Инфоурок Иностранные языки Рабочие программыҚазақ әдебиеті Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармашылығы 9 сынып

Қазақ әдебиеті Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармашылығы 9 сынып

Скачать материал

Астана қаласы

№ 8 орта мектеп

     

 

9-cыныптағы  қазақ әдебиеті сабағы  

                                                                                             

Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

Махамбет өлеңдеріндегі атамекенге  сүйіспеншілік және халық азаттығы мен тәуелсіздігі идеясын таныту

 

 

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Өтепова Салиха Қамбарқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана – 2015

 

Қазақ әдебиеті                                                                                                                          9 -cынып

 

Сабақтың мақсаты:    Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы             

                              

  Білімділік:                   Махамбет Өтемісұлының өмірі  мен

                                шығармашылығынан алған білімдерін толықтыру,

                                                        өлеңдерін талдау

                                 

Дамытушылық:         Әдебиет пен тарихтың үндестігін табуда

                                       оқушылардың зерттеушілік  қабілеттерін

                                       дамыту.

Тәрбиелік:                   Махамбет  өлеңдеріндегі  негізгі  идея

                                      арқылы оқушылардың бойына отансүйгіштік,

                                      азаматтық парызды сезіну қасиеттерін  сіңіру.

Сабақтың типі:     білімді жүйелеу сабағы

Сабақтың түрі:     сараптама жасау, зерттеу сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  зерттеу, зерделеу, түйіндеу

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, сызбалар, слайдтар

Сабақтың барысы:

І  Ұйымдастыру

ІІ  Сараптама жасау, зерттеу

Сараптама сабағының әдістемелік бөлімдері :

·       Зерттеу

·       Зерделеу

·       Түйіндеу

 

                                               Махамбет Өтемісұлы

 (1803-1846)                                                                                                           

Тарихи кезең

Ақын өмірі мен шығармашылығы

Әдеби мұрасы

ХІХ ғ. І жартысында қазақ жерінде Ресей патшалығы  мен Қоқан хандығының отарлау саясаты кең өріс алды.

 

   Елде хандық құрылым жойылып, аға  сұлтандық әкімшілік – басқару жүйесі жүзеге аса бастады.

 

Қазақ даласында капиталистік элементтер бой көрсете бастады. Жаңа қоғамдық қатынастар халыққа жайлы болмады, тұрмысы күннен-күнге нашарлай бастады, әсіресе, халықты есепсіз салық түрлері шаршатты.

 

1836-1838 жж. Бөкей ордасында болған көтерілістің қозғаушы күші   шаруалар болды.      

Алғашында бұл көтеріліс шаруалар көтерілісі деп сипатталды.

 «Бұл ұлт – азаттық көтеріліс еді.. Оның қозғаушы күші , сипаты, барысы, мақсат  – мүддесі жөнінде мол деректер келтіріілді. Исатай Тайманов жайында бұрын айтылмай келген шындық-тардың бетін ашады»,- дейді Байтұрсын Ілияс Зұлқарнай

 

                                                                      

 

Махамбет Өтемісұлы            (1803-1846)

    Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Ішкі Бөкей Ордасы , қазіргі батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Нарын құмында туған.

  Махамбет арабша , орысша хат таныған, араб – парсы, түрік,татар, орыс тілдерін  меңгерген. Ол – ақын, шешен, батыр, күйші, жырау,  қол бастаған қолбасшы, азаттық үшін күрескен , елін сүйген азамат.

     Махамбет Өтемісұлы  -         

1836—1838 ж.  И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушы-лардың бірі.       Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы хан-сұлтан-дарға қарсы кекті жырлар тол-ғайды, халықты күреске шақы-рады.Көтеріліс жеңіліспен аяқ-талғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін саға-лайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруға күш са-лады. Бұл ниеті нәтижесіз бол-ды, Бөкей ордасында қолға тү-сіп, Орынбор түрмесіне қамала-ды. Тұтқыннан босағаннан ке-йінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалы-ларының қолынан 1846 жылы 20 қазанда қаза тапты. Денесі Қараой өңірінде жерленген.

 

Ақын шығармалары

Ел мен жер туралы өлеңдері

«Нарын»,«Нарында»,

«Адыра қалған Нарынның», «Ұлы арман», «Абайламай айрылдым», «Мен Нарыннан кеткенмін», «Қызғыш құс», «Еділ үшін егестік», «Жайықтық бойы енді су», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны».

 

         Ерлік жырлары

«Ереуіл атқа ер салмай» «Орай да борай қар жауса»

«Тар қамау» , «Ұл туса», «Еділ үшін егестік»,  «Жайықтың бойы енді су»,  «Соғыс», «Атадан туған аруақты ер»,  «Беркініп садақ асынбай»,  «Біз ер едік», «Күмісті мылтық қолға алып»,  «Туған ұлдан не пайда», «Бағаналы терек жарылса»

 

     Исатай туралы өлеңдері

«Мінгені Исатайдың Ақтабан -ай», «Исатай деген ағам бар», «Тайманның ұлы Исатай», «Тарланым», «Әй, Махамбет жолдасым», «Мұнар күн».

 

       Ақынның өз бейнесі

        жасалған өлеңдері

«Менің атым Махамбет»,

«Мен тауда ойнаған қарт марал», «Мен ақсұңқардан туған құмаймын», «Сөйлесем даңқым аңқыған»,  «Қарағай шаптым шандоздап», «Еңселігі екі елі», «Жалғыздық»

              Күйлері

«Өкініш», «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Жорық», «Ақтабан», «Шілтерлі терезе», «Тарлан» - барлығы 11 күйі 1982  жылы «Шашақты найза , шалқар күй» деген атпен күйтабаққа жазылған.

 

Тапсырма:                                                    

І  Зерттеу                                                                                        

 Оқушылар Махамбет  Өтемісұлының  тәуелсіздік пен еркіндік тақырыбын  жырлаған шығармалары мен ақынның өзі өмір сүрген тарихи кезеңге                   сипаттама береді,  зерттейді.

І  Зерттеу

Тарихи сипаты

Әдеби мұра

Қоғам.    Оқиға.     Тұлға.

   ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ қоғамында іргелі өзгерістер өріс алды:

·        Қоқан хандығы 1814-1815 жж. Түркістан,Жетісуды күшпен бағындырды;             

·        ХІХ  ғасырдың І жартысында Ресей   отарлау саясатының зардаптары күшейе түсті.

·        ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап, Ресей патшалығының отарлауы мен феодалдық қысымдарға қарсы күрестер, қозғалыста етек алды;

·        Көтеріліс жеңілгеннен кейін  Махамбет ел ішінде жүре алмайды. Бір күні Баймағамбет пен Махамбет оңашада кездесіп қалады. Батыр үйге қару –жарағын тастамай кіреді.  Баймағамбет батырдан «Исатаймен бірге не мақсатпен күреске шықтыңдар?»-деп сұрайды. Батыр «Менің сөзім сізге жақпас»,- деп айта қоймайды.  Сұлтан қайта – қайта өтініш қылады.  Сонда Махамбет Исатайды жоқтап, «Баймағамбет сұлтанға айтқаны » атты өлеңі дүниеге келген екен.   Баймағамбеттің алдындағы жас төрелер ашуланыпқызған кезде, сұлтан «Бұлай айтпаса  Махамбет батыр болар ма, батырдың  сөзін көтермесем мен хан болам ба»,- деген екен.

Мазмұн.    Тақырып.     Идея.

«Бағаналы терек» өлеңі

Өлеңнің мазмұны:

Өлеңнің тақырыбы:

Өлеңнің идеясы:

 

 

 

 

 

 

 

«  Мен едім» өлеңі

Өлеңнің мазмұны:

Өлеңнің тақырыбы:

 Өлеңнің идеясы:

 

 

 

 

 

 

 

 

«Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңі

Өлеңнің мазмұны:

Өлеңнің тақырыбы:

Өлеңнің идеясы:

 

 

 

Тапсырма:

Оқушылар Махамбет шығармаларындағы  тәуелсіздік пен еркіндік  айтылған пікірлер, деректер мен дәйектерді топтастырып, саралап, тарихи, әдеби маңызын анықтайды.

 

ІІ   Зерделеу

Тарихи деректер                                                            

Әдеби дәйектер

Тарихи деректер                                                            1836-1838 жж. Бөкей ордасында              болған көтерілістің қозғаушы күші                      шаруалар болды.                                                                              1837 жылы хан сарайын  2 мың көтерілісші қоршап алды.                                               Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі бойынша Исатай Тайманов сотқа тартылды.                                                  1837 жылы 15 қазанда Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда Балқы бидің ауылын  шапты.                      Исатай көтерілісін тездетіп басуға Кенесары қозғалысының кіші жүзді шарпуы әсер етті.                           Подполковник1836-1838 жж. көтеріліс бойынша сот ісін басқарды.                               1837 ж. қарашада Исатайдың под-полковник Геке мен Жәңгірдің біріккен әскерімен шайқасы болды.

ХІХ ғасырдың                                                     І жартысында қазақ  қоғамында,        бір жағынан, Қоқан хандығының, екінші жағынан, Ресей патшалығының  отарлау саясатының өріс алды.

 

ХІХ ғасырдың басында патша             үкіметі қазақ елін басқарудың жаңа жүйесін қалыптастырып, қазақ елі өзін-өзі басқару құқығынан айрылып, аға сұлтандық әкімшілік-басқару тәртібін орнату жобасын жүзеге асыра бастады.

 

Қазақ даласында капиталистік элементтер бой көрсете бастады. Жаңа қоғамдық қатынастар халыққа жайлы болмады, тұрмысы күннен-күнге нашарлай бастады, әсіресе, халықты есепсіз салық титықтатты.

Шашақты найза шалқар күй

Әбіш Кекілбаев, халық жазушысы

    Қай халықтың да қадір тұтары - өзінің сөзін сөйлеп, кегін қуар ақыны мен батыры. Екеуі де тек халықтың ғана бойынан табылар сарқылмас жігер мен шабыттың, сана мен сабырдың, тәуекел мен арманның түлегі. Екеуі де жұртын елдікке бастаса, қайсыбір жұмыр басты пенденің болсын өресі жетпес ерен ерлікке, кемел кісілікке бастары хақ. Екеуі де тасқындаған қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кемсіз пішер кемеңгер ақылдың көрінісі. Ал, осы екі қас қасиет бір адамның басына сыйып, бағына бітсе ше… Онда таңданатын не тұр! Тек батыр бас тігер көзсіз ерлікке алдымен ақынның дәті барып, қа-рымдас халқына жар салса, тек ақынның асқақ шабытына лайық нар тәуекелге тек батыр ғана бел буар болса, одан жарасым-ды, одан ғанибет не болушы еді

Дәуiр  толғағының  тұлғасы

Ақселеу  Сейдiмбек, филология ғылымының докторы.

            Көшпелiлер болмысындағы кезеңдiк мәнi бар iрi құбылыстар әсте өз  төңiрегiмен ғана шектелмейдi, әсте өз уақытының ая-сында тани қоюға көнбейдi. Ондай құбы-лыстардың тамыры ғасырларды көктей өтiп, тұтас дәуiрлiк үрдiстермен астасып жатады. Мұның жарқын айғағы- Өтемiсұлы Махамбеттiң  (1803-1846) өмiрi, оның тал бойы мен тағдырында тұтас дәуiр бол-мысының көрiнiс табуы.

   Махамбет- азаттықты көксеген курескер, қол бастаған батыр, құдiрет ақын, дәулес-кер күйшi. Мұның бәрi рас. Алайда, дәл осылай жiлiктеп, бiртұтас құбылысты бөл-шектеп танимыз десек, онда Махамбет бо-йындағы осынау қасиеттердiң сыр-себебi, мән-мағынасы толық ашылмас едi. Махам-бет әлемiн оның жеке басына таңырқау ар-қылы тану, жеке басын марапаттау арқы-лы түсiну мүмкiн емес. Керек десеңiз, Ма-хамбет болмысын танып-түсiну үшiн тек қана өзi өмiр сүрген заман мен қоғамды са-ралаумен шектелуге де болмайды. Өйткенi, ол - тұтас бiр дәуiр толғағы дүниеге әкелген ұлы тұлға.

 

 

Тапсырма:        

Оқушылар Махамбет Өтемісұлының  шығармаларындағы  тәуелсіздік пен еркіндік  туралы айтылған пікірлерді, деректер мен дәйектерді жүйелеп,                                                    ой тұжырымдайды, қорытындылайды.                                                                                              Ой үндестігі

Овал: «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңі
 


Овал: «Мен едім» өлеңіОвал: «Бағаналы терек» өлеңі           

                                                       

 

 

 


    Өлеңдегі ақын көзқарасы :                                                                             Өлеңдегі ақын көзқарасы   

                                               

                                                 Өлеңдегі  ақын көзқарасы:

Түйін

 

 
 

 

 

 

 


Тапсырма:

Оқушылар Махамбет ақынның үш өлеңдегі  заманға көзқарасын              нақтылап,  ортақ тақырыпты анықтайды. Өлеңдерді өзара салыстыра  отырып,  ой үндестігін табады,  түйін сөз  жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   ІІІ   Түйіндеу

Тұжырымдау

МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР – ЖЕБЕСІ

И. Тасмағамбетов, қоғам қайраткері

         Кез – келген тарихи, яки болмаса шығармашылық тұлға тек өз халқының інжу – маржаны ғана емес, жалпы адамзаттық бастау ретінде «әлем азаматы» санатында болып әр кезеңдегі, әр алуан халықтың мәдениетін тоғыстыратын буын болатыны қақ. Міне, осы пікірге әлемдік қауымдастық ЮНЕСКО шеңберінде 200 жылдығы тойланып отырған дара тұлға, қазақтың ұлы ақыны, бостандық пен еркіндік үшін күрескер Махамбет Өтемісұлы да тұтастай жатады.

          Поэзиялық мәдениет, өлең – жыр құрастыру өнері, ұшқыр суырып салмалық, сөз сайыс – түркі көшпенділерінің ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан көне дәстүрі, ол ғасырлар бойы классикалық жанрлар мен олардың нұсқаларын, өмірдің идеялық жан тебіренісінің бағамын, көркем түрлерін, этникалық біргейлігін т.б. канондарын айқындап, бойына сіңірді.

Махамбет сөз жоқ, көтерілісші елдің ақыны болды. Ол ақсүйек феодалдарға қарсы күрескен қазақ еңбекшілерінің арманын, ойын мұңын жырлады. Оның үгіттік лирикасына тақырып болған да-осы халықтық мәселелер. Оның үгіттік күшінің де қандай дәрежеде екенін айқындайтын ерекшелік те ақынның өлеңдеріндегі жұртшылық, тілегімен қабысып жатқан идеясымен қабысуында. Жауынгер батыр тек қана қылыш, найзамен ғана жауға шапқан жоқ, ол өзінің жалынды өлеңдерімен де дұшпанын найзалай түйреп, езілуші халықтың ой-сезімін оятты. Бұл жолда оның өлеңдері таптырмас күшті құралдың бірі болды. Өзі үгітшілік өлеңдері үгіт ролін атқарды. Бірақ, Махамбет өлеңдері жай ғана үгіт емес, ойға, сана-сезімге эстетикалық азық боларлық дәрежеге көтерілді.

Махамбет халық көңілінің тұнығындағы ең асылын – еркіндікті, теңдікті, жақсы тұрмысты аңсаған арманын, ата жауына деген қаны қатқан өші мен кегін, азаматтың антқа берік адалдығы мен арыстандай ерлігін көкке көтере мадақтады. Ақынның қызыл оттай қызулы, қылыштай өткір, селдей серпінді сөздері қараңғыда алдан жарық күнді қармаған қалың қазақтың ақ жүрегіне толқу салды, ер көңіліне жел берді

Қорытындылау

Ерлік пен елдіктің өшпес рухы

З. Қабдолов, халық жазушысы, академик

      Ақын болу – бір бар; ал оның үстіне батыр болу ше? Және де ақын – ақын, батыр – батыр қалпында бөлек – бөлек тұрып қалмай, ақындық пен батырлық бір тұлғаның табиғатында ару әйелдің бұрымындай  өріліп, баяғы бабалар дәуірінен бермен қарай тек қана азаттық аңсаған асыл ерлердің азап пен қорлыққа қарсы ашулы дойырына айналса … - о, бұл – енді әр ғасырда бір кездесетін аса сирек құбылыс. Осыдан келіп өмірдің өнерге яки өнердің өмірге айналуы секілді ғажайып «жұмбақ» процесс туады да, оны туғызған уақыт пен кеңістікке амалсыз жүгінеміз. Махамбет өмір сүрген Уақыт пен өнерін өрбіткен Кеңістік туралы ойласақ, біздің жадымызда патшалы Ресейдің тепкісінде төңбекшіген басыбайлы отары – ұлан – ғайыр Ұлы даламыз, сол даланың бір шалғайындағы Бөкей ордасы, Орданы билеген қазақтың соңғы ханы Жәңгір Бөкеев оралады.

            Бұл - Махамбеттің тағдырын тануға керек тарихи дерек.

Дәуiр  толғағының  тұлғасы Ақселеу  Сейдiмбек, филология ғылымының докторы

 Махамбет әлемiн оның жеке басына таңырқау арқылы тану, жеке басын марапаттау арқылы түсiну мүмкiн емес. Керек десеңiз, Махамбет болмысын танып-түсiну үшiн тек қана өзi өмiр сүрген заман мен қоғамды саралаумен шектелуге де болмайды. Өйткенi, ол тұтас бiр дәуiр толғағы дүниеге әкелген ұлы тұлға.

Дәстүрлi талғамымызда хас өнердiң бойына сұлулық пен шындық тең бiтiп, қоржынын аудармауы керек. Махамбетте мұның екеуi де кәмiл. Ол сонысымен көшпелiлер мәдениетiнiң аса тегеурiндi соңғы тұяғы ретiнде мойын бұрғызады. Махамбет өзiнiң рухы асқақ жырларын жыршылығы тасып шығармаған. Оның бойындағы буырқанған аста-төк өнер күрес жолындағы ең оңтай қаруы болған.

Үндестік

              Махамбет жырларының  құдiреттiлiгi арман-аңсарының заманалық кесектiгiнде. Махамбет халық басындағы бақ пен сордың жалқылық мысалына жұбанбайды, заман дүмпуi тудырған iрi ағымдардың аққарасын саралап толғанады. Бұл ретте, оның санасы сергек, танымы терең, мақсаты айқын. Ұлттың азаттығы мен халықтың әлеуметтiк теңдiгiн  Махамбеттен терең жырлаған, Махамбеттей жеткiзе жырлаған ақын қазақ топырағында некен-саяқ.

Дәуiр  толғағының  тұлғасы                                                                                                     Ақселеу  Сейдiмбек, филология ғылымының докторы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Овал: Алаштың ұлттық және саяси тәуелсіздікке жету идеясыӘдебиет пен тарихтың  өзара үндестігіОвал: ҮндестікНадпись: Алаш әдебиеті

 

 

Овал: ӘдебиетОвал: Тарих      

Овал:
 

 

 

 


Овал:  ЗерттеуНадпись: Тарихи деректер мен әдеби дәйектердің алаш қозғалысының мақсатын  өзара үндестікте айқындауы 

ХІХ ғасырдағы Ресей патшалығы отаршылдық                           саясатының    қазақ халқына әкелген  зардаптары  мен                      Махамбет шығармаларындағы  отаршылдыққа қарсы идея                   өзара үндесіп, ұлттық  және саяси  тәуелсіздікке                                                      жету мұратын айқындайды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ әдебиеті Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармашылығы 9 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

9 сынып қазақ әдебиетінен Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты сабақ жоспары. Сабақ Сараптамалық технология үлгісінде Зерттеу.Зерделеу.Түйіндеу. әдістері бойынша өтіледі. Сабақ тарих пен әдебиет пәнінің үндестігін көрсетеді. Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты көптеген деректерді зерттейді, зерделейді, қорытындысын жасайды, тарих пен әдебиеттің үндестін көрсететіп, ғалым, жазушылардың пікірлерімен байланыстырады. Ақынның өлеңдерін салыстырып, үндестігін көрсетеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 009 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.08.2020 1138
    • DOCX 91 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Федосова Ирина Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Федосова Ирина Викторовна
    Федосова Ирина Викторовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 57703
    • Всего материалов: 235

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (английский язык)

Учитель английского языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания итальянского языка с учетом требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Курс повышения квалификации

Основы теории обучения испанскому языку

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов

Мини-курс

Классики русской педагогической мысли

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе