Пәні: Қазақ тілі.
3-сынып
Тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бастауыш пен баяндауыштың тұрлаулы
мүшелері
екенін
ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын
жетілдіру, сөздік қорын байыту,
байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелілік: Өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, топтастыру, ойын.
Пән аралық байланыс: Әдебиеттік оқу, бейнелеу
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу
Балалар, бүгінгі сабаққа
дайынбыз ба? Көңіл – күйіміз қалай? Ендеше сабақты ұранымызбен бастайық. Сабақ
ұраны:
Қазақ
тілі-өз тілім,дана тілім
Абай,
Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді
ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,
бақытым қазақ тілім.
Миға шабуыл.
Сұрақтарға жауап беру..
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұратын толық мағыналы сөздерді...
дейміз. (сөйлем мүшелері)
Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін... дейміз.
(бастауыш)
Баяндауышқа... деген сұрақтар қойылады? (не істеді? не қылды? қайтті?)
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, онда бастауыштан кейін...
қойылады. (сызықша)
Жаңа
сабақ
Тұрлаулы мүшелер Ұйымдастырылған
ізденушілік.
–
Оқушылар, қазір жылдың қай мезгілі?(Қазір күз мезгілі)
–
Күзден кейін қай мезгіл келеді?(Қыс мезгілі келеді)
–
Қыс айы қай айдан басталады?(Қыс желтоқсан айынан басталады)
–
Желтоқсан айының алғашқы бірі күні қандай атаулы күн?( Қазақстан
Республикасының Бірінші Президенті күні).
А) суретпен жұмыс
Қар жауды.
Бүгін жапалақтап қар жауды.
-Адамның есімі белгілі бір мағынаны білдіреді. Жақсылығы көп
болсын деп «Жақсылық» , ақылды болсын деп «Дана» қояды. Кәне, Бастауыш,
баяндауыш сөздерінің мәніне көз жіберейік.
-бастауыш сөйлемнің бастауы дегенді білдіреді. Ендеше сөйлем
бастауыш арқылы басталады.баяндауыш осы бастауыштың қимылын, ісін білдіреді.
Осындай атқаратын қызметтеріне қарай олар тұрлаулы мүшелер деп аталады.
Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.
Оқулықпен жұмыс.
61 –жаттығу. Ауызша.
Сөйлемдерді оқып тұрлаулы мүшелерді табу. Неліктен олар тұрлаулы
мүшелер екендігін дәлелдеу.
62 –жаттығу. Жазбаша.
Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.
Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
Мәтінге ат қой.
63-жаттығу. Мақалдарды жатқа жаз.
Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
Мақалдардың мәнін түсіндір.
Шығармашылық тапсырмалар.
А) Әр
топқа тапсырмалар беріледі.
Б) суреттерді ретімен қойып, мағыналық байланысына қарай ретімен
жазу. Тұрлаулы мүшелерді табу.
Рефлексия
1.Сөздердің бастауыш, баяндауыш екенін
айырып себеттерге салу.
2.Венн диаграммасы
Балалар,
бүгін біз не үйрендік?
Сөйлемнің
қандай мүшелерімен таныстық?
Оларды
неге тұрлаулы мүшелер деп атаймыз?
Үйге тапсырма.
Бағалау .
Суреттерді ретімен қойып, мағыналық байланысына қарай ретімен жазу.
Тұрлаулы мүшелерді табу.
Венн диаграммасы
Сөздердің бастауыш, баяндауыш
екенін айырып себеттерге салу.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.