Инфоурок Математика Другие методич. материалы«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін- математика»

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін- математика»

Скачать материал

Родина жалпы орта білім беретін мектебі

 

 

 

 

 

 

 

                                   Математикалық кеш

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін- математика»

 

7 - сынып

 

 

 

 

Математика пәнінің мұғалімі: Мырзалиева Ж.Б.

 

 

 

 

 

2014 – 2015  оқу жылы

 


«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін- математика»

(Математикалық кеш)

 

1-жүргізуші: Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

                                    Пайдасын көре тұра тексермедім.

                                    Ер жеткен соң түспеді уысыма

                                    Қолымды мезгілінен кеш сермедім-деп,Абай атамыз айтқандай, уақытында геометрия сырына түсінбей, кейін уысымызға түсірмей қалмас үшін, бүгінгі таңда геометриялық фигуралармен сырласып, кейбіреулерімен мұндасып қалу үшін өткізгелі отырған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

 

2-жүргізуші: Сіздерден бір тілегіміз,

                                    Үндемей босқа тұрманыздар.

                                    Білмегенді сұраңыздар.

                                    Оның бәрі аз болса

                                    Ойдан есеп құраңыздар.

1-жүргізуші: Сонымен

2-жүргізуші: Абай ата тілімен

Екеуі бірге:   Талаптыдан шыққан сөз

                                    Талаптыға болсың кез.

                                    Нұрың, сырың көруге

                                    Көкірегінде болсын көз.

1-жүргізуші:             Кешіміздің бірінші бөлімінде «Үшбұрыштар еліне саяхат» жасаймыз.

2-жүргізуші: Екінші бөлімінде әр түрлі есептер шығарылып, ойындар ойналады.

1-жүргізуші:             Үшінші бөлімінде апталық қорытындысы бойынша оза шауып, жақсы қатысқан оқушыларды марапаттаймыз.

 

1-бөлім«Үшбұрыштар еліне саяхат»

 

(Жүргізушілер шығып кетіп, ертегіші келеді).

Ертегіші:      Ерте, ерте, ертеде

                        Ешкі жүні келтеде

                        Үшбұрыш атты хан болыпты

                        Үшбұрыштар әулеті

                        Бір руға тең болыпты.

(Үстінде шапан, басында тең қабырғалы үшбұрыш болып жасалған тақия киген, хан шығып таққа отырады)

Ертегіші:      Ал, кәнекей, балалар,

                        Анықтап қарап алындар

                        Ерекшелігін хан елінің

                        Қорықпай кәне табыңдар.

(оқушылар жауабы)

Ертегіші:      Ой, бәрекелді. Өте дұрыс айттыңдар.

Бір үшбұрыш келе жатады.

Ертегіші:      Ал, мынау ханның үлкен қызы

                        Әрқашанда болған жолы

                        Көмегімен бұл қыздың

                        Танысамыз осы жолы.

Тең бұйірлі үшбұрыш:      Менін атым тең бүйірлі үшбұрыш, себебі екі бүйір қабырғам тең, үшінші қабырғам – табаным. Менің қасиетім: табанымдағы бұрыштар тең болады.

(Сахнаға ақсай басып бір үшбұрыш шығады)

Ертегіші:      Қайқайған мынау кім, өзі

                        Қайдан ғана жүр еді?

Әр қабырғалы үшбұрыш: Мен ханның екінші ұлымын. Менің атым әр қабырғалы үшбұрыш. Себебі қабырғаларымның ұзындықтары әр түрлі. Жүру қиын болғандықтан көзге көп түсе бермеймін.

Ертегіші:      Ой бәрекелді, балам, төрге шық.

(бір оп үшбұрыш келе жатады)

Ертегіші:      Тағы бір топ келеді

                        Бізгі де сол керегі.

                        Өздерінді таныстырып өтіңдер.

1-үшбұрыш: Мен ханның, немересімін.

                        Ау, халайық.

                        Бұрышым менің сүйір

                        Ақылың болса егер бір түйір

Ойлаңшы өзін, сонда қалай аталамын.

(оқушылар жауабы)

Дұрыс.Дұрыс.

2-үшбұрыш: Доғал менің бұрышым,

                        Білсең айтшы дұрысың

                        Қалай кәне атайды

                        Немересін атайдың.

                        (Оқушылар жауабы)

                        Дұрыс.Дұрыс.

Ертегіші:      Ал,сен кімсің қарағым.

3-үшбұрыш:  Келсе егер сөз кезегі.

Таныстыруды бастайын.

Мен ханның неменесі

Ешкімнен ұялып, саспайын.

Атым менің тік бұрышты үшбұрыш

Қасиетім менің ерекше

Белгілі ғой әр елге

Пифагордың аты шығып,

Тарап кетті әлемге.

Пирамидасы Египеттің

Абыройымды асырды.

Аты шулы Пифагордың

Теоремасы ашылды.

Гимназистер әзіл қылды

Пифагордың шалбарын

Қайдан білсін өмір бойы

Соңдарынан қалмасын.

Ертегіші:      Ой, бәрекелді. Төрге шығыңдар балалар.

                        Міне балалар, үшбұрыштар еліне

                        Саяхат жасай отырып,

                        Талай сырға қанықтық

                        Үшбұрыштар әуле таныстық.

                        Осмен ертегім тәмәм болды.

                        Осыдан бері талай заман болды.

                        Үшбұрыштар ұрпағы өз қасиетін сақтап келеді.

                        Сөз кезегін жүргізушілерге беремін.


2-бөлім. «Көңілді математика»

 

1-жүргізуші: Осымен кешіміздің бірінші бөлімі аяқталды. Кезекті екінші бөлімге береміз.

2-жүргізуші: Математика туралы өлең оқитын __ сынып оқушысы___________________

1-жүргізуші: Кезекті викториналық сұрақтарға береміз.

1.        Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?(4 мысық)

2.        Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы)

3.        Сағат 22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?(жоқ)

4.        Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала?(6)

5.        Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5)

6.        Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?(2 кг)

7.        70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?(тең)

8.        Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?(50)

9.        Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)

10.    Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?(2)

11.  Егер 1 жұмыртқаны 4 минут қайнатса ,5 жұмыртқаны неше минут қайнатады? (1 мин)

12.  Бір кішкентай қыз атасынан : «сіз нешедесіз» деп сұрады. Сонда атасы:''Менің жасымды 6 есе кемітіп, 6-ны алса , 6-ға тең болады”. Сонда атасы неше жаста болғаны? (72 жаста)

13.  Жанұяда екі ұл және әр ұлдың екі әпкесі, бір әкесі бар. әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? (2 ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы  = 6 адам)

14.  Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? (5 бала )

15.  Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 –ға тең. Ол қандай сан? (1,2,3)

16.  Үш ат жегілген күйме 1 сағатта 15 км шауып өтті. Әрбір ат қандай жылдамдықпен шапты?  (15 км/сағ)

17.  Тоғайда 10 қырғауыл отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (екеуі)

18.  Барлық Араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең? (0)

19.  10 центнер темір ауыр ма, 1 тонна мақта ауыр ма? (тең)

20.  7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық та, 310-нан кем. Берілген санды тап. (307)

21.  Шахмат турниріне 10 адам қатысқан. Әрбір ойыншы қалғандарымен бір партиядан ойнап шыққан. Барлығы неше партия болған?  (9*10=90)

22.  Екі    саннның  қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке  тең. Ол қандай сандар  /5 пен 3/

23.  Алматыдан Астанаға барарда ұшақ 1сағ 30 мин ұшады,ал қайтарда Астанадан Алматыға дейін 90 мин ұшады.Неге?

24.  Жарты қарбыз 20 тг тұрады. Бүтін қарбыз неше тг? /40 тг

25.  Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? /10 он, 100 жүз/

26.  Отырардан  шыққан  ұлы   ойшыл,  данышпан, ғалым математик. (Әл-Фараби)

 

 


2-жүргізуші: Ойын «Қарандаш қай қалтамда». Жүргізетін __ сынып оқушысы___________________

 

Ойынның шарты: ойынға бес адам шығады. Бір адам карандашты алып қалтасына жасырады

  1. Карандаш алған адамның нөмірін 2-ге көбейтеді.
  2. Оған 3-ті қосады.
  3. Оны 5-ке көбейтеді.
  4. Карандаш оң қалтада болса 8-ді, сол қалтада болса 9-ды қосады.
  5. Шыққан санды айтады.

Шыққан саннан 22-ні азайтамыз. Алынған санның біріншісі карандаш алған адамның реті, екіншісі 1-болса оң қалтада, екі болса сол қалтада.

 

 

1-жүргізуші: «Алманы бөлуге кім шебер?» ойыны. Жүргізетін __ сынып оқушысы___________________

 

Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай?(соңғы қызға корзинамен бірге беру керек)

 

 

2-жүргізуші: 86 санын ешқандай жазу жазбай  12-ге арттыр.

 

1-жүргізуші: Кезекті «Математикалық терминдер»ойынына береміз. __ сынып оқушысы___________________

 

Екі оқушы шығып, шарды үрлейді. Үрлеген сайын, бір математикалық терминді айтып отыруы керек. Кім 1 минутта шарды .үлкен етіп үрлейді, сол жеңімпаз болады.

 

1-жүргізуші: Суретте қандай геометриялық фигуралар бейнеленген.

 

2-жүргізуші: «Ойлаған санды тап» ойыны. __ сынып оқушысы___________________

 

  1. бір сан ойла
  2. ойлаған саннан бірді азайт
  3. айырманы екіге көбейт
  4. Шыққан санға ойлаған санды қос
  5. Шыққан санды ата.

Шыққан санға екіні қос, қосындыны үшке бөл. Ойлаған сан шығады.

 

1-жүргізуші: Қанша үшбұрыш бар (8)

22 175

 

2-жүргізуші: «Сиқырлы домино» ойыны.  __ сынып оқушысы___________________

 

Ойыншы кез – келген домино тасын алады.

  1. тастағы сандардың бірін 5-ке көбейт
  2. 7-ні қос
  3. 2-ге көбейт
  4. Тастағы екінші санды қос
  5. Қанша шыққанын ата.

 

Шыққан саннан 14-ті азайт. Екі таңбалы сан пайда болды. Бұл тастағы екі санды білдіреді.

 

1-жүргізуші:              Бірінші ыдысқа 800 гр. су сияды. Екінші ыдысқа 700 гр. су сияды. Осы екі ыдысты пайдаланып, 700 гр. суды қалай құйып алуға болады.

 

2-жүргізуші:            Білім  деген  биік  шың,

Бақытқа  сені  жеткізер.

Білім  деген  ақылшың,

Қиындықтан  өткізер- деп  кезекті «Марапаттау» бөліміне береміз.

 

3-бөлім. Марапаттау

 

1-жүргізуші:             Осымен математика апталығын жабық деп жариялаймыз. Уақыт тауып келгендеріңізге көп – көп рахмет. Қош сау болыңыздар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін- математика»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 557 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.08.2020 551
    • DOCX 161.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ишмаметьева Елена Петровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ишмаметьева Елена Петровна
    Ишмаметьева Елена Петровна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 82233
    • Всего материалов: 235

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика. Сложение и вычитание

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1363 человека из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 209 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 688 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 798 человек

Курс повышения квалификации

Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 056 человек

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе