- Учебник: «Физика», Перышкин А.В.
- Тема: §17 Расчет пути и времени движения
- 02.01.2021
- 418
- 5
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сабақтың тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану жылуы. Сабақтың мақсаты: 1. МКТ тұрғысынан қайнауды түсіндіру. Q, r, m –ді анықтау. Салыстырмалы жылдамдықты анықтай білу. Шық нүктесін анықтай білу. 2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, қабілетін және пәнге деген қызығушылығын арттыру. 3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, көңіл – күйлерінің көтерілуіңе ықпал ету. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кітаппен. Пәнаралық байланыс: Көрнекіліктер: кесте, формулалар Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, назарын сабаққа аудару және сабақтың мақсатымен таныстыру. II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Қандай құбылысты булану деп атаймыз ? 2. Қай кезде булануды кебу деп атайды ? 3. Сұйықтың кебу жылдамдығы неге байланысты ? 4. Қандай құбылысты конденсация деп атайды ? 5. Қандай буды қаныққан бу деп атайды ? 6. Қандай буды қанықпаған бу деп атайды ? III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Сонымен, жер бетінің көп бөлігін су алып жатқандығы белгілі. Мұхиттан, теңізден, көлден, су қоймаларынан, өзеннен және т.б. бетінен судың булануының нәтижесінде ауада әрдайым су буы болады. Ауадағы су буы, әдетте, қанықпаған болады. Егер ауадағы су буы қаныққан болса, онда жер бетінде ешқашан кебу процесі жүрмеген болар еді. Шындығында да, ауадағы су буы неғұрлым қанықпаған болса, ауа соғұрлым құрғақ болады. ауаның ылғалдылық дәрежесін анықтау үшін ондағы су буы қаныққан күйге жақын немесе қанықпаған екендігін білу маңызды. Осы мақсатта салыстырмалы ылғалдылық ұғымы енгізіледі. Есіңде сақта! Ауадағы су буы қысымының берілген температурадағы қаныққан будың қысымына тең процентпен өрнектелетін шаманы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп атайды: . Атмосфералық ауаның салстырмалы ылғалдылығы неғұрлым аз болса, соғұрлым әр түрлі су қоймаларындағы, өсімдіктердегі, адам организміндегі судың булануы тезірек жүреді. Салыстырмалы ылғалдылық тек ауадағы су буының мөлшеріне ғана емес, сондай-ақ температураға да байланысты. Есіңде сақта! Бу (газ) қаныққан күйге өткендегі, ал салыстырмалы ылғалдылығы 100%-ке тең болған кездегі температураны шық нүктесі деп атайды. Ауадағы су буының шық нүктесін анықтау үшін Ламбрехтың конденсаиялық гигрометрін пайдаланады. Ол алдыңғы қабырғасы жылтыр металл Р резервуардан тұрады. Резервуардың ішіне аздаған эфир құйылып, Т термометр қойылады. Ауаның ылғалдылығын жылдам анықтау үшін, көбінесе, психрометрді қолданады. Бұл – бірдей екі термометрден тұратын аспап. Олардың біреуінің резервуары матамен оралады, оның ұшы суы бар ыдысқа салынады. Құрғақ термометр – ауаның температурасын, ал ылғал термометр буланған сұйықтың температурасын көрсетеді. Ауаның біркелкі ылғалдылығы адамның бірқалыпты өмір сүруі мен қызмет етуіне қажетті жағдай туғызады. Төменгі салыстырмалы ылғалдылықта тез буланудың әсерінен мұрын, өңеш, өкпенің шырышты қабықтары кеуіп, салқын тиюге және басқа аурулардың пайда болуына әкеп соғады. Ересек адам бірқалыпты жағдайда жұмыс істегенде – күніне 2 кг-дай су жоғалтады. Біз сұйықтың буға айналуын қарастырдық. Енді сендерге күнделікті өмірден жақсы таныс буланудың екінші тәсілі-қайнауды қарастырамыз. Қайнау процесінің даму барысын бақылау үшін құтыдағы судың температурасын өлшей отырып қыздырамыз. 50 суреттегі тәжірибені жасай кетеміз. Сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес, сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін мұндай қарқынды булануды қайнау деп атайды. Қайнау кезінде көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан төмен болмауы керек. Ол мынаны білдіреді: Назар аудар! Қайнау сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысымға тең немесе одан сәл жоғары болатын температурада жүреді; Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды. Заттардың булануға қабілеттілігі меншікті булану жылуымен сипатталады. Меншікті булану жылуын r әрпімен белгілейді. Есте сақта! Меншікті булану жылуы деп сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады. Меншікті булану жылуының өлшем бірлігі ретінде бір джоульдің бір килограмға қатынасы алынады . Массасы m сұйықты буландыруға қажетті жылу мөлшерін формуласымен есептейді. Әр түрлі сұйықтар үшін меншікті булану жылуы әр түрлі болып келеді. Олардың қайнау температурасындағы мәндері тәжірибе жүзінде анықталған. 7-кестеде кейбір заттардың меншікті булану жылуының мәндері келтірілген. IV. ЖБ жұмысы. Есеп шығару үлгісі. Бсатапқы температурасы 20 0С, массасы 10 кг суды ашық ыдыста қайнағанға дейін қыздырып, буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері жұмсалады? Берілген: шешуі: Жұмсалған энергияның жалпы мөлшері: , Жауабы: V. Бекіту сұрақтары: 1. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы дегеніміз не ? 2. Салыстырмалы ылғалдылық неге тәуелді ? 3. Шық нүктесі деп нені айтады ? 4. Гигрометр қалай құрылған ? Ол қалай жұмыс істейді ? 5. Психрометр қалай құрылған ? Оны қалай пайдаланады ? 6. Қайнаудың алдында сұйықта қандай құбылыстар байқалады? 7. Сұйықтың қайнауы қай кезде басталады? VI. Сыныпта орындалатын тапсырма: Сынып бөлмесі ішіндегі ауаның ылғалдылығын анықтау Психрометрмен танысу, психрометрлік кестені қолдануды үйрену. VII. Үйге тапсырма: §17. Өзін-өзі тексеру сұрақтары. VIII. Қорытынды. Оқушыларды бағалау.
6 656 178 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Егорова Юлия Вячеславовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.