Инфоурок Классному руководителю Конспекты"Бабадан қалған асыл мұра" сынып сағаты (9 "А" сынып)

"Бабадан қалған асыл мұра" сынып сағаты (9 "А" сынып)

Скачать материал

 

Тақырыбы:   «Жігіт сұлтаны»

Түрі: Сайыс

Мақсаты:  Жастар бойында адамгершілік, ер жігітке тән асыл қасиеттерді дамыту,  өнерпаз болуға, бойындағы өнерді аша білуге баулу.

Құрал-жабдықтар:  Музыкалық орталық, спорттық құралдар, мақал-мәтелдер, сайыс тақырыбында жазылған қанатты сөздер, өлеңдер, бағалау парақтары, слайд.

   Кіріспе сөз:  Оқытушы Жакаева С.Т.

     Құрметті жиналған қауым! Бүгін біздің жігіттеріміз сіздердің сыныңызға түскелі отыр. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей ер жігіттің өнерпаз, жан-жақты болғанына не жетсін!? Олай болса, өздеріңіз өнерлерін, білім-біліктерін салыстырып, бағалай  отырыңыздар. Наурыз мерекесі құтты болсын! Бәріңізге зор денсаулық, баянды бақыт, сарқылмас дәулет, таусылмас қуаныш тілеймін!

            1-жүргізуші:   Минура Карамурзина

      Армысыздар, аман-сау бармысыздар құрметті халайық! Алдағы келе жатқан  ұлы мереке бәрімізге құтты болсын, баршамызға бірлік пен береке сыйласын! Мерекелік ізгі тілекпен алғашқы сөз кезегін

мектеп директоры Майкен Қалымқызына береміз....

 

  2-жүргізуші: Хасан Нургужинов

           Әуелде абзалында жігіт басы,

           Биік боп тұрар оның дәрежесі.

           Бір мінез, әрі дана, дарқан лебіз,

           Айнымас темірқазық уәдесі – деп ақын жырлағандай бүгінгі

мерекелік іс-шара  еліміздің ертеңі, тәуелсіздігіміздің тірегі – жігіттерге  арналады. Бүгінгі сайыстың төрелігін беретін әділ қазылар алқасымен танысалық. Қазылар алқасының төрайымы – Айгүл Жамбылқызы,

екіншісі Назира Жаңатілекқызы, үшінші – Әділ Дүйсенбайұлы, төртінші –  Асхат Қуатұлы.

                Қош келдіңіздер!Төрлетіңіздер!

Жүргізуші:

      «Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» осынау ұлан байтақ жерімізді қорғап қалған асыл бабаларымыз бен кешегі аласапыран заманда тәуелсіздігіміз үшін қанын да, жанын да аямаған аға ұрпақтың аманатын арқалаған бүгінгі жас ұрпақ алдымызға келіп отыр. Қадірменді жиналған қауым, бабалар аманатына лайық па екен олар!? Соны бір сынап көрейік!

        Олай болса қарсы алыңыздар!  Ортада –  ЖІГІТ СҰЛТАНДАРЫ!

     Ал енді, құрметті көрермен, «Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл» дегендей сұлтандарымызбен танысайық.

                    Жігіттердің өзін таныстыруы...

    Жүргізуші:  Құрметті әділ қазылар! «Таныстыру» бөлімі бойынша ұпай санын берсеңіздер!

  Бәрекелді! Жігіттерімізге сайыс алдында қолдау көрсетсетіп музыкалық сәлем жолдап  қойсақ! Қарсы алыңыздар!  Күй –  «Көңіл толқыны». Орындайтын  Қыстаубаева Айдана.

Жүргізуші: 

 Бірінші турымыз «Бабадан қалған асыл мұра» деп аталады. Бұл тур:

3 бөлімнен тұрады.

1-    бөлім. Ата-баба салт дәстүрін біліу бәріміздің де қасиетті парызымыз! Олай болса кезекті салт-дәстүрге берейік.

 Шарты: Мен үйірген асықтарға қараңыздар! Сол асықта көрсетілген сан сіздің сұрағыңызды көрсетеді.

Сұрақтар:  № 1. «Атқа мінгізу»  салты туралы айтып беріңіз.

                     № 2. «Тоқым қағар»  салты туралы не айтасыз?

                     № 3. «Көпшік қыстырар» туралы не білесіз?

                     № 4. «Тілашар»  дегенді қалай түсіндіресіз?

                     № 5. «Табалдырық кәдесі»  деген не екен?

                     №  6  «Киім ілу» салтын түсіндірсеңіз...

                     № 7 «Құйрық-бауыр» деген де салт бар екен, ол қалай болғаны?

 

         Ой, жарайсыңдар, жігіттер!  Бұл сыннан абыроймен өттіңдер!

                     Қошамет! Қошамет, ағайындар!

2-бөлімге өтеміз. «Мақал-мәтел –  сөз мәйегі»  дейді данышпан халқымыз.

Олай болса келесі кезекті мақал-мәтелге берейік.

 

     –   Сөз сүйектен өтеді,  ... еттен өтеді.

     –  Егемен елдің ... биік.                                            – Еріншектің ... бітпес.

                                                                                                                        

        Көш басшысы жоқ ел оңбайды,                        – Көп жортқан жылан, ...

Құралай бастаған ... оңбайды.

                                                                         – Жаңа байығаннан  ...  ...

        Ердің екі сөйлегені ....

                                                                              –  Дос басқа қарар,

        Екпей егін бітпес,                                                  Дұшпан ... қарар.

Үйренбей ...бітпес.                            

                                                                             – Жалғыз түйе бақырауық,

                                                                                Жалғыз бала ... .

Ағайынды жігіттің отарында малы бар,

Жалғыз-жарым жігіттің .... ....  бар.

 

Бәрекелді! Жарайсыңдар! Жігіттерді қолдап, қошаметтеп отырайық!

3- бөлім «Білімдінің күні жарық» деп аталады?

 

 –  Мемлекеттік рәміздерді атап шығыңыздар!? Олардың авторлар кімдер?          –  Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қашан қабылданды?

– ҚР территориясы қанша шақырым жерді алып жатыр ?

–  Жерлес ақын-жазушыларымызды атап берсеңіздер!?

–  Халық ұғымында үш байлыққа не жатады?

–  Қазақстандағы қасиетті жер?

–  «Асар» деген не?

–  Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі?

–  Халық «жеті қазына» ұғымына нелерді жатқызады?

–  Мына өлең жолдары қай ақынның өлеңінен алынған?

 

                        Ғылым туралы

Мысалы, дүние – теңіз, ғылым – кеме,

Кемесіз терең суға түсем деме.

Толқыны тауға ұқсаған мына заман,

Сезе ме мұны даңғой жаһил неме?

 

        Сонымен, қадірменді көпшілік, І турымыз аяқталды. Әділ қазылардың пікірін тыңдап көрелік.

    Қазылар ақылдасып болғанша музыкалық сәлемдемеге назар аударалық.

Ән «Айналайын». Орындайтын Оралбек Сәния.

 ІІ тур. «Күш атасын танымас» дейді халық мақалы. Бұл тур да үш бөлімнен тұрады.

     1-бөлім. Жігіттердің күш-қайратын сынайтын қол күресіне кезек берелік.

     2-бөлім. Қажымұқанның ізбасарлары бар ма екен? Мына 32 кг гир тасын кім көтере алады?

3-бөлім. Жігіттің төзімділігін көрсететін жаттығу. Жерден қолды бүгіп көтерілу.

     4-бөлім. Арқан тарту.Қай жақ арқанды  босатпай,қарсыласын өзіне тартып алса, не жақындатса, сол жеңімпаз.

     5- Сызықтың екі жағында жалғыз аяқпен тұрып бір-бірін итеріп сызықтан шығару.

   Әділ қазылар ұпай санын жарияласын.

Музыкалық сәлемдеме. Шығыс биі.  9 «А» сыны қыздары.

ІІІ тур. «Өнерлі өрге жүзер» демекші сұлтандардың өнерін тамашалайтын кез де жеткен болар. Ең алдымен үй тапсырмасына кезек берейік.

   1- Қазақтың ұлттық тағамы, тіпті көп елге әйгілі бренді десек те болатын «бесбармақтың» (еттің) қамырын жазып көріңіздер. Бұл, әрине, кез келген қыздың да қолынан келе бермейтін өнер. Сұлтандарымыздың қолынан келер деп сенейік. Олай болса, іске сәт!

      

2-Екінші кезекте жігіттеріміздің өз өнерін көрсетуіне мүмкіндік берейік.

                  Өнер сайысы.

 Ал соңғы тур да аяқталды. Құрметті әділ қазылар үшінші турдың нәтижесін хабарлап, жеңімпаздарды анықтасын!

 

 

 

 

   Қорытынды: 18.03.2015. өткізілген «Жігіт сұлтаны» сайысының нәтижесі

 Марапаттау

1-орынды  Қайсин Елғонды  иеленді, 2-орынды  Қайыржанов Азамат, 3-орынды  Қырықбаев Айбар иеленді.

Қалған жігіттер «Парасатты жігіт», «Қайратты жігіт» , «Өнерпаз жігіт», «Алғыр жігіт» номинациялары бойынша мадақтау қағаздарымен марапатталды.

Жүргізуші:

      Жігіт боп гауһар тастай асыл болса,

      Әлсізге жаны кілең ашыр болса.

      Әрқашан жігіт сондай тәуір болса,

      Не пайда шүберектей жасыл болса.

 

      Наркескен қайрылмайтын қылыш болса,

      Мінезі, ақыл, өнері дұрыс болса.

      Сегіз қырлы, бір сырлы болса жігіт,

      Еткені берекелі жұмыс болса.

 

       Сері Ақан айтқандай «сегіз қырлы, бір сырлы» екенін көпшілік алдында дәлелдей білген жеңімпаз жігіттерімізге ақ жол тілеп, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Уақыт бөліп келгендеріңізге, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға  алғыс айтамыз!  Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Ұлттық салт-дәстүрлер

 І топ.  Атқа мінгізу.

     Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлердің бірі – 3-4 жасқа келген ұл баланы атқа мінгізу. Алдымен ағаштан ашамай-ер жасалған. Оның қолтырмаш – баланың белін буатын жұмсақ белбауы және тепкішек – баланың аяғын салатын, үзеңгі орнында жүретін, дорбасы болған.Осыған орай:

        Мықтап тарт ашамайдың қолтырмашын,

Жас болса, жол үстінде болдырмасын – деген тілек айтылған. Ашамай-ердің алды-арты биік сүйеніші болған.Осыны жуас құнанға ерттеп, баланы мінгізіп байлап қойған.Тізгінді балаға ұстатып, бір адам құлынды жетектеп жүретін. Осыдан кейін ауылды айналдыра жүргізіп, жиналып тұрған үлкендерге сәлем бергізетін. Қариялар:

        Атқа жақсы шаба біл,

Өнеге-өнер таба біл,

Аймағыңа жаға біл!  – деп тілек-бата берген. Әйелдер баланың атқа міну құрметіне шашу шашқан. Ересек балалар таймен жарысып, бірімен-бірі күресіп, түрлі ойындар ойнаған.Үлкендер қымыз ішіп, ет жеп, бата беріп тараған.

ІІ топ. Тоқым қағу.

      Өзінің бәсіре атына ашамайын ерттеп мінген бала алғаш үйінен алысқа жолаушылап шыққан кезде, баланың әке-шешесі мал сойып, ауыл адамдарына «Тоқым қағар» тойын жасайтын. Қуанышқа келгендер той иесін құттықтаған.

        Баланың жолы болсын!

        Жақсы азамат болсын!

        Аман-сау оралсын!

        Оң сапар болсын! – деп тілектерін айтатын. Жиналғандар домбыра тартып, ән салатын. Шағын айтыс болып, арты ойын-сауыққа айналған.

 ІІІ топ. Сүндет той.

       Сүндетке отырғызу араб елдерінен шығып, мұсылман жұртына тараған. Ер баланы сүндетке 3,5,7,9 жаста отырғызған. Бұл салт көктем не күз мезгілдерінде атқарылған. Сүндетке отырғызу бала өміріндегі қуанышты кезең болғандықтан «Сүндет той» жасалған. Алыс-жақын ағайын, дос-жаран, ауыл адамдары бас қосып, той-думан өткізген. Тойда құнан бәйгесі болып, балалар күрескен. Сүндетке отырған балаға көрімдік беріп, шашу шашылған. Сүндетке отырғызу мұсылмандық парыз саналып, балаға ер жетіп азамат болдың деген ойды ұғындырған.

ІҮ топ. Тілашар

         Бала жеті жасқа толған соң, ата-анасы баланы медресе не мектепке оқуға апарған. Баланың оқуға баруы – үлкен қуаныш, сондықтан әке-шешесі «Тілашар» тойын жасаған. Тойға келген адамдар баланың әке-шешесіне құтты болсын айтып, шашу шашқан. Мал сойылып, тойға келген қонақтарға сый-құрмет көрсетілген. Қарттар оқуға алғаш барған жас балаға: «Хатты тез танып, он сегіз мың ғаламның тілін білсін.Еліне елеулі,халқына қалаулы адам болсын!» – деп бата беріп, тарасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Бабадан қалған асыл мұра" сынып сағаты (9 "А" сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 866 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.11.2015 1618
    • DOCX 31 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусаева Акжол Токтамысовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мусаева Акжол Токтамысовна
    Мусаева Акжол Токтамысовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1969
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 21 региона

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 812 человек из 74 регионов

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 33 регионов

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе