Инфоурок Начальные классы Рабочие программыАялай біл, сен деп соққан жүректі

Аялай біл, сен деп соққан жүректі

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Тақырып: «Аялай біл, сен деп соққан жүректі» №15сабақ

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыйластық, бауырмалдық.

Мұғалім:  Нургалиева Г.А   Сынып: 7  Оқушы саны: 7в-24.                        

Сабақтың мақсаты: Жаныңда жүрген жақын адамдарды отбасы мүшелері, құрбы- құрдастар, достарын сыйлауға құрметтеуге үйрету.

Міндеттері:

-адамдардың бір-біріне деген мейірім –шапағатының мән- мағынасын түсіндіру;

-жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

-жаныңда жүрген жақын адамдарды  сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін  «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

2.Тыныштық сәті 

Нұрға бөлену

3.Үй тапсырмасын тексеру

Р.Акдемір «Ана махаббаты»

Сұрақтар :

-Балалардың саяхаттан бас тартуларының себебін қалай түсіндірер едіңдер?

-Отбасындағы жарасымдылықтың сыры неде?

-Отбасыңызбен бірге өткізген бақытты сәттен үзінді.

Сабақ барысын талдау

 

 

 

Оқулықтағы 65бет.

4. Дәйексөз

«Өзінің айналасындағы жора- жолдастарының, бауырларының бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен  қиыншылықтырға кезігеді және айналасына зияның тигізеді.»

                                                                                                 Альфред Адлер

Альфред Адлер —Аустрия психологі, психоаналитикалық бағыттың өкілі. Вена педагогикалық институтының, Колумб университетінің профессоры.

5.Әңгімелеу (мұғалім сыйы)

Бір ананың жеті қызы

В.Сухомлинский

Бір ананың жеті қызы болды. Бірде ол алыста тұратын ұлының үйіне кетті. Үйге бір аптадан кейін оралды.  Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі шешесін қалай сағынғандарын айта бастады.

-Мен күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым,- деді біріншісі.

-Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім,- деді екіншісі.

-Мен енесін сағынып шырылдаған балапандай болып жыладым,- деді үшіншісі.

-Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын ,- деді төртіншісі.

-Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің,-деді бесіншісі.

-Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым, -деді алтыншысы.

Жетінші қыз үндеген жоқ. Ол анасының туфлиін шешіп, аяқтарын жуу үшін су әкеліп берді.

Сұрақтар:

-Қыздар аналарына деген сағыныштарын қалай білдірді?

-Сендерге қай қыздың іс- әрекеті ұнады?

-Сендер аналарыңа деген сүйіспеншілікті қалай білдіресіңдер?

Өзін – өзі тану журналы №9(57) қыркүйек  2014

5. Жағдаяттарды шешу

1. Саят өз ата - анасын басқа балалардың ата - аналарымен көп салыстырады. Кейде Саятқа өз ата - анасы басқалардікіндей емес сияқты болып, оларға ренішпен қарайтын болды.
-Саяттың іс - әрекеті дұрыс па?
-Саятқа қандай кеңес берер едіңдер?

2. Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Типті ол бәйек болып жүретін ата - анасының, жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезінбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш қиналмайды.
-Меруерттің немқұрайдылығының себебі неде?
-Меруерттің бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар?

3. Ербол үйіндегі кәрі әже, атасының мазасыздығына, құлағының нашар еститініне ашуланады. Ол қарттардың табиғи қауқарсыздығын түсініп тұрса да, қалай ашуланғанын сезбей қалады.
-Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді?
-Ерболға қандай кеңес бересіңдер?

4. Жаннұр сабақ оқып отыр еді. Анасы оған тұрып үстіне қалыңдау көрпе жауып жберуін өтінді. Жаннұр ашуланып, тарс- тұрс етіп тұрып, анасына көрпе жапты.

-Жаннұрдың анасына деген қарым – қатынасы қандай?

-Оған қандай кеңес берер едіңдер?

Оқулықтағы 68 бет.

6.Шығармашылық жұмыс

І топ- «Біздің аналар» постер қорғау.

ІІ топ-«Анаға арнау» өлең шығару.

ІІІтоп-«Менің анам-алтын» эссе.

ІVтоп-«Анаға сый» сурет салу.

Плакат, маркер.

 

7.Топтық жұмыс

«Мама» тақырбына коллаж.

 

7.Топпен ән айту

«Асыл ана»

1.Самайдағы, ақ шашыңның әр талына қарызбын,
Еш нәрсемен өтелмейді – ау парызым.
Жауаптымын, жанарыңнан, сырғанаса тамшы жас,
Маған, бәрі сын.
Ауырмашы, аман жүрші, көз алдымда көрініп,
Арамыздан ұзамашы бөлініп.
Көңіліңе қаяу түссе, шырылдайды – ау жүрегім,
Жаным, егіліп
Қайырмасы: 
Асыл ана, жаулығы желбіреген
Асыл ана, жүрегі елжіреген.
Асыл ана, жаулығы желбіреген
Асыл ана, жүрегі елжіреген.
2.Ақ тілекшім , ақ жолдайым, ақ жүректі анашым.
Бәйек болып, қабағамды бағасың,
Сан айналып, өтсем дағы, таба алмаспын әлемнен.
Сендей жан ашыр.
Есейсемде, аңсатады алақаның, аялы,
Еске салып сәби күнді баяғы.
Айналайын деген созің жүрегімде анашым,
Мәңгі қалады.

Қайырмасы: 
Асыл ана, жаулығы желбіреген
Асыл ана, жүрегі елжіреген.
Асыл ана, жаулығы желбіреген
Асыл ана, жүрегі елжіреген.

Оқулықтағы 64 бет.

8.Үй тапсырмасы

С.Байжанов «Адамды сүйе біл»

Оқулықтағы 70 бет.

Соңғы тыныштық сәтi. 

Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№47 жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

 

 

Тақырыбы: «Аялай біл, сен деп соққан жүректі»

Сынып : 7 в

Мұғалім: Нургалиева Г.А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Аялай біл, сен деп соққан жүректі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақ тыныштық сәтінен басталап, тыныштық сәтінен аяқталады. сабақ барысанда дәйексөз, мұғалім сыйы, шығармашылық жұмыс, топпен ән айту , жағдаяттарды шешу әдістері қолданылды. Оқушылар аналырсмен түскен суреттерінен коллаж жасады. Шығармашылық жұмысІ топ- «Біздің аналар» постер қорғау.ІІ топ-«Анаға арнау» өлең шығару.ІІІтоп-«Менің анам-алтын» эссе. ІVтоп-«Анаға сый» сурет салу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 225 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2020 245
    • DOCX 24.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кравцова Светлана Алексеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кравцова Светлана Алексеевна
    Кравцова Светлана Алексеевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 85690
    • Всего материалов: 244

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 334 человека

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе