Инфоурок Классному руководителю КонспектыҚазақ ағартушыларының өмірі мен шығармашылығын оқыта отырып ,оқушылардың бойына азаматтықты, патриотизмді және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру.

Қазақ ағартушыларының өмірі мен шығармашылығын оқыта отырып ,оқушылардың бойына азаматтықты, патриотизмді және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру.

Скачать материал

Қазақ ағартушыларының өмірі мен шығармашылығын оқыта отырып ,оқушылардың бойына  азаматтықты, патриотизмді және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру.

                                                                                                                  «Әрбір халық өзінің болашағын 

                                                                                                    өскелең ұрпақпен   байланыстырады.»   

                                                                                                                                         Н.Ә.Назарбаев

   Қандай адам қалыптастыру керек екендігін білмей тұрып , оқыту мен тәрбиелеудің мақсатын анықтамай тұрып оны жүзеге асыру мүмкін емес.Мақсатсыз іс әрқашан нәтижесіз. Оқу мен тәрбиенің  мақсаты-қоғамдық құбылыстар, ондағы өндірістік қарым-қатынастар және әлеуметтік жай-күйлермен тығыз байланысты.

   Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің,мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай жан-жақты дамыған жеке дарынды тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет- салты,мәдениеті,өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі.Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап,іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру өмірге деген көзқарасын және оған сай мінез-құлқын қалыптастыру.Соның ішінде азаматтық тәрбиенің тірегі отаншылдық болып табылады.Мектеп барлық кезде оқушыларды Отанды сүю және қорғау сезімдерін дамытты және дамытып келеді.Интернационалдық және патриоттық тәрбие деген кең мағыналы қасиетті ұғым. «Отан отбасынан басталады »- деп айтады халқымыз. Әрбір адамның отбасы,туған жері өскен ортасы,ауылы, елі-оның Отаны.Өмірге келген адамның бәрінде міндетті түрде,бірден интернационалдық және патриоттық сезім туа қалмайды.Патриотизм ,отаншылдық,азаттық сезімі ананың құрсағынан даритын биологиялық құбылыс емес,бұл психологиялық құбылыс.

   Қазіргі оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді Білімді өз бетінше іздендіру,оның бойына азаттық ,отаншылдық қасиетті дарытуға қолайлы жағдай жасау-сол қағидалардың бірі.Білімді өздігінен іздене игере алу-жан-жақты білімділіктің өте зор құралы.

Баланы кішкентайынан кітап оқуға дағдыландыру ,жетілдіру аса маңызды.Ол баланың тіл байлығын өсірумен бірге логикалық ойлау қабілетін жоғарылатады,оларға өмірдің құнын ұғындырады, ұлылар ұлағатын қабылтады.Өздігінен кітап оқу арқылы оқушы жас шағында уақытын қадіріне жеткізу ,уақытты қадірлеу,біртіндеп ілгерілеу сынды асыл қасиет қалыптастырады. Ал бос уақытын мәнсіз өткізген баланың тұтас өмірі де құнсыз нәрселер үшін сарп болары хақ.Олай болса ,әдебиет пәні оқушылардың көркем шығарманы өздігінен ізденіп оқуы үшін жағдай жасап,дұрыс бағыттама беріп отыру қажет.Әдебиет сабақтарында оқушылар ақын-жазушылардың шығармашылығына байланысты мәліметтер алады.Бірақ , жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу,шығармашылық ойлау қабілетін қазіргі өсіп келе жатқан адамның қабілет,қасиеттеріне ықпал ететін тәлім-тәрбиелік қуаты жетілдіру үшін бұл жеткіліксіз.

Отанын адамның өзі тану қажет.Оны жете біліп , қадір-қасиетін ұққанда тарихын,өткен жолын,қиындық мехнаттарын,рухын,тар жол,тайғақ кешулерін көза алдынан өткізіп,жанымен сезе білгенде ,елдің  басын біріктірген,жат жұрттықтардан жерін,суын,даласын,тауын, қанын төгіп қайсарлықпен қорғап қалған ерліктерін сезініп болғанға ғана соған деген мақтаныш сезімі оянады .адам бүгінгі өзі басып жүрген топырағын ,суын қадір-қасиетін жете сезініп,өз еліне деген мақтаныш күшейе бастайды.Мектепте жас жеткіншектерді  Отанын сүюге тәрбиелеу қазақ халқының батырларының өмірі мен ерліктерін олардың туған жерін жауларынан қаймықпай қорғағанын баяндау арқылы жүзеге асырыларды. Қазақстан батырлары мен танымал тұлғалары көп ел екені даусыз.

Мысалы Қобыланды батыр,Алпамыс батыр,Ер Тарғын ,Ер Көшке,Баян батыр,Қабанбай,Бөгенбай, Райымбек батырлар.Тарихты бағалау жастарға Отан қорғаудың үлгілі жолын көрсетіп тұрғандай әсер қалдырады.Жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеуде ақын,жазушылардың тағалымдарын оқытудың мәні зор.Қорқыт ата жеткінешек,жас өспірімдердің жаны мен қоса тәнінің шынығуына елі мен жерін жан -тәнімен сүйіп,оны қасықтай қаны қалғанша жаудан қорғайтын жаужүрек батыр болғанын  аңсайды. 19ғ. 30-40 жылдарда Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген ақын және батыр Махамбет Өтемісұлы мен оның жерлесі Исатай Тайманұлының ерліктері үшін күресуде және туған халқына қызмет етуде интернационалдық және патриоттық тәрбиенің жарқын үлесі болды.

   Сонымен қатар әлемдік озық шоқ жұлдыздары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаев еңбектерінің  ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі мол.  Осы ғасырдың басында тәлімдік ой пікірімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов,  М.Дулатов,М.Жұмабаевтардың педагогикалық  тұжырымдары жұртты қайран қалдырды.

   Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»деген.Жас ұрпаққа саналы тәрбие және  сапалы білім беру деңгейі ең алдымен ұлт тәрбиесіші мұғалімінің даярлығына,оның  іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

Ж.Аймауытов: «Естеріңізде болсын: қара халықтың  мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын,баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп,қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек.Орыс  тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды.Қазаққа аюдай ақырған шенеунік табылуы оңай; ерінбей-жалықпай,бақырмай-шақырмай іс бітіретін ,терісі қалың көнбіс табанды қызметкер табылуы қиын.Қазаққа зор кеуде ақсүйектің,ақша жегіш жалтырауық шенеуніктің,сұлу сөзді,құрғақ бектің керегі жоқ ; адал күшімен  өгіздей өрге сүйрейтін жұмысшы керек. »-деп ,сол кезеңдегі қоғамның заманның әлеуметтік-саяси бет-бейнесін көрсетті.Жүсіпбек Аймауытов осы сөзі арқылы ұлттық  батырларымызды аңсады, әрбір көкірегінде көзі бар ұрпақты намысты болуға  шақырады.

  Профессор Махмуд Хадми Зақзұқ «Ұмытылмаған құндылықтар» кітабында : «Тап қазіргі кезде,қоғамның тек материалдық тұрғыдан ғана бір жақты дамуы ,ғалам тепе-теңдігінде әсер етуде.Ал рухани құндылық,азаттық отаншылдық  өмірдің барлық саласын дамытуға қорғау салатын негізгі тірек болып табылады.Осы тіректен қалған дамушы күштер бастау алады,өйткені мұнсыз ешқандай нәрсе жасау мүмкін емес» - деп жазған, дана сөзі бар.

   Абай атамыз: «Алтау ала болса , ауыздағы кетеді.Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.Бес нәрседен қашық бол: өсек,өтірік,мақтаншақ еріншек,бекер мал шашпақ –бес дұшпанды білсеңіз.Бес нәрсеге асық бол: талап,еңбек,терең ой,қанағат,рахым,ойлап қой-бес асыл іс көнсеңіз» ,- деп даналық пен надандық белгілеріне сипаттама берген.Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Әне оны берем,мәне мұны берем деп,бастан алдағаныңа мәз боласың,соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің?» деп теріс тәрбие беретін ата-ананы қатты сынға алды.Ұлы ойшыл адамның өсіп жетілуіндегі тәрбие рөлінде тоқтала келе,өзінің 19- қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды , естіп, көріп, ұстап,татып естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарына қосылады.Естіген нәрсені есте сақтау,ғибрат алу ғана есті етеді» ,- деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді.Абай  «Сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарас әшкерелеп,адам мінезі өмір барысынан сабақ алып,өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп,оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе,күнінде бір мәртебе,болмаса жұмасында бір,ең болмаса айына бір,өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңмен өзің есеп ал»,-дейді.Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады.Және «Адам баласы бір-біріне ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселерімен озады.Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық » -дей келе,адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді.Абай үлгі етіп ұсынған адал еңбек,ар –ождан мәселелері қай қоғамда болмасын аса қажет,адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің ұтқасы, өмірдің өзгермес заңы,жастарды алға жетелеп жарық  нысанасы екені даусыз.Абай Құнанбаев шығармаларының дені тәрбие,дін,саясат,қоғам,әлеумет,өмір философиясы секілді келелі мәселелерді қамтиды.Оның педагогикалық мұраларының мәні жеке тұлғаның өз еліне,жеріне, бауырына,ұлтына адал еңбек етуге тәрбиелеумен сипатталады.Сондықтан ақын шығармаларының негізгі бағыты ұлт болмысын айқындауға құралған.себебі Абай шығармаларында «отаншылдық» немесе «патриот» сөздері нақты кездеспесе де,оның отаншылдық идеяны насихаттайтын өсиеттері көп.Сонда да әлі күнге дейін біз оны қазақ халқының патриот ақыны деп айтылуына жеткілікті көңіл аудармаймыз.Бұл тұрғыда зерттеуші ғалым М.Мырзахметов: «Абайдың халық арасындағы орасан зор ықпалы бар әдеби мұрасын езілген халықтың ой санасын, азаматтық сезімен ұштап жетілдіру бағытында,қазақ елін топқа тапқа жіктемей ағартушылар ұстанған таным тұрғысынан танытуға ұмтылады. Абай- бүкіл қазақ атаулының ұлтжанды қамқоршысы» , - деп келтіреді. Шын мәнінде қазақ елі Абай өмір сүрген дәуірде қиын-қыстау кезеңді бастан өткізген  болатын.Бұл кезде қазақ халқының іргесі сөгіліп,әлді әркім билеп Ресей империясының озбыр саясаты және жергілікті  болыс-билердің солақай іс-әрекеті елдің тыныштығын бұзған аумалы-төкпелі заман болатын.Ақынның өзі бұл кезеңді : «Қалың елім,қазағым,қайран жұртым,ұстарасыз аузыңа түсті мұртың» , - деп сипаттайды.Мұның мазмұны ел бірлігін,оқу білімді отаншылдық тәлім-тәрбиені,ағартушылықты насихаттаумен түсірдірілінеді.Сонымен бірге: «Кетті бірлік,сөнді ерлік», - деп, өз заманындағы ерлікпен батырлықтың қадір-қасиеті кетіп,халық арасында надандық орын алып,отаншылдық рухтың беделінің төмен түскеніне налып, толғана ой айтады.

  Шәкәрім Құдайбердіұлы : «Қазақтың жайнар даласы.Жетілер оқып баласы.Ар түзейтін бір ғылым табылмаса.Зұлымдықты жалғанда жеңбес »- деген өлең жолдарында,рухани тәрбиеге ерекше мән берген.

  Жүсіп Баласағұн : «Біліксіздің тілін тыйған жөн болар.Текті сөз бен,тәтті сөз,екі басқа білгенге.Кейде ащы сөз тәттіде,тәтті удай тілгенде.Шарап ішпе,таза ұста санаңды.Ми былықса көрер күнің қараңғы.Сабырлы бол,сабыр жеткізер мұратқа.  Күйіп-пісіп, өзіңді отқа құлатпа . Қай істеде жоғалтпағын сабырды.Ұстамдылық үйірер мал-бағыңды.Төле би абыз : «Ақылдың түбі құт болар.Қарап отырғанша , бір нәрсеге жарап отыр.Кәсіп болмай, нәсіп болмас.Наданға көзіңді салма.сағың сынар», - деп,ұрпақтар ақ-қараның ара-жігін ажырата білсін деген үмітпен өсиет қалдырған.

 Қазақ әдебиетінің ірі өкілі Ж.Аймауытов ұстаз қызметін «Ұстаз – шәкірттерге сабақ берумен білім үйретумен шектелген маман иесі емес, ол шәкірттерінің алдағы өмірін көз алдына келтіріп , өз басынанакешірген тәжірибесіне таянып,келешекте жазатайым аяғын шалыс басып, өмірден соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоршысы »- деп бағалаған.Сондықтан әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін,білімді , іскер , адамгершілігі мол , парасатты , мәдениетті , жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті.Жастарды тәрбиелі , сапалы , саналы етіп даярлап шығару заман талабы , ұстаздардың міндеті, өйткені олар – біздің болашағымыз. Ал сапалы да саналы жастар бірінші ұлттық тәрбиеден сусындауы керек. Сонда ғана біз қоғамға керекті Отан сүйгіш патриот , елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.

                             

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ ағартушыларының өмірі мен шығармашылығын оқыта отырып ,оқушылардың бойына азаматтықты, патриотизмді және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақ ағартушыларының өмірі мен шығармашылығын оқыта отырып ,оқушылардың бойына азаматтықты, патриотизмді және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру.«Әрбір халық өзінің болашағын өскелең ұрпақпен байланыстырады.» Н.Ә.Назарбаев Қандай адам қалыптастыру керек екендігін білмей тұрып , оқыту мен тәрбиелеудің мақсатын анықтамай тұрып оны жүзеге асыру мүмкін емес.Мақсатсыз іс әрқашан нәтижесіз. Оқу мен тәрбиенің мақсаты-қоғамдық құбылыстар, ондағы өндірістік қарым-қатынастар және әлеуметтік жай-күйлермен тығыз байланысты. Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің,мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай жан-жақты дамыған жеке дарынды тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет- салты,мәдениеті,өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі.Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап,іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру өмірге деген көзқарасын және оған сай мінез-құлқын қалыптастыру.Соның ішінде азаматтық тәрбиенің тірегі отаншылдық болып табылады.Мектеп барлық кезде оқушыларды Отанды сүю және қорғау сезімдерін дамытты және дамытып келеді.Интернационалдық және патриоттық тәрбие деген кең мағыналы қасиетті ұғым. «Отан отбасынан басталады »- деп айтады халқымыз. Әрбір адамның отбасы,туған жері өскен ортасы,ауылы, елі-оның Отаны.Өмірге келген адамның бәрінде міндетті түрде,бірден интернационалдық және патриоттық сезім туа қалмайды.Патриотизм ,отаншылдық,азаттық сезімі ананың құрсағынан даритын биологиялық құбылыс емес,бұл психологиялық құбылыс. Қазіргі оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді Білімді өз бетінше іздендіру,оның бойына азаттық ,отаншылдық қасиетті дарытуға қолайлы жағдай жасау-сол қағидалардың бірі.Білімді өздігінен іздене игере алу-жан-жақты білімділіктің өте зор құралы.Баланы кішкентайынан кітап оқуға дағдыландыру ,жетілдіру аса маңызды.Ол баланың тіл байлығын өсірумен бірге логикалық ойлау қабілетін жоғарылатады,оларға өмірдің құнын ұғындырады, ұлылар ұлағатын қабылтады.Өздігінен кітап оқу арқылы оқушы жас шағында уақытын қадіріне жеткізу ,уақытты қадірлеу,біртіндеп ілгерілеу сынды асыл қасиет қалыптастырады. Ал бос уақытын мәнсіз өткізген баланың тұтас өмірі де құнсыз нәрселер үшін сарп болары хақ.Олай болса ,әдебиет пәні оқушылардың көркем шығарманы өздігінен ізденіп оқуы үшін жағдай жасап,дұрыс бағыттама беріп отыру қажет.Әдебиет сабақтарында оқушылар ақын-жазушылардың шығармашылығына байланысты мәліметтер алады.Бірақ , жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу,шығармашылық ойлау қабілетін қазіргі өсіп келе жатқан адамның қабілет,қасиеттеріне ықпал ететін тәлім-тәрбиелік қуаты жетілдіру үшін бұл жеткіліксіз.Отанын адамның өзі тану қажет.Оны жете біліп , қадір-қасиетін ұққанда тарихын,өткен жолын,қиындық мехнаттарын,рухын,тар жол,тайғақ кешулерін көза алдынан өткізіп,жанымен сезе білгенде ,елдің басын біріктірген,жат жұрттықтардан жерін,суын,даласын,тауын, қанын төгіп қайсарлықпен қорғап қалған ерліктерін сезініп болғанға ғана соған деген мақтаныш сезімі оянады .адам бүгінгі өзі басып жүрген топырағын ,суын қадір-қасиетін жете сезініп,өз еліне деген мақтаныш күшейе бастайды.Мектепте жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеу қазақ халқының батырларының өмірі мен ерліктерін олардың туған жерін жауларынан қаймықпай қорғағанын баяндау арқылы жүзеге асырыларды. Қазақстан батырлары мен танымал тұлғалары көп ел екені даусыз.Мысалы Қобыланды батыр,Алпамыс батыр,Ер Тарғын ,Ер Көшке,Баян батыр,Қабанбай,Бөгенбай, Райымбек батырлар.Тарихты бағалау жастарға Отан қорғаудың үлгілі жолын көрсетіп тұрғандай әсер қалдырады.Жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеуде ақын,жазушылардың тағалымдарын оқытудың мәні зор.Қорқыт ата жеткінешек,жас өспірімдердің жаны мен қоса тәнінің шынығуына елі мен жерін жан -тәнімен сүйіп,оны қасықтай қаны қалғанша жаудан қорғайтын жаужүрек батыр болғанын аңсайды. 19ғ. 30-40 жылдарда Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген ақын және батыр Махамбет Өтемісұлы мен оның жерлесі Исатай Тайманұлының ерліктері үшін күресуде және туған халқына қызмет етуде интернационалдық және патриоттық тәрбиенің жарқын үлесі болды. Сонымен қатар әлемдік озық шоқ жұлдыздары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаев еңбектерінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі мол. Осы ғасырдың басында тәлімдік ой пікірімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов,М.Жұмабаевтардың педагогикалық тұжырымдары жұртты қайран қалдырды. Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»деген.Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен ұлт тәрбиесіші мұғалімінің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.Ж.Аймауытов: «Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын,баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп,қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек.Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды.Қазаққа аюдай ақырған шенеунік табылуы оңай; ерінбей-жалықпай,бақырмай-шақырмай іс бітіретін ,терісі қалың көнбіс табанды қызметкер табылуы қиын.Қазаққа зор кеуде ақсүйектің,ақша жегіш жалтырауық шенеуніктің,сұлу сөзді,құрғақ бектің керегі жоқ ; адал күшімен өгіздей өрге сүйрейтін жұмысшы керек. »-деп ,сол кезеңдегі қоғамның заманның әлеуметтік-саяси бет-бейнесін көрсетті.Жүсіпбек Аймауытов осы сөзі арқылы ұлттық батырларымызды аңсады, әрбір көкірегінде көзі бар ұрпақты намысты болуға шақырады.Профессор Махмуд Хадми Зақзұқ «Ұмытылмаған құндылықтар» кітабында : «Тап қазіргі кезде,қоғамның тек материалдық тұрғыдан ғана бір жақты дамуы ,ғалам тепе-теңдігінде әсер етуде.Ал рухани құндылық,азаттық отаншылдық өмірдің барлық саласын дамытуға қорғау салатын негізгі тірек болып табылады.Осы тіректен қалған дамушы күштер бастау алады,өйткені мұнсыз ешқандай нәрсе жасау мүмкін емес» - деп жазған, дана сөзі бар.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 935 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2020 249
    • DOCX 25.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баженова Лариса Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баженова Лариса Викторовна
    Баженова Лариса Викторовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 103720
    • Всего материалов: 218

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе