Сабақтың
тақырыбы:
«Ғасырдың өлім тұзақтары»
Сабақтың
мақсаты:
Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, олардың зиянды
заттарды қолданудан бас тартуына үлес қосу.
Міндеті:
Жасөспірімдер арасында жүйке жүйесіне кері әсер ететін заттарды пайдаланудың
бастапқы алдын алу бойынша кешенді іс- шараларды жүзеге асырауға ой қозғау.
- Балалар, бәріміз
шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір- бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша
өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.
Біздің
стратегиямыз салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады деген Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауларында көрсетілген өзекті
мәселелердің бірі- салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
Салауатты өмір сүру дегеніміз-
}
Әлеуметтік
тұрмысты жақсарту;
}
Бос
уақытты тиімді пайдалану;
}
Денсаулықты
сақтау және нығайту;
}
Сапалы
тамақтану;
}
Зиянды
әдеттерден аулақ болу;
Үй
тапсырмасы: Оқушыларға
әр сыныпқа «Ішімдік», «Есірткі», «Темекі» тақырыптарына дайындалып келу.
Психолог: Сендерге
сұрақ балалар. Осы зиянды әдеттер адамға қандай көңіл-күй тудырады?
Стресс –деп
күйзелістік жағдайды айтады. Стресс деген сөздің аудармасы зорлану, күштену,
ширығу. Стресстің физиологиялық мағынасы –зиянды әсерлердің бәріне бірдей
организмдердің жалпы қорғаныс қабілетін жұмылдыруға бағытталған
жауабы. Г. Селье стресті 3 кезеңге бөлді:
1. Абыржу
2. Төзімділік
(резистенттік)
3. Әлсірету
Стрестің
түрлері: (слайд)
Стреске
қалайсыз? (сауалнама)
1.Кезекті ішегіңіз
үзілгенше күту немесе кептеліске килігіп бостан бос тұрып қалу жұйкеңізге тие
ме?
2.Күткен
адамыңыздың үнемі кешігіп келуі ашуыңызды келтіре ме?
3.Ұйқысыздықтан
шаршап жүрген жоқсыз ба?
4.Әлдеқандай
болмашы нәрсеге ашуланатын болдыңыз ба ?
5.Үнемі үрейленіп
жүрмейсіз бе ?
6.Ішімдіктің
стресстің бетін қайтаратындығына сенімдісіз бе?
7.Сіз жарқыл-
жұрқыл алабажақ киім түрінен қашып, киімнің қарапайым түрін қалайсыз ба?
8.Сіздің
көңіл-күйіңіз, өзіңізді сезінуіңіз ауа-райына байланысты ма?
9.Сіз өзіңізді
ешқашан ешкімге керек емес, жападан жалғыз деп сезінесіз бе?
10.Өзіңіздің сәтсіздігіңізді
жұрттан көресіз бе?
11.Асқа тәбет
құрыған ба ?
12.Стресстен
құтылмаса,бұның ақыры жақсылыққа апармайтындығына келісесіз бе ?
13.Сізді уайымшыл
деп атауға болама ?
14.Өмір әділетсіз,
әсіресе сізге келгенде мүлдем әділетсіз деп есептейсіз бе?
15.Сұрқайылық,
әсіресе өмірдегі, жұмыстағы біртектілік сіздің жүйкеңізге тие ме ?
16.Біреудің ретсіз
дауыс көтергені жүйкеңізге тие ме?
17.Тым аңқыта
себілген иістен тыжырынасыз ба ?
Жауабы:
Егер сіз 5
рет не одан аз “иә,солай” деп жауап берсеңіз, одан сіздің
жүйкеңіз адам қызығарлықтай
Егер
“иә,солай” 6-10 аралығында болып шықса, сақтанғайсыз. Сізді стресс
төңіректеп жүрген
“Иә,солай”
11-15 аралығында болса онда сіздін кейде қиын сәттерден шығуыңыздың
ауырлап кеткені. Бар мүмкіндігңізді пайдалануға тура келеді і
“Иә, солай”
16-ға жетіп, тіпті одан да асып кеткен болса онда сіздін жүйкеңіздің
сымдай тартылып шегіне жеткені. Дереу демалыңыз. Кәкір- шүкірдің бәрін жүрекпен
қабылдауды қойыңыз. Өміде салмақты, философиялық тұрғыдан қарайтын болыңыз
Стрестен шығу
жолдары (кеңестер, слайд арқылы көрсету)
Дыбыстық
жаттығу
А» — барлық ағзаға
жайлы әсер береді;
«Е» — қалқанша безге әсер етеді;
«И» — миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;
«О» — жүрекке өкпеге әсер етеді;
«У» — асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;
«Я» — барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
«М» — барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
«Х» — көңіл-күйді көтеруге әсер етеді.
Тренинг: «Ашулы
шарлар»
Шарты: 8-10
қатысушыны ортаға шығарып шарды үрлеп, оларды байлау сұралады. Бұл шардың
ішінде толған ашу. Осы ашуды қалай шығарар едіңдер
Оқушыларға видеокөрініс
көрсетіледі.
Қорытынды: Бүгінгі
тренингімізден қандай ой түйіндедіңдер?
Оқушылар оз
ойларын өткен сабақтан алған әсерлерін айтып өтті.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.