Инфоурок Другое Рабочие программыҚазақ әдебиеті "Абай"

Қазақ әдебиеті "Абай"

Скачать материал

Қазақ әдебиеті   9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. «Әуелден бір суық мұз,ақыл зерек», «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы»
Сабақтың мақсаты:
а) Абай шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан - жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір - қасиетін ұғындыру;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өтілген материалдарды жинақтау.Ы.Алтынсарин әңгімелері
Мұғалімнің кіріспе сөзі.  Абай туралы бейнематериал қарау
Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары – адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. ( Ибраһим, Абай, Телғара)

1845-ж.10 тамызда Семей облысындағы  Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген. Анасы Ұлжан мен кіші шешесі Айғыздың арасында «Телғара» атанып өсті.

1855-1857ж.   Ауыл молдасынан сауат ашты.

1857-1859 ж.  Семей қаласында Ахмет Риза медресесінде білім алды.

1889 ж.25ке жуық өлең шығарды.

1890-1898ж.   Қара сөздерін жазды.

1904ж.            14 мамырда Мағауия қайтыс болды.

Осы жылы 23-маусымда Мағауия өлімінің қайғысын көтере алмай 40-күні өзі де 59 жасында қайтыс болды. Абайдың сүйегі Жидебайға жерленді, 40 күннен соң 3-тамызда ұлы  Ақылбай да дүние салды.

Қара сөздері 45 сөзден тұрады.

Қара сөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек.

Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

«Әуелде бір суық мұз ақыл зерек...» Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 3 шумақтан тұрады. Адамгершілік жайындағы философиялық ой толғауға негізделген. Онда ақын шын мәнінде жақсы адам болу үшін ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керек. Бұл жерде жүрек - қағілез, сергек сезімді, ал қайрат - байсалды сабырлылық пен табанды төзімділікті тудыратын қасиет. Егер адам бойында осы үш ерекшелік табиғи тұтастық тапса, нағыз мінсіз мінез сонда ғана қалыптаспақ дегенді айтады. «Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, ғылым сол үшеуінің жөнін білмек» деп қорытады. Өлең 11 буыңды. 1-шумағы қара өлең үлгісімен өрнектелген де, кейінгі 2 шумағының 2-жолдары шұбыртпалы ұйқас түрінде тізбектеліп отырады. Түпнұсқасы Мүрсейіт қолжазбаларынан алынып, алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық керген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды.Өлең ағылшын, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен тілдеріне аударылған. 

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...» - Абайдың 1887ж. жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 4 тармақты 15 жолдан тұрады. Ол - қазақ оқушысына ертеден даңқты көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғы есебіндегі өлең. Бұған шейін ақындықтың әлеумет тірлігіндегі өзгеше қасиеттерін Абайдың өзі де жырлаған жоқ-ты. Ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты туралы қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын өзге де жырлаушы, жазушы болмаған.

Шығарманың идеясы

Ең алдымен, бұл өлеңде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары әлеуметтік тартыстың үлкен құралы, зор мәнді әрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді.Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған.Өлеңнің негізгі түйіні: Тыңдаушыны тәрбиелеу, сөздің құдіреттілігін түсіндіру, поэзияны бағалауға шақырады.Оқушыға өлең шумағын талдату

Ө-/лең-//сөз-дің пат/ша/сы//,сөз са/ра/сы,//а
Қи/ын/нан// қи/ыс/ты/рар//ер да/на/сы//а
Тіл/ге же/ңіл,//жү/рек/ке//жырлы ти/іп,//б
Теп-теріс//жұ/мыр кел/сін//ай/на/ла/сы а

11 Буынды қара өлең ұйқасы.


Сұрақтарға жауап беру
1. Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)
2. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты? (1909ж.Петербург)
3. Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)
5. Абайдың жеті атасын атаңыз. (Құнанбай - Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын)
6. Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».
7. Абайдың руы. (Тобықты)
8. Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)
9. «Медғат - Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (Мағауия)
10. Табиғат лирикасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)
11. Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)

12. Абайдың орыс досы. (Михаэлис)

Сабақты қорыту.

Ақыл-ой,ақындықтың киесі — Абай, Түгел сөздің түбі бір жүйесі-Абай. «Өлең сөздің — патшасы» десе Абай, Патшаға енді ұсынбас төрді Абай, Патша мүлде тағымен төңкерілген, Өлеңнің құдіретті иесі — Абай! «Сөздің құдіреттілігі — қоғамды өзгертетін күш» деген болатын Абай. Сабақты елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылаймын: «Біздің міндетіміз бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу» деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады. Үйге тапсырмасы: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңді жаттау.
Білімдерін бағалау. Бағалау парағы арқылы
Үй тапсырмасын беру. Шығарма «Жас ұрпақ үшін Абай мұрасының өнегелік тәрбиесі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ әдебиеті "Абай""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Политолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақ әдебиеті 9-сыныпСабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. «Әуелден бір суық мұз,ақыл зерек», «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» Сабақтың мақсаты: а) Абай шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан - жақты таныту; ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір - қасиетін ұғындыру; б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту. Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Өтілген материалдарды жинақтау.Ы.Алтынсарин әңгімелері Мұғалімнің кіріспе сөзі. Абай туралы бейнематериал қарау Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары – адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. ( Ибраһим, Абай, Телғара)1845-ж.10 тамызда Семей облысындағы Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген. Анасы Ұлжан мен кіші шешесі Айғыздың арасында «Телғара» атанып өсті.1855-1857ж. Ауыл молдасынан сауат ашты.1857-1859 ж. Семей қаласында Ахмет Риза медресесінде білім алды.1889 ж.25ке жуық өлең шығарды.1890-1898ж. Қара сөздерін жазды.1904ж. 14 мамырда Мағауия қайтыс болды.Осы жылы 23-маусымда Мағауия өлімінің қайғысын көтере алмай 40-күні өзі де 59 жасында қайтыс болды. Абайдың сүйегі Жидебайға жерленді, 40 күннен соң 3-тамызда ұлы Ақылбай да дүние салды.Қара сөздері 45 сөзден тұрады.Қара сөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек.Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.«Әуелде бір суық мұз ақыл зерек...»Абайдың1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 3 шумақтан тұрады. Адамгершілік жайындағы философиялық ой толғауға негізделген. Онда ақын шын мәнінде жақсы адам болу үшін ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керек. Бұл жерде жүрек - қағілез, сергек сезімді, ал қайрат - байсалды сабырлылық пен табанды төзімділікті тудыратын қасиет. Егер адам бойында осы үш ерекшелік табиғи тұтастық тапса, нағыз мінсіз мінез сонда ғана қалыптаспақ дегенді айтады. «Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, ғылым сол үшеуінің жөнін білмек» деп қорытады. Өлең 11 буыңды. 1-шумағы қара өлең үлгісімен өрнектелген де, кейінгі 2 шумағының 2-жолдары шұбыртпалы ұйқас түрінде тізбектеліп отырады. Түпнұсқасы Мүрсейіт қолжазбаларынан алынып, алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық керген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды.Өлең ағылшын, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен тілдеріне аударылған. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...» - Абайдың 1887ж. жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 4 тармақты 15 жолдан тұрады. Ол - қазақ оқушысына ертеден даңқты көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғы есебіндегі өлең. Бұған шейін ақындықтың әлеумет тірлігіндегі өзгеше қасиеттерін Абайдың өзі де жырлаған жоқ-ты. Ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты туралы қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын өзге де жырлаушы, жазушы болмаған.Шығарманың идеясы Ең алдымен, бұл өлеңде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары әлеуметтік тартыстың үлкен құралы, зор мәнді әрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді.Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған.Өлеңнің негізгі түйіні: Тыңдаушыны тәрбиелеу, сөздің құдіреттілігін түсіндіру, поэзияны бағалауға шақырады.Оқушыға өлең шумағын талдатуӨ-/лең-//сөз-дің пат/ша/сы//,сөз са/ра/сы,//а Қи/ын/нан// қи/ыс/ты/рар//ер да/на/сы//а Тіл/ге же/ңіл,//жү/рек/ке//жырлы ти/іп,//б Теп-теріс//жұ/мыр кел/сін//ай/на/ла/сы а11 Буынды қара өлең ұйқасы. Сұрақтарға жауап беру 1. Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда) 2. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты? (1909ж.Петербург) 3. Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан) 5. Абайдың жеті атасын атаңыз. (Құнанбай - Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын) 6. Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі». 7. Абайдың руы. (Тобықты) 8. Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға») 9. «Медғат - Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (Мағауия) 10. Табиғат лирикасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.) 11. Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)12. Абайдың орыс досы. (Михаэлис) Сабақты қорыту.Ақыл-ой,ақындықтың киесі — Абай, Түгел сөздің түбі бір жүйесі-Абай. «Өлең сөздің — патшасы» десе Абай, Патшаға енді ұсынбас төрді Абай, Патша мүлде тағымен төңкерілген, Өлеңнің құдіретті иесі — Абай! «Сөздің құдіреттілігі — қоғамды өзгертетін күш» деген болатын Абай. Сабақты елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылаймын: «Біздің міндетіміз бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу» деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады. Үйге тапсырмасы: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңді жаттау. Білімдерін бағалау. Бағалау парағы арқылы Үй тапсырмасын беру. Шығарма «Жас ұрпақ үшін Абай мұрасының өнегелік тәрбиесі»

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 827 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.09.2020 335
    • DOCX 17.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ионова Елена Михайловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ионова Елена Михайловна
    Ионова Елена Михайловна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 92857
    • Всего материалов: 256

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 28 регионов

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе