Инфоурок Химия Другие методич. материалыАтом-молекулалық ілім және химия ғылымы үшін маңызы..

Атом-молекулалық ілім және химия ғылымы үшін маңызы..

Скачать материал

Химия 8 сынып

Күні  :

I тарау .  ХИМИЯЛЫҚ АЛҒАШҚЫ ҰҒЫМДАР

    

 САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Химия – заттар туралы ғылым. Қауіпсіздік техника ережесі бойынша нұсқаулық кіріспе. Химия - жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызды туралы қысқаша тарихи мәліметте

 САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ.

 Білімділік: Химия пәні туралы алғашқы ұғым беру, заттардың қасиеттерін , таза зат және қоспа ұғымдарын түсіндіру.

Дамытушылық: Заттарды анықтауға және олардың қасиеттерін сипаттай білуге үйрету.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа,қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету .

Сабақтың түрі: танысу сабағы.

 Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап

       ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР. Химияның маңызын көрсететін көрнекі құралдар,үйде және зертханада /лабараторияда/ қолданылатын әр түрлі заттан тұратын бірдей денелерді көрсету. Мысалы, шыныдан, фосфордан, металдан жасалған стакандар немесе алюминийден, темірден, мыстан жасалған сым, қасық, т.б.

Пәнаралық байланыс: физика, биология

ТІРЕК БІЛІМ МЕН БІЛІКТЕР. Дене, зат және заттың қасиеті туралы түсініктер.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі :

психологиялық ахуал тудыру.

ІІ.Үй жұмысын пысықтау

     ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

        Оқушыларды жаңа пәнмен таныстыру. Алғашқы сабақтан бастап оқушыларды зертханада жұмыс істеу ережелермен таныстырам . Құралдар мен оқу жабдықтарын дұрыс пайдалану қажеттігі айтылады. Сабақ оқу  кезінде негізгі құрал оқулық болғандықтан  оның мазмұнымен, құрылымымен таныстырамын.

 Жаңа сабақты түсіндіру.

Бұл сабақта оқушылар химия ғылымының алғашқы ұғымдарымен танысады, оларды салыстыра білуге үйренеді.Алғашқы сабақта оқушылардың жаңа пәнге деген қызығушылығын арттырудың зор маңызы бар. Сол себепті   төмендегі  сұрақтардың мәнін ашуы керек .1.Жаратылыстану  ғылымдарының ішіндегі химияның рөлі

.2. Күнделікті өмірдегі, шаруашылық саласындағы химияның басқа  пәндермен байланысты.

.3. Еліміздің шаруашылығын дамытудағы  химияның рөлі.

    Одан кейін физика курсынан таныс зат , дене ұғымдарын оқушлардын есіне түсіріп өтемін

 а/  денелер деп нені айтады?

 ә/ денелерге қандай қасиеттер тән /пішіні, мөлшері, массасы, түсі, дәмі, исі, тығыздығы, қаттылығы, т.б./?

Заттың  алуын  түрлілігіне,  жаңадан алынып жатқан заттардың қасиеттеріне, айырмашылығы мен  ұқсастығына тоқталу. Сонан соң  заттрдың касиеттеріне  қарай әр түрлі болатындығын түсіндіру яғни  оқушыларды  бір заттың басқа затпен салыстырғанда  ұқсастығы мен ерекшелігі неде  екенін ажырата білуге үйрету.  Сол сияқты  оқушыларды зат және физикалық  дене  ұғымдарын ажырата білуге  үйреткен жөн. Осы екі ұғымды ажырата білу  білігін  қалыптастыру  үшін  төмендегі  тапсырманы орындатамын.

Келтірілген  тізімде  заттар және физикалық  денелер берілген: су,  сызғыш,  сода, қант, алюминий, стақан, қасық.

         / I нұсқа/.   Осы тізімнен заттарды іріктеп жаз.

       /II нұсқа/.Физикалық  денелерді іріктеп  жаз

 Оқушылар заттың физикалық қасиетімен танысқанда жай заттың қасиетімен  танысу ережесін  еске түсіреді, әсіресе  сандық айырмашылығына  баса көңіл аударады.Себебі, химия  пәні  дәл есептеуді қажет ететін пәннің бірі. Сандық қасиеттерді анықтауға арналған кейбір құралдармен /ареометр,термометр/ таныстырады. Зертханалық тәжірибелерді өткізеді.

Заттың қасиетін  төмендегі кестені толтыра отырып сипаттаса оқушылардың ісінде көбірек сақталады.

Салыстыру

белгілері

        Заттың

темір

қасиеті

күкірт

Жинақтап

қорытындылау

1 Агрегаттық

күйі

 

 

 

2 Түсі

 

 

 

3 жылтырлығы

 

 

 

4 Иісі

 

 

 

5Қаттылығы

 

 

 

6 Иілгіштігі

 

 

 

7 Электр өткізгіштігі

 

 

 

8 Жылу өткізгіштігі

 

 

 

9 Суда ерігіштігі

 

 

 

10 Тығыздығы

 

 

 

Жаңа материалды бекіту мақсатында сұрақтар қойылады және оқулық пен жаттығулар мен есептер жинағы бойынша тапсырмалар беру:                                                                                                                                                                                

1.     Химия ғылымы нені зерттейді.

2.     «дене»және «зат»ұғымдарының  айырмашылығын мысалдар келтіре отырып түсіндіріндер.

3.     Заттардың өздерін білетін физикалық қасиеттерін айтып беріндер.

4.     Мына заттардың ұқсас және өзгеше қасиеттерін сипаттап,кесте жасандар:

а/ ас тұзы мен қант: ә/ сірке қышқылы мен су.

Үйге тапсырма беру:   Кіріспе, §1 ж/е 1-жаттығу

 

 

 

 

 

 

Химия 8 сынып

Күні  :

Сабақтардың тақырыбы: Заттар және олардың физикалық қасиеттері.Таза заттар және қоспалар.Заттарды қоспадан тазарту әдістері  №1 көрсетілім.

Оқыту мақсаты: а) Заттар және олардың қасиеттері туралы түсінікті бекіту үшін заттар және қоспаларға түсінік беру. ә) Қоспаларды айыра білу, қоспаларды жіктеу, қоспадағы әр заттың өзіне тән қасиеттерінің сақталатынын тәжірибелер арқылы оқушылардың логикалық ойларын дамыту. Б) ұжымдық жұмысқа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Реактивтер мен құралдар: Көрсетілім столда қоспадағы заттарды бөлуге  керекті химиялық ыдыстар: стақандар, сүзгі, сүзгі қағаз, цилиндр,бөлгіш ыдыс,лаб/тұрғы. Реактивтер: ас тұзы, құм,темір үгіндісі, күкірт ұнтағы,т.б. Электрондық оқулық, кесте.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздендіру.

Пәнаралық байланыс: физика, биология.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға өздік жұмыс беру.

1.     Бір заттан жасалатын нәрселерге мысалдар келтір.

2.     Оттек, көмір қышқыл газы және судың қасиеттерін сипаттау.

3.      Химиялық диктант жүргізу: Оқушылар алюминийге қатысты физикалық қасиеттеріне сай сөздерді жазады  сұйық, қатты, магнитке тартылады,балқымайды,түссіз,иісі бар,морт, иіссіз, жылтыры бар, күмістей ақ, судан ауыр, балқиды.

3.     Таза зат дегеніміз не?

4.     Ауа таза затқа жата ма? Неліктен?

    ( сүт, теңіз суы,қара топырақ )

Жаңа сабақ тақырыбы тақтаға жазылады: Таза заттар және қоспалар. Заттарды қоспадан бөлу және тазарту.

       Қоспалар екі түрге бөлінеді: әртекті және біртекті қоспалар.

Анықтамасы беріліп мысалдар келтіріледі.

       Заттарды әртекті және біртекті қоспалардан бөлу әдістерін тақтаға жазып, көрсетілім столында көрнекі көрсету:

1.       Әртекті қоспадан заттарды бөлу: тұндыру, сүзу, магнитке тарту;

2.       Біртекті қоспадан заттарды бөлу: қайта кристалдандыру (суалту), дистилдеу,т.б.

3.       Тәжірибе алаңы:Оқушыларға көмір және су,күкірт және су,өзен құмы және су түрлерін көрсете отырып практикалық жұмыс жасау ережелерімен, техникалық ережелерімен таныстыру.

4.       Екі топқа тапсырма беру. Тотияйын және су,күкірт және темір,ас тұзы және су тәжірибелерін орындата отырып,біртектіме,әртектіме екенін тусіндіру.

5.       Қоспаларды бөлу тәсілдері:

6.       Әртекті

1.Тұндыру

2.Сүзу(құйғы және сүзінді қағаз көмегімен)

7.       Біртекті

1.Қайта кристалдау-бастапқы қатты күйдегі затты ерітіп, буландыра отырып,сулату жолмен тазарту,қайта кристалдау әдісі.

2.Айдау-ұшқыш сұйықтықтарды алдымен буландырып,салқындатып,сұйық күйге ауыстырып,конденсациялауды айтады.

 

Жаңа материалды бекіту мақсатында сұрақтар қойылады және оқулық пен жаттығулар мен есептер жинағы бойынша тапсырмалар беру:

1.     Табиғи қоспаларға мысал келтіріңдер.

2.     Біртекті қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.

3.     Әртекті  қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.

4.     Қоспада таза заттың қасиеті сақтала ма?

Есептер мен жаттығулар жинағы бойынша тапсырмалар беру:

1 – 12,1 – 13,1 – 14, 1- 15, 1 -16,1-17 жаттығуды дәптерге орындау. Қосымша ойлануға күрделірек жаттығулар беру: 1-20,1-21,1-22.

Екі  топқа арнайы карточкалар арқылы тапсырмалар беріледі.

I-топ.Таза заттар

Төменде берілген сөздерден таза заттардың астын сызып,көшіріп жазыңдар:

Шыны,лай су,стакан,су,дәптер,кітап,қант,бор.

    Ас тұзымен құмшекердің қасиеттерінде қандай ұқсастықтар бар?

II-топ.Әртекті қоспалар

Заттар мен денелердің қатарындағы бір артық сөзді көрсетіңіз?

А)стакан,су,қалам,сызғыш

Ә)ас тұзы,пышақ,ас содасы

Б)бор,кітап,қағаз,резеңке

Бағалау:Әр топқа бағалау парағы беріледі.

 

 Үйге тапсырма беру: §2.3.  2,3,4, 9-14бет оқу.1-10 жаттығулар (ауызша).

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Атом-молекулалық ілім және химия ғылымы үшін маңызы.."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:  Атомдар және молекулалар .Атом-молекулалық ілім және

                                                оның химия ғылымы үшін маңызы..

 Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Химиялық элемент,жай және күрделі зат ұғымдары  негізінде атом туралы  түсінікті қалыптастыру. 

Дамытушылық: осы  ұғымдардың  қолданылуын үйрете отырып дамыту.

Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құрал – жабдықтар: H2 , O2 және су  молекулаларының үлгілері,  жай және күрделі заттар- дың үлгілері, суды  электролиздеуге арналған  құрал , металдар  және бейметалдар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап ,жиксо,ыстық орындық,ыстық картошка.

Тірек білім мен біліктер: таза зат, атом, қоспаларды бөлу әдістерін білу.

Тірек білім мен біліктерді тексеру: Бірінші  оқушыға  тапсырма: химиялық және физикалық құбылыстарға анықтама бер, екі мысал келтір.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Екінші оқушыға тапсырма; а) стакандағы бор  түйіршігіне (немесе  әктасына) сірке қышқылының ерітіндісін құй;

ә) стакандағы бор түйіршігіне  су  құй. Қай ыдыста химиялық реакция жүрді? Реакция жүргендігін қандай  белгілеріне  қарап білуге болады?

Сыныптағы басқа оқушыларға төмендегі тапсырма  беріледі: Мына құбылыстардың  қайсысы  физикалық және химиялық  құбылыстарға жатады: қалайының балқуы, ағаштың жануы, судың қатуы,  судың мұзға айналуы? Одан соң  оқушылар мына  сұрақтарға  жауап беру керек :

1. Химиялық  реакциялардың жүруіне қандай жағдайлар керек?

2. Заттардың  еруі  химиялық реакциялардың жүру жағдайларын  неліктен жақсартады?

Жаңа материалды оқыту: Оқушыларға  сұрақ қоя отырып,  физика  курсынан  атом және малекула  туралы алған  білімін  жаңғыртамын

1. Температура өзгерген кезде  дененің көлемі неліктен ұлғайяды немесе кішірейеді?

2.Заттарды құрайтын  бөлшектер  қалай аталады ?

Оқушылар осы  сұрақтарға жауап бере отырып,  заттардың белгілі  бір ара қашықтықта болатын бөлшектерден тұратындығын,сол ара қашықтықтың өзгеруіне байланысты дене  көлемінің өзгеретінін еске алады. Бөлшектердің ара қашықтығы өскен сайын  дененің көлемі  ұлғаяды, бөлшек- тердің ара қашықтығы  жақындаған  сайын дененің көлемі кішірейеді.

Екінші сұраққа жауап бере  отырып,  оқушылар заттарды құрайтын бөлшектердің молекула екенін және  молекулалар  атомдарға ыдырайтындығын анықтайды.

Оқушыларға оқулықтан  атомның анықтамасын  табуды және   сөздікке жазуды ұсынамын.Атомдардың белгілі  бір саны бар  екендігін  түсіндіру. Айналамыздағы  өлі және тірі табиғат   атомның азғана санды  түрлерінен  тұратындығын  түсіндіру. Атомдар бір-бірімен әр түрлі болып қосыласады.. Алфавиттегі әріптердің жүз мындаған сөздерді құрайтындығы сияқты  атомдардан әр түрлі малекулалар немесе күрделі заттардың кристалдары құралады. Химиялық реакция атомдардың нақты бар екенінің дәлелдемесі болады. Онда бастапқы заттар құрамына  кіретін  атомдардан жаңа заттарды дәл сондай  атомдары түзіледі. атомдардың бір ғана түрінен жай, ал әр түрлі атомдардан күрделі заттар түзіледі. (H2, O2,  және су молекулаларының  үлгілері мысалында) және суды  электр тоғымен айыру тәжірибесін көрсету. Содан соң  оқушыларға тапсырма беріледі. Оқулықтағы тексті  пайдалана отырып, жай және күрделі заттың  анықтамасын табу және қайталап оқу.

Оқулықтың 10 суретінде  темір сульфидінің   түзілу  сызбанұсқасына мұқият қараңдар. Күкірт пен  темірдің қосылу  реакциясына  атом және молекулалардың өзгеруін  ескере отырып, түсініктеме беріңдер. Күкірт пен темір  қоспасын  темір сульфидінен  қалай ажыратуға болады? Күкірттің  темірмен қосылуын көрнекі көрсеткен соң,   күрделі зат пен  қоспаның өзіне тән  белгілерін анықтап  оны  төмендегі кестеге түсіреді.

Өзіне тән белгілері

Күрделі зат немесе қоспа

1.Физикалық әдістермен айыруға болады.

2.Физикалық әдістермен айыруға болмайды

3.Бастапқы заттардың қасиеттері сақтал майды

4. Сандық құрамы барлық уақытта тұрақты.

5. Сандық құрам өзгермелі болуы да мүмкін.

 

 

қазіргі күнге дейін маңызы зор атом – молекулалық  ілімнің химиядағы негізгі теория екенін түсіндіру. Атом – молекулалық ілімді алғаш химияға пайдаланып, оны әр қарай дамытқан ғалым М.В.Ломоносов еді. Ілімнің негізгі қағидалары төмендегідей:

1.Барлық заттар «корпускуладан» тұрады.(молекулшаны Ломоносов солай деп атаған)

2.Молекулалар элементтен тұрады. (атомды Ломоносов солай деп атаған)

3. Бөлшектер – молекула және атом үнемі қозғалыста болады.

4.Жай заттың молекулалары бірдей атомдардан, ал күрделі заттың молекулалары әр түрлі атомдардан тұрады.

Жаңа материалды бекіту: Оқушылардың жай және күрделі  заттардың құрамына қарай  ажырата білуін  нығайту мақсатымен тапысырма беремін. (Бір топқа екі оқушыдан). Тапсырманы алдын ала тақтаға жазып қоямын. Төмендегі көрсетілген  заттардан бірінші  оқушы жай заттардың, екінші оқушы күрделі заттарың  аттарын жазады: алюминий, мыс оксиді, су , көмір қышқыл газы,  оттегі, темір, темір сульфиді, азот, темір оксиді, күміс. Бір-бірінің  жұмыстарын тексереді, жіберілген қателерін  бір біріне түсіндіреді.

төмендегідей сұрақтарға жауап береді:

а)   атом – молекулалық  ілімнің негізгі мәнін түсіндір;

ә) тәжірибелер нәтижесіне сүйене отырып, газдар мен сұйықтық молекуласындағы қозғалысты түсіндір.

б)  атом – молекулалық теория тұрғысынан физикалық және химиялық құбылыстардың мәнін түсіндір;

в)   тәжірибелер нәтижесіне сүйене отырып, газдар мен сұйықтың молекуласындағы қозғалысты түсіндір;

 

Бағалау.

 Үйге тапсырма беру: § 6.  1-12 жаттығулар, жұмыс дәптері.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 263 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2015 1249
    • DOCX 20.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шокатова Сагдат Кажымукановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шокатова Сагдат Кажымукановна
    Шокатова Сагдат Кажымукановна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28436
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Современные образовательные технологии в преподавании химии с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 135 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 378 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Художественная гимнастика: углубленная физическая подготовка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе