Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Балаңыз мектепке дайын ба?" әдістемелік құрал

"Балаңыз мектепке дайын ба?" әдістемелік құрал

Скачать материал

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуден балаға

 

                                            Абай

 

 

                                   АЛҒЫ СӨЗ

 

Бұл бағдарлама 5-6 жастағы сабаққа қатыспайтын балаларға арналған. Бағдарлама кеңес беру арқылы жұмыс жұргізеді.  

Алайда, отбасында баланы тәрбиелеу мәселесінің арнайы зерттелмеуі, ата – аналар басшылыққа ала қоятындай ғылыми - әдістемелік және көмекші құралдардың жетіспегендігінен, отбасы тәрбиесін осы заманғы талап деңгейінде жүзеге асыруда қиындықтар келтіретіндігін жасыруға болмайды.

Уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан осындай өзгерістер үзіліссіз тәрбие негізі саналатын мектепке дейінгі мекемелерге, отбасы тәрбиесіне де қозғау салып, баланы тәрбиелеу, қарапайым білім негіздерін меңгерудің мазмұнын жаңартуды, осы заман талабына сай үйлесімді деңгейде қайта құруды міндеттейді.

Сол себептен Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында «Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері» туралы қаулысына сәйкес Білім беру жүйелері нақты айқындалып көрсетілген. Осы заңды жүзеге асыру туралы «Мектепке дейінгі мекемелердегі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жұмыс сапасын арттыру» туралы бұйрықтары, мектеп пен ата – аналардың міндеттері жөніндегі ережелері басшылыққа алынды. 

Тәлім- тәрбиенің сабақтастығы туралы М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде: «Бала бар нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы, сезімі, қайраты – бәрі бірге жұмсалады –дей отырып, адамның әрбір ісіне жан көріністерінің үшеуі де … ақыл, ішкі сезім, қайрат қатысатын болғандықтан үшеуін бірдей тең тәрбие қылу тәрбиешінің міндеті» - деген ой – пікірлері басшылыққа алынды. Балалардың білім мен тәрбиесіне қойылатын талаптар нақтыланып, даму деңгейі ескерілді. Тәрбиенің алғашқы қарапайым негіздерін қалыптастыру жайында мағлұматтар берілді. 

  Сонымен қатар ұсынып отырған еңбекте баланың мектепке дайындығын, яғни көру, қабылдау, есту, есте сақтау, зейіні мен ойлау қабілетінің даму барысын анықтауға арналған тапсырмалар мен ойын, жаттығулар және ата – аналарға арналған сауалнамалық сурақтар жинақталған.

Жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда балаларға қиындықтар кездессе қайтадан түсіндіріп орындалу барысына көмектесу қажет.

 

 

 

3

 Берілген тапсырманы бала орындап болған соң келесі тапсырманы орындау ұсынылады, кейбір тапсырмаларды  орындауда түрлі – түсті қарындаштар, ақ қағаз, фломастерлер беріледі. Тапсырмаларда беріл-ген суреттерді жалғастыру, төркөзге қайталап салу, сурет салу арқылы баланың қиялын ұштап, өзіндік әрекет етуіне мүмкіндік туғызады.

Баланың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту, ойлау қабілетін жетілдіру, қеңістік уақыт ұғымдарын тиянақтау ескерілді. Балаңыздың мектепке дайындығын байқауда танымдық процестері ( қабылдау, ес, ойлау, зейіні, қиял т.б) мен танымдық даму ерешеліктерінің шешуші маңызы бар.

Балалық шақтың ең әуес нәрсесі – ойын. Олар айналадағы дүниені ойын және ойыншықтар арқылы танып біледі. Ойын нәтижесінде баланың ақыл –ойы дамып, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.  Ойын бала үшін еңбек, әрі оқу. Сыртқы дүниеден қабылдаған, білімдік ұғымдар ойын нәтижесімен тиянақталып, тұрақты әдетке айналады. Сол себепті осы мәселені түйінді тақырып етіп алып отырмын.

 

А. Байтурсынов былай деген екен: «Бала оқытуын жақсы білейін деген адам бірінші балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам болуы керек. Оны білуге баланың туғанынан бастап өсіп жеткенше тәнімен, қатар ақылы қалай кіретін жолын білуі керек. Баланың ісіне түсіне қарап, ішкі халімен хабар аларлық болуы керек...»

Ойын – балалық шақтың табиғи серігі, қуаныш сезімінің қайнар көзі болғандықтан жобада жаңа технологияларды негізге ала отырып, қазіргі заман талабына сай өзекті мәселелер қарастырылды. Ол айналадан бақылап көргенін, танып қабылдаған нәрселерін ойын арқылы бейнелей көрсетеді. Сондықтан бала ойынын әншейін бір ермек деп ұғынбаған жөн. Ойын бала үшін еңбек, әрі оқу. Сыртқы дүниеден қабылдаған білімдік ұғымдар ойын нәтижесімен тиянақталынып, тұрақты әдетке айналады.

 

Күтілетін нәтиже

·        Бала түсінігіне ойынның әсері.

·        Жеке бастың дамуына ойынның әсері

·        Баланың психикалық дамуына ойынның әсері

·         Ойын - әлеуметтік қарым – қатынас мектебі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

Мақсаттары мен міндеттері

1.      Әр түрлі әрекеттерді ұйымдастыру арқылы танымдық қызығушылығымен білімпаздығын қалыптастыру (ойын, еңбек, оқу, қарым-қатынас...)

2.     Іс-әрекеті үрдісінде баланың жеке басын тәрбиелеу: еңбексүйгіштігін, ынтасын, жауапкершілікті және шыдамдылықты тәрбиелеу

3.     Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өз орнын түсіне білуге үйрету, өзінің жан дүниесіне зейінің ояту, баланың өзіндік сапасын дамыту.

4.     Құрбыларына жолдастық қатынасты, олармен бірге оқуды қалап, мүдделенуін қалыптастыру

5.      Қоғамдық себептестіктерді тоғыстыра білуін, олардың реттілігімен жүйелігін білуін қалыптастыру

Бала заттар мен құбылыстарды жоспарлы түрде бақылап, олардың әр түрлі қасиеттерін ажырата білуі, белгілі бір тапсырмаларды орындау барысында баланың іс - әрекеті қатесіз дұрыс болса немесе бір екі қатесі болса, әлде көп қатесі болса әр түспен белгілейді яғни:

Тамаша!

Жарайсың!
Жақсы!
деген сөздермен мадақтайды.

 

БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ: 

·        Баланы мектепке дайндау

·        Бала еңбегін үйде ұйымдастыру

·        Өзін - өзі күту

·        Бала тілін дамыту

·        Көркем шығармалардың тіл дамытудағы рөлі

·        Сурет арқылы бала тілін дамыту 

·        Ойындар мен ойыншықтардың тіл дамытудаға маңызы

·        Жеткінші ұрпақты табиғат қорғауға тәрбиелеу

·        Жануарлардың төлдерімен таныстыру арқылы тәрбиелеу

·        Отбасындағы еңбек тәрбиесіне баулу

 

 

 

 

 

 

 

5

Психологикалық даярлау деген не?

Мектепке түскенде өз эмоцияларын бағыттай алмайтын балалар қиын жағдайда болады. Кез келген реніш оларды күйзелтеді. Бұл жағдайда айналаны қабылдау қабілеті құрт төмендейді. Өз уаиымдарынан шыға алмаған балалар айналадағы оқиғаларды бағдарлай алуға мүмкіндігі жоқ, олардың зейіні төмендейді, ой қорытуға, логикалық ойлауға қабілеті жайылады. Кейде, балалар қабілетсіз болып көрінуі мүмкін, әсіресе стресс жағдайында: Мектепке қабылдау әңгімелесуінде, тестілуде, тақта алдында.

Сондықтан 5-6 жасқа қарай балаға өз сезімін және уайымын бақылауды үйрету, оны «өзін - өзі жұбату» тәсілдерімен таныстыру қажет. Мысалы: «Бәрі жақсы болады, бәрі өтеді, мен ақылдымын, мен істей аламын...»

Балаға қарапайым дем алу жаттығуларын (10 терең дем алу, дем шығару, «шеттету» техникасын барлық жағымсыз жағдайлар қалың шынымен ағынды сумен және т.с.с.) бөлек қоршаған деп елестетуді үйрету қажет.

Жалпы алғанда, баланың ақыл-ойы, дене және эмоционалдық дамуының деңгейіне қарамай, үнемі олардың өзіне сенімділігін қолдап, көңіл күйі жақсы, жаңа жағдайларға тез үйренеді және үлкендерге мұндай балалармен жұмыс істеу өте қызықты да жеңіл болады.

 

Жас кезеңдері және олардың мәні

Мектепке қабылдауда балаларда танымдық процестердің дамуының өте маңызды ерекшеліктеріне мыналарды атауға болады.

Тіл.  Мектепке барар алдында балаланың сөздік қоры кәдімгі өмірдің өзіне қатысты кезкелген мәселесі бойынша түсінісе алатындай дәрежеге жетеді. 6 жасар бала түсінікті тілмен қатынас жасай алады, яғни не туралы айту керегін жеткілікті түрде толық сипаттап бере алатын тіл деңгейінде, сондықтан да талқыланатын жағдай тікелей қабылдаусыз да толық түсінікті болады.

Сенсорлық даму. Бала түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оған ұсынылған заттардың да түрін пішінін дұрыс атай алады, заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп...) анықтай алады және мақсатты түрде қарау және көру, тыңдау және есту, т.б. қажетті біліктіктері қалыптасқан.

Зейін.  Тікелей қызығушылықпен байланысты, өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Балаларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс -әрекетпен айналасу өте қиын. Зейіннің бұл, ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін еңгізуге және іс-әрекет түрлері жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.

Ес. Мектепке дейінгі жас-естің қарқынды даму жасы. Ес бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді ойында қалдырады және сақтайды.

Ойлау. Тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды  меңгеру бірлігінде дамиды. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын байланыс- қатынастарының адам миында жалпылай және жаңаша түрде сөз арқылы

6

бейнеленеуі.

Қиял. 6 жасар қиялында әр түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әр түрлі жағынан  көрінеді. Тіл және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжет ойлап шығарып айтып бере алады, тез арада жанынан ойлап шығара алады (импровизация)өз шығармасына басқа адамдарды да қатыстыра алады: қиял бала өмірінде (үлкендерге қарғанда)үлкен орын алады

 

Бала тәрбиесі баршаның ісі. Отбасының да, мектептің де мақсат – мұддесі біреу – ол болашақ ұрпақ тәрбиесі . Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы ұя – отбасы, ата – ана құшағы. Жас сәбидің өмір табалдырығынан аттағандағы алғашқы еститіні анасының мейірбан сөзі, көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген де осының айғағы. Яғни, ата -әженің, әке – шешенің өнегесі, өнері балағаүлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе, ұядан ұшқанда да сол өнеге - өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз. Олай болса, баланы дұрыс тәрбиелеуге бесік жырынан бастап көңіл бөлген жөн. Баланы үнемі таза ұстау, белгілі уақытта ұйықтату, тамақтандыру, серуенге шығару, денесін шынықтыру, құлағын түрлі дыбыстарға жаттықтырып, атын атап шақыру, сөйлесу осының бәрі де оның болашақ өміріне қажетті дағдылардың бастама сабағы болмақ.

 

Баланың отбасындағы күнделікті іс - әрекеті

 

Ұйқыдан тұрғызу (жуыну, киіну, жаттығу жасау)                     -7:30 – 8:30

Ертеңгілік тамаұтану                                                                     - 8:30 – 9:00

Үйдегі сабақ (күніне – 2сабақтан)                                                - 9:00 – 10:00

Далаға серуенге шығару, еңбек                                                    - 10:00 – 12:30

Түскі тамақ                                                                                     - 12:30 – 13:00

Күндізгі ұйқа                                                                                  - 13:00 – 15:30

Бесін тамақ, еңьек                                                                          - 15:30 – 16:00

Ойын – ермектер                                                                            - 16:00 – 16:30

Далаға серуенге шығару (саяхаттар, театрлар)                           - 16:30 – 18: 00

Кешкі тамақ                                                                                    - 18:00 – 18:30

Баламен әңгімелесу, ертегі оқу, еңбек әрекеті                             - 18:30 – 19:30

Дербес әрекеті, ойын, серуен                                                         - 19:30 – 20:30

Ертегі тыңдау, оқу, теледидар көру                                              - 20:30 – 21:30

Ұйқыға дайындық                                                                           - 21:30 – 22:00

Ұйқы                                                                                                 - 22:00

 

 

Бала ой еңбегі мен дене еңбегінің қарапайым түрлерін орындау арқылы мақсатты орындауға бір пайдалы іс атқаруға кұлшынып отырады.отбасындағы еңбек тәрбиесінде мына міндеттерді жүзеге асыру көзделуге тиісті:

7

-         дене еңбегіне қатысты қарапайым дағдыларын қалыптастыру;

-         үлкенднр тарапынан берілген тапсырмаларды орындату барысында өзіндік ой – қортындылар жасай білу;

-         іс нәтижесіне жетуге, мақсаттылыққа үйрету;

 

                      Бала еңбегін үйде ұйымдастыру. (өзін - өзі күту)

 

Міндеттері

Еңбек мазмұны

1.      

Өз бетімен киініп шешіне білу, түймелерін түймелеп, ағыту, киімдерін өз орнына ілу.

Бас киімін шешу, үстінгі сораға қою. Пальто түймелерін ағыту. Пальто ілгекке ілу.

2.      

Дәретханадан шыққан соң, қолды сабындап жуу. Суды шашыратпай, жуынатын орынды таза ұстауға үйрету. Мұны тұрақты үстеуге баулу.

Жуынар алдында жеңді түріп, қолды сабындап жуу. Қолдан сабынды кетіріп тазалап болып орамалмен сүртіну. Шашын айна алдына тұрып тарау.

3.      

Шанышқыны, қасықты өз бетінше пайдалана білуді пысықтау. Тамақты аз-аздан алып ішуге үйрету.

Қасық сабының ортасынан оң қолымен ұстап, тағамды толтырып алмауға, шанышқаны да солай сабынан ұстап ас ішуге үйрету.

4.      

Балаларды тісін тіс пастасымен тазалауға үйрету, оны тазалауға үйрету, оны тазалаудың ретін түсіндіру, тісті күте білуге үйрету. Тіс қатарына қарай тіс щеткасының формасын тандай білу.

Щетканы шүмек астына ұстап, сумен жуу. Балаларға пастаны щеткаға қанша сығып түсіруді  көрсету. Тісті щеткасымен жақсылап ысу:

·        Астынғы , үстінгі тісті тазарту

·        Алдынғы тісті (астыңғы, үстінгі)жоғары-төмен, төмен-жоғары сыпыра тазалау;

·        Тістің қызыл етіне зақым келтірмейтін, қырқұлақ ауруына соқтырмайтын пасталарын ұсыну.

Баланы ауызша сөйлеуге үйрету мына түрде болады:

 

1.Сөз қорын дамыту;

2.Ауызша сөйлегенде сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға  үйретіп отыру;

3.Грамматикалық тәсілдерді үйрету. Үйренген сөздерін жекеше, көпше меншіктей айтуды меңгерту. Яғни, заттың атына байланысты сөйлескенде септеп, жіктеп, тәуелдеп айтудың қарапайым тәсілдеріне төселдеу.

4.Байланыстырып сөйлеуді меңгерту. Айналадағы дүниеден, күнделікті өмірден көрген – түйгені туралы әңгімелету.

5.Сауат ашудың қарапайым негіздерін үйрету.

 

Көркем шығармалардың тіл дамытудағы рөлі

 

 Мектеп жасына дейінгі баланың дүние танымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.

Балаларға оқылатын шығармалар олардың ой - өрісіне, дүние танымына әсер етерліктей болу үшін мына мәселелерді мұқият ескеру керек:

1.       Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдатуға, жаттап айтуға таңдалған материалдардың олардың даму деңгейіне, жас шамасына лайықты болуы.

2.       Арнайы жинақтаоған суретті кітапшалар, әңгіме – ертегілердің, мақал – мәтелдердің баланың өмірден алған әсерін, білім – дағдыларын, түрлі әдет – дағдыларын айқындай түсіндіріп, тереңдете, кеңейте түсерлік дәрежеде болуы.

3.       Оқылатын шығарманың суреттермен көрнекі бейнеленуі, шығарма кейіпкерлерінің мінез әрекетін, көрке образда бейнелену айқындылығы, нанымдылығы, шыеайлылығы.

4.       Айналадағы балаға танымал дүние, табиғаттың тамаша көріністерін, жыл маусымдарына қарай құбыла тұрленетін ғажайып өзгерістерін, пейзаждың суреттерін, оның себептерін, табиғат пен адам арасындағы заңды байланыстарды балаға ашып, көркем де түсінікті түрде суреттеп беретін, баланы сезімталдыққа, талғампаздыққа баулиды, оның зейін, қабылдау, таным әрекетін қалыптастыратындай болуы қажет.

5.       Әдеби шығармалардың тілі жеңіл де, көркем, балаға түсінікті, олардың сөз қорын жаңа сөздермен байытатындай болуы керек.

 

 

9

Сурет арқылы бала тілін дамыту

Мектеп жасына дейінгі бала көзбен көріп, таныған заттарын дұрыс қабылдап, елестете алады.Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда оларға суреттер көрсетіп, әңгімелесу әсерлі болмақ. Бала оқылған әңгіме, ертегі мазмұнын сурет арқылы тез қабылдап түсінеді. Баланың тілін, сана – сезімін жетілдіру, талғамын байытуда теледидар арқылы берілетін мультфильмдерді көрсетіп әңгімелесу, балаларға  арнайы берілетін «Кешкі ертегі», «Ойлан, тап» хабарларын балаға мұқият тыңдатып отыру қажет. 

Баланы ана тілінде анық,, таза сөйлеуге үйрету ісінде жұмбақ шештіру, жаңылтпаш, мақал – мәтел айтуға үйретудің маңызы зор. Жұмбақ шешу, жұмбақтап айтуға үйрету арқылы баланың логикалық ойы дамиды, өмірде көрген – білгенін есінде тиянақтауға негіз болады. Жаңылтпаш, мақал – мәтел – тіл дамыту, тіл жаттықтыру құралы. Бала сөзді дәл тауып, дұрыс қолданып дыбыстарды дұрыс айтуға үйренеді.

 

 Ойындар мен ойыншықтардың тіл дамытуға маңызы.

 

Балалар үшін ойын ермек емес. Олар айналадағы дүниені ойын және ойыншықтар арқылы танып біледі.Мысалы «Отбасы» ойынын ойнағанда бала қуыршақтарға рөлдер бөледі. Үй – ішіне керекті бұйым – жабдықтар жасайды. Оларға киім – кешек, төсек, төсеніштер даярлайды, ыдыс –аяқ, тағам әзірлейді. Осындай ойындар балаларды ұстамдылылыққа, жолдастыққа, достық қарым – қатынасқа тәрбиелейді. Бала дүкен ойынын ойнады делік. Ол үшін қант, конфет, печенье, түрлі тоқаш, нан, құрт, бауырсақ т. с. с. тағамдар керек. Ойын мазмұнды болу үшін балаға қағаздан тиын, кофет, шоколад қағаздарынан ойыншық «конфет», «шоколат» пластилинен немесе балшықтан жоғарыда аталған тағамдарды жасап көрсетіп, өздері жасап алуға үйретіп отыру қажет.   

 

Сауат ашу жұмыстары жайында.

 

Әрбір отбасы өздеріеің мүмкіндіктерін балаларының өсіп жетілу, даму деңгейін, денсаулығын ескере отырып, кеспе әріптерді пайдаланып, балаға дыбыс, әріп туралы ұғымдарды меңгертіп, 42 әріп таңбасын танытып, әліппе бойынша буын, сөз, сөйлем құрап айтуға, сөзді буынға, сөйлемді сөзге талдай білуге үйретуіне болды. Әрине, отбасы жағдайында бұл жұмыстар баланы отырғызып қойып, сабақ беріп шаршатумен емес, күнделікті уақыт мүмкіндігіне қарай, баламен сөйлесу, ойнату қарапайым тапсырмалар орындатумен іске асады.

 

 

 

10

 

  Жануарлардың төлдерімен таныстыру арқылы тәрбиелеу

Жануарлардың төлдерімен таныстыру арқылы, олардың сүйкімді қылықтарына деген қызығушылық сезімін, эстетикалық таоғамын арттырады.

Балалардың жануарлар дүниесі мен өсімдіктердің құпия сырларына деген қызығушылығын отбасында баққа, хайуанаттар паркіне саяхатқа бару, теледидар хабарларын көру т. б жұмыстары арқылы меңгеру ұсынады. Мәселен: демалыс күндері ата аналармен баққа бару, баллардың табиғаттың әдемі көрінісімен танысып, әдемілікке еліктеушілік қасиетін дамытады.

Түсті мозаикадан құрастырылған пішіндер

 

Бұл ойын балаға күрделі пішінін жіктей білуге, оның әр түрлі кеңістікте орналасқанын жекелеген элементтерін бөліп көрсетуге көмектеседі. Ойынды түрліше өткізуге болады.

1.     Дайын үлгіге қарап бейне құрастыру.

2.     Қажетті пішіндерді алдын ала іріктеп алып, дайын үлгі бойынша құрастыру.Бұл едәуір қиын тапсырма.

3.      пішіндерді алдын ала іріктемей – ақ, контур үлгісі бойынша бейне құрастыру.

4.     Қажетті пішіндерді алдын ала іріктеп, контур үлгісі бойынша бейне құрастыру.

 

Геометриялық пішіндердің ерекшеліктерін анықтау үшін баланың бұдан да жас кезінде пайданылған салу және қондыру әдістерін пайдалануға болады. Әр түрлі әдістердің көмегімен фигураларды тең бөліктерге бөлу, бөліктерден  біртұтас пішін құрастыру, таяқшалардан пішіндер жасау, ермексазбен жұмыс істеу. Мысалы, оған шар мен текшені салыстыруды үсынайық. Бала әрбір пішінді қолмен ұстап, көзбен көреді; жиегін айналдыра сипайды, үстел бетінде домалақтайды, бір қолынан екінші қолына алады, түрліше жағдайға қойып, қайсысы орнықты, қайсысы қозғалғыш екенін байқайды. Заттарды түсі, өлшемі секілді белгілеріне қарай топтастыру өте пайдалы.

 

Айналаны бағдарлау

 

Айналаны бағдарлауда серуен, қимылды ойындар мен тұрмыстағы алуан түрлі жаттығулардың зор маңызы бар. Мәселен, баламен бірге серуендеп жүргенде бала белгілі бір объектінің арасындағы қашықтықты анықтауға назар аударыңыз: қай объект бізге жақын, қайсысы алыс орналасқан, қай жол түзу, үйдің маңында қандай гүлдер өскен т.с.с.

Балалардың қағаз парағы бетінде бағдарлай білуіне ерекше көңіл бөлу керек. Ол үшін арнайы ойындар мен жаттығулар байдалануға болады. Мысалы, «Зейінді бол» Бұл ойын үшін картон карта немесе жай ғана қағаз парағы керек. (10см Χ 12см) балаға мынандай тапсырма беріледі:

11

парақтың жоғарғы бөлігіне 5 шаршы, төменгі бөлігіне 4 сопақ тікбұрыш

 қой. Одан соң пішіндерді өзгертуге болады. Мысалы, парақтың жоғарғы бөлігіне дөңгелектерді, төменгі бөлігіне сопақ пішіндерді орналастыр. Қашанда балалардың уақыт туралы түсінігін тереңдете түсу тиімді болмақ. Ол жиі – сирек, түн, күн, түн ортасы, т.с.с сөздерді түсініп дұрыс қолдануы, жыл мезгілдерінің ретін білуі, оларды өзіне тән белгілері бойынша айыра алуы, күн апталарын ретімен атауы, олардың апта ішіндегі санын білуі тиіс. Балалар тез – баяу әрекетінің жылдамдығын, оқиғаның болды, өтіп жатыр, бола бермек секілді өту жалпы шамада білуі тиіс.

Тапсырма. Доптардың санына қарай апта күндерін ата. Аптаның әр күнін қалай өткізесің?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қабылдау.

Тапсырма: Геометриялық фигураға сәйкес затты тап, сызықпен қос. Қандай фигура екенін ата.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

1.     «Жақсы көретін ойыншығын сипаттау»

Өзінің жақсы көретін ойыншығың туралы айтып бер. Оның аты қалай аталады? Ол қандай? Сен онымен қалай ойнайсың

Тапсырманы бағалау.

 (ж)- жоспарды ескере отырып сипаттайды, тілі сауатты, мәнерлі

 (о)- жоспардың пунктарын кезекпен айтуарқылы сипаттайды.

Тапсырма. Суреттерді боя және жыл мезгілдерін ата

 

 


Көктем  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаз 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13

Қыс    

 

 

 

 

 

 

 (т)- сипаттау орнына сұрақтарға қысқа жауап береді

Ойын «Бұл қашан болады?»

Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.

Кесте, құрал-жабдықтармен жұмыс:

1.     Айлардың аттарын ата?

2.     Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата?

3.     Әр мезгілде неше ай бар?

4.     Бір айта неше апта бар?

5.     Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?

 

Тапсырма: Нүктелерді қос. Суреттерді ата, боя.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Сиқырлы апшық». Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің үстінде сиқырлы қашық тұр. Ішінде әр түрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б. Балалар қолдарымен заттарды сипап бірдей заттарды тауып алғаннан кейін оны сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды

14

сыртқа шығарады

«Дыбыстарды анықта» жаттығу

Балаға түрлі заттар бейнеленген суреттер ұсынылады.  Баланың бұл затты білетіндігін тексеріңіз. Содан кейін сіз кез келген сөзді айтыңыз және баладан сол дыбыстан басталатын затты көрсетуін өтініңіз.

Мысалы: сіз «сүт» сөзін айтасыз, бала «сиыр» суретін көрсетеді, өйткені екі сөз де «С» әріпінен басталады.

«Фигураларды аяқта» жаттығу

Балаларға аяқталмаған, сызықпен бейнеленген түрлі геометриялық фигуралардың суреттерін көрсетеді, бірақ аяқталмаған. Оны баланың аяқтауын өтінесіз.

 

 

 

 

 

 

Ес.

Тапсырма. Суретші нені ұмытып кетті. Суретті аяқта, жяне боя.

 

 

 

 

 

 

Зейін. Суреттерді аяқта.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                                            

15

 

Ойлау.

Тапсырма: Не артық? Заттарды топтастыр, боя.

 

 

 

 

 

 

Ұсақ моторикасың дамыту:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Уақытты қабылдау жаттығу»

1.     Тәуліктің  уақытын ата?

а) Таңертен деген қай уақыт? (таңертен не істейтіндірін сипаттау)

б) Түс деген қай уақыт? (түскі тамақ ішілуі, дем алуы т.б.)

в) Кеш деген қай уақыт? (үйдегі іс-әрекетін айту)

г) Түнде не істейміз? (ұйықтаймыз)

2. Аптада неше күн бар?

3. Қандай күндер?

4. Жұмыс күндері қандай?

5. Демалыс күндер қандай?

Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар мен жаттығулар

Дидактикалық ойын «Бірдейлеп тап» немесе  «Жұбын тап»

16

Қандай да бір белгісімен өзгешіліктерімен  бірнеше бірдей заттарды бейнеленген карточка ұсынылады, заттра арасында толығымен  бірдей екі зат бар заттардың саны : оқу жылының басында 6, ортасында10, соңында 15

Бала бірдей заттарды көрсетуі керек.

 

«Өз орнынды тап» ойыны

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

 

«Дайын бол» ойыны.

Балалар шеңбермен жүрежі. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс –қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян- секіреді, ат шабады, құс-ұшады, ләйлек- бір аяғымен тұрады.

 

«Сендердің көңіл- күйлерін қалай?» жаттығу

Сендер көңіл-күйіміз жақсы- дедіңдер, енді осы жақсы көңіл-күйлеріңді көрсетіңіздерші

1.     Көңілді болғанда не істейміз?

2.     Ренжігенде? (бұртияды, қабақ түсіреді)

3.     Қорыққанда? (көздерін жұмады)

4.     Қуанғанда , көңілденгенде (күледі)

5.     Таң қалғанда  (көздері шарасынан шығады)

«Айырмашылығын тап» жаттығу

Бала берілген жұп суреттерде барлық айырмашылықтарды атау ұсынады.

 

«Суреттің екінші бөлігін сал және боя» жаттығу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17

 

Еркін есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

 Дидактикалық ойын «Есіңе сақталғаныңды айт»

Тапсырманы орындау үлкендердің нұсқауымен материалды еске сақтап және қайталап айтып беруін талап етеді. Ол әдейі, есте сақтауға және кейін еске түсіруге негізделген.

Жылдың басында және ортасында 6 зат ұынылады: стакан, табақша, ваза, жүзік, пирамида, зырылдауық. Жылдың соңында оған тағы үш зат қосылады: құмыра, текше, шар.

Тәрбиеші: (ата-ана) «Ойыншықтар мұқият қара да еске сақта. Мен оларды  жинап алған соң, сен оларды еске түсіріп, аттарын айтуың керек»

«Ойыншықты сипатта» ойыны

Балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуды ұсынады. (1мин)

Мысалы: қуыршақ,түлкі , қоян, түйе т.б. Алынатын ойыншықтар түрлі –түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып,  балалардан сол ойыншықтың түрлі-түсті пішіні, көлемі, дене бөліктерін есінде сақталғанын сипаттап әңгімелеп беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

Орныңды тап» ойыны. Балалар шеңберге тұрады. Әр бала  өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірнеше белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау)

Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғаның  есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын  тапқап балалар мадақталады, таба алмағандар ойыннан шығады.

Мен- фотоаппарат» ойыны

Балаға өзін кез келген затты, жағдайды, адамды және т.б. фотоға түсіріп алатын фотоаппарат түрінде елестетуін сұраңыз.

Мысалы,  бала бірнеше секунд ішінде жазу үстелнің үстінде тұрған заттарды мұқият қарайды. Сосын көзін жұмады да, есінде сақтағандардың бәрін айтып шығады. Осылайша балалардың тек есі ғана емес, зейінінде дамытуға болады.

 

«Ойыншықтар әлемі» жаттығу

1.     Топтарыңда қандай ойыншықтар бар?

2.     Саған өзіңе ұнайтын «ең әдемі ойыншықты кім сыйлады?»

3.     Ойыншықтар неден жасалады? (ойыншықтар түрін алдарына қою, ағаштан, қағаздан, резинадан, пластмастан, матадан т.б.) Осы ойыншықтарды ұстап көру арқылы сипаттап айтып беру.

4.     Ойыншықтар туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар, білесіңдер ме?

5.     «Менің сүйікті ойыншығым» тақырыбына әңгіме құрастыру

18

 

Ойлауды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

 

 

«Ойлан да аяқта» ойыны

 

-Лимон қышқыл, ал қант ...(тәтті)

-Егер  үстел орындықтан биік болса, онда орындық ...(үстелден аласа)

-Екі, бірден көп, ал бір ...(екіден аз)

-Сен аяғымен жүресің, ал затты ұстағанда немен ұстайсың ...(қолмен)

-Самал үйден Айманнан бұрын шықты, ал Айман ... (кейін)

-Өзен арықтан терең, ал арық ...(таяз)

 

«Қарама-қарсы сөзді ата» ойыны

Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен балалардың  арасында тұрады.  Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып  белгілі бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөздерді тауып айтуға тиісті. Мысалы:  Ащы- тұщы,жақсы – жаман

Қара-

Күн-

Аласа-

Қай бала шатасып қалса немесе жауабын айтпаса,ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады ойын қайталанады.

 

«Сөзді аяқтау» жаттығу

Балаға мынандай  ойын ойнауды ұсыныныз: Сіз сөздің бірінші буынын айтып бастайсыз, ал ол аяқтайды.

«Менің               не айтқым келеді, ойлап тап! Ба...»- осылай сіз ойынды бастайсыз.

Барлығы 10 буын ұсынылады: 1) би; 2) cа; 3) ша; 4) та; 5) да; 6) жа; 7) же; 8) ше; 9) ке; 10) бе

Егер  бала тапсырманы жеңіл де жылдам орындаса, оған бір-емес шамасы келгенше бірнеше сөз ойлап табуын ұсыныңыз. Мысалы: ба- ла,ба-тыр, ба-ла-пан, және т.б.

 

«Артық суретті тап»

Суреттер сериясын таңдап алыңыз. Онда әрбір үш суретті ортақ қасиеті бойынша  топқа біріктіруге болатын, ал төртіншісі артық болсын

Балаға алғашқы төрт суретті көрсетіңіз де, артық  біреуін алып тастауға өтініңіз.

 

 

 

 

 

 

 


19

«Көңілді сөз»

Балалар шеңбермен отырады. Барлық отырғандар кезекпен өзінің қасында отырған адамға қарап көңіл көтеріп бір сөз айтады. Мысалы: (сен бүгін әдемісің)

 

     Қиялды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

«Пантомимо»  ойыны

Бұл ойын қиялды және шығармашылық  қабілеттерді дамытуға арналған.

Баланы дене қимылдарымен, дыбыстармен қандай бір затты (поезд, машина, шайнек) немесе іс- әрекетті (жуыну, шаш тарау,сурет салу, жүзу)бейнелеуін сұраңыз.

«Сиқырлы дөңгелектер»

Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың  бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұрттарын сызып мысықтың бейнесін салады.

Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның суретін салып бала өз

Қиялы бойынша суретті толықтырады.

«Қиял жалғасы»

Балалардың назарын тақтаға аударып тәрбиеші бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.). Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады.

Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларынан толық сурет  салып береді екен деп өз алдыларындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды.

«Нүктелер» жаттығуы.

Балаларға мысал түрінде, нуктелерді қосып қалай сурет салуға болатынын көрсетіңіз. Ал енді оның өзінен нүктелерді қоса отырып сурет, бейне салып көруін өтініңіз . Әрбір жағдайда барлық нүктелерді қолдану міндетті емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20

«Құрастыру» жаттығуы

Геометриалық фигураларды дөңгелек, жартыдөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, квадратты қолданып, баладан мүмкіндігінше көбірек заттардың суретін салуын өтінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сөздік қорды байыту

Дидактикалық ойын: «Сөз ойла- тез ойла»

А)қарама қарсы сөздерді ата (Ауыр – жеңіл, алыс- жақын,ащы- тұщы, төмен- жоғары, алға-артқа, оңға –солға)

Ә) Мағыналас сөздерді айтып бер:

Тез; жылдам, шапшаң, лезде, сәтте;

Сұлу; әдемі, көрікті, көркем, әсем ж.т.б.

 

Көркем әдебиетпен таныстыру.

Көркем әдеби шығармаларды оқып түсіндіру. Ертегі, әңгіме айтып беру.

-әнгіме құрату;

-жыл мезгілдерін сипаттау;

-мақал-мәтелдер айтқызу;
-жұмбақ шешкізу;
-жаңылпаш айтқызып жаттықтыру;
-сурет бойынша әңгіме құрату.

 

Сауат ашу мен жазу

1)    Әріптерді ата. Сөз ойла, сөйлем құра.

2)    Дыбыстардың айтылуын анықтау

a)     дауысты (жуан, жіңішке)

ә) дауыссыз (қатаң, ұяң, үнді)

21

3) Дыбыс пен әріпті ажырата білу

4) Өрнектерді жазу

 

Математикалық қарапайым түсініктерді қалыптастыру

1.     Санау

2.     Аз, көп, үлкен, кіші, қысқа, тар т.б.

3.     Сандарды ажырату

4.     20-ға дейінтура және кері санау

5.     Көлем, пішін. Геометриалық фигураларды салыстыру , теңестіру

6.     Уақыт, кеңістік

7.     Ауызша есептер шығару

Айналамен  таныстыру, экология негіздері

-серуенде, саяхатта көргендерін әңгімелеп беру;

-табиғат құбылыстары туралы әңгімелеу;

-туғанжердің тазалығын сақтау;

-айналаның (ауаның, судың)тазалығын сақтау

-құстарға аңдарға қамқорлық жасау

Бейнелену  өнеріне бейімділігін байқау

1.      Сурет салу

 Дидактикалық ойындар. «Сыңарын тап», «Түс таңда», «Өрнекті кілем»,        «Түскиіз» т.б.

2.      Мүсіндеу

Сазбалшық немесе ермексаздап ойын жаттығулары: «Менің сүйікті ойыншықтары», «Дастархан», «Ертегі кейіпкерлері» т.с.с.

3.     Жапсыру

Дидактикалық ойын: «Кемпірдің түстері», «Ыдыстар» т.б.

Музыка жайында қарапайым ұғымдары бекітуге арналған сауалдар

Үн таспадан тыңдаған әуен сазының сипаты қандай?

(Көңілді, мұнды, жылдам, марш т.б.)

-Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?

-Музыка әуенімен би қимылдарын жаса. (Қазіргі би. Қазақ биі, және басқа ұлттар әуені бойынша) т.с.с.

Дене шынықтыру

Берілген бұйрық бойынша қимыл-қозғалыс жасау. (жүгіру, отырып тұру, адымдап жүру)

Ата-аналармен байланыс

Бала есейген сайын өзі атқарар істер күрделіне түседі. Олар да үлкендердің еңбек процесінееліктеп, өздегінен бір пайдалы іс атқаруға талпынады. Олай болса, баланың осы әдетке отбасынан  біртіндеп жаттыға бастауы керек. Отбасында бала тәрбиесі иелі жүргізіліп отырса, түрлі ойын мінез-құлық дағдыларына үйреткені де сөзсіз. Сол себептен отбасы мүшелері арасында бала тәрбиесі біріңғай талап болуы тиіс.

 

 

22

Ата-аналарға арналған сауалнама

Тақырыбы: Отбасындағы баланың рөлі

-Күніне балаңызға қанша уақытыңыз бөлінеді?

-Отбасыңызда қандай мерекелер және дәстүрлер аталып өтіледі?

-Балаңыздың сүйікті ойыншығы және қандай ойындар ойнайды?

-Үлкендер  баламен қандай ойындар ойнауға болады?

-Баланың компьютермен, теледидармен қатынасы?

-Балаңыз неден қорқады?

-Баланың сүйікті кітабы?

-Сурет сала ма? Немен салады (субаяқ, қарындаш, фломастер)?

-Аға, іні- қарындастары бар ма? Олармен қарым- қатынасы қандай?

-Достарымен ше?

-Отбасыңызда тірі табиғат бұрышы бар ма?

-Оларға үлкен-кішінің қарым-қатынасы қандай?

Жауабыңызға Рахмет!

Өз балаңыз туралы не айтасыз?

1.      Аты –жөні:______________________________________

2.      Туған күні: ____________

3.     Балаңыздың қандай өнері бар? _________________________________

4.     Немен шұғылдаңганды жақсы көреді?___________________________

5.     Балаңыздың жұмысы, ынтасы қалай? ___________________________

6.     Қай қолымен жұмыс істейді?__________________

7.     Әңгіме айтқанды ұната ма, ертегіні, мульт, көрген киносы, фильмді әңгімелеп айта ала ма?_______________________________________

8.     Дыбысты дұрыс айта ала ма? __________________________________

9.     Қандай дыбысты айта алмайды? _______________________________

10.  Балаңыз қалай тамақтанады? __________________________________

11. Қалай ұйықтайды? ___________________________________________

12.  Достарымен қандай қарым- қатынас? ___________________________

13.  Топпен немесе  жеке ойнағанды ұната ма?_______________________

14.  Мектепке дейін жиі ауырды ма?________________________________

15.  Өз балаңыздың тәртібімен мінезінде қандай өзгершілікті көріп жүрсіз?

 

 

Қортынды

 

Ойынның қай түріне болмасын зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, одан мәндіде мағыналы істер туындайды. Бала мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап мектеп бір әдемі де қызықты үйге айналуы тиіс. Ойын баланың негізгі әрекеті болғандықтан өз сабақтарымда мен әр түрлі ойын түрлерін қолданамын: ойын-тапсырма, ойын-саяхат, ойын-жұмбақ, ойын-болжау сол сияқты логикалық жаттығулар, рөлді  көріністер, шығармашылық жаттығулар т.б. түрлері.

23

5-6 жастағы баланың сөздік қоры жеткілікті, бірақ ол әлі дұрыс дамымаған сол себептен баланың тілі және ойлау қабілеті осы іс-әрекеттер барысында кеңейе  бастайды. Берілген тапсырма түрлері де қарапайымнан күрделіне түседі. Бұл үшін ойынды үш кезеңге бөлдім. Біріншісі- баланың қызығушылығын ояту, екіншісі-мағынасын ашу, үшінші- ой толғаныс кезеңі. Жұмыс жеңіл және нақтылау сұрақтардан басталады, сосын шығармашылық сұрақтар қосылады. Мысалы: «Не болар еді, егер де...» деген ойын. Ойын мақсаты: ойлап табу қабілетін жетілдіреді. Ойдан шығаруға үйретеді.Бұл ойынға кез келген бастауыш мысалы «қой» және баяндауыш «сөйлей алса» деген сөздерін алсақ, мынандай сөйлем шығады: «Егер де қойлар сөйлей алса, не болар еді?»

Балалардың болжамдары: Олар бізге адамдар сияқты ақылды екендігін айтушы еді т.с.с.

Немесе «Не болар еді,егер де қалалар ұша алса...» «Не болар еді,егер күн сары емес, көк болса...» т.с.с. сұрақтарға балалар жауап іздегенде өздерінше ойлап сөйлем құрастыра алады.

Немесе «Лимирик» ойыны. Бұл ағылшынша жүйеге келтірілген  мағынасыз төрт шұмақтың нұсқасы дегенді білдіреді. Бұл ойынды ойнау алдында балаға өлең  құрастырудың тәсілін түсіндіреміз. Оның мағынасы азда болса ертегі, жұмбаққа ұқсас болу керек.  Тіпті түсініксіз сөздерді де пайолануға болады, бірақ ұйқастық сақталуы керек.

1 жол- кейіпкерді таңдау

2 жол- кейіпкерге және оның іс-әрекетіне мінездеме беру.

3 жол-іс-әрекет (Кейіпкер оны қалай іске асырады)     

4 жол- соңғы эпитетті таңдау, немесе кейіпкерге өз қөзқарасын білдіру

Сонда Мәрзия деген қыз былай құрастырды:

Қуыршағым менің

Ол ақылды сондай.

Арбасынан құлады

Бірақта, жыламады.

Сонымен қатар мен өз жұмысымды ата – анамен тығыс байланыста жүргіземін. Аптасына бір рет ата –анамен балаға тапсырма беремін. Мысалы: «Ойыншықтар дүкеніне мақсатты саяхат жасау», «Сөздерді ұйқастырып құрап ойнау» т с с.

Халық үшін тәрбие-тұтас дүние. Оның мақсаты- баланың сәбилік шағынан ұлтымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі бойына сіңіріп, сол арқылы оны ізгілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Бұлс туралы ұлы  ойшыл Абай: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғылады: біріншісі- ата-анасынан, екіншісі- ұстазынан, үшіншісі- құрбысынан деген екен

 

 

 

 

 

24

Пайдалынған әдебиеттер

 

1.     «Мектепалды топтарында қысқа мерзімде баланы мектепке даындау бағдарламасы» М. Сәтімбекова 1999 Алматы

2.     «Готовим детей к школе» Р.С. Буре 1987 Просвещение

3.     «Воспитание детей в игре» А. К. Бондаренко 1979 Просвещение

4.     «Баланыз мектепке дайын ба?» Ф. Н Жұмабекова 2003 Астана

5.     «Алты жастағы балаларды оқыту мәселелері» Б. Баймұратова 1986 мектеп

6.     «Режим дня в детском саду» Т. Л Богина, Н. Т. Терехина 1969 Просвещение

7.     «Энциклопедия для родителей»  Г. Н. Плотникова 1995 Балауса

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25

 

                     Өзектілігі

А. Байтурсынов былай деген екен: «Бала оқытуын жақсы білейін деген адам бірінші балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам болуы керек. Оны білуге баланың туғанынанбастап өсіп жеткенше тәнімен, қатар ақылы қалай кіретін жолын білуі керек. Баланың ісіне түсіне қарап, ішкі халімен хабар аларлық болуы керек...»

 

Ойын – балалық шақтың табиғи серігі, қуаныш сезімінің қайнар көзі болғандықтан жобада жаңа технологияларды негізге ала отырып, қазіргі заман талабына сай өзекті мәселелер қарастырылды.

 

 

 

                              Күтілетін нәтиже

-         Бала түсінігіне ойынның әсері.

-         Жеке бастың дамуына ойынның әсері

-         Баланың психикалық дамуына ойынның әсері

-          Ойын - әлеуметтік қарым – қатынас мектебі.      

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Балаңыз мектепке дайын ба?" әдістемелік құрал"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл бағдарлама 5-6 жастағы сабаққа қатыспайтын балаларға арналған. Бағдарлама кеңес беру арқылы жұмыс жұргізеді. Алайда, отбасында баланы тәрбиелеу мәселесінің арнайы зерттелмеуі, ата – аналар басшылыққа ала қоятындай ғылыми - әдістемелік және көмекші құралдардың жетіспегендігінен, отбасы тәрбиесін осы заманғы талап деңгейінде жүзеге асыруда қиындықтар келтіретіндігін жасыруға болмайды. Уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан осындай өзгерістер үзіліссіз тәрбие негізі саналатын мектепке дейінгі мекемелерге, отбасы тәрбиесіне де қозғау салып, баланы тәрбиелеу, қарапайым білім негіздерін меңгерудің мазмұнын жаңартуды, осы заман талабына сай үйлесімді деңгейде қайта құруды міндеттейді. Сол себептен Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында «Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері» туралы қаулысына сәйкес Білім беру жүйелері нақты айқындалып көрсетілген. Осы заңды жүзеге асыру туралы «Мектепке дейінгі мекемелердегі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жұмыс сапасын арттыру» туралы бұйрықтары, мектеп пен ата – аналардың міндеттері жөніндегі ережелері басшылыққа алынды.Тәлім- тәрбиенің сабақтастығы туралы М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде: «Бала бар нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы, сезімі, қайраты – бәрі бірге жұмсалады –дей отырып, адамның әрбір ісіне жан көріністерінің үшеуі де … ақыл, ішкі сезім, қайрат қатысатын болғандықтан үшеуін бірдей тең тәрбие қылу тәрбиешінің міндеті» - деген ой – пікірлері басшылыққа алынды. Балалардың білім мен тәрбиесіне қойылатын талаптар нақтыланып, даму деңгейі ескерілді. Тәрбиенің алғашқы қарапайым негіздерін қалыптастыру жайында мағлұматтар берілді.Сонымен қатар ұсынып отырған еңбекте баланың мектепке дайындығын, яғни көру, қабылдау, есту, есте сақтау, зейіні мен ойлау қабілетінің даму барысын анықтауға арналған тапсырмалар мен ойын, жаттығулар және ата – аналарға арналған сауалнамалық сурақтар жинақталған.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 291 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.06.2020 1239
    • DOCX 2.1 мбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гулькова Ксения Юрьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Гулькова Ксения Юрьевна
    Гулькова Ксения Юрьевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 76861
    • Всего материалов: 233

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 274 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 841 человек из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 383 человека

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов