Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық сабақтың тақырыбы: "8 саны және цифры"

Ашық сабақтың тақырыбы: "8 саны және цифры"

Скачать материал

 

ҚАРАЛДЫ:                                    КЕЛІСЕМІН:                                      БЕКІТЕМІН:       

Бірлестік жетекшісі:                  Мектеп директорының               Мектеп директоры

                                                            оқу-тәрбие жөніндегі

                                                            орынбасары

______ Б.Қ.Нұрғалиева                  _______ А.А.Құрмашева                    _______ А.М.Елемесова

«  » қараша  2012 жыл                «  » қараша 2012 жыл                   «  » қараша 2012 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

Математика пәнінен

ашық сабақ жоспары.

Тақырыбы: 8 саны және цифры.

 

 

 

 

                                                                                       М.Қ. Сарсембинова

                                                                             Сыныбы: 1 «Б» 

                                                                                     Күні: 27.11.2012ж.

                                                                                  Уақыты: сағ.9.45

                                                                                                Өтетін орны: 5 кабинет

 

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы

Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру, тура және кері санауға үйрету, 7-ге 1-ді қосу, ұзындықты өлшеу арқылы 8 санының шығуы туралы түсінік беру;

2.     Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

3.     Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттықтыру, ойын.

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың көрнекілігі: Алдар көсенің бейнесі, асықтар, Қыс мезгіліне байланысты

                                                   плакат, 8 санының жазба, баспа түрі, суреттер.

 

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оларды түгендеу, сабаққа әзірліктерін қадағалау, зейіндерін сабаққа аудару.

Оқушылар: Үлкенге де сіз,

                        Кішіге де сіз.

                        Сәлем бердік сіздерге

                        Құрметпенен біз.

Мұғалім: Қанекей балалар, күндей жадырап, айдай арайлап, жұлдыздай жарқырап, судай мөлдір,  таза көңілмен бүгінгі математика сабағымызды бастайық.

II.   Бағдарлау-мотивациялық кезеңі.

-         Балалар, жылдың қанша мезгілі бар?

-         Жылдың төрт мезгілі бар.

-         Осы жылдың төрт мезгілін кім атап береді?

-         Көктем, жаз, күз, қыс.

-         Қазір жылдың қай мезгілі?

-         Қыс. (толығымен жауап беруі керек).

-         Жақсы, балалар, осы қыс мезгілінде болған бір оқиға айтып берейін.

Қыстың бір шуақты күні өріске жайылып келу үшін, таңертең үйден шығып кеткен қозы мен бұзау өзеннен орманға өтеді. Кешке қайтпақшы болады. Бірақ олар аяқ басқан сайын өзендегі мұз сықырлап, жарыла бастайды. Қорқып кеткен қозы маңырап, бұзау мөңірейді. Олардың дауысын естіген қасқыр орманнан атып шығады. Осы кезде Арман деген бала малдарын іздеп шыққан еді. Балаға жолыққан қасқыр менің тапсырмаларымды орындасаң малдарыңның қайда жайылып жүргенін айтамын деді. Ал, балалар, біз осы Арманға көмектесеміз бе?

-         Иә.

Қасқырдың бірінші тапсырмасы:

 Қасқыр Арманға 10-ға дейін және кері санап бер депті. Қанекей түгеліміз Арманға көмектесіп жіберейік.

-         0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0.

Қасқырдың екінші тапсырмасы:

-         Қыс болғандықтан бұлттар күннің көзін жауып қалды. Сол күннің көзін ашуға көмектес депті. Арманға күннің көзін ашуға көмектесейік балалар.

Тапсырма: Санға нөлді қосқанда немесе саннан нөлді азайтқанда не шығады?

-         Сол санның өзі шығады.

Қасқыр риза болып, малдардың өзен жақта жайылып жүргенін айтады. Бала өзенге барып бірінші қозыны құтқармақ болады. Қозыны құтқару үшін артындағы тапсырманы орындап көрейік.

Тапсырма: Қосу амалының компоненттерін ата?

-         Қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні.

-         Бәрекелді, балалар, Арманға қозысын шығарып алуға жақсы көмектестік. Ендігі кезекте Арманға бұзауын құтқару керек. Ол үшін мына сандардың құрамын жазу керек. (Плакатқа орындалады).

-         Осылайша, балалар біз сыныбымызбен бірге Арманға қайырымдылық жасадық. Сендерге қозы мен бұзау, сонымен қатар мен де рахмет айтамын. Әрқашанда осындай қайырымды болыңдар!

III. Жаңа сабақ.

-         Балалар, бүгін бізге қонаққа Алдар Көсе келіпті. Кім Алдар Көсені таниды? Ол кім? Ол өзімен бірге қоржынын ала келіпті. Қоржыны толған ойындар, тапсырмалар екен.

-         Қоржынында не бар? (асықтар).

-         Санап көрейікші, нешеу екен? (8)

-         Асықтың нешеу екенін қайдан білдік? (санау арқылы)

-         Осы сандардың ішінде бізге таныс емес қай сан? (8)

-         Ендеше, бүгін біз 8 санымен танысамыз. 8 санын жазып үйренеміз. 8 санының қалай пайда болғанын анықтаймыз. 8 санын басқа сандармен салыстырамыз.

-         Мынау 8 санының баспа түрі, мынау жазба түрі. (тақтаға 8 санының үлгілері ілінеді, түсіндіріледі).

-         Барлығымыз тақтаға қараймыз, бізге таныс 7 санының оң жақтағы көршісі 8 саны былай жазылады:

Ол екі элементтен тұрады: біріншісі-кіші дөңгелек, екіншісі-одан үлкенірек. Тор көздің ортасынан сәл жоғарырақ жерден бастап, оң жақ жоғарғы бұрышына қарай имек жасаймыз, қолымызды үзбей жарты дөңгелек жасап, солға қарай имек сызықты жүргіземіз. Тор көздің төменгі жағындағы сызыққа тигізіп, жоғары қарай имек сызықты жалғастырамыз. Жарты дөңгелек жасай отырып, сызықты бастыра ортасынан жоғары қарай көтерілеміз, яғни бастаған нүктемізбен қосамыз.

-         Ал, енді барлықтарымыз қолымызға қаламымызды алып, сегізді үстінен бастырамыз. Қолымызды ауаға жаттықтырып, дәптердегі сегізді жазамыз.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,

                           Мойнымызды бұрамыз,

                           Қолымызды көтеріп,

                           Саусақты ашып-жұмамыз.

                           Содан соң төмен түсіріп,

                           Алақанды соғамыз.

                           Иықты артқа ысырып,

                           Басты төмен саламыз.

                           Жаттығу жасап осылай,

                           Үлкен боп ертең шығамыз.

Балалар, мен қазір сендерге суреттерді көрсетіп отырамын, ал сендер кезек-кезекпен шығып соған сәйкес сандарды қойып отырасыңдар.

-         Балалар, менің қолымдағы қандай құс? (үйрек). Үйрек нешеу? (8).

-         Гүл қандай?(әдемі, қызыл). Нешеу? (7).

-         Дельфин нешеу? (6).

-         Мынау қандай құс? (тоқылдақ). Нешеу? (5).

-         Доп қандай? (домалақ). Нешеу? (4).

-         Балапанның түсі қандай? (сары). Нешеу? (3).

-         Сәбіз нешеу? (2).

-         Алмұрт нешеу? (1).

-         Мына тақтадағы сандар қатарына қараңдаршығ 0-ден 8-ге дейін тура санасақ сандар қайтеді? (артады).

-         Ал 8-ден 0-ге дейін кері санасақ сандар қайтеді? (кемиді).

Оқулықпен жұмыс.

·        Жоғарғы тапсырма бойынша алдымен конверттерді санайды, екіншіден, жеті жасыл маркаға бір қызыл марканы қосып, сегіз санын шығарып алады, үшіншіден, кесіндінің бойына салынған жолақшаны санап, кесінді ұзындығының сегіз сантиметр екенін анықтайды. Ендігі ретте сегіз санының баспа және жазба түрдегі таңбасы көрсетіліп, жоғары бұрыштағы сандар қатарымен жұмыс ұйымдастырылады. Сандар қатарының көмегімен бір қадам алға аттасақ, бір санды қосатынымыз, ал бір қадам кері жылжысақ, онда бір сан азайтатынымыз айтылады, яғни жетіден келесі санға аттасақ, сегіз шығады, 8 шығу үшін 7-ге 1-ді қостық. Сегізден алдыңғы санға кері аттасақ, онда жеті шығады, яғни жеті шығу үшін сегізден бірді азайтамыз. Содан соң сағаттың макетіне назар аударылып, сағаттың сегіз болғаны айтылады.

·        Бірінші тапсырма бойынша ашылған және жабық тұрған конверттерге, олардың түстеріне назар аударылып, мысалдар құрастырылады.

·        Екінші тапсырма бойынша оқушылар әр түрлі ленталардың ұзындықтарын өлшеп, оларды салыстырады. Екеуінің қайсысы артық және неше сантиметр ұзын, қайсысы қысқа және неше сантиметр қысқа екені айтылады, оны табу үшін азайту амалы орындалатыны еске түсіріледі.

·        Үшінші тапсырмада сандар қатарымен жұмыс ұйымдастыру үшін «өз орнынды тап» ойынын ойнату.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.

1.     Қосып, азайту.

2.     Салыстыру.

3.     См алдына 8 санын жазып шығу.

4.     8 торкөз салу.

5.     Өрнектің мәнін табу.

6.     Сандар құрамын қайталау.

7.     Қоршаудан қандай цифрлар сығалап тұрғанын анықтау.

8.     5-ші тапсырманы орындау. Тура теңдіктерді бір бағанға, ал тура теңсіздіктерді екінші бағанға жазу.

Тура теңдіктер:                                                  Тура теңсіздіктер:

2=2                                                                            6<7

4=3+1                                                                       8>7-1

5+1=6                                                                       4>3

IY. Бекіту. Балалар, қазақ халқы өте қонақжай халық. Алдар Көсе бізге қонаққа келген екен, дұрыстап шығарып салайық. Сыныбымыздың атынан Алдарға бір себет алмұрт сыйлайық. Ол үшін мына себетті алмұртқа толтыруымыз керек. Алмұрттың артында тапсырмалар бар, соны орындасақ,

Тапсырмалар:

7+1, 8-1, 8+0, 8-0, 3+2.

Y. Бағалау-рефлексиялық кезеңі.

«2» дегенім - жаман баға,

Алады оны жаман бала.

«3» дегенім - орта баға,

Сапасы оның орта ғана.

«4» дегенім - жақсы баға,

Алады оны жақсы бала.

«5» дегенім - үздік баға,

Оқитын бол үздік ғана – деп оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: 85 беттегі №4 (Суретте неше үшбұрыш бар екенін анықтау).

                                 85 беттегі №6 (Дәптерге үлгі бойынша 8 санын жазу).

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақтың тақырыбы: "8 саны және цифры""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру, тура және кері санауға үйрету, 7-ге 1-ді қосу, ұзындықты өлшеу арқылы 8 санының шығуы туралы түсінік беру;

2.     Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

3.     Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттықтыру, ойын.

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың көрнекілігі: Алдар көсенің бейнесі, асықтар, Қыс мезгіліне байланысты

плакат, 8 санының жазба, баспа түрі, суреттер.

 

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оларды түгендеу, сабаққа әзірліктерін қадағалау, зейіндерін сабаққа аудару.

Оқушылар: Үлкенге де сіз,

                        Кішіге де сіз.

                        Сәлем бердік сіздерге

                        Құрметпенен біз.

Мұғалім: Қанекей балалар, күндей жадырап, айдай арайлап, жұлдыздай жарқырап, судай мөлдір, таза көңілмен бүгінгі математика сабағымызды бастайық.

II.   Бағдарлау-мотивациялық кезеңі.

-         Балалар, жылдың қанша мезгілі бар?

-         Жылдың төрт мезгілі бар.

-         Осы жылдың төрт мезгілін кім атап береді?

-         Көктем, жаз, күз, қыс.

-         Қазір жылдың қай мезгілі?

-         Қыс. (толығымен жауап беруі керек).

-         Жақсы, балалар, осы қыс мезгілінде болған бір оқиға айтып берейін.

Қыстың бір шуақты күні өріске жайылып келу үшін, таңертең үйден шығып кеткен қозы мен бұзау өзеннен орманға өтеді. Кешке қайтпақшы болады. Бірақ олар аяқ басқан сайын өзендегі мұз сықырлап, жарыла бастайды. Қорқып кеткен қозы маңырап, бұзау мөңірейді. Олардың дауысын естіген қасқыр орманнан атып шығады. Осы кезде Арман деген бала малдарын іздеп шыққан еді. Балаға жолыққан қасқыр менің тапсырмаларымды орындасаң малдарыңның қайда жайылып жүргенін айтамын деді. Ал, балалар, біз осы Арманға көмектесеміз бе?

-         Иә.

Қасқырдың бірінші тапсырмасы:

 Қасқыр Арманға 10-ға дейін және кері санап бер депті. Қанекей түгеліміз Арманға көмектесіп жіберейік.

-         0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0.

Қасқырдың екінші тапсырмасы:

-         Қыс болғандықтан бұлттар күннің көзін жауып қалды. Сол күннің көзін ашуға көмектес депті. Арманға күннің көзін ашуға көмектесейік балалар.

Тапсырма: Санға нөлді қосқанда немесе саннан нөлді азайтқанда не шығады?

-         Сол санның өзі шығады.

Қасқыр риза болып, малдардың өзен жақта жайылып жүргенін айтады. Бала өзенге барып бірінші қозыны құтқармақ болады. Қозыны құтқару үшін артындағы тапсырманы орындап көрейік.

Тапсырма: Қосу амалының компоненттерін ата?

-         Қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні.

-         Бәрекелді, балалар, Арманға қозысын шығарып алуға жақсы көмектестік. Ендігі кезекте Арманға бұзауын құтқару керек. Ол үшін мына сандардың құрамын жазу керек. (Плакатқа орындалады).

-         Осылайша, балалар біз сыныбымызбен бірге Арманға қайырымдылық жасадық. Сендерге қозы мен бұзау, сонымен қатар мен де рахмет айтамын. Әрқашанда осындай қайырымды болыңдар!

III. Жаңа сабақ.

-         Балалар, бүгін бізге қонаққа Алдар Көсе келіпті. Кім Алдар Көсені таниды? Ол кім? Ол өзімен бірге қоржынын ала келіпті. Қоржыны толған ойындар, тапсырмалар екен.

-         Қоржынында не бар? (асықтар).

-         Санап көрейікші, нешеу екен? (8)

-         Асықтың нешеу екенін қайдан білдік? (санау арқылы)

-         Осы сандардың ішінде бізге таныс емес қай сан?(8)

-         Ендеше, бүгін біз 8 санымен танысамыз. 8 санын жазып үйренеміз. 8 санының қалай пайда болғанын анықтаймыз. 8 санын басқа сандармен салыстырамыз.

-         Мынау 8 санының баспа түрі, мынау жазба түрі. (тақтаға 8 санының үлгілері ілінеді, түсіндіріледі).

-         Барлығымыз тақтаға қараймыз, бізге таныс 7 санының оң жақтағы көршісі 8 саны былай жазылады:

Ол екі элементтен тұрады: біріншісі-кіші дөңгелек, екіншісі-одан үлкенірек. Тор көздің ортасынан сәл жоғарырақ жерден бастап, оң жақ жоғарғы бұрышына қарай имек жасаймыз, қолымызды үзбей жарты дөңгелек жасап, солға қарай имек сызықты жүргіземіз. Тор көздің төменгі жағындағы сызыққа тигізіп, жоғары қарай имек сызықты жалғастырамыз. Жарты дөңгелек жасай отырып, сызықты бастыра ортасынан жоғары қарай көтерілеміз, яғни бастаған нүктемізбен қосамыз.

-         Ал, енді барлықтарымыз қолымызға қаламымызды алып, сегізді үстінен бастырамыз. Қолымызды ауаға жаттықтырып, дәптердегі сегізді жазамыз.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,

                           Мойнымызды бұрамыз,

                           Қолымызды көтеріп,

                           Саусақты ашып-жұмамыз.

                           Содан соң төмен түсіріп,

                           Алақанды соғамыз.

                           Иықты артқа ысырып,

                           Басты төмен саламыз.

                           Жаттығу жасап осылай,

                           Үлкен боп ертең шығамыз.

Балалар, мен қазір сендерге суреттерді көрсетіп отырамын, ал сендер кезек-кезекпен шығып соған сәйкес сандарды қойып отырасыңдар.

-         Балалар, менің қолымдағы қандай құс? (үйрек). Үйрек нешеу? (8).

-         Гүл қандай?(әдемі, қызыл). Нешеу? (7).

-         Дельфин нешеу? (6).

-         Мынау қандай құс? (тоқылдақ). Нешеу? (5).

-         Доп қандай? (домалақ). Нешеу? (4).

-         Балапанның түсі қандай? (сары). Нешеу? (3).

-         Сәбіз нешеу? (2).

-         Алмұрт нешеу? (1).

-         Мына тақтадағы сандар қатарына қараңдаршығ 0-ден 8-ге дейін тура санасақ сандар қайтеді? (артады).

-         Ал 8-ден 0-ге дейін кері санасақ сандар қайтеді? (кемиді).

Оқулықпен жұмыс.

·        Жоғарғы тапсырма бойынша алдымен конверттерді санайды, екіншіден, жеті жасыл маркаға бір қызыл марканы қосып, сегіз санын шығарып алады, үшіншіден, кесіндінің бойына салынған жолақшаны санап, кесінді ұзындығының сегіз сантиметр екенін анықтайды. Ендігі ретте сегіз санының баспа және жазба түрдегі таңбасы көрсетіліп, жоғары бұрыштағы сандар қатарымен жұмыс ұйымдастырылады. Сандар қатарының көмегімен бір қадам алға аттасақ, бір санды қосатынымыз, ал бір қадам кері жылжысақ, онда бір сан азайтатынымыз айтылады, яғни жетіден келесі санға аттасақ, сегіз шығады, 8 шығу үшін 7-ге 1-ді қостық. Сегізден алдыңғы санға кері аттасақ, онда жеті шығады, яғни жеті шығу үшін сегізден бірді азайтамыз. Содан соң сағаттың макетіне назар аударылып, сағаттың сегіз болғаны айтылады.

·        Бірінші тапсырма бойынша ашылған және жабық тұрған конверттерге, олардың түстеріне назар аударылып, мысалдар құрастырылады.

·        Екінші тапсырма бойынша оқушылар әр түрлі ленталардың ұзындықтарын өлшеп, оларды салыстырады. Екеуінің қайсысы артық және неше сантиметр ұзын, қайсысы қысқа және неше сантиметр қысқа екені айтылады, оны табу үшін азайту амалы орындалатыны еске түсіріледі.

·        Үшінші тапсырмада сандар қатарымен жұмыс ұйымдастыру үшін «өз орнынды тап»ойынын ойнату.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.

1.     Қосып, азайту.

2.     Салыстыру.

3.     См алдына 8 санын жазып шығу.

4.     8 торкөз салу.

5.     Өрнектің мәнін табу.

6.     Сандар құрамын қайталау.

7.     Қоршаудан қандай цифрлар сығалап тұрғанын анықтау.

8.     5-ші тапсырманы орындау. Тура теңдіктерді бір бағанға, ал тура теңсіздіктерді екінші бағанға жазу.

Тура теңдіктер:Тура теңсіздіктер:

2=2                                                                            6<7

4=3+1                                                                       8>7-1

5+1=6                                                                       4>3

IY. Бекіту. Балалар, қазақ халқы өте қонақжай халық. Алдар Көсе бізге қонаққа келген екен, дұрыстап шығарып салайық. Сыныбымыздың атынан Алдарға бір себет алмұрт сыйлайық. Ол үшін мына себетті алмұртқа толтыруымыз керек. Алмұрттың артында тапсырмалар бар, соны орындасақ,

Тапсырмалар:

7+1, 8-1, 8+0, 8-0, 3+2.

Y. Бағалау-рефлексиялық кезеңі.

«2» дегенім - жаман баға,

Алады оны жаман бала.

«3» дегенім - орта баға,

Сапасы оның орта ғана.

«4» дегенім - жақсы баға,

Алады оны жақсы бала.

«5» дегенім - үздік баға,

Оқитын бол үздік ғана – деп оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: 85 беттегі №4 (Суретте неше үшбұрыш бар екенін анықтау).

                                 85 беттегі №6 (Дәптерге үлгі бойынша 8 санын жазу).

 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 554 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.01.2015 456
    • DOCX 24.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарсембинова Мунира Кадесбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4496
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 484 человека

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 367 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 283 человека