Инфоурок Информатика Рабочие программыБағдарламаның өміршеңдік циклінің құрылымы

Бағдарламаның өміршеңдік циклінің құрылымы

Скачать материал

№_5_   Сабақ  жоспары

 

Топ

 

 

Сабақтың өткізілетін күні

 

 

 

Пән аты:    Бағдарламамен қамтамасыздандыруды құру технологиясы.

 

Оқытушы:      Убаев Каримжан Камилжанович

 

Сабақтың тақырыбы:       Бағдарламаның өміршеңдік циклінің құрылымы.

Сабақтың мақсаты:          

Білімділік:                            Бағдарламаның өміршеңдік циклінің құрылымы туралы үйрету, түсіндіру.

Дамытушылық:                 Өмірдегі күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып, өз                                                 бетімен іздену, білімдерін іс – жүзінде қолдана білу                                                 дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі:                   Топтық ізденіс сабағы.

 

Сабақ әдісі:                          Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы алдына мақсат қоя отырып оқыту, зерттеу әдістері.

                                                

Пән аралық байланыс:         информатика, есептеу кешендерінің операциялық жүйелері, қазақ тілі

Сабақтың жүрісі:   

І Ұйымдастыру.

1)      Сабаққа дайындықтарын тексеру

2)      Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Маңызды сөздер (шарты: сөздердің мәнін ашу)

A.    Бағдарламамен қамтамасыздандыру сөзінің мәні?

B.     Бағдарламамен қамтамасыздандыруды құру технологиясы пәні нені үйретеді?

 

Сабақтың құрылымы мен мазмұны.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

II .Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:

Үй тапсырмасын сұрап, білімдерін қосымша сұрақтар арқылы тексеру

Тапсырма: Сөз жұмбақты толтырыңыз

1.      Алгоритмді белгілі бір машинада орындау үшін  сол программалау тілін  машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш программа? /транслятор/

2.      1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы  программалау тілін ойлап тауып, бұл программалау тілін атақты француз  ғалымының атымен қояды. Бұл қандай тіл? /Паскаль/

3.      1024 килобайт 1……… неге тең? /мегобайт/

4.      Алгоритмді графиктік жолмен жазу /блок-схема/

5.      Әрекеттердің орындалуы қандай бір шартқа тәуелді болуы /тармақтық/

6.      Белгілі бір әрекеттер бірнеше рет қайталануы /циклдік/

7.      Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм /сызықтық/

8.      Паскаль тілінде := қандай оператор? /меншіктеу/

9.      IX ғ Орта Азия ұлы араб математигі Әл-Хорезми есімінің латынша жазылуынан қандай термин шықты /алгоритм/

Сөз жұмбақтар жинағы.



 III.Жаңа материалды түсіндіру.

Бағдарламаның өміршеңдік циклінің құрылымы

Бағдарламалау – компьютерде есеп шешу үшін оны алдын ала дайындау процесі. Ол мынадай кезеңдерден тұрады: операциялар жиыны ретінде көрсетілген есеп "шешу жоспарын" жасау (есепті алгоритмдік бейнелеу); "шешу жоспарын" программалау тілінде бейнелеу (программа жазу); программаны машина тіліне аудармалау; командалар тізбегін компьютердің техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру (есеп шешу процесі). Сондай-ақ қолданбалы математиканың компьютер үшін программалар жазу, оларды тексеру және жақсарту әдістері мен құралдарын зерттейтін тарауы да «программалау» деп аталады.

Бағдарламаның өміршеңдік циклі (БӨЦ) дегеніміз - ААЖ–ні (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) жасау қажеттілігінен бастап оның келесі сатысына көшу уақытымен бітетін кезең.

Мемлекеттік стандарт жасайтын ұйымдардың ұсынысы бойынша ISO 9646, ISO 12119, ANSI | IEEE 100P. БӨЦ (өмірлік цикл) келесі кезеңдерден тұрады:

Жоба алдындағы кезең;

Жобаны әзірлеу кезеңі;

Жобаны пайдалануға беру кезеңі;

Жаңа сатыға көшу кезеңі

Кез келген мәлімет "өмір уақытына" ие.

Ол қысқа мерзімді (калькуляторының есептеулер өткізілген процесі жадында) немесе белгілі уақыт ағымында (қандай да бір мәлімет әзірлеуде) немесе өте ұзақ (маңызды дербес, коммерциялық, қоғамдық немесе мемлекеттік мәліметтерді сақтауда) бола алады. Бұл уақыт аралықтары мәліметтің өмірлік циклдерін анықтайды. Ақпараттық жүйелердің (АЖ) тіршілік циклі мәліметтің тіршілік циклінің туындысы, ақпараттық өнімдер және қызметтер мен техникалық құралдар болып табылады. Бағдарламаның өміршеңдік циклі - бағдарламалық өнімді құруға шешім қабылданған уақыттан осы бағдарламаны іске қосып, толық эксплуатация жасау уақыт периоды. Бұл цикл – бағдарламалық өнімді құру және дамыту циклі.

Бағдарламаның өміршеңдік циклінің моделі – қолданбалы программалық қамтамасыздандыруды жасау, эксплуатациялау және сүйемелдеу үрдісінен, жұмысынан және тапсырмасынан тұратын, жүйе өмірін оған қойылатын талаптардан бастап оның қолданылуы тоқтағанға дейін қамтитын құрылым.

1. Жоба алдындағы кезеңде екі құжат дайындалады:

а) Техникалық - экономикалық тұжырымдама (ТЭТ)

б) Техникалық тапсырма (ТТ) ТЭТ пәндік аймағының мамандарымен жасалады және де қызмет қағазы ретінде басқарма бөліміне жіберіледі. Бұл құжаттың ішінде АЖ жасау қажеттілігі, оның мақсаты, ол жұмысты жүзеге асыру үшін керекті қаржылар жиынтығы дәлелденеді. ТЭТ бойынша дұрыс шешім қабылданған жағдайда пәндік аймағы мамандарына ТТ құжатын жасауға бұйрық беріледі. Бұл құжаттың ішінде мекеме жұмысының талдауы, оның құрылымы және де керекті ААЖ сипаттамасы беріледі. ТТ рәсімделіп, мамандар мен басқарушы жағынан қол қойылып заңды құжат деп саналады. Бұл құжат ААЖ–ні әзірлеушілерге ұсынылады. Жобаның орындаушысы табылған жағдайда БӨЦ -нің екінші кезеңі басталады.

в) Эскиздік жобалау болашақ ААЖ-нің қандай да бір компьютерлік үлгісін алу мақсатында мәліметтерді құрылымдауды ұсынады.

2. Жобаны әзірлеу кезеңі екі шағын кезеңнен тұрады:

- Техникалық жобалау;

- Жұмыс жобалауы;

Техникалық жобалау кезеңінде келесі жұмыстар орындалуы тиісті:

Ақпараттық қамсыздандыру – дайын өнімдерді жіктеу, нормативті-анықтамалы ақпаратты дайындау;

Техникалық қамсыздандыру – бұл кезеңде АЖ-ні жүзеге асыру қандай техникалық құралдар жиынтығы керектігі анықталады, олардың сипаттамасы белгіленеді және де оларды сатып алуға келісім шарттар үлгілері дайындалады.

Ұйымдастырушылық қамсыздандыру – бұл кезеңде ААЖ жобалау жұмыстары жоспарланып, олардың орындалу мерзімі бекітіледі және де орындаушысы мен басқарушысы тағайындалады.

Персоналды оқыту – бұл кезеңде болашақ ААЖ-ні (жобалау жұмыстары жоспарланып, олардың орындалу мерзімі біткен соң) пайдаланатын персоналдың квалификациясы және олардың саны анықталады. Техникалық жобалау кезеңінде жасалған жұмысының нәтижесі техникалық жоба деген құжат түрінде көрсетіледі. Бұл құжатта заңды құжат деп есептеледі және келесі жұмыстардың орындалуын талап етеді:

а) Программа жасау және оны өңдеу;

б) Дайын программаны пайдаланушыға тапсыру және де толық нұсқауларды дайындау;

в) Жобалау кезеңінде тәуекел болжам жасау және де жоспарланбаған шығындарды талдау.

Жұмыс жоспарлау кезеңі «тапсыру-қабылдау акті» құжаты арқылы тәжірибелі қолдануға тапсырылады.

3. Жобаны пайдалануға беру кезеңі, екі шағын кезеңнен тұрады:

Тәжірибелік пайдалану;

Өндірістік пайдалану;

Орындаушылар өндіріске қажетті программаны құрғаннан кейін, тапсырысшы оны тексереді. Тексергеннен кейін тапсырыс берушілерді толық қанағаттандырса, онда программа өндірістік пайдалану кезеңінде қолданылады. Уақыт өте келе бұл программаның қызмет көрсету функциялары ескіре бастайды, енді пайдаланушылар бұдан жақсы программаны талап етеді. Осы кезден бастап жаңа сатыға өту кезеңі басталады.

4. Жаңа сатыға өту кезеңінде келесі есеп беру формалары дайындалады:

Программаның өндірістік пайдалану кезеңіндегі алынған нәтижесінің салыстырмалы талдауы;

Программаның архивтік нұсқауы;

Жаңа сатыға өтудің қажеттілігін дәлелдейтін техникалық-экономикалық тұжырымдамасы дайындалады.

 

Қорытындылау:

  1. Бағдарламаның өміршеңдік циклінің құрылымы туралы сұрақтарға жауап беру.
  2. Өтілген тақырып бойынша 10 сөйлемнен тұратын түсінік жазу.
  3. Оқушылардың Бағдарламаның өміршеңдік циклінің құрылымы туралы ойын білу үшін ассоциация толтырайық.
  4. Инсерт әдісін қолданып, білімін, нені үйрендім, нені білгім келеді кестесін толтыру.

 

 

Үй тапсырмасы: ____Н-2 19 – 38 б,    А-1 67 - 77 б_____

 

Оқытушының қолы: _____________________ Убаев К.К.

 

ПБ төрағасы:           _____________________ Убаев К.К.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бағдарламаның өміршеңдік циклінің құрылымы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Пән аты: Бағдарламамен қамтамасыздандыруды құру технологиясы.Оқытушы: Убаев Каримжан Камилжанович Сабақтың тақырыбы: Бағдарламаның өміршеңдік циклінің құрылымы.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Бағдарламаның өміршеңдік циклінің құрылымы туралы үйрету, түсіндіру. Дамытушылық: Өмірдегі күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып, өз бетімен іздену, білімдерін іс – жүзінде қолдана білу дағдыларын дамыту.Сабақтың түрі: Топтық ізденіс сабағы.Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы алдына мақсат қоя отырып оқыту, зерттеу әдістері.Пән аралық байланыс: информатика, есептеу кешендерінің операциялық жүйелері, қазақ тілі Сабақтың жүрісі: І Ұйымдастыру.1)Сабаққа дайындықтарын тексеру2)Мұғалімнің кіріспе сөзі:Маңызды сөздер (шарты: сөздердің мәнін ашу)A.Бағдарламамен қамтамасыздандыру сөзінің мәні?B.Бағдарламамен қамтамасыздандыруды құру технологиясы пәні нені үйретеді?Сабақтың құрылымы мен мазмұны.I.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеруII .Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:Үй тапсырмасын сұрап, білімдерін қосымша сұрақтар арқылы тексеруТапсырма: Сөз жұмбақты толтырыңыз

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 920 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.12.2020 1402
    • DOCX 70.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исаева Анастасия Сергеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исаева Анастасия Сергеевна
    Исаева Анастасия Сергеевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 80104
    • Всего материалов: 231

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 297 человек

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 177 человек

Курс профессиональной переподготовки

Управление сервисами информационных технологий

Менеджер по управлению сервисами ИТ

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек
Прямой эфир Загрузка...

Прямо сейчас в эфире

Инфофорум: «Всё, что волнует педагогов»