Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ тіліндегі ң дыбысының қолданысы

Қазақ тіліндегі ң дыбысының қолданысы

Скачать материал

«П.Г.Карелин атындағы орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тіліндегі "ң" дыбысының қолданысы

 

 

Бағыты:  Қазақ тілі

Жетекшісі: Карасаева Сауле Едиловна,  бастауыш сынып мұғалімі

Орындаған: Тоқтарханова Мариям 4 «Б» сынып оқушысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017-2018 оқу жылы

 

Мазмұны:

І. Кіріспе

1.1 Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 «Ң» дыбысының қолданылуы

2.2 Фонетикалық жаттығулар.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

Аңдатпа

Жоба кіріспе және негізгі мәселені қамтитын екі тарау мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеуге түсіп отырған тақырыптың өзектілігі, қарастырылып отырған нысан жөнінде мағлұмат беріліп, жобаның мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігіміз көрсетілді.

Аннотация

 Проект состоит из двух глав и заключения, включающая введение и основной вопрос. Актуальность исследования темы " во введении, даны сведения по рассматриваемой форме, в какой он керектігіміз для достижения цели и выполнения задач, цель проекта была оказана.

Annotation

The draft consists of two chapters and a conclusion, including an introduction and a main issue. The relevance of the research theme " in the introduction, the information on the form in which it erects to achieve goals and perform tasks, the objective of the project was provided.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеудің мақсаты: 
Қазақ тіл біліміндегі «ң» дыбысының айтылу, жазылу құбылыстарын анықтау, оларға толық түсініктеме беру, меңгерту және жалпы қолданысының жолдарын көрсету.

Міндеттері:

-         Фонетика жүйесін зерттеу

-         «Ң» дыбысының айтылу мен жазылудағы ерекшелігін қалыптастыру.

-         Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру

-         Көркем шығармалардан және күнделікті тілдік қарым-қатынастан «ң» дыбысы кездесетін мысалдар теріп, талдау;

Зерттеу пәні: қазақ тілі
Зерттеу нысаны: «Ң» дыбысы

Зерттеу әдістері:

-         Көркем әдебиеттерді зерделеу.

-         Интернет көздерінен ақпарат жинау.

-         Ойын технологиясы

-         Талдау, салыстыру, қорытындылау

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

«Ң» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше дыбыс.

Зерттеудің өзектілігі: 

Даму бағдарламасының негізгі бағыты – сын тұрғысынан ойлау стратегиясын пайдалана отырып зерттеу жүргізу  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі.
Фонетика (грек. phônçtіkуs –дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.Осыған байланысты қазіргі фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.Өмірде кездесетін дыбыстар көп. Жел соқса да, дыбыс шығады, бормен тақтаға жазсақ та дыбыс шығады. Бұл – зат пен екінші заттың соқтығысуынан болып жатқан физикалық дыбыстар. Ал фонетиканың тексеретіні – тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары. Адам баласы бірімен-бірі сөйлесу арқылы қатынас жасайды, пікір алысады. Ал осы қатынас жасау, пікір алысу сөйлеу арқылы іске асады. Буын жеке дыбыстардан, сөз буыннан, сөйлем сөздерден құралады. Демек, сөз дыбыстардан тұрады, ол – тіл дыбыстары.
Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене;
2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш;
3) ауа толқырлық кеңістік.
Тілдің барлығында да дыбыстар дауыстылар мен дауыссыздар деп екі топқа бөлінеді.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым.
Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа біріншіден, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екіншіден, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшіншіден, ауа баяу шығады (а,о,у).
Сонымен, дауыссыз дыбыстар үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар болып екі топқа бөлінеді. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген екі топқа бөлінеді. Дауыссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. 
Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны - ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда – үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде ― бәсең үн болады;
- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы – таза салдырдан тұрады деуге болады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң және ұяңдарды - көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше – көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;
- дауыссыздардың үн сапасында - жаңғырық болмайды;
- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар:
- үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстары;
- айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың және діріл дауыссыз дыбыстары;
- жасалу орнына қарай: ерін және тіл дауыссыз дыбыстары.
1. Қатаң дауыссыздар
Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш
2. Ұяң дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыры басым болады. Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з.
3. Үнді дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді:
- ауыз жолды: й, л, р, у;
- мұрын жолды: м, н, ң.
4. Ерін дауыссыздары
Сөйлеу мүшелері: қос еріннің түрліше қызмет атқаруы нәтижесінде жасалған дауыссыз дыбыстарды ерін дауыссыздары деп атаймыз. Ерін дауыссыздарына мыналар жатады: б, м, п, у.
5. Тіл дауыссыздары
Сөйлеу мүшесі болып табылатын тілдің түрліше қызметі арқылы пайда болатын дауыссыз дыбыстарды тіл дауыссыздары деп атаймыз.
Тіл дауыссыздары тілдің қатысына қарай үшке бөлінеді:
- тіл алды: д, ж, з, й, л, н, р, с, т, ш;
- тіл ортасы: г, к;
- тіл арты: ғ, қ, ң.
6. Шұғыл дауыссыздар
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында толық тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбыстарды шұғыл (тоғысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз . Шұғыл дауыссыздарға мыналар жатады: б, г, ғ, д, к, қ, м, н, ң, п, т.
7. Ызың дауыссыздар
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында саңылау өткелі арқылы өтуінен пайда болатын дауыссыз дыбыстарды ызың (жуысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз .Ызың дауыссыздарға мыналар жатады: ж, з, й, л, с, у, ш.

ІІ ТАРАУ. «Ң» ДЫБЫСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ
         Әр тілдің өзіне ғана тән төл дыбыстары болатынын қарапайым түрде былай түсіндірсек: бір тілдің дыбысталуы өте жағымды (қазақ, француз) болса, енді бір тілдікі мысалы қытай тілі шаң-шұң еткен өңкей ащы дыбыстар жүйесінен түзілген, алтай, якут тілдері дауыссыздар жүйесіне негізделгендіктен құлаққа түрпідей тиеді. Әр дыбыстың артикуляциялық, акустикалық, генетикалық сипаттамасы болады. Мысалы, қазақ тіліндегі дыбыстардың барлығы дерлік ауыз қуысынан шығады. Тіліміздегі кез келген дыбысты айту кезінде өкпеден шыққан ауаны ауыз қуысында еш кедергіге ұшыратпай, не мұрын жолымен айтып көріңізші. Тілдегі әр дыбыстың айтылуы құлаққа жағымды саздылыққа ие болуы да тілдің ұзақ даму жолын көрсетеді. Дыбыстардың саздылығынан тіліміздегі кез-келген сөзді бағындырып тұрған буын үндестігі мен дыбыс үндестігі келіп шығады. 
Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты мәселелерді жылдар бойы ғалымдар мен әдебиеттанушылар қауымы зерттеп, халыққа үздіксіз қызмет етуде. Дегенмен де қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бір қатары терең зерттелінгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық. Сол сияқты қазақ тіл білімінің саласында да зерттеуді қажет ететін тұстары жеткілікті дегенге ешкім де дау айта алмас. Сол құбылыстардың бірі –ң дыбысының дұрыс айтылу, қолдану ерекшеліктері. Әрине, ң дыбысы мүлдем қарастырылмаған, не зерттелінбеген құбылыстар деп айта алмаймыз, бірақ оның толық зерттелінбегенін және әлі де болса қанағаттандыра алмай жатқан жақтары барлығын айқындай кеткіміз келеді.
Мемлекеттік ұлттық тіліміздің баршаға ортақтығы белгілі бір заңдылықтардың, нормалардың болуын талап етеді. Ол нормалардың тіл білімінің барлық салаларында болатыны анық. Тілдің дыбыстық және мағыналық табиғаты мен таңбалануы, сандық ерекшеліктерінің үйлесімді болып келуі. Сауатты жазудың кепілі орфографиялық ережелерді мұқият сақтап отыруда.
Ендеше, қазақ тілінің төл «ң» дыбысына назар аударайық: ң-үнді (мұрын жолды),тіл арты,шұғыл дауыссыз. Біріншіден, «ң» дыбысы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді (алайда,1-сыныпқа арналған «Әліппе» оқулығында ң әрпінің бас әрпі неліктен көрсетіліп тұрғаны түсініксіз жайт), екіншіден, «ң» дыбысы жабық буында анық естіледі. «ң» дыбысын дұрыс айтқызу үшін түрлі әдістерді қолдануға болады. Атап айтсақ, «н» дыбысын созып айту, ұқсас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу арқылы «ң» дыбысын айтқызуға дағдыландыру. Мысалы: ан-аң, он-оң, ын-ың, өн-өң, ін-ің, ұн-ұң.
Ұқсас буындарды кезекпен айтқызу әдісімен басқа да дыбыстарды айтуға болады. Түбірдің соңғы н дыбысы к, қ, г, ғ дыбыстарының алдынан келсе, айтуда н дыбысы өзгеріп, ң дыбысына айналады. Жазуда оны елемейміз. Мысалы: бір күнгі (бір күңгі), Аманкүл (Амаңкүл), сән қой (сәңқой), Дүйсен-қали (Дүйсеңқали). Сөз ішінде немесе сөз аралығында н дыбысы мен қ дыбысы қатар келсе, айтуда н дыбысы ң-ға, қ дыбысы ғ дыбысына айналады. Мысалы: Қазан-қап (Қазаңғап), Жылан-қарағы (Жылаңқарағы), Есен-келді (Есеңгелді).
Тілдің тірегі―сөз. Ал тілдің сөз байлығын танытатын―көркем шығарма. Көркем шығарма тіл байлығын танытумен ғана шектелмейді, сондай-ақ, тілді байытатын, дамытатын негізгі арналардың бірі болып табылады. Сол себептен балаларға арналған ертегілерден біраз мысалдар келтірсек. Мәселен, «ң» дыбысы сөздің бірінші буынында кездесетінін көруге болады: «Кемпір-шалға аң мен құстың етін қақтап үйіп береді де, Төстік жолға шығады.»( «Ер Төстік» ертегісінен) ; «Қысқасы өзің - күң, балаң - құл болады. Ойымдағыдай жақсы істемесеңдер бастарың алынады, - депті.» («Сыбызғы сыры» ертегісінен) ; «Бұрын, бұрын, бұрында Қаң-бақ шал деген шал болыпты.» («Қаңбақ шал» ертегісінен ). Екінші және үшінші буында да кездеседі: «Та-ңер-тең Шығайбай жолға кетпек, болып, бәйбішесіне қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер,—дейді.» («Алдар көсе мен Шығайбай» ертегісінен) немесе «Тұруға мұршасы келмей жатқан шал ша-ңы-раққа қараса, ша-ңырақ-тың күлдіруішінде керулі тұрған кер бие-нің төстігі көзіне түседі» ( «Ер Төстік» ертегісінен).
Ң  әрпі сөздің басында еш уақытта жазылмайды.Бұл дыбысты н дыбысымен  шатастырып жазуы жиі кездеседі.Оны сөздерді салыстыру арқылы сөз мағынасының өзгеретіндігіне көз жеткізу керек. Және н- тіл ұшы дыбысы,ң тіл арты дыбысы екенін үнемі тілмен жаттығу жасау арқылы үйрету керек. «Дұрысын жаз» Мені (н,ң), бізді (н,ң),оларды(н,ң).Қайсысы мағыналы. Қай уақытта дауысты и мен дауыссыз и-дің  жазылатынына байланысты ереже жиі еске түсірілуі қажет.
Әділін айту керек, «ң» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше қасиетінің бірі – осы «ң».
Қазақ баласы «іңгәлап» туады, өмірге іңкәр болады, ыңылдап әндете бастайды, дүниеге таңдана қарайды, ыңғайлы кәсіппен айналысады, сұңқар баулып, аңға салады, қалың беріп, келін алады, бір-біріне жеңіс тілеп, «оң болсын» айтады. Қысқасы, «тең-құрбымен тебісіп» өскен қазақтың шаруасы «ың-шыңсыз» бітпеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
1-ЖАТТЫҒУ
Төмендегі ң дыбысы кездесетін буындар мен сөздерді дұрыс айтқанға дейін оқы. Өзіңе таныс әуенге салып айтуға болады.
аң – даң – жаң – заң – ұң – қаң– лаң – маң – оң – паң – раң – саң – таң – шаң – ең – бең – жең – зең – кең – лең – мең – пең – рең – сең – тең – шең – мың – тың
2-ЖАТТЫҒУ
Жоғарыда берілген сөздерді диктофонға жазып ал да, сол сөздерді жатқа жаз.
3-ЖАТТЫҒУ
Өзіңе таныс (ң) дыбысын дұрыс айта отырып, бір буынды сөздерді оқы, жазылуын есте сақта.
Аң–заң–лаң–маң–оң–паң–таң–шаң–ең–жең–кең–мең–рең–сең–тең–көң–өң –мың–тың.
4-ЖАТТЫҒУ
Өзіңе таныс (ң) дыбысын дұрыс айта отырып, көп буынды сөздерді оқы, жазылуын есте сақта.
Аңға – даңғаза – жаңа – жаңбыр – заңдар – ұңғы – қаңғыбас – лаңкес – маңдай оңқай – паңданба – саңырауқұлақ – таңданба – шаңырақ – еңіреме – жеңесің– зеңбірек – кеңірек – леңгір – меңіреу – реңк – сеңгір – теңбіл – шеңбер – маңай– тыңдарман – мыңдаған – шыңға – оңға – тоңба – мұңайма – сыңай–кеңейт.

“Адасқан әріптер” ойыны

“Адасқан әріптерді” орнына қой және жіңішке дауыстылардың астын сызу.

б,л,а,б,қ,ш,а,а,а

д,у,ы,з,ы,с,с,а

ұ,а,з,т,с

а,а,т,р,м,п,с,ы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекеттік ұлттық тіліміздің баршаға ортақтығы белгілі бір заңдылықтардың, нормалардың болуын талап етеді. Ол нормалардың тіл білімінің барлық салаларында болатыны анық. Тілдің дыбыстық және мағыналық табиғаты мен таңбалануы, сандық ерекшеліктерінің үйлесімді болып келуі. Сауатты жазудың кепілі орфографиялық ережелерді мұқият сақтап отыруда.

Қорыта келгенде , Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы атты зерттеу жұмысымда «ң» дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігіне байланысты нәтиже жасалды, «ң» дыбысын айтуды үйретудің әдіс-тәсілдері мен балаларға арналған Қазақ ертегілерінен мысалдар теріліп көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Байтұрсынов А. «Қазақ тілінің дыбыстары»// «Жаңа мектеп» журналы, №2; «Дыбыстардың жіктелуі». «Төте оқу» 1936, желтоқсан айы, №30; «Сөз үндістігі». «Төте оқу» 1937, 5 март, №7. (Байтұрсынов А. Шығармалары, Алматы, «Жазушы», 1989; «Қазақстан әйелдері», №4, 1989).
2.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж
3.Қазақ ертегілері
4. «Ана тілі» газеті «ң»-сыз сөйлейтін кімсіз?! 10-ақпан, 2009

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Қазақ тіліндегі «ң» дыбысының қолданысы» атты зерттеу жұмысына

 

Пікір

 

Тоқтарханова Мариям «Қазақ тіліндегі «ң» дыбысының қолданысы» атты зерттеу жұмысында ол алдына қойған мақсаттарын толығымен орындаған. Ізденуші жай ғана материалдарды қарастырып қана қоймай өзіндік көзқарасын танытып отырған.

Оқушы тақырыбы өзекті, зерттеу жұмысында зерттеуге түсіп отырған нысан жөнінде мағлұмат беріліп, зерттеу жұмысының мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігі көрсетілген.

Тоқтарханова Мариям  зерттеу жұмысын жазу барысында Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігіне байланысты нәтиже жасаған, «ң» дыбысын айтуды үйретудің әдіс-тәсілдері мен балаларға арналған Қазақ ертегілерінен мысалдар теріліп көрсеткен.

Ізденуші тек зерттеумен ғана шектелмей, «ң» дыбысының қалай айтылып жүргеніне нақты тоқталған. Зерттеу жұмысы талапкердің зерттеу жұмысқа қабілеттілігін, өзіндік  ізденіс, түйін жасай алатын, пікір тұжырымдарының тиянақтылығын көрсетеді. Сонымен қатар, зерттеу жұмысының мазмұнын теориялық жағынан маңызды мәліметтерге сүйене отырып, оның тәрбиелі мәнін қоғам талабына сай анық аша білген.

 

Скачать материал

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Карасаева Сауле Едиловна

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тіліндегі ң дыбысының қолданысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 677 928 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.12.2020 806
    • DOCX 927.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Стругова Татьяна Борисовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Стругова Татьяна Борисовна
    Стругова Татьяна Борисовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 70465
    • Всего материалов: 221

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 503 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 338 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек