Инфоурок Начальные классы Рабочие программыБ. Соқпақбаев "Менің атым Қожа"

Б. Соқпақбаев "Менің атым Қожа"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Сабақтың мақсаты:
Қожаның өз қателігін түсініп, өзін-өзі түзетуі арқылы оқушыларға ой тастау стратегиясы  бойынша жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға баулу.

Міндеттері:  1.Оқушыларға мәтіннің мазмұынын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру; мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру; ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.
2.
Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу; мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту;
ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Жүйелеу, талдау, қайталау

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер, веен диаграммасы.

Сабақтың өтілу жоспары:
1. Мынау кім? 
2. Оқиғалар тізбегі
3. Бұл қай сәт?
4. Теріп алу стратегиясы
5. Ой тастау
6. Өз-өзіңе есеп бер!
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

а)Оқушыларды түгендеу;

ә)Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау;
б)Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау;
2. Үй тапсырмасын пысықтау  (тест жұмысы)
Автор, тақырып аясында сұрақтар мен тапсырмалар беру:

1.     Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы?
“... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”
2. Жазушының қандай шығармалары бар?
- «Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе-жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион», «Алыстағы ауылда» т.б.
3. «Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер?
Менің атым Қожа
Жанр: комедия, жанұялық
Мемлекет : Қазақстан
Шыққан жылы: 1963
Режиссер: Абдолла Қарсақбаев
Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев

Сценарий: Б.Соқпақбаев, Н.Зеленарский
Сазгер: Нұрғиса Тілендиев
Кейіпкерлерді сомдаған:
Қожа - Н.Сегізбаев
Сұлтан - М.Көкенов
Жанар - Г.Құрабаева
Жантас - Е Құрмашев
Миллат- (Қожаның шешесі) - Б.Римова
Рахманов - Қ.Қожабеков
Майқанова – Р.Мұхамедиярова
Қожаның әжесі - З.Құрманбаева

2.     Жаңа сабақты меңгерту
Балалар, сендер «Менің атым Қожа» фильмін көрдіңдер ғой, иә. Ендеше, мен сендерге жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында бүгінгі өтілетін тараудан үзінділер айта отырып ой тастайын.
«Мен өзімнің он үш жыл өмірімнің ішіндегі ең бір қатыгез күнді бастан кештім».
- Қожа бұл сәтті қашан бастан кешіріп еді?
- Қожаның тәртіпсіздік қылықтарын, әсіресе соңғы жасаған ағаттығын , яғни Майқанованың сөмкесіне бақа әкеп салған әрекетін талқылау мақсатында болып жатқан педкеңесте.
- Дұрыс, айтасыңдар. Қожа қанша тәртіпсіздік істесе де, мұғалімдер оны кешіріп келген еді, иә. Осы жолғы кеңес ұзаққа созылды. Осы кезде Қожа өз мәселесінің шешілу қорытындысы, талқылану процесі жайлы өзінше ой қорытып отырды. Кеңес те аяқталды. «Мен туралы не деп жатыр?» екен деп дегбірі қашқан Қожа бұл кезде қайда отыр еді?
- Мектеп терезесінің тұсында тұрған теректің үстінде отыр еді.
...Педкеңес аяқталды, жұрт тарай бастады. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, Қожа тұрған теректің түбінен өтіп бара жатып не дейді?
- «Түбінде адам болатын бала»
- Өте дұрыс. Біз жаңа сабақтың мазмұнын бірлесе айта отырып, тақырыпты да анықтап алдық.
- Өздерің көрген кино соңында осы сөзден Қожа қорытынды шығара ма?
- Иә, қорытынды шығарғаны соншалық, ол өзіне құпия кеңес өткізіп, онда өз жасаған қателіктері, оны түзету және болдырмау үшін не жасау керектігі туралы қаулы шығарады.

Енді сабақты қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін өтілген тақырып бойынша бірнеше тапсырмалар орындап көрейік.
Мынау кім?
1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас)
2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (С. Майқанова)
3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова)
4. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (С.Майқанова)
5. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт)
6. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер? (Зоология пәнінің мұғалімі Оспанов)
7. “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер.” (Сұлтан)

“Теріп алу” стратегиясы (Дәптермен жұмыс)
алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз
Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз
Қожаның жағымды жақтары:
Өз ісіне есеп бере алады
Жағымсыз іс-әрекеттерін жөндеуге талаптанады
Өз-өзін тәрбиелейді
Үлкенді сыйлайды
Қожаның жағымсыз жақтары:
Тәртіпсіз
Аңқау
Өтірікші
Сотқар
Ой тастау
Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер? Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?
Өз-өзіңе есеп бер!
Үй тапсырма: “Менің сүйікті кейіпкерім...” эссе жазып келу
Бағалау
: суммативті бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          «№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Сабақтың тақырыбы:  «Менің атым Қожа»

                                     3 «А» сыныбы

 

 

 

 

 

 

                                     Мұғалім: Нугуспанова Шынар Туленовна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Семей қаласы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Б. Соқпақбаев "Менің атым Қожа""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»Сабақтың мақсаты: Қожаның өз қателігін түсініп, өзін-өзі түзетуі арқылы оқушыларға ой тастау стратегиясы бойынша жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға баулу. Міндеттері: 1.Оқушыларға мәтіннің мазмұынын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру; мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру; ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету. 2. Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу; мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту; ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3. Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 354 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.07.2020 353
    • DOCX 18.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Халитова Ирина Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Халитова Ирина Владимировна
    Халитова Ирина Владимировна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 94056
    • Всего материалов: 224

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 388 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 223 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 287 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 892 человека

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1510 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 827 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 51 человек

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 259 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 80 человек

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек