Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Другое / БАЛА МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

БАЛА МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Название документа Бала м_нез-??л?ыны? б?зылу себептер_.ppt

БАЛА МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ...
наркомания токсикомания суицид проституция ұрлық адам өлтіру алкоголь
Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – мінез-құл...
“... баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек. Қолыңнан түк келмейді дей берсе...
Қазіргі уақытта балалар мінез-құлқының бұзылу себеп-салдарын әлеуметтік-психо...
Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын балаларды және де қоғамда қалыптасқан н...
Девиантты мінез-құлық дегеніміз - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес к...
Мінез-құлық ауытқушылығы мына факторларға байланысты туындайды деген тұжыры...
Аталған факторларға байланысты туындаған «антидисциплиналық мінез-құлықты» тү...
Көрнекті психолог Л.С. Выготский «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның се...
Туылғаннан ана мейіріміне қанып өскен бала жат әдеттерден бойын аулақ салады...
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеуде мына ұстанымдарды бас...
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету мына бағыттар бойынша жүзеге асыры...
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз, панасыз...
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен б...
ата-анасының немесе олардың заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ педагогтардың, тәрби...
Пайдаланылған әдебиеттер: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық...
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
‹‹
1 из 18
››

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 БАЛА МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ
Описание слайда:

БАЛА МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

№ слайда 2 наркомания токсикомания суицид проституция ұрлық адам өлтіру алкоголь
Описание слайда:

наркомания токсикомания суицид проституция ұрлық адам өлтіру алкоголь

№ слайда 3 Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – мінез-құл
Описание слайда:

Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – мінез-құлқы әлеуметтік «нормадан» ауытқыған балалар мен жасөспірімдер мәселесі болып отыр. Соңғы уақыттардағы статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, таксикомания, адам өлтіру және т.б. сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде.

№ слайда 4 “... баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек. Қолыңнан түк келмейді дей берсе
Описание слайда:

“... баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек. Қолыңнан түк келмейді дей берсең, бала жасқаншақ, жасық болып қалады. Осыдан сақтану керек”. М. Жұмабаев

№ слайда 5 Қазіргі уақытта балалар мінез-құлқының бұзылу себеп-салдарын әлеуметтік-психо
Описание слайда:

Қазіргі уақытта балалар мінез-құлқының бұзылу себеп-салдарын әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық тұрғыда М.А. Алемаскин, Л.М. Зюбин, И.С. Кон, Г.П. Медведев және т.б., клиникалық сипатта Г.А. Власова, В.Я. Гиндикин, В.В. Ковалев, Г.Е. Сухарев, криминалогиялық аспектілерін М.М. Бабаев, К.Е. Легошев, В.Н. Кудрявцев сияқты ғалымдар зерттеумен айналысқан. Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын балаларды әлеуметтендіруге байланысты Отандық ғалымдардың еңбектері аса құнды болып табылады. Соның ішінде Қ.Б. Жарықбаевтың, С.Қ. Қалиевтің, Ж.Ы. Намазбаеваның, Т.Қ. Бөлеевтің және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады.

№ слайда 6 Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын балаларды және де қоғамда қалыптасқан н
Описание слайда:

Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын балаларды және де қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді сақтамауды ғылымда девиация (латынның «deviatio» тыңдамау, ауытқу деген мағынаны береді) деп атайды. Осыған байланысты әдебиеттерде кездесетін «қиын бала», «девиантты мінез-құлық», «ауытқыған мінез-құлық» ұғымдары синонимдес болып табылады.

№ слайда 7 Девиантты мінез-құлық дегеніміз - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес к
Описание слайда:

Девиантты мінез-құлық дегеніміз - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлық. Кей жағдайларда «асоциалдық» немесе «антидисциплиналық» деп те аталып жатады. Девиантты мінез-құлық немесе мінез-құлық ауытқушылығының көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан және еңбектен теріс бұрылу, үйден кету, алкоголизм, шылымқұмарлық, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид және т.б. жатады.

№ слайда 8 Мінез-құлық ауытқушылығы мына факторларға байланысты туындайды деген тұжыры
Описание слайда:

Мінез-құлық ауытқушылығы мына факторларға байланысты туындайды деген тұжырым жасалды. Олар: Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедерге келтіретін физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер (генетикалық факторлар, интеллектуалдық кемістіктер, психикалық ақаулар, психофизиологиялық және физиологиялық факторлар). Психологиялық факторлар – баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы (жүйкелік-психикалық ауытқулар). Әлеуметтік-педагогикалық факторлар – мектептегі, отбасындағы, қоғамдағы тәрбие үрдісінің кемшіліктері мен әлеуметтік назардан тыс қалу нәтижесі (оқудағы декомпенсация, дезадаптация, әлеуметтік бейімсіздік, криминалдылық). Әлеуметтік-экономикалық факторлар – баланың өз отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайына қанағаттанбауы (кедейлік, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу). Моральды-этикалық факторлар – адамгершілік-рухани құндылықтардың төмендеуі.

№ слайда 9 Аталған факторларға байланысты туындаған «антидисциплиналық мінез-құлықты» тү
Описание слайда:

Аталған факторларға байланысты туындаған «антидисциплиналық мінез-құлықты» түзетудің жолы қандай?

№ слайда 10 Көрнекті психолог Л.С. Выготский «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның се
Описание слайда:

Көрнекті психолог Л.С. Выготский «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен ғана емес, сонымен бірге адамды жөнге салудың белсенді жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы да нәтижеге жетуге болады» дей отырып, «қиындықты тәрбие арқылы түзетудің», осы қайшылықпен күресудің нақты жолын анықтап берді.

№ слайда 11 Туылғаннан ана мейіріміне қанып өскен бала жат әдеттерден бойын аулақ салады...
Описание слайда:

Туылғаннан ана мейіріміне қанып өскен бала жат әдеттерден бойын аулақ салады...

№ слайда 12 Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеуде мына ұстанымдарды бас
Описание слайда:

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеуде мына ұстанымдарды басшылыққа алу қажет. Педагогикалық әрекеттің мақсатқа бағытталуы. Біртұтастығы мен жүйелігі. Ізгілік ұстанымы. Тұлғаның жақсы жақтарын тауып көре білу. Құрмет көрсете білу және қажеттілік тудыра білу ұстанымы. Саналылық және белсенділік ұстанымы. Жан-жақтылық ұстанымы.

№ слайда 13 Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету мына бағыттар бойынша жүзеге асыры
Описание слайда:

Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету мына бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс: Баланың әлеуметтік ортасына тікелей әсер ету арқылы. Факторлары: табиғи, әлеуметтік. Оқу-тәрбие үдерісінің түзетушілік бағыты. Үнемі! Мәдени-көпшілік және сауықтыру шараларын арнайы ұйымдастыру арқылы.

№ слайда 14 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз, панасыз
Описание слайда:

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алуға, оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн ата-аналармен немесе басқа да заңды өкiлдермен жеке профилактикалық жұмыстарды қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық, медициналық және өзге де шаралар жүйесiн күшейту қажет.

№ слайда 15 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен б
Описание слайда:

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi N 591 Заңына сәйкес келесі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

№ слайда 16 ата-анасының немесе олардың заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ педагогтардың, тәрби
Описание слайда:

ата-анасының немесе олардың заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ педагогтардың, тәрбиешiлердiң және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi басқа да оқыту, тәрбиелеу және өзге де мекемелер қызметкерлерiнiң тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз еркiмен кетуi салдарынан мiнез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған балаларды анықтау; қалыптасқан жағдайлардың салдарынан тiршiлiк әрекетi бұзылған және осы жағдайларды өз бетiнше немесе отбасының көмегiмен жеңе алмайтын балаларды дер кезінде есепке алу және реабилитациялық шараларды жүргізу; балаға қоғамда қалыптасқан және оның рухани, дене бiтiмi, имандылық, психикалық, мәдени, зияткерлiк дамуына және әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғауға бағытталған мiнез-құлық ережелерi мен нормаларын дарыту жөнiндегi ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң жауапкершіліктерін арттыру; кәмелетке толмағанның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң өз қаржылық мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiнiң шегiнде оның салауатты дамуы, оның мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн және мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарын қорғау үшiн жағдай жасау; кәмелетке толмағандарды құқықтық, әлеуметтiк, дене бiтiмi, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық қалпына келтiруге бағытталған шаралар кешенiн құру және енгізу.

№ слайда 17 Пайдаланылған әдебиеттер: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық
Описание слайда:

Пайдаланылған әдебиеттер: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi N 591 Заңы. ҚР Парламентiнiң Жаршысы, N 18, 105-құжат, 2004 ж., Степанов В.Г. Психология трудных школьников. – М.: Академия, 2004. Баженов В.Г., Баженова В.П. Психолого-педагогическая диагностика и коррекция девиантного поведения школьников. – Тараз, 2003.

№ слайда 18 Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Описание слайда:

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

  • Другое
Описание:

БАЛА МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

•Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – мінез-құлқы әлеуметтік «нормадан» ауытқыған балалар мен жасөспірімдер мәселесі болып отыр. Соңғы уақыттардағы статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, таксикомания, адам өлтіру және т.б. сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде.

Автор Изтлеуова Жулдуз Базарбековна
Дата добавления 27.07.2017
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров 700
Номер материала MA-071519
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы

Курс повышения квалификации
«Проектирование и разработка индивидуального образовательного маршрута обучающегося при получении дополнительного образования как способ повышения качества образовательной деятельности»