Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҚайырымдылық кеш. Тақырыбы: "Қайырымдылық-адамгершілік белгісі" 4 сынып

Қайырымдылық кеш. Тақырыбы: "Қайырымдылық-адамгершілік белгісі" 4 сынып

Скачать материал

 

     Міндетті оқу айлығы аясында өткізілген «Қамқорлық»                          акциясы қорытынды кеші           
               «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі»
Мерекелік барысы:

Жүргізуші: Мен өзімнің сөзімді қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген даналық сөзін бүгінгі кешіміздің эпиграфы ретінде басталғалы тұрмын.
«Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты мерекелік кешіміздің негізгі мақсаты қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту болса,
Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуді қолға алып отыр.

Жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар, ардақты ата аналар, ұлағатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған Республика көлемінде 1 тамыз бен 31 қыркүйек аралығында өткізіліп отырған «Мектепке жол» акциясы өз мәресіне жетті.


Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма -
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба
Қазыбек бидің халқымның кеңдігі, жомарттығы туралы айтқан осы бір өсиеті бүгінгі күнде де өміршеңдігін жойған емес.
Алғашқы  құттықтау сөз кезегін  мектеп директоры Имуханбетова Салтанат Жалқынқызына береміз.

 

 

 

 

 

1-  Құрманғали Әсел  «Өмір жайлы» 

 

 Өмірді мен жомарт деп айта алмаймын
Бекер айттым екен деп айта қайта алмаймын
Өйткені біреулерге бақыт қонса,
Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым.
Өмірді жұмақ деп те таңданбаймын
Сазды әуенге елітіп алданбаймын
Бір әумесер есірсе есі кетіп,
Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың.
Бұл өмір тәтті де емес тамсанатын
Жеткізіп айта алмаған қаншама ақын
Ойсыздарға ой салған оқпан болып
Асып – тасқан жерінде ән салатын
Күлкі емес күмбір қағып мөлдіреген
Анаңның жүрегі емес елжіреген
Еркелетіп бойына үйретіп ап,
Кеудеңе кептеп қояр желді үдеген
Кейде жұрттың бәрінен артық етіп,
Түсірмейді қолынан асық етіп.
Бұл өмірге, апыр ау дауа барма?
Кейде нұқып тастайды жасық етіп.
Қызығы да өмірдің осы болар,
Сан қилы мінезімен тосып алар.
Бірде сипап маңдайдан, бірде соғып,
Бауырындай құшақтап қосып алар.

Жүргізуші: Жансаң көзі қарақты
Қиналғанды аңғарар
Өзіңнен сөз тарапты
Жақсылыққа жалғанар
Дәнекер боп жүргенің
Азаматтық ерлігің
Жөн жосықты білгенің
Еңсесі биік елдігім
Байлық қуат алапат
Қағып түсер қарғысың
Демеушілік шарапат
Алар елдің алғысын -  демекші сөз кезегін ауыл әкімі Бектемиров Бақытжан Әбутәліпұлына береміз.

 

 

Келесі құттықтау сөз  кезегін мектеп директорының  оқу ісі жөніндегі орынбасары Бекова Ляззат Әбілқасенқызына береміз.


Жүргізуші: Құрметті кеш қонақтары ендігі музыкалық бөліміздің беташарын биші қыздарымыздың биімен ашалық. « Шарик неземной» биімен кішкентай бүлдіршіндерімізді  қарсы алыңыздар!!!


Жүргізуші: Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,
Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем,
Жамандарды іздемен, өзі ақ табар,
Жақсыларды табуың қиын екен...
Ән. «Достарым» Даулетпақ Даниярдың

 

Майысып бұраңдаған денелері
Алаулап жайнаған көздері
Буын жоқ, бұратылған шыбық дерсің,
Алдарыңызда мектебіміздің гүлдері
Би. «Көш керуен» 9 –сынып қыздарының орындауында 

 

Өтеді ғой... Өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді таңды мына,
Менің жаным ашиды барлығына,
Таң нұрына, адамның тағдырына.
Ән «Өкпем жоқ менің өткенге». Орындайтын Мырзабекова Айжан

Жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл сәл кем бұра,
Қазақ – нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан шежіре жоқ, одан асқан жоқ дана.
«Қазақ биі» 10 сынып қыздарының орындауында

 

Жүргізуші: Атаң болса, анаңмен -
Алтыннан соққан қорғаның,
Ағаң болса ақылды -
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса жанашыр -
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл -
Өкпе – бауыр, жүрегің.
Байғабат Ұланның орындауында «Балалығым балғын шағым» әні

 

Жүргізуші: Бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын! Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту осы отырған барлық азаматтың борышы. Ендеше «Қызғалдақ» биші қыздарымыздың орындауында  «Танец под дождем» биі.

 

 

Жүргізуші:

Өмірге Ана бақыт, ана, пана
Өмірді өркендетер ана ғана
Өсірген талай шешен талай көсем
Талай ер, талай ақын, талай дана
Нұрқасым Минуараның орындауында

 «Мама» әні барлық асыл аналардың құрметіне арналады.

 

Жүргізуші:
Мен, сәбимін бейбітшілік тілейтін бар ғаламға.
Мен, баламын қамқор болар ата - анаға.
Мен, доспын достық туын көкке ұстар.
Мен, баламын болашақта елін қорғар.
Мен, адаммын осының бәрін ұғар.
Мен, қазақпын жақсылыққа жаны құмар.
- дей келе  Қали Дарияның орындауында  «Ұйғыр» биі

Сағатова Гүлзаттың орындауында «Атамекен» әні

 


Жүргізуші:
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз – Түргенбаева Мадинаның орындауында «Туған жер» әні

 
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Үзіледі, үзіледі әуендер
Күмбірлеген домбырасы барында – Аусынахун Камшат «Қазақ елі осындай» әні


Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямалық ағайын!

Қадірменді қонақтар! Осымен бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтай келе, сіздерге алтын уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға шын жүректен алғысымызды айтамыз.
«Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты қорытынды кешімізді жабық деп жариялаймын.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қайырымдылық кеш. Тақырыбы: "Қайырымдылық-адамгершілік белгісі" 4 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 155 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2016 1585
    • DOCX 20.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жолмурзаева Эльмира Айтпековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7964
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1472 человека из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 794 человека

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 241 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек