Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / История / Қазақстан тарихы пәнінен тест тапсырмалары

Қазақстан тарихы пәнінен тест тапсырмалары

Курсы профессиональной переподготовки от Московского учебного центра "Профессионал"

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования только до 31 августа действуют скидки до 50% при обучении на курсах профессиональной переподготовки (184 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: ВЫБРАТЬ КУРС


Тарих әлемі
1. «Тарих» сөзін алғашқы қолданған кімдер?
а/парсылар б/арабтар с/гректер
2. «Тарих» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
а/ «шежіре» б/зерттеу с/жазу
3. «Шежіре» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
а/ тарих б/рухани қазына с/ зерттеу
4. Жазба тарихтың негізін салушы кім?
а/ Сыма Цзянь б/ Геродот с/ Рашид ад-Дин
5. Тарих атасы кім?
а/ Сыма Цзянь б/ Геродот с/ Рашид ад-Дин
6. Шығыста тарих атасы кім?
а/ Рашид ад-Дин б/Сыма Цзянь с/ Геродот
7. 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбаларды» 
(«Ши цзи») қалдырған кім?
а/ Геродот б/Сыма Цзянь с/Рашид ад-Дин
8. 1247-1318жж өмір сүрген тарихшы Рашид ад-Диннің еңбегі қалай аталады?
а/ «Жами ат-тауарих» б/ «Тарих» с/ «Тарихи жазбалар»
9. Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді?
а/2 б/3 с/4
10. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының шеңберін анықтаңыз.
а/VІ-XVІІғғ б/XVІІ-XIXғғ с/XXғ бастап бүгінгі күнге дейін

Тарихтың қайнар көзі деректер

1. Тарихи аңыздар мен шежірелер қандай дерек көзіне жатады?
а/жазбаша б/ауызша с/антропологиялық
2. Мемлекеттік және сауда құжаттары қандай тарихи деректерге жатады?
а/этнографялық б/ жазбаша с/ауызша
3. Тыйындар,құйма ақша кесектері т.б. ескерткіштер арқылы тиын соғу, ақша айналымы тарихын зерттейтін көмекші тарихи пән қалай аталады?
а/геральдика б/нумизматика с/антропология
4. Елтаңба тану ғылымы, елтаңбаларды арнайы деректеме ретінде зерттейтін қосалқы тарих пәні қалай аталады?
а/этнография б/ геральдика с/нумизматика
5. Адам қаңқасын зерттеу арқылыадамның дене бітімін, сипатын анықтайтын тарихтың бір саласы қалай аталады?
а/антропология б/этнография с/нумизматика
6. Халықтың тұрмыс тіршілігі мен салт-дәстүрін зерттейтін ғылым?
а/ономастика б/топонимика с/этнография
7. Пикторграфия деген не? а/тасқа,қышқа жазылған сурет жазулар б/папирустағы жазу с/көне түрік жазуы
8. Қазіргі біз қолданып жүрген әріптерді ойлап табушылар? а/гректер б/финикиялықтар с/ежелгі түріктер
9. Атаулар тарихын зерттейтін ғылым? а/мұрағат б/ономастика с/археология
10. Археология-
а/адамзаттың өткен тарихын қаңқа сүйектер арқылы зерттейтін ғылым б/ адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым с/ жер-су атауларын зерттейтін ғылым


Тарихқа саяхат
Адамның жаратылуы
1. Тотем-деген не?
а/ рулық қоғамда адамның шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарға байланыстырып қолданатын зат б/ тобыр дегенді білдіреді с/ еңбек құралының дамыған түрі
2. Маймыл тектес ең алғашқы жабайы аңдар қалай аталады? а/ питекантроп б/гоминид с/ синантроп
3. Олдувайда табылған австралопитектерді ғалымдар қалай атады? а/ «хомо хабилис» б/гоминид с/ «хомо сапиенс»
4. Алғашқы питекантроптың сүйек қалдықтары қашан және қай жерде табылды? а/1927ж Қытайдың Чжоу-коу-дянь үңгірінде б/ 1890-1892жж Ява аралында с/ 1938ж Тесіктас үңгірінде
5. 1938ж академик А.П.Окладников Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен кімнің сүйегін тапты? а/ неандерталь баланың б/ синантроптың с/питекантроп
6. Алғашқы Кроманьондық қай жерден табылды? а/ Ява аралынан б/Франциядан с/Қытайдан
7. Питекантроп шамамен қашан өмір сүрді? а/б.з.б. 800-500мың жыл бұрын б/ б.з.б. 500-200 мың жыл бұрын с/ б.з.б. 100-35 мың жыл бұрын
8. Кроманьондық адам осыдан неше жыл бұрын қалыптасты? с/ б.з.б. 100-35 мың жыл б/ б.з.б. 40-35 мың жыл бұрын с/б.з.б. 500-200 мың жыл бұрын
9. Австралопитектің миы неше куб см? а/1000 куб см б/600-650 куб см с/700-750 куб см
10. Қазақстан жерінде алғашқы адамдар неше жыл бұрын мекендеген? а/ 1млн жыл бұрын б/500 мың жыл бұрын с/800 мың жыл бұрын


Тас дәуірі (Палеолит)
1. Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді?
а/2 б/3 с/4
2. Палеолит кезеңінің хронологиялық шеңберін атаңыз. а/ б.з.б 2,5 млн-12 мыңжылдық аралығын қамтиды б/б.з.б. 12-5 мыңжылдық с/б.з.б. 5-3 мыңжылдық
3. Болас деген не? а/аң аулауға пайдаланған жіпке байланған домалақ тас б/ қатты тастан жасалған кескіш құрал с/ үшкір таяқша
4. Чоппер деген не? а/аң аулауға пайдаланған жіпке байланған домалақ тас б/ қатты тастан жасалған кескіш құрал с/ үшкір таяқша
5. Шақпақ тастан жасалған қолшапқының салмағы неше кг болған? а/ 1кг б/2кг с/4кг
6. Имек ағаш сияқты аңға лақтыратын құрал қалай аталады? а/ чоппер б/бумеранг с/болас
7. Неолиттің басты жаңалығы –
а/садақ пен жебе б/балшықтан ыдыс жасау және егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы с/от пайдалану
8. Тарихта ең аз зерттелген кезең қандай? а/мезолит б/неолит с/палеолит
9. Біздің жерімізде соңғы мамонттар өмір сүрген уақытты анықта а/ б.з.б. ІХғ б/ б.з.б. Хғ с/б.з.б. ХІғ
10. Доғал және домалақ ұшы бар жебені адамдар негізінен қандай жануарға қолданды? а/ мамонттарды аулағанда б/ жүйрік жануарларды уалағанда с/ терісі бағалы аңдар мен құстарды аулағанда


Қола дәуіріндегі қазақстан

1. Мыс пен қалайының қоспасы қалай аталады? 
а/темір б/қола с/қорғасын
2. Қола дәуірі қандай кезеңді қамтиды? а/ б.з.б. ІІ мыңжылдықты қамтиды б/ б.з.б. ІІ-І мыңжылдықты қамтиды с/ б.з.б. І-ІІ мыңжылдықты қамтиды
3. Қола дәуірі неше тарихи кезеңге бөлінеді? а/3 б/5 с/4
4. Қола дәуірінде дамыған басты шаруашылық түрі. а/ егіншілік б/мал шаруашылығы с/балық аулау
5. Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштері ең көп шоғырланған жер- а/Батыс Қазақстан б/Орталық Қазақстан с/Солтүстік Қазақстан
6. Тасқа салынған суреттер-а/ иероглиф б/петроглиф с/пиктография
7. Таңбалы қонысы қай жерде орналасқан? а/ Батыс Сібірде б/ Алматы қаласының солтүстігінде,Жетісу жерінде с/ Қостанайда
8. Қазақтың академигі Ә.Х.Марғұлан қандай қола дәуірінің ескерткішін ашты? а/ Беғазы-Дәндібай б/Алғабас с/Нұра
9. Андрон мәдениетінің ең алғаш табылған жері- а/Оңтүстік-батыс Сібірдегі Ачинск қаласы б/ Алесеевка қонысыс/Жетісу жері
10. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің неше қорғаны табылған?а/20қорған б/3 қорған 5 с/50 қорған.

Сақтар тарихы

1. «Тарих атасы» Геродот сақтарды қалай атаған? а/азиялық скифтер б/ сақтар с/турлар
2. Шошақ бөрік киетін сақтар қалай аталды? а/хаумаварга б/тиграхауда с/парадарайа
3. Сақ парадарайа- а/шошақ бөрік киетіндер б/теңіздің арғы жағында тұратындар с/хаома сусынын дайындайтындар
4. Хаома сусынын дайындайтын сақтарды парсы деректерінде қалай атады? а/ сақ тиграхауда б/сақ хаумаварга с/ сақ парадарайа
5. Сақтар қандай антропологиялық нәсілге жатқызылады? а/ европеоидтық б/негроидтық с/монголоидтық
6. Сақтардың төрт доңғалақты арбаның үстінде орнатылған киіз үйлері қалай аталды? а/киіз үй б/күйме с/арбалы үй
7. Сақ дәуірінде көшпелі мал шаруашылығы дамыған аймақтар. а/ Батыс және 
Орталық Қазақстан б/Солтүстік-Шығыс Қазақстан с/Оңтүстік пен Батыс Қазақстан 
8. Отырықшы мал шаруашылығы дамыған аймақ. а/Батыс Қазақстан б/Оңтүстік Қазақстан с/солтүстік Қазақстан
9. Сақ қоғамы қандай әлеуметтік топтан құралды? а/ хан,уәзір,абыздар б/ жауынгерлер,абыздар,малшылар мен егіншілер с/жауынгерлер мен қарапайым халық
10. Қазба жұмыстары кезінде көбіне табылған қандай жануар сүйегі?а/ірі қара б/қой с/жылқы
11. Б.з.б. шамамен 570-520жж өмір сүрген сақ билеушісі кім? а/Зарина б/Томирис с/Спаргапис
12. Сақтарда үш әлеуметтік топ бірін-бірі қалай ажыратты?а/ тек бас киімдерінен б/қымбат матадан тігілген киімдер с/киген киімінің түсіне қарап 
13. Сақ жауынгері қандай түсті киім киді? а/қызыл б/ақ/сары
14. Сақ абызы қандай түсті киім киген? а/ақ б/қызыл с/сары,көк
15. Егіншілер мен малшылар қандай түсті киім киген? а/ақ б/сары,көк с/қызыл 
16. Парсы патшасы Кир қай жылы сақтарға шабуыл жасады? а/б.з.б.519ж б/ б.з.б. 530ж с/б.з.б.518ж
17. Спаргапис деген кім? а/сақ патшасыб/кирдің баласы с/Томиристің ұлы
18. Б.з.б. 518-519жж сақтарға соғыс бастаған кім? а/ Кир б/Дарий с/Ескендір Зұлқарнайын
19. Дарий патшаның әскеріне қулық көрсетіп, далаға апарып, шөлде қалдырған кім?а/ Спаргапис б/Атилла с/Шырақ
20. 1969ж Есік қорғанынан «алтын киімді адамды» тапқан кім? а/Ә. Марғұлан б/К.Ақышев с/Қ.Сатпаев
21. «Алтын киімді адам» қашан өмір сүрген? а/б.з.б. V-IVғғ б/б.з.б.ІVғ с/б.з.б.ІІІғ
22. «Алтын адамның» киімі неше мың алтын әшекеймен безендірілген? а/3мың б/4мың с/5 мың
23. Бас киімінің биіктігі неше см? а/50см б/60см с/70 см
Ғұндар тарихы
1. Б.з.б ІІІғ шаньюй атағына ие болған ғұн билеушісі кім? а/Мөде б/ Чжи-чжи с/ Тұман
2. Ғұн мемлекетінің екіге бөлінген жылы? а/б.з.б.71ж б/б.з.б. 56ж с/б.з.б.50ж
3. Ғұндардың тастағы салған бұқа суреті ненің белгісі? а/күш пен биліктің б/бақыт пен жақсылық с/ үй ошағын сақтаушы
4. Ғұндардың тастағы салынған бұғы суреті нені білдірді? а/үй ошағын сақтаушы б/ күш пен билікті с/ бақыт пен жақсылық
5. Еділ патшаның өмір сүрген жылдары а/ б.з. 400-453/459/жж б/б.з.455-400жж с/б.з.б. 400-485жж
6. «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» қай тайпа түрткі болды? а/ Аландар б/ Ғұндар с/ Вестготтар
7. Б.з. Vғ ғұндардың батысқа жорығын кім басқарды? а/ Мөде б/Атилла с/Тұман

Ежелгі Түркілер
1. Алғаш «түрік»атауы қай елдің деректерінде кездеседі? а/ Парсы б/Араб с/Қытай
2. Түрік мемлекетінің алғашқы ел билеушісі кім? а/Тоныкөк б/Бумын с/Білге
3. Түрік қағанаты құрылған жыл? а/б.з.552ж б/б.з.553ж с/б.з.554ж
4. «Татсыз түрік жоқ» деп жазған кім? а/Геродот б/ М.Қашқари с/Ж.Баласағұн
5. «Ашина» атауы қандай мағынаны білдірді? а/еркін адам б/қасқыр с/Тәңір
6. Ертедегі түркі жазуы- а/сына б/иероглиф с/әліпби
7. Неліктен 11-12ғғ түркі жазуы қолданыстан шыға бастады? а/түркі жазуын араб емлесі ығыстырды б/қытай жазуы с/грек жазуы
8. «Түрік »сөзінің ұғымы а/ «төркін»б/ «әскери ақсүйек» с/екеуі де дұрыс
9. Ежелгі түркі жазуларын тұңғыш рет кім оқыды? а/В.Радлов б/Ә.Марғұлан с/Юстиниан
10. Ежелгі түркі ескерткіш жазулары қайдан табылды? а/Орхон өзені бойында б/ Сібірде с/Грекияда

Мәдениет және сауда жолдары
1. Ұлы Жібек жолының қалыптасқан ғасырын анықтаңыз а/ б.з.б. ІІ ғ соңы б/ б.з.б. І ғ басы с/б.з. ІІғ
2. Қытайда жалдамалы әскерге жалақы ретінде берілген –
а/ жылқы б/жібек с/алтын
3. Ұлы Жібек жолының өмір сүруімен «әлемнің төрт патшалығы» деген ұғым пайда болды.Сол патшалықтарды сәйкестендіріп жаз:
а/Түркі қағанаты б/ Қытай с/Үндістан д/Византия
1/пілдер патшалығы 2/ адам патшалығы 3/жылқы патшалығы 4/құнды байлықтар патшалығы
А/а3, б2, с1,д4 Б/а1,б2,с3,д4 С/а4,б3,с2,д1
4. Ұлы Жібек жолы арқылы Үндістаннан Корея мен Жапонияға қандай дін енді? а/ Ислам б/христиан с/будда
5. Ұлы Жібек жолы нешінші ғасырларда өз маңызын жойды? а/ ХІV-ХVғғ б/Х-ХІғғ с/ІХ-ХІІ ғғ
6. Қандай жаңалықтың ашылуына байланысты Ұлы Жібек жолы өз маңызын жойды? а/әуе жолының ашылуы б/теңіз жолының ашылуы с/темір жолының ашылуы
7. Ұлы Жібек жолы қай елден басталды? а/Грекиядан б/Римнен с/Қытайдан

Әл-Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы
1. Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдарын анықтаңыз. 
а/ 1850-1790 б/870-950 с/930-1010
2. Әл-Фарабидің дүниеге келген қаласы? а/Йассы б/Фараб с/Сайрам
3. Әл-Фарабидің қанша еңбектері бар? а/100 -ден аса б/150-ге тарта с/ 200- дей
4. Әл-Фараби түрік, араб тілдерінен басқа тағы қандай тілдерді меңгерген?
а/ латын б/қытай с/грек
5. Әл-Фарабиді қалай атаймыз? а/ «бірінші ұстаз» б/ «екінші ұстаз 
с/ «тарих атасы»
6. Ғылымнан басқа қандай өнерді меңгерген? а/ құрылыс жасау б/атқа мініп,садақ ату с/кітап шығару






Отырар-қаһарман қала
1. VІ- VІІІ ғғ Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық:
а/Түркістан б/Отырар с/Испиджаб
2. Отырар қаласының неше қақпасы болған? а/4 б/5 с/6
3. Қала неше дуалмен қоршалған? а/1 б/2 с/3
4. Қала билеушілері, байлар, ірі саудагерлер қаланың қай бөлігінде тұрған? а/ орталық бөлігінде б/сыртқы бөлігінде с/бір шетінде
5. Қаланың сыртқы бөлігінде кімдер қоныстанған? а/билеушілер,байлар,ірі саудагерлер б/қарапайым халық с/ әскерлер
6. 1218ж монғолдарын қалың қолын басқарған Шыңғыс хан әскерлері Қазақстаннның қай аймағына баса көктеп кірді? а/Солтүстікб/Жетісу с/Шығыс
7. Сол кездегі Отырар билеушісі кім болған? а/Мөде хан б/Қайыр хан с/Шыңғыс хан
8. Отырар қаласына моңғолдар нешінші жылы басып алуға аттанды? а/1218ж б/1219ж с/1220ж
9. Отырар қаласына 1219ж моңғолдар неше мыңға жуық әскермен аттанды? а/100 мыңға жуық б/150 мыңға жуық с/120 мыңға жуық
10. Отырардық сатқын кім? а/Қараша б/Қайыр с/Шыңғыс
11. Қай жылы моңғолдар қаланы басып алды? а/1219ж сәуір б/1220 ақпан с/1219ж сәуір






Қазақ хандығы
1. «Қазақ» атауы қандай мағынаны білдіреді? а/халық б/еркін адам с/қаз құсы
2. Алтын орда құлағаннан кейін қазақ халқына негіз болған ноғайлы елінің құрамында болған қандай ел? а/ «ноғайлы» б/ «алаш мыңы» с/ «қазақ елі»
3. Алтын орданың дағдарысқа ұшырап, бөлініп кеткен ғасыры? а/15ғ б/16ғ с/17ғ
4. 1428ж Ақ Орданы кім басқарды? а/Орда Ежен б/Шайбани с/Әбілқайыр
5. Әбілқайыр хандығынан көшіп кетіп, Моғолстанды паналаған сұлтандар? а/Сәмеке,Қасым б/Бабыр,Уыз с/Жәнібек пен Керей
6. «Қазақ» термині толықтай орныққан ғасырлар? а/ 15ғ ортасы б/15-18ғғ с/15-19ғғ
7. Әбілқайыр неше жыл хандық етті? а/30ж б/40ж с/50ж
8. Әр ру өз таңбаларын қашап жазған жер ? а/ Таңбалы Нұра б/Таңбалы сай с/Тамғалы
9. Сәйкесін тап: А/Жетісуды мекен еткен үйсін тайпалары Б/Сарыарқаны мекен еткен арғын-найман тайпалары С/Батыс жеріндегі рулар
1/Кіші жүз 2/Орта жүз 3/Ұлы жүз
а/ А3,Б2,С1 б/А1,Б2,С3 с/А2,Б3,С1
10. Қай хан тұсында қазақтардың саны 1млн-ға жетті?
а/Қасым хан б/Жәнібек хан с/Шыңғыс хан
11. Аңыз бойынша қазақ халқының арғы атасы кім саналды?
а/Жошы б/Алаш с/Керей
12. Шыңғыс ханның үлкен ұлы кім? а/Төле б/Жошы с/Үгедей
13. Қазақ хандығының тарихи шеңбері. а/1466-1847 б/1465-1805 с/1801-1845
14. 18ғ Қазақ хандығының шекарасын ұлғайтып, үш жүздің басын біріктірген кім? а/Әбілқайырхан б/Қасым хан с/Абылай хан
15. Абылай ханның шын аты? а/Әбілпейіз б/Әбілмансұр с/Әбілмәмбет
16. Абылай хан билік еткен жылдарды атаңыз а/1711-1771жж б/1711-1781жж с/1711-1780жж
17. Ханның мұрагерін қалай атаған? а/сұлтан б/төленгіт с/би

18 ғасырдағы Қазақ батырлары
1. 1635жылы Батыс монголияда құрылған әскери –феодалдық мемлекет қалай аталды? 
а/Қазақ хандығы б/Жоңғар мемлекеті с/Қытай империясы
2. Қонтайшы- а/елші б/ жауынгер с/мемлекет басқарушы
3. Жоңғарлардың Қазақ жеріне шапқыншылығы неше жылға созылды? а/120 жыл б/150жыл с/ 130 жыл
4. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы қай жылы басталды? а/1723ж б/1725ж с/1727ж
5. «Қалмаққырылған» жері қай шайқаспен байланысты аталды?
а/Аягөз шайқасы б/Бұланты шайқасы с/Аңырақай шайқасы
6. 1730жылы болған шешуші шайқас қалай аталды? а/Бұланты шайқасы б/Аңырақай шайқасы с/Аягөз шайқасы
7. Қанжығалы Бөгенбай неше жыл қазақ қолын басқарды? а/50жылдай б/40 жылдай с/30 жылдай
8. Үмбетей жырау жырлаған «Алатаудай Ақша батыр» кімнің әкесі? а/Қабанбай б/Бөгенбай с/Наурызбай
9. Бөгенбай батырдың өмір сүрген жылдарын анықта. а/1680-1778жж б/1680-1777ж жс/1680-1755жж
10. Бөгенбай батыр қай жерде жерленген? а/Ташкентте б/Самарқанда с/Түркістанда Ахмет Йассауи кесенесінде
11. Қабанбай батырдың өмір сүрген жылдарын анықтаңыз. а/1691-1769ж б/1691-1779ж с/1691-1778ж
12. Қабанбайдың шын есімі? а/Әбілмансұр б/Нарбала с/Ерасыл
13. Қабанбайға жеңгелері қойған аты? а/Ерасыл б/Нарбала с/Әбілмансұр
14. Қабанбай өз өмірінде неше шайқасқа қатысады? а/50- ден астам б/100- ден астам с/70-тен астам
15. Қабанбайға «Дарабоз» атағын берген хан? а/Әбілқайыр хан б/Абылай хан с/Тәуке хан 
16. Наурызбай батырдың өмір сүрген жылдары? а/1706-1781жж б/1706-1771жж с/1706-1791жж
17. Наурызбайдың шыққан руын анықтаңыз. а/Қаракерей б/Шапырашты с/Қанжығалы
18. Баян батырдың өмір сүрген жылдары 
а/1710-1757жж б/1710-1755жж с/1710-1756жж
19. «Батыр баян» дастанының авторы кім? а/ С.Торайғыров б/М.Жұмабаев с/ Ш.Уәлиханов
20. Қазақстың тағы да қандай батырларын білесің ? атап көрсет

Қазақстан және Ресей
1. 1718ж билікке келген Тәуке ханның мирасқоры кім? а/Қайып хан б/Қасым хан с/Әбілқайыр хан
2. 1731 жылы Кіші жүзді ресей империясына қабылдаған патшайым кім? а/Екатерина ІІ б/Елизавета І с/Анна Иоановна
3. Ресей үкіметінің атынан Кіші жүзге келген елші кім? а/Тевкелев б/Қоштайұлы с/Павел І
4. Әбілқайыр ханның өмір сүрген жылдары
а/1693-1748жж б/1693-1745жж с/1690-1748жж
5. Ордабасындағы жиын қай жылы болды? а/1725ж б/1726ж с/1727ж
6. 1726ж Ордабасындағы жиында Қазыбек бидің ұсынысымен қазақ жасақтарын басқару кімге тапсырылды?
а/Абылай ханға б/Әбілқайыр ханға с/Бөгенбай батырға 
7. Бұланты шайқасы болған жыл? а/1725ж б/1726ж с/1730ж
8. Аңырақай шайқасы болған жыл а/1729ж б/1728ж с/1727ж
9. Қазақтың қай ханы алғаш Ресей бодандығын қабылдауға ниет білдірді? а/Тәуке б/Қайып с/Әбілқайыр
10. Дұрыс жауабын таңдаңыз/стрелка арқылы белгіле/
А/Тауке ханның мирасқоры 1.Әбілқайыр
Б/Кіші жүзге ресейден келген елші 2. Ордабасы
С/Қазақтың игі жақсылары мен 
жайсаңдары жиналған жер 3. Қайып 
Д/Ресей бодандығын қабылдаған хан 4.Тевкелев

Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов 
Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы-Абай Құнанбаев
Ағартушы педагог-Ыбырай Алтынсарин
1. Шоқан қай ханның ұрпағы? а/Әбілқайыр б/Тәуке с/Абылай
2. Шоқан Уәлиханов қай жылдары өмір сүрді? а/1802-1847жж б/1835-1861жж с/1835-1865жж
3. «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды» деп жазған кім? а/ Абай Құнанбаев б/Н.И.Веселовский с/Ф.Достоевский
4. 1847жылы Шоқан қандай оқу орнына оқуға түсті? а/Медресеге б/Сібір кадет корпусына с/ Азиялық училищеге
5. Шоқанның сапарларын анықта:/стрелка арқылы белгіле/
А /1856ж Қашқарияға сапары
Б/ 1857ж Ыстықкөл
С/ 1858-1859жж Алатау
6. Шоқанның туғанына 150 жылдық тойына бес томдық еңбек құрастырып шығарған кім? а/Абай Құнанбаев б/Әлкей Марғұлан с/Ыбырай Алтынсарин
7. Шоқанның досы болған орыстың аса көрнекті жазушысы кім ? а/Н.И.Василевский б/Ф.М.Достоевский с/М.Ю.Лермонтов
8. Абай қай жылдары өмір сүрді? а/1845-1904жж б/1845-1907жж с/1845-1915жж
9. Абай орыстың қай ақынының шығармасына арнап өлең жазды? а/Лермонтов б/пушкин с/Толстой
10. Абайдың шын есімі- а/Мұхаммедханафия б/Ибраһим с/Абай
11. Абайдың неше қара сөздері бізге дейін жетті? а/30-ға жуық б/25-тен аса с/50-ге жуық
12. Өз шығармашылығында жастарды неге шақырды? а/өнер,білім,ғылым б/тәртіп с/мәдениет
13. 1857жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірген кім? а/Шоқан б/абай с/Ыбырай
14. Ыбырай Алтынсариннің 1879жылы жарық көрген алғашқы кітабы қалай аталады? а/ Қазақ тілі б/Қазақ хрестоматиясы с/Қазақ балаларына арналған оқулық
15. 1887ж Ыбырайдың Ырғызда ашқан мектебі кімдерге арналды? а/ұл балаларға б/қыз балаларға с/ересек адамдарға
16. Ы.Алтынсариннің атасы? а/Оспан б/Балқожа би с/Қайырхан

Сәулет ескерткіштері

1. Ежелгі адамдардың жерді қазып жасаған баспанасы қалай аталады? а/жертөле б/жеркепе с/лашық
2. Көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты пайда болған баспана? а/ күрке б/киіз үй с/лашық
3. Сәулет өнерінің жарқын құрылыстары кімдердің заманында дүниеге келді? а/сақ заманында б/ғұн заманында с/түрік заманында
4. Жезқазған қаласынан 40 шақырым жерде Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан 13ғ кесене. а/Айша бибі кесенесі б/Жошы хан күмбезі с/Қожа Ахмет Йасауи кесенесі
5. 11-12ғғ салынған қазіргі Тараз қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан кесене. а/Айша бибі кесенесі б/ Қожа Ахмет Йасауи кесенесі с/ Жошы хан күмбезі
6. Қазақ хандығының тұсында бой көтерген, аңыз бойынша Қасым хан салғыған кесене? а/Айша бибі кесенесі б/Жошы хан күмбезі с/Алаша хан кесенесі
7. Әмір Темірдің бұйрығымен 1396-1404жж тұрғызылған кесене а/ Алаша хан кесенесі б/Қожа Ахмет Йасауи кесенесі с/Бабаджа хатун кесенесі
8. Йасауи кесенесінің биіктігі қанша метр? а/30м б/40м с/55м
9. 35 бөлмесі бар қандай кесене? а/Алаша хан б/Қожа Ахмет Йасауис/Жошы хан
10. «Пантеон» сөзі грек тілінен аударылғанда қандай мағынаны білдіреді? а/ « батырлар қаласы» б/ «құдайлар мекені» с/ «бабалар мекені»




Қазақ даласының өнері, наным-сенімдері, материалдық мәдениеті
1. Төкпе күйдің майталманы, Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген кім? а/Тәттімбет б/ Құрманғазы с/Қорқыт
2. Сарыарқа жерінде шертпе күйдің тамаша үлгісін жасаған кім? а/Құрманғазы б/Тәттімбет с/Ықылас
3. Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, бақсылардың қамқоршысы 9-10ғғ өмір сүрген оғыз тайпасынан шыққан қобызшы кім? а/Ықылас б/Қорқыт с/Тәттімбет
4. «Ақбай», «Ақсақ киік», «Кішкентай» күйлерінің композиторы кім? а/Дина Нурпеисова б/Құрманғазы сағырбайұлы с/Тәттімбет Қазанғапұлы
5. «Балбырауын» күйінің композиторы кім? а/Дина Нұрпейісова б/Құрманғазы сағырбайұлы с/Тәттімбет Қазанғапұлы
6. Құрманғазының шәкірті а/Дина Нұрпейісова б/Тәттімбет Қазанғапұлы с/Дәулеткерей Шығайұлы
7. «Жарым патша», «Жез киік» күйлерін шығарған кім? а/Құрманғазы б/Ықылас с/Қорқыт
8. «Қазақ шежіресін» кім хатқа түсірді? а/М.Ж.Көпеев б/В.Радлов с/Ф.Достоевский
9. Ауызша тарих ұғымын түңғыш қолданған кім? а/В.Радлов б/А.Невинс с/М.Дулати
10. Дінді зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? а/ теология б/археология с/философия
11. Түрік халықтары отбасы мен балаларды қорғаушы деп кімге сыйынған? а/ Тәңірге б/Ұмай анаға с/Күнге
12. Көшпелі қазақ халқының негізгі баспанасы- а/ саман үй б/киіз үй с/ күймелер-арба үстіндегі үйлер
13. Қыздардың ұзатылғанда киетін бас киімі қалай аталады? а/ тақия б/сәукеле с/кимешек
14. Малдың терісінен жылы әрі ыңғайлы етіп тігілгенсырт киім. а/Шекпен б/Тон с/Шапан
15. Түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім. . а/Шекпен б/Тон с/Шапан
16. Киіз үйдің өте қастерлі саналатын бөлігі? а/Шаңырақ б/Кереге с/Уық

20ғ Қазақстан
1. Қай жылы Ресейде монархиялық билік жойылды?
а/1916ж б/1917ж с/1918ж
2. 1917ж 24 ақпанда болған революция нәтижесі? а/ билік патша қолында қалды б/ІІ ?Николай биліктен бас тартты с/ Автономия құрылды
3. 1918-1920жж Ресейде болған соғыс қалай аталды? а/Отан соғысы б/Азамат соғысы с/Салқын соғыс
4. Қазақстанның жеке автономиялық мемлекет болғаны туралы қашан жарияланды? а/1918ж Орынборда б/1920ж Орынборда с/1922 Алматыда
5. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы қашан жарияланды? а/1920ж 30 желтоқсанда б/1922ж 30 желтоқсанда с/1922ж 16 желтоқсанда 
6. КСРО құрамына неше Республика кірді ? а/15 б/13 с/11
7. КСРО қай жылы тарды? а/1991ж б/1992ж с/1993ж
8. Алаш партиясының жетекшісі кім болды? а/Әлихан Бөкейханов б/Ахмет Байтұрсынов с/Міржақып Дулатов
9. 1917ж 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен жалпықазақ съезінде құрылған үкімет. а/Уақытша үкімет б/Алашорда үкіметі с/Кеңес үкіметі
10. Алашорда үкіметінің баспасөз орталығы. а/ «Қазақ» газеті б/ «Ұшқын» газеті с/ «Правда» газеті
11. Алашорда үкіметін Кеңес үкіметі қай жылы таратып жіберді? а/1920 б/1921ж с/1919ж

Ұлы Отан соғысы
1. Мемлекеттік тәуелсіздік пен аумақтық біртұтастығын, егемендігін әскери күшпен бұзу- а/ фашизм б/агрессия 
с/ отарлау
2. Ұлы Отан соғысы қашан басталды? а/1945ж б/1941ж с/1939ж
3. «Барбаросса» деген не? а/Фашистік партия б/Гитлердің соғыс жоспары с/ Газет атауы
4. Соғыс кезінде күріш өсіруден рекорд көрсекен кім? а/ Шығанақ Берсиев б/Ыбырай Жақаев с/Жазылбек Қуанышбаев
5. Төл алудан жоғары көрсеткішке жеткен кім? а/ Шығанақ Берсиев б/Ыбырай Жақаев с/Жазылбек Қуанышбаев
6. Тары өсіруден рекорд жасаған кім? а/ Шығанақ Берсиев б/Ыбырай Жақаев с/Жазылбек Қуанышбаев
7. КСРО-ның батыс өлкесінен Қазақстанға қанша зауыт,фабрика көшірілді? а/110 б/220 с/250
8. Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып, қаһармандық ерліктің үлгісін көрсеткен қазақстандық дивизия: а/238-атқыштар дивизиясы б/316-атқыштар дивизиясы с/310-атқыштар дивизиясы
9. Ленинград үшін шайқаста қай қазақстандық батыр жау пулеметін өз денесімен жауып, ерлікпен қаза тапты? а/Әлия Молдағұлова б/ Сұлтан Баймағамбетов с/Маншүк Мәметова
10. Ленинград блокадасы неше күнге созылды? а/500 б/900 с/800
11. «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу!» деген жалынды сөздерді кім айтқан? а/Бауыржан Момышұлы б/ В.Г.Клочков с/И.Панфилов
12. Рейхстагқа ту тіккен қазақ жауынгері кім? а/Р.Қошқарбаев б/Б.Момышұлы с/Т.Бигельдинов
13. Хиуаз Доспанова- а/мерген б/ ұшқыш с/ пулеметшы
14. Қазақтың атақты партизаны – а/ Т.Бигельдинов б/Қ.Қайсенов с/Б.Момышұлы
15. Кеңес Одағының батыры атағын қанша қазақстандықтар алды? а/497 б/725 с/310 
16. Олардың қаншасы қазақтар? а/97 б/19 с/11
Тәуелсіз Қазақстан
1. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады? а/1991ж 16 желтоқсан б/1991ж 1 желтоқсан с/1991ж 25 қазан
2. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев алғаш рет қашан сайланды? а/ 1990ж 30 тамызда б/1991ж1 желтоқсан с/1991ж 16 желтоқсан
3. 1995ж 30 тамызда- а/ Президент сайлауы б/Жаңа Конституцияның қабылдануы с/ Тәуелсіздікті жариялау
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? а/1992ж 4 маусым б/1991ж 4 маусым с/1992ж 5 мамыр
5. Мемлекеттік тудың авторы: а/ Ж.Нәжмеденов б/Ш.Ниязбеков с/Ш.Уәлиханов
6. 1993ж 15 қараша немен байланысты? а/ұлттық валюта күні б/мемлекеттік рәміздер шықты с/ Президент сайланды.
7. Астана күні- а/6 мамыр б/6 шілде с/ 6 мауcым

  • История
Описание:

1. «Тарих» сөзін алғашқы қолданған кімдер?
а/парсылар б/арабтар с/гректер
2. «Тарих» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
а/ «шежіре» б/зерттеу с/жазу
3. «Шежіре» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
а/ тарих б/рухани қазына с/ зерттеу
4. Жазба тарихтың негізін салушы кім?
а/ Сыма Цзянь б/ Геродот с/ Рашид ад-Дин
5. Тарих атасы кім?
а/ Сыма Цзянь б/ Геродот с/ Рашид ад-Дин
6. Шығыста тарих атасы кім?
а/ Рашид ад-Дин б/Сыма Цзянь с/ Геродот
7. 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбаларды»
(«Ши цзи») қалдырған кім?
а/ Геродот б/Сыма Цзянь с/Рашид ад-Дин

Автор Байгабулова Гулжанар Айтжановна
Дата добавления 14.01.2017
Раздел История
Подраздел Тесты
Просмотров 859
Номер материала MA-069531
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы