үшін

 

 


Қажетіне пайдалану                       аңшылық                           серуен құру

 

 


                                                       Көңіл көтеру

-Ендеше, аңшылар мылтығының қарауылына көбірек ілініп, өте сиреп кеткен киікке көмек беру үшін аңшыға мақал-мәтелмен, тыйым сөзбен ақыл айтайық.

-Киік қырда, құндыз суда.

-Киікті атуға болмайды.

-Балығы болмаған көл құрысын,

Киігі болмаған шөл құрысын.

Жұмбақ

Жез бейнелі өзі

Кең дала еркесі,

Мөп-мөлдір көзі. (киік)

-Аңшылықтың бір түрі мергеншілік. Қазақ құс салып,  ит жүгіртумен қатар, мергеншілікпен, яғни садақ тартып, мылтық атып та аңшылық жасайтын болған. Ескі кездері садақ, кейінгі кезде мылтық-мергендік халықтың ерекше сүйген өнерінің бірі.

Құралай көрсе, көзге атқан,

Құланды көрсе, белге атқан,

Оң келгенін оң атқан,

Сол келгенін сол атқан,

Солақай тартса құлақтан.- деп келтірген.

Халық аңшылық- мергендікті, бір жағынан күнкөріс көзі деп білсе, екіншіден, үлкен өнер таныған. Аңшы- мерген жігіттерді мадақтаған, көпке үлгі- өнеге еткен.

  Сабақты қорытындылау.

-киіктерді көбейтуіміз керек, ол үшін сұраққа жауап берулеріңіз керек.

1) Бетпақ  даланы неге шөл деп атайды?

2) Киікті тағы қалай атайды?

3) Киік мүйізінен нелер жасалады?

4) Біздің елімізде неліктен киікті қорғау талап етіледі?

5) Өлеңнен киіктің сұлулығын бейнелейтін жолдарды тауып оқы.

6) Өлеңнен оқ тиген киік халін суреттеген тұстарды тауып оқы.

7) Ақын киіктің сұлулығы туралы өлеңде не делінген?

8) Өскенде киікті  көбейту үшін не істер едіңіздер?

Киігіміз көбеймесе, азаймайды деген үмітпен сабағымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттік оқу 3сынып

Сабақтың тақырыбы:Баланың айласы. Ы.Алтынсарин

Сабақтың мақсаты: жылан, түйе, ит, жеміс ағашы туралы мағлұмат бере отырып, жақсылық жасаудың маңызды екенін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

А)тәрбиелік: мейірімділік, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Ә) білімділік: жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Б) дамытушылық: жақсылық жасау іскерлігін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекіліктер: Ғалым, тас, сандық, жылан, түйе, жеміс ағашы, ит суреттері. Ы.Алтынсарин портреті.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру. А) амандасу. Ә) түгелдеу. Б) зейіндерін аудару.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

-          Үйге қандай тапсырма берілді?

-          Шал мен бала (сахналау)

-          Шал ілгері лықсып, құлай жаздағанда бала қолымен демеді. Сонда бізге қол не үшін керек екен?

-          Жақсылық жасау үшін.

-          Шал ақыл айтты: «Жақсылыққа жақсылық- әркімнің ісі.»  Құлақ не үшін керек?

-          Жақсы сөз тыңдау үшін.

-          Көз не үшін керек?

-          Жақсы нәрсе көру үшін.

ІІІ Мәтінге психологиялық дайындық.

-Балалар біз айла дегенді қалай түсінеміз?

-Айла ылаж, шара. Жылан сенің  ініңді тартып алғаны әділдік емес, бірақ оған еш айла жоқ. (Қазақ ертегісі) Ал, айлакер тапқыш, айлашыл, тәсілқой, қу мысалы: Хасен бай ақылды да, қу да, айлакер де.

- Ғалым деп қандай адамды айтамыз?

- оқымысты, ғұлама.

- Ы.Алтынсарин деген кім?

- Ы.Алтынсарин-халқына білім беріп, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, өзінің бар өмірін сол жолға арнаған адам. Қазақ балаларына арнап мектептер ашты. Оқулық жазды, өзі де бала оқытты. Сонымен бірге ол балаларға арнап әр түрлі тақырыпта көптеген өлең, шағын әңгімелер жазды. Орыс әдебиетінен балаларға лайық көркем шығармаларды аударды. Сол көркем шығармалардың бәрін де,  ол балаларға білім, тәрбие үлгілі өнеге беру мақсатын көздеді. Сондықтан да Ы.Алтынсаринді бұл күнде  «Қазақ балалар әдебиетінің атасы» деп те атайды. Ы. Алтынсариннің қандай өлең, әңгімелерін бұрын өттік?

- Кел, балалар, оқылық.

-Бұл кім? (Ана туралы) т.б

IV Жаңа сабақ.

-          Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ы.Алтынсариннің «Баланың айласы» әңгімесі.

-          Мәтінді мен оқимын сіздер тыңдаңыздар.

Сөздік жұмысы.

Төре (төрелік)-бұл жерде: шешім.

Әйдік-үлкен.

-          Жолда бізде , тас, сандық, жылан, түйе, жеміс ағашы, ит  кездесті түйені білеміз бе, ол қандай жануар?

-          Түйе бір немесе екі өркешті күйіс қайыратын ірі мал. Маң-маң басқан.

-          Көсілген кең даламен қаздай тізілген түйелі керуен келеді. Үстіне тең-тең жүк артылған жануарлар сирағын соза тастап сағым көтерген бұйраттарға бет алған. Көлеңкенің өзінде 50 градусқа дейін ыстық болатын жуық маңда бір жұтым су табылмайтын бұйрат-бұйрат көшпелі құм басып жатқан шөлдер бар. Түйе атам заманнан бері «Шөл кемесі» атанған ең төзімді күш көлігі. Түйенің ең басты қасиеті-оның шөл далаға бейімділігі. Оның құм ыстығын өткізбейтін қалың мүйіз табаны болады. Тығыз біткен биязы жүні қыста суықты өткізбейді. Ол аштыққа шыдамды, басқа мал жуымайтын тікенек шөптерді де жей береді. Ендеше, осы түйеге неге жамандық жасаймыз?

-          Ит туралы не білеміз?

-          Ит-жеті қазынаның бірі.

-          Ит адамның құлағы.

Жақсы ит малға серік.

Ит үрген жерде ауыл бар.

Ит –адамның серігі

Иттің ырылдасқаны амандасқаны деп те атайды.

-          Жеміс ағашы туралы не білеміз?

(Сурет бойынша әңгімелеу)

Сергіту сәті

Табиғатым тамаша,

Көз  тоймайды қараса.

Табиғатты қорғаймыз,

Жаман бала болмаймыз.

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді жоспар бойынша әңгімеле;

а) Ғалым мен жылан

ә) Ғалым мен жыланның түйеге жолығуы;

б) Олардың жеміс ағашына жолығуы;

в) Итке жолығуы.

г) Балаларға келуі.

-Енді мен сендерге бір ертегі айтып берейін. Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді. Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Тышқан жалына бастайды. «Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын»-дейді ол. Арыстан тышқанның «Жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жібереді.

             Келесі күні аңшылар арыстанды ұстап алып, ағашқа таңып тастайды. Тышқан арыстанның ақырғанын естіп, жүгіріп келіп тісімен қырқып: «Есіңде ме, сен менен жақсылық күтпеген едің ғой. Енді міне, тышқаннан да қайырымдылық келетінін көрдің» депті. Көрдің бе, кішкентай тышқан да арыстанға көмектесе алады екен.

1)      Жақсылыққа жақсылық жасауға асық.

2)      Өзгеге жақсылық жасағаның,

Өзіңе жақсылық жасағаның.

Ой қозғау стратегиясы.

 

                                              Адамгершілік

 

Қайырымдылық                     жақсылық                                        мейірімділік

 

            Ізеттілік                              адалдық                                 әділдік

Арқасында тауы бар,

Иір мойын жануар.

Шөлге төзіп, су татпай,

Ұзақ жолдан табылар. (Түйе)

Жағдаяттан шығу.

1)      Дала ыстық. Түйеге жегілген заттарың бар, біраз жүріп шаршадың. Түйең ауыр жүкті көтере алмай келе жатыр. Сенің әрекетің?

2)      Бақшаның алдында ит. Ит тауықтарды баққа кіргізбей тұр. Тауықтар шөлдеді. Сен қандай жақсылық жасар едің?

 

Не жақсы?                                Не жаман?                    (Әр оқушы тақтаға жазады)

Үлкенді сыйлаған                     Үлкенді тыңдамаған жаман.

                                                    Өтірік айтқан жаман.

                                                   Кітапты жыртқан жаман.

V Қорытынды.

-            Ендеше балалар, жаңағы ғалымға көмектескен балаға алғыс айтамыз. Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс әрекетіне жасаған істеріне жоғары баға беру.

Әдеп сақтап әманда,

Әрбір адал адамға.

Жасап жүріп жақсылық,

Қайырады саған да.

-Түйеге, итке, жеміс ағашына қандай жақсылық жасайсыздар?

1) Қандай жақсылықты жиі жасай аласың?

2) Жақсылық жасауды қайдан үйренесің?

«Мен мейірімді жүрегіммен айналама жақсылық жасағым келеді»

VІ Үйге тапсырма

Әңгімені мазмұндау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ақсақ киік . СүСейфуллин"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 675 070 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.12.2017 1116
    • DOCX 44.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Актурина Жангуль Абатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Актурина Жангуль Абатовна
    Актурина Жангуль Абатовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17546
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 195 человек из 51 региона

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 493 человека

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2691 человек из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 552 человека

Мини-курс

Подготовка и проведение тренинга

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе