Инфоурок Информатика ПрезентацииҚазіргі заманғы дербес компьютер архитектурасының даму үрдісі.

Қазіргі заманғы дербес компьютер архитектурасының даму үрдісі.

Скачать материал

Информатика                      8-сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы дербес компьютер архитектурасының даму үрдісі.

Сабақтың мақсаты:

·         Дұрыс ойлай білуге, жауапкершілікке және адамгершілік құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

·         Дербес компьютер архитектурасын сипаттай білуге үйрету, теориялық білімді тәжірибеде пайдалана білуге бейімдеу.

·         Ақпараттық мәдениетін дамыту және логикалық терең ойлай білуге машықтандыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың өткізілу әдісі:  түсіндіру, көрсете баяндау, өзіндік жұмыстар орындату

Сабақтың өткізілу формасы: ұжымдық, жеке

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта және оның құралы, компьютер құрылғылары, тақырыпқа байланысты презентация, үлестірмелер.

Негізгі дереккөзі: 8-сыныпқа арналған оқулық.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру.

- Оқушылармен сәлемдесу.

- Сабаққа қатысуын түгендеу.

- Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру

(Қысқаметражды қызықты бейнефильм көрсету).

 

ІІ. Жаңа сабаққа әзірлік.

Оқушыларға ДК қолданылу сипаттамалары туралы баяндау.

Дербес компьютерлердің кең таралуына және қолданылуына мынандай сипаттамалар ерекше әсер етті:

1) адамның компьютермен қарым-қатынас жасау тәсілінің қолайлылығы;

2) құнының арзандығы;

3) көлемінің шағындығы мен қоршаған орта жағдайына арнайы талап қоймайтындығы (кез келген жерге орнатуға болады);

4) құрылымының «ашықтығы» нәтижесінде қолданушылар әр түрлі шалғай құрылғылар қосып және қомпьютер қуатын жетілдіре отырып, ДК-нің мүмкіндіктерін кеңейте алады;

5) жаңа нұсқалары мен модельдерінің программалық және құрылғылық үйлесімділігі;

6) әр түрлі қолдану салаларына арналған программалық құралдарының мол болуы;

7) жұмыс істеудегі жоғары сенімділігі.

 

IIІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Компьютер құрылғыларының әрқайсысының бір-бірінен тәуелсіз жасалуы, тестіленуі және қолданыста болуы мүмкін. Компьютер компоненттерінің құрамы оның конфигурациясы деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Аппараттық бөліктер (компоненттер) арасындағы байланыс принциптері компьютердің архитектурасымен анықталады.

Компьютердің архитектурасы – компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы. Егер компьютердің аппараттық бөліктері арасындағы өзара байланыс принциптері стандарттармен бекітілген болса, онда оның архитектурасын стандарттық деп атайды. Архитектурасы стандарттық емес компьютерлер де бар, бірақ олар көбінесе басқа құрылғылардың құрамында қолданылады. Мысалы, ұшақтардың борттық компьютерлері мен тұрмыстық техниканы басқару жүйелері.

Компьютерлердің көпшілігі Джон фон Нейман принципіне негізделген және құрастырудың модульдік принципін пайдаланады.

1946 жылы Артур Бёркс, Герман Голдстайн және Джон фон Нейман «Электрондық есептеу құрылғысын және логикалық құруды алдын ала қарастыру» атты мақала жариялады. Мақалада ЭЕМ-де деректерді бейнелеу үшін екілік санау жүйесін пайдалану негізделді, программа мен деректер үшін ортақ жадты қолдану идеясы ұсынылды. Джон фон Нейманның аты сол кезде ғылым кеңістігінде кеңінен танымал болатын. Сондықтан, онымен бірігіп жазған авторлар екінші қатарға ығыстырылып, бұл идеялар «фон Нейман принциптері» деген атауға ие болды.

Дербес компьютер архитектурасы – процессор, есте сақтау құрылғылары, ішкі видеожүйе, шеткері орналасқан (перифериялық) құрылғылар мен енгізу-шығару құрылғылары сияқты бөліктерінің құрастырылуы.


           

 

Дербес компьютердің электрондық компоненттері өзара шиналар деп аталатын сымдар тобымен біріктірілген. Компьютердің ең басты шинасы жүйелік шина деп аталады. Ол үш түрлі шинадан тұрады: адрестік шина, басқару шинасы, деректер шинасы. Адрестік шинаның көмегімен процессор байланыстырылатын жады ұяшықтарын таңдайды. Басқару шинасы бойымен жедел жадтан процессорға бұйрықтар, ал деректер шинасы арқылы деректер жеткізіледі. Шинаның сипаттамасы – разрядтылығы. Мысалы, Pentium процессорларының адрестік шинасы – 32 разрядтық, яғни процессор 232 жады ұяшықтарын ажыратуға қабілетті.

Ең артық жүктелетін шина – ол видеодеректер тасымалданатын шина. Мұндай ағындар үшін жеке шина бөлінеді. Басқа барлық компоненттерге құрылғылар шинасы бөлінеді. Қазіргі компьютерлерде күнделікті пайдалану үшін USB (Universal Serial Bus) шинасы қолданылады.

            Аналық тақша – қазіргі дербес компьютердің есептеу жүйесінің негізі – екі негізгі үлкен микросхемадан тұрады:

1) Солтүстік көпір (North Bridge) – орталық процессордың, жедел жадтың және видеокартаның жұмысын қамтамасыз ететін жады бақылаушысы.

2) Оңтүстік көпір (South Bridge) – ол аналық тақшада шоғырланған құрылғылар бақылаушысының жұмысын және сыртқы құрылғылармен өзара байланысты қамтамасыз ететін енгізу-шығару бақылаушы-концентраторы.

 

ІV. Білімді бекіту, пысықтау

1) «Миға шабуыл» – сұрақ-жауап әдісі

- Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларын атап бер.

- ДК архитектурасы деп нені айтады?

- Жадтың қызметі қандай?

- Аналық тақша дегеніміз не?

- Жүйелік шинаның құрамы қандай?

- Ортақ жадты қолдану идеясы неліктен «фон Нейман принципі» деп аталады?


2) Сөзжұмбақ шешу және блиц-сұрақтарға жазбаша жауап беру:

3) «Көкпар» (ортақ сұрақтарды талдау).

Тұрақты жад пен сыртқы ақпарат тасымалдаушыларды салыстыра отырып, кестені толтыру жұмыстарын жүргізу.


 

4) «Ой қозғау» әдісі (суреттер бейнеленген кестені сәйкестендіріп толтыру).


Оқушылар әр құрылғының тұсына оның қандай құрылғы екенін жазады және сол туралы мәліметтер айтады.

 

5) «Артығын тап»


Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларынан артығын тауып, әр түрлі түске бояйды. Боялмаған ұяшықтарда орналасқан атауларға түсініктеме береді.

 

V. Сабақты қорытындылау, бағалау

- Тақырып бойынша түйін.

- Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау және мадақтау.

 

VІ. Үйге тапсырма

§7, §8 қайталау

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазіргі заманғы дербес компьютер архитектурасының даму үрдісі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Компьютер құрылғыларының әрқайсысының бір-бірінен тәуелсіз жасалуы, тестіленуі және қолданыста болуы мүмкін. Компьютер компоненттерінің құрамы оның конфигурациясы деп аталады. Компьютердің архитектурасы – компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы. Егер компьютердің аппараттық бөліктері арасындағы өзара байланыс принциптері стандарттармен бекітілген болса, онда оның архитектурасын стандарттық деп атайды. Архитектурасы стандарттық емес компьютерлер де бар, бірақ олар көбінесе басқа құрылғылардың құрамында қолданылады. Мысалы, ұшақтардың борттық компьютерлері мен тұрмыстық техниканы басқару жүйелері.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 210 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2020 1407
    • DOCX 494.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кравцова Светлана Алексеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кравцова Светлана Алексеевна
    Кравцова Светлана Алексеевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 86669
    • Всего материалов: 244

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 297 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Курс повышения квалификации

Использование нейросетей в учебной и научной работе: ChatGPT, DALL-E 2, Midjourney

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 619 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 956 человек

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 169 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе