Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ тілі.Тақырыбы: "Көркем әдебиет стилі"

Қазақ тілі.Тақырыбы: "Көркем әдебиет стилі"

Скачать материал

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Көркем әдебиет стилі

Сабақтың мақсаты: 

а/ Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктерді меңгерту. Көркем әдебиет стилінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру, әдеби шығармалардың көркемдік сипатын таныту, мәтіндегі көркем образдар мен бейнелі сөздерді, троп түрлерінің мағынасын ажырату;

ә/ Оқушылардың эстетикалық сезімдерін ояту, оқырмандық қасиеттерін арттыру;
б/ Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, көшбасшылыққа бейімдеу.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты слайд, «Кертолғау» күйі аудио, кеспе қағаздар /тапсырмалар/, троп түрлері туралы плакат, жылдың төрт мезгілі  бейнеленген сурет, түрлі түсті қағаздар, маркерлер, т.б.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, жаттығу, талдау, сұрақ-жауап, әңгіме жазу, топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

·         Оқушылармен  сәлемдесу, түгендеу.

·         Психологиялық ахуал туғызу.

-Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы тұр, өйткені біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.

«Тілек шоғы» атты тренинг жасау үшін ортаға шақырамын. /Ары қарай оқушылар бір-біріне гүл шоғын ұсыну арқылы тілектерін білдіреді/.

 Оқушыларды  топқа бөлу. Оқушылардың отырған орындықтарының астында от, су, күн, ай суреттері жабыстырылған, соны алып әрқайсысы өз топтарының аты жазылған жерге барып отырады («От», «Су», «Күн», «Ай» секілді топтарға жолдама беру арқылы бөлінеді).   

1-топ: «Ай» тобы       2-топ: «Күн» тобы

3-топ: «От» тобы       4-топ: «Су» тобы

·         Оқушылар, топ болып орындарымызға жайғастық, енді әр топ өздеріңізге ұран шығарып, таныстырсаңыздар!

ІІ.Үй жұмысын сұрау.

·         Өткен сабақты пысықтау

34-жаттығу

·         Бір қызықты оқиғаны (басыңнан кешкен, кітаптан оқыған, кинодан көрген т.б.) алдымен жазып, содан кейін ауызша айтып беріңдер.

35-жаттығу

·         Газет-журналдардан (қазақша, орысша, ағылшынша) сыпайы, күлкілі анекдоттарды оқып, мазмұнына сай мәнерлеп ауызша айтып беріңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың эпиграфы: «Қазақ тілі – жақұт моншақ тәрізді, жіпке тізіп, жарқырата таққандай».

Сабақтың кіріспесі:

Сөз – өз бойына биологиялық (сөз тию, көз тию ғылымда дәлелденген), физикалық (сөздің салмағы, адамға әсер етер сөз жылдамдығы, үдеме күші), химиялық (адам жанын қанаттандыру немесе күйдіріп, күйрету) қасиеттерді жинаған жанды құбылыс.

Жазушы осындай бейнелі сөздермен шығармаға жан бітіреді. Мысалы, «қар жауды» дегеннен гөрі «қар жапалақтап жауып тұр» деген сөз тіркесі көз алдымызға басқаша сурет береді.

Мақсаты, қолдану аясы, стильдік сипаты туралы айту.

Көркем әдебиет оқиғаны сурет бейнесінде баяндайды, танытады: оқиға, кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөзі, мінезі, келбеті қатысып баяндалады. Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер мынадай:

1) образды сөздер мол қатысады;

2)экспрессивті сөздер мол болады;

3)мәтінге ритм, интонация әсерлілік құру үшін көп жұмсалады;

4)шығарма тартымды болуүшін синоним сөздер, грамматикалық амалдар көп жұмсалады.

·         Дәптермен жұмыс

1-тапсырма (кеспе қағаздағы тапсырманы орындау)

1-топқа: Берілген сөздерден синонимдік қатар құру.

1.      Қабанбай, атақты, арлы-берлі, ойын-сауық, жабайы, белгілі, тым-тырақай, жүйрік, қара, қалың, әйгілі, Ерасыл; /атақты, белгілі, әйгілі/.

2.      Күлу, зат, сықылықтау, жаңа, мүлік, жылау, бұйым, көне, нәрсе, ескі; /зат, мүлік, бұйым, нәрсе/.

3.      Адам, өң, сары, түр, Жанерке, Көкшетау, түс, қала, тау, келбет, сарқырама, көкжиек, пішін, Алатау, Қарағанды, ажар, қалам, сия, көрік, доп, әлпет, парта, ағаш, кескін, жүзім, қияр, рең, шалқан, таңқурай, дидар, Алматы, Астана, шырай; /өң, түр, түс, келбет, пішін, ажар, көрік, әлпет, кескін, рең, дидар, шырай/.

4.      Салмақты, бала, қыз, сабырлы, қарындаш, Айкөркем, байыпты, тұлпар, тағдыр, ұстамды; /салмақты, сабырлы, байыпты, ұстамды/.

5.      Қазақ тілі, тез, тоғыз, сынып, жылдам, гүл, май, шапшаң, аспан, лезде, мұз; /тез, жылдам, шапшаң, лезде/.

2-топқа: Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.

1.      Аймандай қылды – әшкереленді, ұятты болды

2.      Жалғанды жалпағынан басу – молшылықта өмір сүру

3.      Жынынан айрылған бақсыдай – не істерін білмеу, абдырап сасу

4.      Күлге аунаған түйедей – шаң-шаң

5.      Қысқа жіп күрмеуге келмейді – кедейлік

 

3-топқа: Берілген өлең шумағынан теңеу сөздерді табу.

Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ.

Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,
Қабырғалы, жотасы болса күшті.
Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салқы төсті.

Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ,
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ.
Жерсоғарлы, сіңірлі, аяғы тік,
Жаурыны етсіз, жалпақ тақтайдай-ақ.

(А.Құнанбайұлы)

4-топқа: Берілген өлең жолдарынан кейіптеуді табу.

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.

(А.Құнанбайұлы)

·         Оқулықпен жұмыс

56-жаттығу

1-топқа: Өлеңді мәнерлеп оқу және Абайға еліктеп бір шумақ өлең жазу.

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып жылтыр боп жатады.

56- жаттығу

2-топқа: Ақын қысты қандай образда бейнелейді? Алған әсерлеріңді айтып беріңдер.

Әдеби шығармаларда жансыз табиғат құбылысы тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттелетіні көптеп кездеседі. Құбылтудың мұндай түрі кейіптеу деп аталады. Ұлы Абайдың осы "Қыс" өлеңіндегі:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды,-

деп, қыстың кәрі құда бейнесінде бейнеленуі, суреттелуі, сылқ-сылқ күлгені" – кейіптеуге жатады. Қыс мезгілі - мейірімсіз, түсі суық, қатал шал кейпінде бейнеленгендей әсердеміз.

 

 

56-жаттығу

3-топқа: Өлеңнен теңеу мен эпитетті тауып жазу.

Теңеу: ұшпадай, бұлттай

Эпитет: ақ киімді, денелі, ақ сақалды, ақ қырау, түсі суық

56-жаттығу

4-топқа: Өлеңнің құрылысына талдау жасау.

Бұл өлең 11 буыннан, 2-3 бунақтан, 10 тармақтан тұратын, қара өлең ұйқасына құрылған өлең.

Әр топқа жылдың төрт мезгілінің суреті беріледі. Сол сурет бойынша әңгіме құрау қажет.

58-жаттығу /Сүгірдің күйі «Кертолғау» қосып,тыңдату/.

1-топқа: Күйдің үнін бейнелеген сөздерді атаңдар.

Кербез күйінен айырылып, аңырап қоя берді. Булыға, екпіндеп басталған күй бірінші тараудың өзінде қырық құбылып, мың бұралып, дөңгеленіп тұрып алды. (Яғни кейіптеу қолданылған).

2-топқа: Күйшінің күй тарту шеберлігі қандай бейнелі сөз арқылы берілген?

«Кертолғаудың» екінші тарауы басталғанда, күйшінің шебер саусақтары құлдилай жорғалап, екі ішекті қат-қабат, алма-кезек шалып, бірде толғап, бірде іле, бірде шымши шертіп, текіректеген дыбыстарды сапырып жіберді. Булыққан, үйірілген, боздаған дыбыстар бас қосып, бейне бір хормен ән шырқағандай аңқылдап, аңырап кетті.

3-топқа: Мәтіннен тұрақты тіркестерді теріп жазу.

Діңке құртатын, көкейге құйылды, бас қосу, бастан кешу, көңілдің көзін ашу.

4-топқа. Мәтінді қысқаша әңгімелеу.

«Кертолғау»-көшпелі алаш жұртының мәдениетінде өзінің терең мағынасымен бөлек тұрған күй. Бұл күй жайында қазақ халқы арасында тараған аңыз да бар. Ерте заманда бір жігіт пен бір қыз бір-біріне ғашық болады. Бірақ қыздың атастырылған жері бар. Соған қарамастан екеуі сөз байласып, ешкім білмейтін, таба алмайтын бір жаққа қашпақ болады. Айтылған күні жігіт қамыстың ішінде қызды тосып отырады. Күтуден жалыққан жігіт байқамай ұйықтап кетеді. Сол кезде қамыс аралап келе жатқан жолбарыс оның ішін жарып өлтіреді. Аңыз сорабында бұл күй сүйгенін іздеп келген қыздың өліп жатқан жігітті көріп, өкіне жылағанын бейнелейді. 

ІV. Сабақты бекіту

Берілген сұрақтарға мақал-мәтелмен жауап беру.

1. Білетін кім, білмейтін кім? (Көп жасаған білмейді, көпті көрген біледі.)

2. Жібек қалайша жүн болады? (Жібекті түте алмаған жүн етеді.)

3. Адам баласына неліктен көз бен сөз тиеді? (Елдің алдында болсаң – көз тиер, Елдің соңында болсаң – сөз тиер.)

4. Аурудың жақсысы бар ма? (Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ.)

5. Ауызды қашан тыю керек? (Көзің ауырса қолыңды тый, Ішің ауырса аузыңды тый.)

6. Кімнің көзінен жас шығады? (Жаңа дос келгенде, Ескі достың көзінен жас шығады.)

7. Кім құлақ шығара алады? (Қазаншының еркі бар, Қайдан құлақ шығарса.)

 

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма:

М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан бейнелі сөздерге мысал жазу.

1-топ: пейзажды табу

2-топ: портретті табу

3-топ: мақал-мәтелдерді табу

4- топ: теңеуді табу.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі.Тақырыбы: "Көркем әдебиет стилі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Психолог в социальной сфере

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 671 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.09.2020 1635
    • DOCX 48 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иванова Надежда Геннадьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Иванова Надежда Геннадьевна
    Иванова Надежда Геннадьевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 92429
    • Всего материалов: 221

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе