Инфоурок География Другие методич. материалыАймақтық компоненттерді сабақта қолдану (баяндама)

Аймақтық компоненттерді сабақта қолдану (баяндама)

Скачать материал

Касымбаева Жанаргул Разхановна

«Шаңырақ» көпсалалы мектеп – гимназия»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

география пәні мұғалімі

Аймақтық компоненттерді сабақта қолдану

Аймақтық компоненттерді пайдалану сабақты жетілдіре түсуге бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. География сабақтарында жергілікті материалды тиімді пайдалану білімнің күнделікті тұрмыспен байланысын арттырады, туған өлке ерекшелігімен танысып, оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына көмегін тигізеді

Экологиялық білім мен тәрбие беру дегеніміз-адамзат қауымының қоғамның табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған ортамен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғайалатын, аялай білетін адамгершілігі мол ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жас ұрпақ тәрбиелеу маңызды орын алады.

Мектептегі экологиялық білім мен тәрбие берудің орталығы –сабақ. Сабақ арқылы мұғалім мен оқушы арасында барлық оқу-тәрбие жұмыстары, әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырады. География пәнінде экологиялық бағытта жүргізілетін жұмыстар оқушылардың дүние танымын кеңейтіп, экологиялық санасын қалыптастырып, мәдениетін көтереді, оқушылардың елжандылық сезімдерін тәрбиелеуге әсер етіп, экологиялық біліктіліктерін арттырады.

Экологияны оқыту барысында оқушыларға берілетін оқу-тәрбиелік жұмыстарының ең маңызы мақсаттары мен міндеттерін басшылыққа алу керек. Олар:

  • оқушылардың қоршаған орта туралы білімін кеңейтіп, олардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру;

  • ой-өрістің шығармашылық белсенділігін дамыту;

  • зерттеушілік қабілетін дамыту, экологиялық мәселелерді түсіндіру және өз бетінше шешуге дағдыландыру;

  • оқушылардың практикалық іс-қабілетін дамыту және оны өміршең етуге баулу;

  • оқушылардың жергілікті жердің экологиялық проблемаларын шешудегі жеке басының жауапкершілігін қалыптастыру.

География пәні оқушыларға үздіксіз толық экологиялық білім мен тәрбие беру құралы. Төменгі сыныптарда алған білімі арқылы дүние танымы біршама қалыптасқан оқушылар жер шарының құрамдас бөлігін (атмосфера, литосфера, гидросфера) оқып-үйренуге құлшына түседі.

«Атмосфера» тарауында экологиялық мәселелер өте көп. Әсіресе , ауаның ластану көздері, қышқыл жаңбырлар, озонның жұқаруы туралы мәліметтер беру арқылы пәнаралық, күнделікті өмірмен байланысты жүзеге асыра отырып, олардың экологиялық көзқарастарын қалыптастырамын. Мысалы «Атмосфералық қысым» тақырыбын өткен кезде пәнаралық байланыс және аймақтық компанентті қолдану арқылы мынандай тапсырма бердім. Өздерің отырған бөлменің ұзындығы 8м, ені 5м, биіктігі 3м десек, осы бөлмедегі ауаның салмағы қандай болады? 1см -1 кг 33г Жауабы (8 х 5м х3м) х 1кг 33г =?

«Ауаның температурасы» Өздерің тұратын қаладағы тәулік және айлық орташа температураны табыңдар деген тапсырма бердім. Ауаның температурасы тәулік ішінде 4 рет өлшенеді. Тәуліктік орташа температураны табу үшін өлшеу нәтижелері қосылып, бақылау санына бөлінеді. 0 градустан жоғары (+) және төмен (-) температуралар болса, олардың әрқайсысы бөлек жазылады. Мысалы: оқушыларға желтоқсанның 20 күні ауаның температурасы бақылау нәтижелері берілді: сағат 1-де -12, 7-де-20С, 13-те -14С, 19-да -21С.Тәулік жиынтығы -12+(-20)+(-14)+(-21)=-67С Тәулік бойынша орташа температура -67С:4=-16,7С. Оқушылар ізденді, бақылады, есеп шығарды. Тәулік орташа температурадан айлық орташа температура шығарылады.

Ол үшін тәуліктік орташа температуралардың жиынтығын айдағы күн санына бөледі.

Осыдан оқушылар айлық және жылдық температураны шығарады.

Біздің орналасқан қала жер табиғаты көркем, табиғи ресурстарға бай. Сондықтан сабақта аймақтық компоненттерді пайдалануға мүмкіншілік мол.Мысалы 5-сыныпта «Жаратылыстану» пәні бағдарламасында берілген «Табиғи қоршаған орта», «Табиғат байлығы», «Адам әрекеті әсерінен табиғи жүйенің өзгеруі», «Қоршаған ортаның ластануы», «Табиғатты қалай қорғау керек» тақырыптарын өткен кезде мен жергілікті аймақтық компоненттерді пайдаланамын. Ал «Қорғалатын табиғи аумақтар», «Қазақстанның қорықтары» сияқты тақырыптарын өткенде мен біздің қаладағы «Батыс Алтай» қорығы жайлы деректермен толығырақ танысу мақсатында оқушыларды экскурсияға апарып ондағы басшы қызыметкерлермен, мамандармен кездесу өткіземін.

Туған аймағымыздың жер бедері көбінесе таулы болғандықтан 6-сыныпта «Таулардағы биіктік белдеулер» тақырыбын өткен кезде мен өзіміздің Кенді Алтай мен оның жоталары, биік шыңы, климаты, өсімдіктерімен жануарлары, экологиясы туралы мағұлматтар беремін

Мысалы 8-сыныпта «Қазақстанның өсімдіктер дүниесі» тақырыбын өткенде оқушыларға халқымыздың ерекше қастерлеп, талай ғасыр бойы аялап, қамқорлық жасап келген табиғат байлығының бір тобы-өсімдіктер әлемі. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Қытайдың дәрігері Шин Нон «Сенің денеңнің қуаты-өсімдіктің шырынында» деген. Әйгілі ғалым дәрігері Ибн Сина «Дәрігерде үш қару бар. Олар: сөз, өсімдік, пышақ» деп жазған. Дәрілік өсімдікті халық-өмір шөбі деп атайды. Риддер қаласы бойынша жасыл желектерден қайың, қарағай, балқарағай, емен, шырша, көктерек сияқты жасыл желектер барлығы адам денсаулығына пайдалы. Мысалы: Өсімдіктерден алынған дәрілік препараттар химиялық жолмен алынған дәрілерге қарағанда адам ағзасының клеткаларының құрамына бір табан жақын.

Өсімдік-тіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына 400 млн.т оттегін бөліп шығарады. Жылына 1 адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегі қабылдайтындығы анықталған.

Жасыл желектер ауаны шаң мен улы газдардан тазартады. Өсімдіктер ауаға ауру тудыратын бактериаларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады, айналадағы шуды да бәсеңдетеді. Ал шу адамның жүйке жүйесіне әсер етіп, қан қысымын көтереді. Сондықтан өсімдіктің қызыметін бірде-бір жетілген механизм атқара алмайды. Қазақ әрқашан жасыл әлемді аялап, құрметтеп, «көкті жұлма, көктей соласың» деп ұрпақтарға даналық сөздермен тәрбиелеген. Сондықтан сабақтарда көбінесе мақал-мәтелдердіде қолданамын.

Қазіргі уақытта тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру маңызды проблемалардың бірі болып отыр.

Мысалы, 6 сынып оқушыларына мынандай тапсырма бердім, отбасыларының бір күнгі үйден шығатын қоқыстардың тізімін жазып, көп қабатты үйлерден күнделікті қанша қоқыс шығатынын есептеу, олардың қанша уақытта толық айырылып, шіруін есептеуін, олардың азайту жолдарын сұрау. Экологияны бүлдірмеу үшін қандай ұсыныстар айтылғанын білу.Қорытынды жасау.

Тағы бір экологиялық мәселені қарастыратын болсақ, 9-сыныпта «Қазақстан халқы» тақырыбын оқығанда, қаламыздағы халықтың өсуін, өмірге келген сәбилердің аурушаң болуын, аналар денсаулығының нашарлауын тікелей экологиямен қатысты екенін мысалдар арқылы дәлелдеп көрсеттім. Соңғы екі жылда балалар арасында: бүйрек аурулары, қан аздығы, тері ауырулары көп байқалуда. Осының бәрі экология деп білеміз. «Риддер қаласының демогафиялық дамуы» тақырыбын да бір ақушым екі


жыл бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Онда халықтың саны, табиғи өсім, өлім-жітім не себептен артқандығы анықталды. Осы тақырыпта жүргізілген жобасы

қалалыққа ұсынылып, қала бойынша өткізілген «Өлкетану» сексиясында жүлделі екінші орынды иеленді.

Бүгінгі күннің негізгі талабы табиғатты қорғау, жас ұрпақты табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу, яғни, жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру. Осындай ұлттық дәстүрімізге негізделген табиғат қорғау жұмыстарын біраз уақыттан бері «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы жүзеге асыру мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр.

Бұл ісшаралар бастауыш, орта буын, жоғарғы сынып оқушылыры негізінде құрылған

Құрамы:

-1-2 сынып оқушылары «Балапан » тобы

- 3-4 сынып оқушылары оқушылары «Қарлығаш » тобы

- 5-6 сынып оқушылары «Қызғалдақ» тобы

- 7-8 сынып оқушылыры «Жерұйық» тобы

- 9-11 сынып оқушылыры «Шұғыла» тобы

Осы топтар бойынша 1-2 сыныптар «Үй өсімдіктерін күту», 3-4 сыныптар «Құстарға қамқорлық», 5-6 сыныптар «Жануарларға қамқолық», 7-8 сыныптар «Көк желекті күту», 9-11 сыныптар «Көк желекті көбейту» жұмыстар жүргізу

Қала мектептері арасында қалалық оқушылар үйі және Батыс Алтай мемлекеттік қорығы ұйымдастырған сурет көрмесіне де қатыстық. «Табиғат қорғау»тақырыбына байланысты мектеп аралығында шығармадан сайыс өтіп тұрады. Жылда «Орман олимпиадасы» сайысына орыс тілінде оқитын мектептермен бірге қатысып жүлделі 1-2 орындарды иеленеміз. Мектебімізде мектепішілік ғылыми оқу болып, жеімпаз оқушылар қалалық ғылыми оқуға жіберіледі.

«Жас эколог» үйірмесі мүшелерінің басқаруымен мектеп үлескесінде де жұмыстар жүргізілп отырады. Үлескеде көкөніс, гүлдер, сәндік бұталар бар. Үйірме мүшелерінің ұйымдастырылуымен 5-10аралығындағы оқушылар мамыр-қырқүйек айларында үлескеде практикадан өту кестесі жасалып күту, баптау, қоректендіру, зиянкестерден қорғау жұмыстарын атқарып биологиялық білімдерін молайтып, өсімдіктер тіршілігіне тереңірек үңіле отырып, экологиялық тәрбие беруге ықпал етеді. Үлескеден түскен пайда гүлдендіруге, көкалдандыруға жұмсалады.

Қорыта келгенде, оқушыларға экологиялық білім беру жүйесінде аймақтық компаненттерді пайдалану-үздіксіз зерттеулер, тәжірбиелер мен жан-жақты ізденістерді қажет ететін күрделі проблемалардан тұрады. Экологиялық білім беруді бүгінгі күннің талабына сай жетілдіру үшін оның үздіксіз ұстанымын жүзеге асыру қажет. Өйткені, экология курысын пән ретінде оқытудың 1-11 сыныптарға арналған мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру керек. Бұл күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Кезінде ұлы Төле би мынандай ұлағатты сөздер қалдырған екен: «Үйірсіз құс болмас, жалғыз ол кез-келген аңға жем болады. Қасқыр да үйірімен күшті!» Жалғыз бұлақ әлсіз, көптен бұлақ өзенге айналса, ол тасты жарып, тауды бұзады!» Сондықтан, құрметті әріптестер, экологиялық білімге көбірек көңіл бөлейік


Риддер қаласы




Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Адам және қоғам мәдениеті». Алматы 2000ж

  2. «Өсімдік- табиғат қазнасы ».

  3. «Экология және ана мен бала денсаулығы». 1991 ж

  4. «Биология және география» журналдары

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Аймақтық компоненттерді сабақта қолдану (баяндама)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Аймақтық компоненттерді пайдалану сабақты жетілдіре түсуге бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. География сабақтарында жергілікті материалды тиімді пайдалану білімнің күнделікті тұрмыспен байланысын арттырады, туған өлке ерекшелігімен танысып, оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына көмегін тигізеді

 

         Экологиялық білім мен тәрбие беру дегеніміз-адамзат қауымының қоғамның табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған ортамен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғайалатын, аялай білетін адамгершілігі мол ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жас ұрпақ тәрбиелеу маңызды орын алады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 151 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2015 1090
    • DOCX 49.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Касымбаева Жанаргул Разхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6946
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения географии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 429 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 760 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "География")

Учитель географии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 166 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 12 регионов