Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Бала тілі бал" ертеңгілік

"Бала тілі бал" ертеңгілік

Скачать материал

№9 “Еркемай” бөбекжайы МКҚК

 

 

 

 

 

 

“Бала тілі бал”

(Ата заң күніне арналған ертеңгілік)

 

 

 

 

 

 

 

 

Саз жетекшісі: Сапарова Ж.Т

 

 

 

 

 

2015 -2016 оқу жылы

Ата Заң күніне арналған

Ÿ   

Жүргізуші: Саламатсыздар ма құрметті көрермендер! «Бала тілі бал» атты бағдарламамызды ашық деп жариялаймын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Бүгінгі бағдарламамыз Ата Заң Конституция күніне арналған.
1995 жылғы тамыздың 30 - ы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданған күні.

Конституция әрбір мемлекеттің басты заңы. Осы заң арқылы сол ел азаматтарының құқығы мен міндеттері белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы қадағаланады.
Біздің ортада қатысушыларымыз отыр, олар
«Сұңқар» команда – Аян, Дильназ, Ғазиза, Жұлдыз, Аружан;
«Таңшолпан» команда – Надира, Асылжан, Ажар, Диас, Арда;
«Ақбота» команда – Ажар, Абылай, Диас, Темірлан, Индира.
Ендеше қазылар алқасымен таныстырып өтейін...
Байқауымыз бес сайыстан тұрады:---
1сайыс «Сұрақ жауап»
2сайыс «Мақал мәтелдер»
3сайыс «Жаңылтпаш»
4сайыс «Құрастыру»
5сайыс «Ойын»
Біздің командалар дайын болса 1 сайысымызды бастаймыз. І сайыс «Сұрақ жауап». Бір командаға сұрақтар қоямын, сол команда жауап береді. Дұрыс жауап бес ұпай.
«Сұңқар» тобына сұрақтар: 
1. Қазақстан Республикасының бас қаласы қандай қала? 
2. Рәміздерді ата.
«Таңшолпан» тобына сұрақтар: 
1. Қазақстан Республикасының президенті кім? 
2. Біздің қаламыз қалай аталады?
«Ақбота» тобына сұрақтар: 
1. 30 тамызда қандай мейрамды тойлаймыз? 
2. Қандай Республикада тұрамыз?


2 кезең сайысымызға көшеміз. 
2 сайыс «Мақал мәтелдер». Әр команда туған жер, Отанға арналған мақал мәтелдерді айтады. Команда қанша мақал мәтел айтады, соншама ұпай жинайды.
3сайыс «Жаңылтпаш». Команда басшылары бір жалаудан таңдап тапсырманы орындайды. Тапсырма - үш рет айтылған жаңылтпашты дұрыс қайталау.

Ақ доп, соқ деп.

 

Тұз мұздай, мұз тұздай.

 

Бос шатыр, бос жатыр.


4 сайыс «Құрастыру».

Қараңдаршы, балалар біздің төрде не тұр?

Ол қандай түсті?

Не бейнеленген?

Қыран құс пен күннің түстері қандай?

Ал ендеше командалар  музыка әуенімен құрастыруды бастайды.

1. Қыран бүркітті құрастыру

2.Күнді құрастыру

3.гербті құрастыру


5 сайыс «Ойын». Әр мемлекеттің өзінің заңы, рәміздері, ұлттық тағамдары, киімдері, аспаптары бар. Ал біздің ұлттық аспап қандай? Осы домбырамен ойын ойнағыңыз келе ме? Онда бәріміз үлкен шеңберге отырамыз. Мен домбырашы болып шеңберде жүремін, ал сендер өлеңдетесіңдер.
Домбыраның құлағын,
Мәнерімен бұраймын,
Достарыңды ертіп кел,
Содан кейін шертіп көр.


Өлең біткен соң екі баланың қасына тоқтаймын, олар 1, 2, 3 дегенде қарама қарсы жүгіреді. Кім бірінші домбыраға жетеді сол жеңімпаз болады.


Қазылар алқасы өз шешімдерін жарияланғанша, Тақпақтарға кезек беремін.
1- бала

 Халық қамын ойлаған
Әділдігін жоймаған.
Отызыншы тамызда
Ата заңын тойлаған.
Байлығы мол жерім бар,
Берекелі елім бар.
Ата заңмен қорғалған,
Болашаққа сенім бар.


2- бала

 Еркесімін елімнің,
Кемсіте олар мені кім?!
Қорғалады Заңменен
Сайлығы да денімнің.


3-бала

 Шалдықпадым, талмадым,
Арманды алға жалғадым.
Конституция қорғаным,
Атасы ол бар Заңның!


Қазылар алқасына сөз береміз.
І орын
ІІ орын
ІІІ орын


Жүргізуші:

Білім алам, дем алам,
Отан туған өз анам!
Ата заңым тұрғанда
Еш болмаймын мен алан дегендей Ата Заң Конституция күні құтты болсын! Еліміз тыныш болсын! Осымен біздің «Бала тілі бал» 30 тамызда өтетін Ата Заң Конституция күніне арналған бағдарламамыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Бала тілі бал" ертеңгілік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жүргізуші: Саламатсыздар ма құрметті көрермендер! «Бала тілі бал» атты бағдарламамызды ашық деп жариялаймын! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. Бүгінгі бағдарламамыз Ата Заң Конституция күніне арналған. 1995 жылғы тамыздың 30 - ы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданған күні. Конституция әрбір мемлекеттің басты заңы. Осы заң арқылы сол ел азаматтарының құқығы мен міндеттері белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы қадағаланады. Біздің ортада қатысушыларымыз отыр, олар «Сұңқар» команда – Аян, Дильназ, Ғазиза, Жұлдыз, Аружан; «Таңшолпан» команда – Надира, Асылжан, Ажар, Диас, Арда; «Ақбота» команда – Ажар, Абылай, Диас, Темірлан, Индира. Ендеше қазылар алқасымен таныстырып өтейін... Байқауымыз бес сайыстан тұрады:--- 1сайыс «Сұрақ жауап» 2сайыс «Мақал мәтелдер» 3сайыс «Жаңылтпаш» 4сайыс «Құрастыру» 5сайыс «Ойын» Біздің командалар дайын болса 1 сайысымызды бастаймыз. І сайыс «Сұрақ жауап». Бір командаға сұрақтар қоямын, сол команда жауап береді. Дұрыс жауап бес ұпай. «Сұңқар» тобына сұрақтар: 1. Қазақстан Республикасының бас қаласы қандай қала? 2. Рәміздерді ата. «Таңшолпан» тобына сұрақтар: 1. Қазақстан Республикасының президенті кім? 2. Біздің қаламыз қалай аталады? «Ақбота» тобына сұрақтар: 1. 30 тамызда қандай мейрамды тойлаймыз? 2. Қандай Республикада тұрамыз?2 кезең сайысымызға көшеміз. 2 сайыс «Мақал мәтелдер». Әр команда туған жер, Отанға арналған мақал мәтелдерді айтады. Команда қанша мақал мәтел айтады, соншама ұпай жинайды. 3сайыс «Жаңылтпаш». Команда басшылары бір жалаудан таңдап тапсырманы орындайды. Тапсырма - үш рет айтылған жаңылтпашты дұрыс қайталау.Ақ доп, соқ деп.Тұз мұздай, мұз тұздай.Бос шатыр, бос жатыр. 4 сайыс «Құрастыру». Қараңдаршы, балалар біздің төрде не тұр? Ол қандай түсті? Не бейнеленген? Қыран құс пен күннің түстері қандай? Ал ендеше командалар музыка әуенімен құрастыруды бастайды.1. Қыран бүркітті құрастыру2.Күнді құрастыру3.гербті құрастыру 5 сайыс «Ойын». Әр мемлекеттің өзінің заңы, рәміздері, ұлттық тағамдары, киімдері, аспаптары бар. Ал біздің ұлттық аспап қандай? Осы домбырамен ойын ойнағыңыз келе ме? Онда бәріміз үлкен шеңберге отырамыз. Мен домбырашы болып шеңберде жүремін, ал сендер өлеңдетесіңдер. Домбыраның құлағын, Мәнерімен бұраймын, Достарыңды ертіп кел, Содан кейін шертіп көр. Өлең біткен соң екі баланың қасына тоқтаймын, олар 1, 2, 3 дегенде қарама қарсы жүгіреді. Кім бірінші домбыраға жетеді сол жеңімпаз болады. Қазылар алқасы өз шешімдерін жарияланғанша, Тақпақтарға кезек беремін. 1- бала Халық қамын ойлаған Әділдігін жоймаған. Отызыншы тамызда Ата заңын тойлаған. Байлығы мол жерім бар, Берекелі елім бар. Ата заңмен қорғалған, Болашаққа сенім бар. 2- бала Еркесімін елімнің, Кемсіте олар мені кім?! Қорғалады Заңменен Сайлығы да денімнің. 3-бала Шалдықпадым, талмадым, Арманды алға жалғадым. Конституция қорғаным, Атасы ол бар Заңның! Қазылар алқасына сөз береміз. І орын ІІ орын ІІІ орын Жүргізуші: Білім алам, дем алам, Отан туған өз анам! Ата заңым тұрғанда Еш болмаймын мен алан дегендей Ата Заң Конституция күні құтты болсын! Еліміз тыныш болсын! Осымен біздің «Бала тілі бал» 30 тамызда өтетін Ата Заң Конституция күніне арналған бағдарламамыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 791 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.12.2020 607
    • DOCX 222 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Rusakova Natalia Viktorovna. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Rusakova Natalia Viktorovna
    Rusakova Natalia Viktorovna
    • На сайте: 3 года и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72290
    • Всего материалов: 242

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 455 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

4920 руб. 2950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 34 регионов
Сейчас в эфире

Управление сотрудниками: делегирование полномочий и наделение обязанностями

Перейти к трансляции