Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция типтері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Химиялық реакция теңдеу типтерін анықтай білу.
Дамытушылық: өздік әрекет атқару қабілетін дамыта білу, алған білімдерін биология,физика,математика пәндерімен ұштастыра білуге машықтану.
Тәрбиелік: өзара көмек көрсету, топта жұмыс істеуге қалыптастыру, өз жұмыстарына әділ баға беруге және өз бетімен білім алуға үйрену.
2 слайд
Сабақтың түрі: тренинг- сабақ білім мен іскерлік дағдыны жетілдіру
Сабақтың әдісі : А.Айзенкрафт 7Е, “ЖИГСО” стратегиясы, миға шабуыл, ойлан-жұптас-бөліс, мұзжарғыш, топтық, жеке жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,компьютер
Пәнаралық байланыс: физика, биология және математика
Формулалар арқылы 2 топқа бөлу.
- оқушылар біз топпен жұмыс істейтін болғандықтан, бәріміз бірге бағынатын топ ережесін құрайық (оқушылармен бірге құрастыру).
Тақтада ілініп тұрған қағазға жазу.
1. Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз.
2. Бір-бірімізді тыңдаймыз.
3. Бірлесіп жұмыс істеу.
4. Өз ойларымызбен бөлісеміз. 5.Уақытты үнемді пайдаланамыз.
1-ші топ. Физикалық құбылыстар
2-ші топ. Химиялық құбылыстар
3 слайд
Табыс критерийлері
1\ Химиялық теңдеулерді құрастыра білемін.
2 \Химиялық реакция теңдеулерінің типін анықтай аламын
3 \Химиялық теңдеулерінің белгілерін білемін.
4 слайд
«Миға шабуыл» стратегиясы
Химиялық құбылыстарға мысал келтір.
Химиялық реакция теңдеуін құрудың басты шарты қандай?
Химиялық реакция теңдеуі дегеніміз не?
Химиялық теңдеу мен алгебралық теңдеудің қандай
ұқсастықтары және айырмашылықтары бар?
5. Қосылыстағы элементтердін валенттілігін анықтандар?
5 слайд
Анықтау кезеңі ” Мұзжарғыш ” стратегиясы
1/Химиялық реакция туралы не білеміз?
2/ Химиялық реакциялардың өнімдерін білесіңдер ме?
3/Үй жағдайында жүретін қандай реакциялар білесіңдер ?
4/Неге химиялық реакциялар қауіпті ?
6 слайд
Қатысу кезеңі – видео
7 слайд
Зерттеу кезеңі «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы
Химилық реакцияның 4 типін аттаңдар?
Күнделікті өмірде химиялық реакцияларды кездестіріп жүрміз бе?
Химиялық реакцияның маңызы неде? Сіз қалай ойлайсыз?
8 слайд
1-нұсқа. 2-нұсқа
1.Төмендегі реакция теңдеулерінің қай типке жататынын анықтаңдар:
а) Mg + O2 — MgO а) Fe + O2 — Fe2O3
ә) Ag2O — Ag + O2 ә) P + O2 —P2O5
б) N2O5 + H2O — HNO3 б) KCIO3 — KCI + O2
в) AI + S — AI2S3 в) ZnO — Zn + O2
г) CuO + AI — AI2O3 + Cu г) Fe3O4 + AI — AI2O3 + Fe
д) CH4 + O2 — CO2 + H2O д) Na + H2O — NaOH + H2
9 слайд
Сергіту сәті
Түсіну
“ЖИГСО” стратегиясы (5 минут)
Әр топтан келесі топқа елші барып өз тақырыптарын өзара ақпарат алмасу мақсатымен түсіндіреді.
10 слайд
Әзірлеу кезеңі. Мына суреттерге жарнама жасаңдар.
11 слайд
Бағалау кезеңі
Реакцияларды сипаттайтын дұрыс жауаптарды таңдап алыңдар.
А) Қосылу реакциялары.
Бірнеше жай зат түзіледі
Бір ғана жай зат түзіледі.
Бір ғана күрделі зат түзіледі.
Бірнеше күрделі зат түзіледі
Ә) Айырылу реакциялары
Бір жай және күрделі зат қатысады.
Бір ғана жай зат қатысады.
Бір ғана күрделі зат қатысады.
Бірнеше күрделі зат қатысады.
б) Орын басу реакциялары.
1.Екі жай зат түзіледі.
2. Бірнеше күрделі зат түзіледі.
3. Бір ғана күрделі зат түзіледі.
4.Бір жай және бір күрделі зат түзіледі.
12 слайд
Кеңейту кезеңі Үйге тапсырма беру:
1/Табиғаттағы фотосинтез реакциясы қандай рөл атқарады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
2/§19. 7-есеп. 53 бет
13 слайд
Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау.Топты бағалау кестесі:
14 слайд
1-30. Күнделікті тұрмыста мал сүтін былай өңдейді:
а) сүтті әуелі сүзіп тазартады;
ә) сосын жылытады;
б) сүт машинасынан өткізіп қаймағы мен «көк сүтке» айырады;
в) қаймақты бұлғап (немесе пісіп) майға айналдырады;
г) ал «көк сүтке» ұйытқы салып ұйытып, майсыз айранға айналдырады.
1-31. Айраннан жасалатын құртты былай дайындайды: мал сүтін сүзіп алып
пісіреді де, сәл суытып қанжылым сүтке ұйтқы қосып, қымтап жауып жылы
жерге қойып айран ұйытады. Түзілген айранды әуелі дорбаға құйып сары
суынан сүзіп, бөліп қатық алып, сосын таспен бастырып сығып алады.
Алынған сүзбеге тұз қосып араластырады да, содан кейін оны дөңгелектеп
пішінге келтіріп тақтайға жайып, әуелі бір жағын, сосын аударып екінші
жағын кептіреді. Осы айтылған құбылыстардың ішінде жүретін физикалық
және химиялық құбылыстарды санаңдар.
ін
Жұптық жұмыс
15 слайд
Кері байланыс:
- екі жұлдыз
- бір тілек
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция типтері.Сабақтың мақсаты: Білімділік:Химиялық реакция теңдеу типтерін анықтай білу.Дамытушылық: өздік әрекет атқару қабілетін дамыта білу, алған білімдерін биология,физика,математика пәндерімен ұштастыра білуге машықтану. Тәрбиелік: өзара көмек көрсету, топта жұмыс істеуге қалыптастыру, өз жұмыстарына әділ баға беруге және өз бетімен білім алуға үйрену.
6 656 205 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Перехватова Анна Гайыпназаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Мини-курс
6 ч.
Мини-курс
8 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.