Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Аяулы күз, алтын күз" тәрбие сағаты 3-сынып

"Аяулы күз, алтын күз" тәрбие сағаты 3-сынып

Скачать материал

Тақырыбы: «Аяулы күз, алтын күз»
Мақсаты:
1. «Аяулы күз, алтын күз » сайысына қатысушылардың
 арасынан өнерлі топты  анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс  түрінде өтеді.
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу,
тақырып, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер  суреті. б.
Арнұр:
- Армысыздар, мейірімді ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл.

Балжан:

-Иә дұрыс айтасың Арнұр, сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі.  Әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Аяулы күз, алтын күз» мерекесімен  құттықтаймын.
Арнұр:
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Балжан:

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.

Арнұр:

Сайыс төрт  бөліммен тұрады:
1. «Біз біргеміз»  (топты таныстыру, кеуде тағар, ұраны, әні,бірыңғай киім үлгісі)
2. «Өнерлі өрге жүзер»
3. «Білгенге – маржан». (сұрақ- жауап)
4. Күз көркі  (сән үлгісі әр топтан бір адам) 
Балжан:

Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол - еңбек айы. Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені диқандар сабантой жасайды.

Арнұр:

- Дұрыс айтасың Балжан күздің соңғы айы - қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп - тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айырылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.

Балжан:
Күз мейрамы құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқалармен таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаңа,- дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

Мектебіміздің оқу  ісі меңгерушісі – Алмагүл Амантаевна

Мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі – Әлия Мейрамгалиевна

Мектебіміздің соц.педагогы – Айдана Манарбекқызы                                                                                       Арнұр:

Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша ән айтылып, би билейді. 
Қошеметтеп қол соғып отырайық,
Сайыскерлерді ортаға шақырайық,-  дей келе  «Аяулы күз, алтын күз » атты байқауымызға қатысатын үміткерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз. Бүгінгі сайысымыздың  үміткерлері 3-сыныптар көкөністер.

Балжан:

3 «А» сынып – «қызылша» тобы

3 «Б» сынып – «қияр» тобы

3 «В» сынып – «қызанақ» тобы

3 «Г» сынып – «сәбіздер» тобы

Арнұр:

Бүгінгі сайысымыздың  үміткерлері 4-сыныптар жемістер.

4 «А» сынып – «банан» тобы

4 «Б» сынып – «алма» тобы

4 «В» сынып – «құлпынай » тобы

Балжан: - Қош келдіңіздер  көрермендер,мектебіміздің  «Аяулы күз, алтын күз» мерекесіне. 
Отырыңыз қол соғып, 
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Арнұр:

Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
Таныстыру шартына кезек бердім. 

Балжан:

-  Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілеп, ортаға
3 «А» сынып – «қызылша» тобын шақырамыз.

3 «Б» сынып – «қияр» тобын шақырамыз.

3 «В» сынып – «қызанақ» тобын шақырамыз.

3 «Г» сынып – «сәбіздер» тобын шақырамыз.

4 «А» сынып – «банан» тобын шақырамыз.

4 «Б» сынып – «алма» тобын шақырамыз.

4 «В» сынып – «құлпынай » тобын шақырамыз.

Арнұр:  - Ендеше бірінші бөліміміз  «Біз біргеміз» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы. Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. 
«Біз біргеміз»  бөліміне бағасын берсеңіздер. Әділқазылар дайын болғанша ортаға 3 «Г» сынып оқушыларының орындауында әдеби монтаж.

Балжан:

Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден. – дей отырып, ортада сайыскерлеріміздің «Өз өнерлерін»тамашалайық.
3 «А» сынып – «қызылша» тобын шақырамыз.

3 «Б» сынып – «қияр» тобын шақырамыз.

3 «В» сынып – «қызанақ» тобын шақырамыз.

3 «Г» сынып – «сәбіздер» тобын шақырамыз.

4 «А» сынып – «банан» тобын шақырамыз.

4 «Б» сынып – «алма» тобын шақырамыз.

4 «В» сынып – «құлпынай » тобын шақырамыз.

Енді әділ қазы алқаларына сөз береміз.

Арнұр:

Күз келді, жемістер мен көкөністер ,
Өткізді күздің тәтті  молшылық айын.
Ағызар сөйлегенде  сөздің  майын,

Шақырамыз  сайыскерлерді тұрған дайын - деп  «Білгенге – маржан» атты үшінші бөлімді бастаймыз.(Күз мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру) кезек берейік.

Балжан: - Әділқазылардың  алдарындағы жапырақтарды алып,  жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру.  Қай топ дайын ортаға шығып айта береді. (1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді. 2 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Жапырақ 3 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? - Ерте күз, алтын күз, қара күз. 4 - сұрақ: Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан, қараша. 5 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен.
- Жеміс. 6 - сұрақ: «Мақал - мәтелді жалғастыр» 
1. Еңбек түбі --------------------
2. Еңбек етсең ерінбей -------------------- 7 - сұрақ: Бес жеміс - жидектерді атап беру. - Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы. 8 - сұрақ: Бес көкөністерді атап беру. - Пияз, қызанақ, орамжамжапырақ, картоп, сәбіз.)
Арнұр:  - Әділқазылар бағаларын беруге дайын болғанша 3 «Г» сынып оқушысы Дынғазыева Қырмызыны «Модерн» биімен ортаға шақырамыз.
Балжан:

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен - деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған «Күз көркі» сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

3 «А» сынып – «қызылша» тобын шақырамыз.

3 «Б» сынып – «қияр» тобын шақырамыз.

3 «В» сынып – «қызанақ» тобын шақырамыз.

3 «Г» сынып – «сәбіздер» тобын шақырамыз.

4 «А» сынып – «банан» тобын шақырамыз.

4 «Б» сынып – «алма» тобын шақырамыз.

4 «В» сынып – «құлпынай » тобын шақырамыз.

Арнұр:

Жеңіспенен  жеңілістен тұратын

Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.-дей отырып  әділқазылар бағаларын беруге дайын болғанша ортаға  3 «Г» сынып оқушысы Жұбаныш Балжанды  фортепианода өзінің бір тамаша  өнерін тарту етуге шақырамыз.
Арнұр:

 - Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып бүгінгі «Аяулы күз, алтын күз» сайысымызға қатысқан сыныптарды жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз. (Әділқазы алқасы ортаға шығып айтады)

Балжан:  - Құрметті көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті күндерде кездескенше!!!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Аяулы күз, алтын күз" тәрбие сағаты 3-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 160 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Рабочая тетрадь по лабораторным работам дисциплины "Электротехника" (2 курс)
  • Учебник: «Электротехника, учебник для нач. проф. образования», П.А, Бутырин, О.В. Толчеев и др.
  • Тема: Глава 1. Электрические цепи постоянного тока
  • 30.12.2020
  • 32121
  • 18
«Электротехника, учебник для нач. проф. образования», П.А, Бутырин, О.В. Толчеев и др.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2020 1259
    • DOCX 26.8 кбайт
    • 32 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ежова Галина Вячеславовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ежова Галина Вячеславовна
    Ежова Галина Вячеславовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 86432
    • Всего материалов: 213

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 27 регионов

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе