Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Аяласаң табиғатты аяла"

"Аяласаң табиғатты аяла"

Скачать материал

Тақырыбы: «Табиғатты аялайық»
Мақсаты: 
Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,табиғатты қорғауда жауапкершілікті қалыптастыру,табиғатқа деген мейірім мен ықыласын,табиғат байлықтары мен жан-жануар,өсімдіктерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу,
Түрі:сайыс сабақ
Көрнекілігі,суреттер.
Барысы
Табиғат- тіршілік атаулының құтты қоныс мекені,ті
ршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі,жер бетіне көрік берген сәні.Табиғат,Жер –Ана,атамекен,туған жер деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас,әрі тағдырлас.Табиғат!Осы бір жүрекке жылы,көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама мазмұн,терең мағына,ұлағатты мол ұғым,тұжырымы кең,ой жатыр десеңізші!
Табиғат-адам бойында адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз,тәлімі мол тәрбиеші.Ендеше,ұлы табиғатымыздың құрметіне бүгінгі білімділер сайысын өткізейік.Сайысқа 2 топ қатысады.
1-топ «
Тапқырлар» тобы
2-топ «
Білгірлер» тобы
Сайыс шарттары:
1.Таныстыру (топтың аты,ұраны)
2.Бәйге (дүниетану пәні бойынша сұрақтар)
3.Постер қорғау 
4.Керектісін тап ойыны
5.Сөз жұмбақ шешу                                                                                                                                     6. Тілектер жазу                                                                                                                                              1-кезең.Таныстыру
Әр топ өздерін таныстырады.2-кезең. Бәйге
Шарты:интерактивті тақтада 10,10 2020 ,30,30 4040, ұпайдан тұратын ұяшықтар болады.Әр топ қалаған ұяшықтарын таңдап,ондағы сұрақтарға жауап береді.Топ 3 рет ұяшық таңдайды.Ұпай ұяшық санына байланысты.
10.Адам денесі неше бөліктен тұрады?(4 бөліктен:бас,мойын,кеуде,қол және аяқ)
10.Адам денесін қозғалысқа келтіретін мүшені ата.(қаңқа)
20.Жүрекке келетін ең ірі қан тамыры не деп аталады? (қолқа)
20.Ас қорыту мүшелерін ата (ауыз қуысы,жұтқыншақ,өңеш,қарын,ішек)
30.Жел дегеніміз не?(жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды)
30.Желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал не деп аталады?(желбағар)
40.Қан кеткен адамға қан беретін адамды кім деп атайды? (донор)
40.Тыныс алу мүшелерін ата (мұрын қуысы,кеңірдек,кеңірдекше , өкпе)
3-кезең.Постер қорғау

1топқа Табиғаттың адамға пайдасы Тірі табиғат

2 топқа Табиғаттың адамға зияны Өлі табиғат
4-кезең.
Керектісін тап
Шарты.Әр топқа әріптер тізбегі беріледі.Сол тізбектен сөздерді тауып алу керек.Әр тізбектен үш сөзден шығады.Әр топ сыныпқа 2 тізбектен.Бұл бөлімде қанша сөз тапса,сонша ұпай алады.
1-топ.
1.Тплогүленсқойұехкөзаэт
2.Афмайжднанштвсүтырв

1.Трдқалачыеуарпафеменз
2.Тсбалықючспілжхкерікпв
2-топ
1.Кенбтрөзенврпзайсанджт
2.Ткгүлжрэқазтзкмөзенюб

1.ЯЮтжағавфтасцбкөшеэжм
2.Ждопгхнжолнвкенютпю

Қорытынды тұжырымдама.
Өзіміздің анамыздай аялаған туған жердің табиғатына сүйіспеншілікпен қамқорлық жасап,қорғау-әрқайсысымыздың азаматтық абзал борышымыз және парасатты парызымыз.
Қазақстан-туған жерім,киелім,
Қасиетіңді қастерлеп,басымды да иемін.
Табиғаттың тұнып тұрған қазына,
Соның бәрін аялаймын,сүйемін.
деген өлең жолдарымен тәрбиелік сәтімді тұжырымдадым, Тәрбиелік сәт өз мақсатына жетті,

 Тәрбие сағатында әр оқушы өз бетінше  мәуе ағашына тілектерін жапсырды.

                             Көктем белгілерін бақылау

Мақсаты: Оқушыларға сәуір айын - көктемнің екінші айы, табиғаттың оянатын мезгілі ретінде түсіндіру. Көктемнің алғашқы белгілерін (қардың еруі, күннің жылуы, күннің ұзаруы) айқындай білу іскерліктерін дамыту. Қоршаған табиғаттың алуан түрлілігін көрсету. Еңбексүйгіштікке, ұжымдық еңбекке белсене араласуға үйрете, тәрбиелеу. Балалардың өлі және тірі табиғат туралы түсініктерін кеңейту. Ауа-райын (күн ашық) ажырата білуге үйрету. Байқампаздығын, зейінін тәрбиелеу.

(топтық-серуен )

 Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, қимылды ойындар ойнату.

Жұмбақ: Ақ сиыр тұрып кетті,

Қара сиыр жатып қалды. (Қыс пен көктемнің ауысуы)

Бұлтты айдап желдеткен,

Нөсерлетіп селдеткен.

Жаңбырлатып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)

Күн күледі, жер түледі. (көктем)

Көркем сөз: Көктем белгісі

Жер бусанып,

Көк шығып,

Арықтардан су ақты.

Бүрлеп,

Өсіп көк шыбық,

Жұтып жатыр шуақты.

Көбелектер көлбеңдеп,

Ұшып-қонып жүреді.

Табысқандай Жер мен Көк,

Елжіреп тұр жүрегі. (Талғаров Х.)

Болжам: Құзғын ерте көбейсе, көктем жайлы болады.Құстар арқылы да болжам жасауға болатынын ескердік.

Қимылды ойын: «Ақ серек, көк серек», «Көңілді эстафета»,  «Күн мен түн» ойындары ойналды   Болжам: Құзғын ерте көбейсе, көктем жайлы болады.



2 Күнді бақылау

Мақсаты: Балалардың өлі табиғат туралы түсініктерін кеңейту. Ауа-райын (күн ашық) ажырата білуге үйрету. Байқампаздығын, зейінін тәрбиелеу.

Экологиялық міндет: Адам, жан-жануар, өсімдіктер үшін күн сәулесінің маңыздылығы туралы әңгімелеу.

Балалардың өлі табиғат туралы түсініктерін кеңейту. Ауа-райын (күн ашық) ажырата білуге үйрету. Байқампаздығын, зейінін тәрбиелеу.

Еңбек: ойын алаңын қоқыстан тазарту.

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесуді жалғастыру.

Қимылды ойын: «Ұшақтар»

Мақсаты: Ойын ережесін бұзбай ойнауға, бір-біріне соқтығыспай жүгіруге жаттықтыру.

Тәжірибе: заттарды күн көзіне және көлеңкеге қойып салыстыру. Көлеңкені бақылау.



3 Ауа-райын бақылау

Мақсаты: Көктем келісімен табиғатта болып жатқан өзгерістерді байқауға үйрету.

Экологиялық міндет: тірі табиғаттың ауа-райымен байланысын көрсету.

Наурыз айындағы ауа-райы туралы не айтасыңдар? (салқын және жылы жел соғады, қар жауады, күн салқындау)

Ой-қорыту: Наурызда ауа-райы құбылмалы.

Көркем сөз:

Көктем келді күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.

Бәйшешектер дүркіреп,

Шыға келді қыр түлеп.

Көктем күні шуақты,

Көктем күні қуатты.

Мал жағалап суатты,

Сай-саламен су ақты.

Күлім қағып күн шығып,

Күн нұрымен бір шығып,

Ел еңбекке құлшынып,

Қыза түсті тіршілік.

Кешке оралып мал қырдан,

Ауыл маңын даң қылған.

Көктем күні ән-думан,

Қуанады балдырған. А. Асылбек



Еңбек: Ауладағы қарды сыпыру..

Мақсаты: Бірі барлығы үшін, барлығы бірі үшін тірлік етуге үйрету.

Қимылды ойын: «Қу түлкі»

Мақсаты: Ойынның сөзін мұқият тыңдап, қимыл жасауға жаттықтыру. (топ-серуен сабақ)

«Біз - табиғат қорғаны»
(топ серуен)
Мақсаты: Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру.
Таза ауамен демалу. 
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Балалар, бүгін табиғатқа серуенге шығамыз.Серуенге шықпас бұрын мынадай сұрақтарға жауап беріңіз.
-Бір жылда неше мезгіл бар?
- Әр мезгілдегі табиғаттың көрінісін ата.
-Кімге қай мезгіл ұнайды? Несімен ұнайды?
-Қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтап,жақсы жерге қоныс тебейік.
-Балалар, ауылымыздың шағын бағына барамыз.
-Ауылымыз туралы не білесіңдер?(ауыл туралы әңгімелеу)
- Айналамызды қоршап,жайқалып өсіп тұрған ағаштар.Ауылымыздың бөгеті мен бұлағы бар.
-Балалар ,бөгетімізде балықтыр бар ма?
- Балық аулайтыңдарын бар ма?
- Оларда біздің байлығымыз.
- Ауылымыздың атап өтетін тағы қандай байлығы бар?
- Атап өтер байлығымыздың бірі егіншілік.Яғни біздің нанымыз.
- Ал ол егінді кімдер егеді?
- Ауылдас ағаларымыз.
- Балалар, ағаларымыздың еңбектері Қазақстан,Отан,туған жер ,ауыл үшін өте пайдалы.Олар бізге нан береді.
- Ал кім нан туралы өлең ,мақал біледі?
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
- «Ас атасы-нан», «Еңбектің атасы нан», «Алтын,күміс тас екен,арпа бидай ас екен»
- Туған жерімізде өсетін қандай өсімдіктерді білесіңдер?
- Алабота,жусан,түймедақ , ақселеу.
- Табиғаттың бір үзігі- өсімдіктердің де адам үшін атқарар шаруасы көп екен. Олар адамға дәрі-дәрмек, ем болып, өмірлерін қауіп-қатерден қорғауға өз үлестерін қосатының білеміз.
- Қандай жануарлар тіршілік етеді ?
- Түлкі, қоян, қасқыр, дала тышқандары, т.б.
- Балалар , біз сол біздің жерімізде тіршілік ететін жан-жануарларға құстарға, өсімдіктерге қамқоршы болуымыз керек.Олай болса бәріміз әрбір тірі жанға қамқоршы боламыз.

ІІ. Таза ауамен демалып,түрлі ойындар ойнау. («Ақ селеу,көк селеу», «Мені құтқар», «Кім жылдам» т.б.)
ІІІ. Қорытынды.
Қорыта келгенде адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой деймін. Табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік.
Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім- кітапта, әр пәнді жақсы оқуда.
Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: Сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір ағаштың өсуі үшін қаншама жыл керек екенін өздерің білесіңдер. Кейбір тентек балалар гүлдерді жұлады, құстардың ұясын бұзады, жазықсыз жәндіктерді өлтіреді. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстай білейік. Табиғатты алайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.

Кері қайту

Ілмек сөздер: Біз табиғат, қорғаны, табиғатты қорғау, аялау, тәрбие саға

 

 

Тапсырма № 1
Мақсаты:
Оқушылардың алған білім деңгейін және білік мен дағдының саналы түрде меңгерілуін тексеруҚосаяқ
Қосаяқ – кішкентай кеміргіш аң. Шөлді, жазық жерлерді мекендейді. Ол - өте секіргіш аң. Басына төнген қауіптен қашқанда бірнеше метр жерге оңай секіреді. Қосаяқ – құс сүйекті жануар. Күні бойы інінде ұйықтап жатады. Кешке қарай жем іздеуге шығады. Дән және шөптердің тамырымен қоректенеді. Қосаяқтар – түнде қоректенетін жануар.

1. Соңғы сөйлемнен қатаң дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
2. Мекендейді, қоректенеді сөздерінің тасымалдану жолдарын көрсет.
3. Бірінші сөйлемді сөз таптарына талда.

Тапсырма № 2
Мақсаты:
Оқушылардың алған білім деңгейін және білік мен дағдының саналы түрде меңгерілуін тексеру;Сырғанақ
Қыс мезгілі. Қар қалың жауған. Балалар үйдің артына қар үйді. Омар мен Қасен қарды тегістеді. Сәлім мен Төкен қардың үстін сулады. Ертеңіне сырғанақ дайын болды. Балалар түстен кейін сырғанауға келді. Олар шанамен сырғанады. Әлия мен Анар бір шанаға отырып сырғанады. Сырғанақтың маңы өте көңілді. Біреулер құлап жатыр, біреулері күліп жатыр.

1. Мына сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тауып астын сыз. Балалар түстен кейін сырғанауға келді.
2. Мына сөздерді сөз құрамына талда: балалар, шанамен, үйдің, қардың.
3. Мәтіндегі екінші сөйлемді сөйлемнің айтылуына қарай бөліну түріне түрлендір.

Тапсырма № 3
Мақсаты:
Оқушылардың алған білім деңгейін және білік мен дағдының саналы түрде меңгерілуін тексеру;
Марқакөл
Ертіс өңіріндегі көрікті әрі табиғаты бай өлке – Марқакөл көлінің аймағы. Марқакөл теңіз деңгейінен бір мың төрт жүз отыз төрт метр биіктікте. Оның тереңдігі жиырма жеті метр. Басты байлығы – қызыл балық. Айналасындағы орманда аңдар мен құстардың алпысқа жуық түрлері бар.
Қазір ол жер Марқакөл қорығы болып есептеледі. Өлкенің өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қорғауға алынған.

1. Басты байлығы – қызыл балық.Сөйлемінен тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сыз.
2. Соңғы сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
3. Мына сөздерді сөз құрамына талда: байлығы, қорығы, өлкенің.

Тапсырма №4
Мақсаты:
Оқушылардың алған білім деңгейін және білік мен дағдының саналы түрде меңгерілуін тексеру;
Аю мен бөрене
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болады. Ағаш басындағы бал арасына тамсана қарады. Оны жегісі келді. Ағаш басына өрмелеп,ұяға жақындады. Ілініп тұрған бөрене кедергі жасады.Ұяға ұмтылған аю бөренені итерді. Ары серпілген  бөрене өз салмағымен қайта оралды. Аюдың басына сарт ете қалды. Ештеңеден хабарсыз аю жерге топ ете қалды.

1. Тамсана, өрмелеп сөздерін сөз құрамына талдау.
2. Орман сөзіне жұрнақ, жалғау жалғап жаз.
3. Ағаш басындағы бал арасына тамсана қарады. Сөйлем мүшелеріне талда.

Тапсырма №5
Мақсаты:
Оқушылардың алған білім деңгейін және білік мен дағдының саналы түрде меңгерілуін тексеру;
Тау өзені
Ауыл жанында өзен бар. Өзен беті мөлдірейді де жатады. Түбі малта тас, лай болмайды. Күн жылынған бойда ауыл балалары өзенге барады. Оның күнгей жағасындағы көк майсалы жерде ойнаймыз. Көк майса бейне кілем жайғандай жұп-жұмсақ, әрі майда. Осы бір кішкене тау өзені болмаса, басқа жерлерде шомыла алмаймыз. Сондықтан осы өзен бойында отырған біздің ауыл балаларының суда жүзбейтіні болмайды.

1. Болымсыз етістіктерді теріп жаз.
2. 1,2 сөйлемдегі сөздерді дауыссыз дыбыстар түріне ажыратып жаз.
3. Мөлдірейді, жүзбейтіні сөз құрамына талда.

Тапсырма № 6
Мақсаты:
Оқушылардың алған білім деңгейін және білік мен дағдының саналы түрде меңгерілуін тексеру.
Ақбауыр
Бұл - өте сүйкімді кірпі. Денесінің бәрі қарасұр. Бауыры ғана ақшыл. Жаз кезі болатын. Аулада інім екеуміз отыр едік. Бір нәрсе қыбырлағандай болды. Қарасам кірпінің сүп-сүйкімді баласы екен. Оны үйге әкеліп тамақ бердім. Қағаздан қорапшадан үй жасадым. Қорапшаның жанын тесіп, есік ойып қойдым. Көзі мөлдіреп тұрады. Бауыры аппақ болғандықтан Ақбауыр деп атадым. Өзі өте ақылды, әрі ұқыпты. Ақбауыр үйге тез үйреніп алды.

Мәтіннің қай түрі екенін анықта.
2. Сын есімдерді теріп жаз.
3. Соңғы сөйлемнен бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.  

Тапсырма № 7  
Мақсаты:
Оқушылардың алған білім деңгейін және білік мен дағдының саналы түрде меңгерілуін тексеру;
Менің атам – ардагер
Менің атам – соғысқа қатысқан адам. Ол бір мың тоғыз жүз отыз тоғызыншы жылы Шымбай қаласынан әскери қызметке алынған. Ол әскери қызметте жүрген кезінде екінші дүние жүзілік соғыс басталып кетті. Атам үш рет жараланған. Үшінші рет ауыр жараланып емханаға түскен. Ол кісінің соғыста алған ордендері мен медальдарі көп.Әр ордендері мен медальдарының өзіндік тарихы бар. Атамның соғыстағы естеліктері мен өмірден алған өсиеттері жетерлік. Мен атамды мақтан етемін.

1. Соңғы сөйлемдегі жіңішке дыбыстардың астын сыз.
2. Сан есімдерді тауып, түрлерін анықта.
3. Екінші сөйлемді сөз таптарына талдау

 

Тапсырма № 8
Мақсаты:
Оқушылардың алған білім деңгейін және білік мен дағдының саналы түрде меңгерілуін тексеру:

Шекарада
Қараңғы түн. Қалың орман. Оның маңында шекарашы қас қақпай күзетеді. Шекарашының жанында Арлан деген иті бар. Ол қыбыр етпейді. Арлан қараңғыға қарап, құлағын сергек қозғап қояды. Кенет ол елең етіп, жоғары қарай қарады. Иесінің етегінен тістей тарта бастады.  Шекарашы Арланды босатып жіберді. Ит қараңғыға сүңгіп кетті. Арлан шекара бұзушыны бас салды. Шекарашылар жүгіріп жетті. Арлан шекара бұзушыны ұстап алыпты. Олар жау барлаушысын шекара бекетіне алып кетті.

1. Бесінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
2. Шекара сөзін септеу.
3. Мәтіннен тәуелдеулі зат есімді тап.

Тапсырма № 9
Мақсаты:
Оқушылардың алған білім деңгейін және білік мен дағдының саналы түрде меңгерілуін тексеру;
Соңғы алма
Күз айы еді. Рысбек ауланы жапырақтардан тазартып жүр еді. Бір кезде ағаш басындағы жалғыз алмаға көзі түсті. Рысбек ойланбастан алманы алғысы келді. Ол бұтаққа шықты. Бұтақ сынып кетті. Рысбек ағаш түбіндегі кірпінің үстіне құлап түсті. Ол жылап қалды. Үзіліп түскен алма кірпінің үстінде кетті.

1. Бесінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
2. Бұтақ тәуелдеу.
3. Мәтіннен  күрделі етістікті тап.

Тапсырма № 10
Мақсаты:
Оқушылардың алған білім деңгейін және білік мен дағдының саналы түрде меңгерілуін тексеру;
Жалқау мысық
Менің бір әдемі мысығым бар. өзі өте сүйкімді. Оның бізбен тұрғанына алты жылдай болып қалды. Бұрын, алғаш асырап алған кезімізде, ол сондай тынымсыз еді. Кішкене доп, оралған жіп көрсе сонымен ойнайтын. Ал қазір оны орнынан тұрғыза алмайсын. Күндіз де, түнде де пештің түбінде жатып алып ұйқыдан бас көтермейді. Сөйтіп, менің мысығым жалқау болып кетті. Маған мысығымның осы мінезі ұнамай жүр.

1. Екінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
2. Күрделі етістіктерді теріп жаз.
3. Мәтіннен тәуелдеулі зат есімді тап.

Тапсырма № 1
Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін, сауаттылық деңгейін тексеру.
Сабақ түстен кейін басталатын. Күздің жайма шуақты күндерінің бірі еді. Мектепке жайбырақат келе жатқам. Бір үйдің бұрышынан өте бергенде, жылаған баланың дауысын естідім. Құлағы салпиған күшік төрт жасар шамасындағы қыздың жолын бөгеп жүргізер емес. Күшікті қуып жібердім. Қыз бала қатты қорыққан екен. Өксігін баса алмай, солқ-солқ етеді. Қолынан ұстап, жетелеп келемін. Ол үйдің маңына жақындаған кезде қуанып кетті. Рахмет айтып жүгіре жөнелді.

1.      Мәтінге ат қой.
2. Мәтін түрін анықта.
3. бұрышынан сөзін сөз құрамына талда.
4. Күрделі етістіктерді теріп жаз.

2.      Тапсырма № 2
Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін, сауаттылық деңгейін тексеру.

Адамдар ертеде әуеде ұшып жүруді көп аңсаған. Сондықтан олар ұшқыш кілем туралы ертегіні ойлап шығарады. Алыс сапарларға жылдам барсақ деп ойлайды. Қазіргі кезде адамдардың ойлары, армандары орындалды. Ұшқыш кілем болмағанымен, ұшақтар бар. Оған ұшқан құс та жете алмайды. Сол ұшақтармен кез келген жерге жылдам жетуге болады. Тіпті айға да ұшып барып келуге болады.

1. Мәтінге ат қой.
2. Мәтін түрін анықта.
3. ұшақтармен сөзін сөз құрамына талда.
4. Ұшқыш сөзін тәуелдеу

Тапсырма № 3
Мақсаты:
Оқушылардың алған білім деңгейін және білік мен дағдының саналы түрде меңгерілуін тексеру;
Қыркүйек. Күздің алғашқы айы. Аспан бұлттанды. Күннің қызуы азаяды. Ағаштың жапырағы сарғая бастайды. Терек пен қайың жасыл жапырағынан айырылды. Айнала сары түске боялды. Шық осы айда түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Аңдар қысқы тіршіліктеріне кіріседі.

1. Мәтінге ат қой.
2. Мәтіннен етістіктерді теріп жаз
3. Мәтін түрін анықта.
4. Құстар сөзін септеу

Тапсырма № 4
Мақсаты:
Оқушылардың алған білім деңгейін және білік мен дағдының саналы түрде меңгерілуін тексеру;

 Менің әжем бар. Оның аты – Гүлзипа . Жасы алпыс үште. Ол өте еңбекқор, адал, әділ адам. Әжем маған өзінің ақыл - кеңестерін айтып отырады. Оның сүйікті мақалы: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». Мен әжемнің айтқанын тыңдаймын. Гүлзипа әжем секілді еңбекқор болуға тырысамын.                                                                                                             

1. Мәтінге ат қой.
2. Мәтіннен тәуелдеулі зат есімдерді теріп жаз.
3. Мәтін түрін анықта.
4. Әже сөзін тәуелдеу

 

 

 

Тапсырма № 5
Мақсаты:
Оқушылардың алған білім деңгейін және білік мен дағдының саналы түрде меңгерілуін тексеру;
Отбасы
Отбасы адам баласының алтын діңгегі. Ең алғаш дүниеге келген сәтінен бастап ата-анасының ыстық құшағы мен аялы алақанында өсіп-өнеді, тәрбиеленеді. Отбасын кейде кішігірім мемлекетке теңейміз. Әр отбасындағы бала әртүрлі тәрбие алады.

1. Берілген сөздерге болымсыз етістігінің жұрнақтарын жаз: тәрбиеле, кел, баста, ал, өс.
2. Отбасы деген сөзді тәуелде.
3. Берілген сөздердің қосымшаларын белгіле: баласының, құшағы, мемлекетке, алақаны, отбасым.

Тапсырма № 6
Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін, сауаттылық деңгейін тексеру.
Түн. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық. Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Осыны тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Туған жерінен алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс көшелер, үйлер, адамдар – бәрі көзіңе оттай басылады.
    
1. Мәтінге ат қой.
2. Мәтіннен етістіктерді теріп жаз
3. Мәтін түрін анықта.
4. Сын есімдерді теріп жаз

Тапсырма № 7
Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін, сауаттылық деңгейін тексеру;
Қазақстан.
Қазақстан егеменді ел. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Біздің елімізде көптеген ұлттар тұрады. Қазақстан жері ұлан-байтақ. Қазақстан рәміздері өте әдемі. Елтаңбасы, жалауы ерекше. Көк байрағымыз әлемде еркін желбірейді. Қазақстанның бас қаласы – Астана. Астана жылдан – жылға көркейіп келеді. Мен өз елімді мақтан тұтамын.
                                                                                                                   
1. Мәтіннен тіркесті сөздерді теріп жаз.    
2. Түбірмен қосымшыларды белгіле: елімізде, оқушылар, жері, келеді.
3. Ұлт, жалау, халық, рәміз, қала, ел – сөздерін көпше түрде жаз.

Тапсырма № 8
Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін, сауаттылық деңгейін тексеру;
Волейбол
Біздің мектепте спорт алаңы бар. Мұнда оқушылар футбол, волейбол, баскетбол ойнайды. Спорт алаңы қыста да, жазда да балаларға толы.
Бүгін дене шынықтыру сабағы бесінші сабақ. Біз мектеп спорт алаңына шығамыз. Онда екі бағанға керілген волейбол торы бар. Бәрінің секіргісі келеді. Дене шынықтыру сабағы өте қызықты.           
                                                       
1. «Мектеп» туралы шағын әңгіме жаз.
2. Мектеп туралы мақал - мәтелдерді жаз.

 

Тапсырма № 9
Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін, сауаттылық деңгейін тексеру;
Мен мектепте оқимын. Мектеп Сүйінбай көшесінде орналасқан. Мені мектепке ағам алып келеді. Өйткені мектеп біздің үйден алыс. Біздің мектеп үш қабатты. Мектептің ауласы кең, таза. Аулада көп әдемі гүлдер өседі. Осында емен, қайың, қарағай ағаштары өседі. Бұл ағаштарды біз отырғыздық. Мен мектебімді өте жақсы көремін.

1. Мәтінге ат қой.
2. Оқу, білім туралы мақал-мәтелдерді жаз.
3. Мәтін түрін анықта.
4. Тәуелдеулі сөздерді теріп жаз.

Тапсырма № 10
Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін, сауаттылық деңгейін тексеру;
Демалыс күні
Жексенбі күні ұйқыдан кештеу тұрдым. Анама үй шаруасына көмектестім. Түстен кейін сыныптасым қонаққа келді. Екеуіміз бірге әңгімелестік, ойнадық. Сосын біз бірге киноға бардық. Үйге келдік, анам бізге бәліш пісіріп, дайындап берді. Уақыт тез және көңілді өтті. Біз жақсы демалдық.  
                                                                                                                  
1. Қонақ сөзін жікте.
2. Берілген сөздерді екі бағанға бөліп жаз: қала, Астана, Нұрлан, өзен, Ертіс, астана, оқушы, Алатау, Екібастұз, гүлдер.
              Жалпы     Жалқы
3. Тәуелдік жалғаулары бар сөздерді теріп жаз.

Тапсырма №1
Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін, сауаттылық деңгейін тексеру;

1. «Жазғы демалыс» тақырыбына әңгіме құрастыр.

http://bilim-all.kz/uploads/images/2016/10/20/original/f5f1d14bd5a78f0f6624d8d3d601479a.jpg

2. Берілген етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыр: Ойна, бар, оқы, сат.

 

Тапсырма № 2
Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін, сауаттылық деңгейін тексеру;

1. «Менің отбасым» тақырыбына шағын әңгіме жаз.
2. Отан, отбасы туралы мақал-мәтелдерді жаз.
3. Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз. Сен мектепке бардың. Ол теледидар көріп отыр. Мен ауылда болдым.

Тапсырма № 3
Мақсаты:
Оқушылардың мәтіннің мазмұнын түсініп, мәнін, мағынасын жазбаша түрде жүйелі жазуға үйрету;

Құмырсқалар

Шәріп атаның бір құмыра балы болатын. Сарайда тұрған балын құмырсқалар жеп жатқанын көрді. Қараса, құмырсқаның илеуі бар екен. Оны құрту өте қиын, құмырсқа да көп. Ата ойланып қалды. Ол қыш құмыраны сыртынан шандып байлып, сарайдың төбесіне іліп қойды. Құмыраның ішінде бір құмырсқа қалып қойыпты. Ол илеуіне жол іздеп, жіпке одан төбеге өрмелейді. Төбеден қабырғаға одан еденге түседі.
________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________
1. Мәтінді аяқта.
2. Мәтін түрін анықта.

Тапсырма № 4
Мақсаты:
Оқушылардың мәтіннің мазмұнын түсініп, мәнін, мағынасын жазбаша түрде жүйелі жазуға үйрету;

Кімнің ісі дұрыс?

Біз сабақтан соң, Маратпен үйге қайттық.  Балалар шаңғы теуіп жүр. Екеуіміз байқамай шаңғы жолына шықтық.  Балалар бізге жетіп қалды. Мен бөгет жасамау үшін, жолды босаттым, Марат әдейі жолда тұрып қалды. Алдыңғы бала оны қақпай жантайғанда, таяғы Маратқа тиді. Марат Оның таяғын сындырды.

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

1. Мәтінді аяқта.
2. Мәтін түрін анықта.
3. Берілген сөздерге болымсыз етістігінің жұрнақтарын жаз: тәрбиеле, кел, баста, ал, өс.

Тапсырма № 5
Мақсаты:
Мәтіннің мазмұнын, өз ойын жүйелі түрде сауатты жазуға жаттықтыру;
Аю мен бөрене

Қалың орманда келе жатқан аю бал арасына кез болыпты. Ағаш басындағы балға тамсанып, аузынан сілекейі шұбырды. Аю ағашқа өрмелеп шыққанда, ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты. Аю оны итеріп жіберді. Әрі серпілген ауыр бөрене өз салмағымен оралғанда, басына сарт ете қалды. Ызаланған аю бөренені итеріп жіберді. Қайта оралған бөрене, аюдың басын қақ айырып, ағаштан ұшырып түсірді.

1. Мәтіннен қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жаз.
2. Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді  теріп жаз.

Тапсырма № 6
Мақсаты:
  Мәтіннің мазмұнын, өз ойын жүйелі түрде сауатты жазуға жаттықтыру;

1. «Күз» туралы шағын әңгіме жаз.
2. Жыл мезгілдері туралы мақал-мәтел жаз.
 

Тапсырма № 7
Мақсаты:
Мәтіннің мазмұнын, өз ойын жүйелі түрде сауатты жазуға жаттықтыру.

1. «Астана-бас қала» тақырыбына шағын әңгіме жаз.

http://bilim-all.kz/uploads/images/2016/10/20/original/7c527b58d5199a6b0835c4b5139be854.jpg
 
2. Сен қандай көне қалаларды білесің?
3. Отан туралы мақал-мәтелдерді жаз.

Тапсырма №8
Мақсаты:
Мәтіннің мазмұнын, өз ойын жүйелі түрде сауатты жазуға жаттықтыру;

Сауысқан - өте айлалы, аса сақ құс. Қасына ешкiмдi жуытпайды. Сауысқанның ұшуы да рекше. Бұл құстың тағы бiр ерекшелiгi - жылтыр, әшекейлi заттарға әуестiгi. Оның ұясынан әр түстi матаны, қағаздарды, жылтыр шыныларды, түрлi түстi тастарды, күмiс тиындар мен алтын  сақиналарды да кездестiремiз. Сауысқан тоты секiлдi, адамның айтқан сөзiн жаттап алады.

1. Мәтінге ат қой.
2. Мәтіннен қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жаз.
3. Соң, кейін – септеулік шылаулармен сөзтіркестер немесе сөйлемдер құрастырып жаз.


Тапсырма №9
Мақсаты:
Мәтіннің мазмұнын, өз ойын жүйелі түрде сауатты жазуға жаттықтыру.
1. «Туған жер» туралы әңгіме жаз.
2. Түбірмен қосымшыларды белгіле: елімізде, оқушылар, жері, келеді.
3. Ұлт, жалау, халық, рәміз, қала, ел – сөздерін көпше түрде жаз.

Тапсырма №10
Мақсаты:
Мәтіннің мазмұнын, өз ойын жүйелі түрде сауатты жазуға жаттықтыру.
1.«Жазғы демалыс» тақырыбына әңгіме құрастыр.
2. Берілген сөзді жекеше, көпше жікте: сыныптас.
3. Берілген етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыр: Ойна, бар, оқы, сат.
4. Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз. Сен мектепке бардың. Ол теледидар көріп отыр. Мен ауылда болдым.

 

 

Жаңалықтар

Досың ауырса ыңқылда: Оқулықтағы түсініксіз мақал мен тіркестер елдің ашуын келтірді

Жаңалықтар

Досың ауырса ыңқылда: Оқулықтағы түсініксіз мақал мен тіркестер елдің ашуын келтірді 66

Білім министрі: Үш тілде оқыту кестесін келесі жылы өзгертеміз

Жаңалықтар

Білім министрі: Үш тілде оқыту кестесін келесі жылы өзгертеміз 33

ШҚО-да өзіне қол салған 6-сынып оқушысы өлер алдында хат жазып қалдырған

Жаңалықтар

ШҚО-да өзіне қол салған 6-сынып оқушысы өлер алдында хат жазып қалдырған 65

Ақтөбеде мектеп басшылығы хиджаб кигендерді озат оқушылар тізімінен алып тастаған

Жаңалықтар

Ақтөбеде мектеп басшылығы хиджаб кигендерді озат оқушылар тізімінен алып тастаған 33

Атырауда орамалын шешуден бас тартқан 40 оқушы сабаққа бармай жүр

Жаңалықтар

Атырауда орамалын шешуден бас тартқан 40 оқушы сабаққа бармай жүр 48

Тіл білімі институтының директоры: Латын әліпбиіндегі апострофты алып тастауымыз мүмкін

Жаңалықтар

Тіл білімі институтының директоры: Латын әліпбиіндегі апострофты алып тастауымыз мүмкін 39

Зағипа Балиева қазақ әдебиетін ағылшын тілінде оқытуды ұсынды

Жаңалықтар

Зағипа Балиева қазақ әдебиетін ағылшын тілінде оқытуды ұсынды 121

Скидка 70% на легендарные немецкие ...

Мегаскидки на брендовые духи, количество ...

Вам повезло,такое бывает только раз в ...

Математика 4 сынып « Санды және әріпті өрнектер»

Гүлбаршын 12-01-2015, 15:46 3 777 Бастауыш сынып

Атырау қаласы, жалпы білім беретін №6 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі Хасанова Галя Санахқызы.

 

Сабақтың тақырыбы: «Санды және әріпті өрнектер»

 

Сабақтың мақсаты: 1. Санды және әріпті өрнек мән - мағынасын түсіне отырып, оларды ажырата білуге үйрету; Әріпті өрнекте әріп орнына сан қою арқылы өрнектің мәнін табу тәсілін есептеуде қолдана білуге жаттығады.

2. Әріпті және санды өрнектерді жазу, оқу және мәнін табуды меңгерту; Оқушылардың математикалық білім - білік дағдыларын жетілдіру;

3. Оқушылардың математикаға қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлауын дамыту және топпен бірлесіп жұмыс жасауға баулу;

Сабақ түрі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, тақырыптық дидактикалық материалдар, үлестірме материалдар

 

Жүру барысы

I. Қызығушылықты ояту: « Ой қозғау»

1- топ: 1. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр.

2.Бақытжанның 4 ұлы , олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар.

2-топ:1. Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса , 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкінбе?

2.Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек.

3-топ:1. Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңертеңгі 9-ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады?

2.Арман черновикте есеп шығарып, оны дәптерге көшірді.Бірақ жақшаларды қалай қойғанын ұмытты.Оның есінде қалғаны мынау:

6*8+20 : 4-2=45. Арманға жақшаларды қоюға көмектесіңіз.

II. Үй тапсырманы тексеру: №10 95 бет.

 

 

 

3.Жаңа мағынаны таныту:

Өрнек

 

Бұл сандар Бұл санды өрнек

5 5+ 9

12 12* 6

49 49:7

Өрнек

Бұл әріпті өрнек

А+7 17-а =15, а= 2

91: с

Әріпті өрнек деп қандай өрнекті айтамыз?

- Әріптер мен сандар амал таңбалары арқылы байланысқан өрнекті әріпті өрнек дейміз.

Әріпті өрнекте латын әріптері қолданылады.

Ал санды өрнек, сандар амал таңбаларымен байланысады.

ә) Топтық жұмыс:

1 топ: №2 --------------------------- 2 топ: №3

А) ( 15+5): 2꞊10 -------------------- а) ( а - 3)*2

Ә) (32*2)- 24꞊40 ------------------- ә) (32: 2)+в

Б) (27 - 2): 5꞊5 ---------------------- б) (с+2)*5

В) (69: 3)+20꞊ 43 ------------------- /в) (69*3)- 20/

 

 

3 топ:

а*3019; мұндағы а꞊2, 3, 4, 5

2*3019꞊6038

3*3019꞊9057

4*3019꞊12076

5*3019꞊15095

 

б) Тақтамен жұмыс:

1 топ: №6

32г - 4 шеге ---- Ш: 32: 4꞊8ш

400г -? Шеге -------- 400: 8꞊50ш

Жауабы: 400г темірден - 50 шеге жасайды.

 

2 топ: №6 ә)

Ұ. ш - 7ж Барлығы - 200 кг --------------------- Ш: 1) 200 -(13+7) ꞊10 кг (1 ж массасы)

қ. ш - 13ж ------------------------------------------------ 2) 7*10꞊70кг (Ұ. ш)

1ж - ұ. ш массасы бірдей --------------------------- 3) 13*10꞊130кг (Қ. ш)

1ж - қ. ж -------------------------------------------------- Жауабы: Ұзын шеге - 70кг;

Ұ. ш -? кг; қ. ш -? кг ------------------------------------ қысқа шеге - 130кг жіберілді.

 

3 топ: №8

А Тік төртбұрыштың жарты периметрін өрнек түрінде жаз:

А 3+7 * 2 2 ә 5+х * 2 2

Ә Шаршының жарты периметрін өрнек түрінде жаз:

А 8*4 2 ә а*4 2

 

V. Ой толғаныс:

Есепте.

1 топ: а) (318*5+1052)- 2210꞊432

ә) (5256: 6+1250)- 408꞊1718

 

2 топ: б) 74612: 4+3072꞊21725

в) 39207: 3 - 4017꞊9052

 

3 топ: г) 55200: 3+80316: 4꞊38479

ғ) 7890*6 - 6548*5꞊14600

 

VI. Үйге тапсырма: №7

VII. Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

                                                         

Түскі ас:

Мақсаты:

 

 

Саппен асханаға бару,

Асхана тәртібін сақтай отырып дұрыс тамақтануға дағдыландыру.

Серуен

Түрі

Мақсаты:

 

Бұлтты күн

Бақылау

Ауа райын бақылау,таза ауамен демалу табиғатты тамашалау.Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып ойындар ойнату.Оқушылардың жүріс тұрысын, саппен жүріп тұру жаттығуларын орындату.Ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Өзара қ/қ дәптермен жұмыс

Мақсаты:

 

 

Үй жұмыс

Берілген тапсырмаларды тиянақты сауатты орындауға тәрбиелеу

 

Қосымша

Мақсаты:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Ойлы болсаң озып көр» (логикалық тапсырмалар)
1. Төрт қойдың неше аяғы бар?/16
2. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса, оның салмағы неше?/3кг
3. Ағаш бұтағында100 торғай отырады, аңшы 10 торғайды алып алады. Торғайдың қаншасы қалды?/10
4. 1т. мақта ауыр ма, 10центнер темір ауыр ма?/тең
5. Сенің әке - шешең көршіңе кім болады?/көрші
6. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр?/4 мысық
7. Қарындасы 4 жаста, ағасы 6 жаста. Қарындасы 6 толғанда ағасы неше жаста?/8
8. Шөпте қояндар тығылып отыр. Тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Шөпте неше қоян тығылып отыр?/5 қоян
9. Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?/4 тәулік
10. Бір адам қалаға бара жатыр еді. Жолда оған үш танысы қарсы жолықты. Қанша адам қалаға барды?/1 адам
 Тұйық буындарды тауып, екі дыбыстан құралған тұйық буынның астын бір, үш дыбыстан құралған тұйық буынның астын екі сызыңдар.
Астық, олжа, өткір, өрт, өртену, ұрттау, ыстық, артта, артық, алпысыншы, ерттеу, ерітінді, еркелік, еркіндік, елгезек, естілу, керуен, аңқау, еңбектену, ынталы


Тәрбиелік жұмыс:

Мақсаты:

 

 

 

«Дос- өмірімен қымбат»

Оқушыларды достыққа татулыққа баули тәрбиелеу

Таза ауамен демалу:

Қауіпсіздік ережесін сақтай  отырып  қимылды ойындар  ойнату.

Ата-аналармен пікірлесу:

Ата-аналарына оқушыларды тапсыру.

Үйге қайту:

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Аяласаң табиғатты аяла""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 379 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.09.2020 1161
    • DOCX 293 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Трынкова Анастасия Олеговна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Трынкова Анастасия Олеговна
    Трынкова Анастасия Олеговна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 98188
    • Всего материалов: 214

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе