Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
Главная / Начальные классы / Ашық сабақ Шұбар тауық

Ашық сабақ Шұбар тауық

Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың технологиялық картасы.

(1-ші сәбилер тобы)

Білім аймағы: «Таным» «Қатынас» «Шығармашылық»

Білім бөлімі: Сенсорика. Көркем әдебиет. Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Шұбар тауық»

Мақсаты: Балалардың жақсы көңіл күйін қалыптастыру, көмекке келуге,болысу, жанашу дығдыларын қалыптастыру.

Балаларда саусақ маторикасын дамыту. (бұршақтарды теру,есіктердің тектерін ашып, жабу,қамырдан тоқаш жасау).

Балаларға түстерді ажырата алуға үйретуді жалғастыру.Балаларға тоқашты жасату арқылы, мүсіндеу тәсілдерін үйрету.

Балалардың сөздік қорын молайту. Билингвалдық компоненті: тек-кручки, қамыр-тесто,бұршақ-зернышка.

Сөздік жұмыс: қайырымды, жапсыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: бұршақ, стақандар,табақша, сүлгілер,қамыр,ыдыстар сенсорлық үстелдер мен тақта,

ТСО-дан тауықтың, әженің, атаның дыбысын пайдалану.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі.

Балаларды « Шаттық» шеңберіне тұрғызу.

Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәрімізде баламыз.

Бір қалада тұрамыз,

Бір бақшаға барамыз.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын еме ашқан.

Тілегіміз-бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан.

Үстел басында ұя тұрады, ал оның ішінде жұмыртқа жатады.

Тосын сәт: Осы кезде топқа тышқан жүгіріп келіп, құйрығымен бұлғандатып жұмыртқаны құлатып, жарып жібереді.

Балалар қол ұстасып топқа кіреді, шаттық шеңберіне тұрады.

Келген қонақтармен, бір-бірімен амандасады.

Өлең жолдарын айтып отырып, тәрбиешімен бірге қимылдарды көрсетеді.


Балалардың назары үстел басында тұрған жұмыртқаға ауысады, олар қасына жақындап қарап тұрады.


Балалар жүгіріп келген тышқанға таң қасып қарап тұрады.

Тышқан сындырып кеткен жұмыртқаны балалар көтереді.


Ұйымдастырушылық

ізденушілік түрі.


1-ші есіктен дауыс естіледі.

Тауықтың дауысы: Балалар...

Тәрбиеші: Балалар мына есіктен тауықтың дыбысы естіледі, Тұмар

сен барып қызыл түсті есікті аш.

«Балалар жұмыртқаны әжеме дайындап қойып едім»

-Балалар ал тауық қайтадан жұмыртқаны тауып беру үшін, оған

тамақ жеу керек.

Балалар біз тауыққа мына ақ бұршақтарды теріп, жинап берейік.

1-тапсырма: «Ақ бұршақты теріп ал»

Екі түсті бұршақтардың арасынан ақ түсті бұршақтарды теріп алу.

-Балалар мына бұршақтың түсі қандай?

-Балалар енді біз мына бұршақтарды тауыққа жіберуіміз керек, ол үшін көзімізді жұмып, сиқырлы сөздер айтамыз.

Сиқырлы сөздер: «1-2-3 бұршақ тауыққа ұш»

-Назым сен барып қасындағы есікті аш, біз қарайық тауық біздің бұршақтарымызды алды ма? (тауық бұршақтар жеп жатқан)

2-ші есіктен дауыс естіледі.

Әженің дауысы:-Балалар....

-Балалар мына дауыс екінші есіктен шығып жатқан сияқты, Қасиет сен барып екінші есікті аш.

Әженің дауысы: Балалар мен қамыр елеп шаршадым, маған тоқаш жасауға көмектесіндерші.

-Балалар біз әжеге көмектесіп тоқаштарды жасап берейік.

-Шыңғыс сен барып қасындағы есікті аш. (әже қамырмен)

-Енді балалар әженің қамыры бізде болу үшін, тағы да көзімізді жұмып сиқыршы сөздер айтайық.

Сиқырлы сөздер: «1-2-3 қамыр бізге ұш»

2-тапсырма: «Тоқашты мүсіндеу»

Тәрбиеші: Әр баланың қасында тұрған дайын қамырға қасықпен картопты салады, тоқашты жапсыру жолдарын көрсетеді.

Қиыншылық көріп жатқан баланың қасына жақындап көмектеседі.

-Балалар енді сулы сүлгімен қолдарын сүртіндер.

Ал, мына тоқаштарды духовкаға салайық, олар пісе берсін.

-Балалар мына ұн қалып қойды ғой, оны қайда саламыз.(осы кезде үшінші есіктен дауыс естіледі)

Атаның дауысы: Балалар...

Тәрбиеші:Фархат сен барып есікті аш.

«Мен жәшікті істеуге бастап едім,бырақ шегелерді шегелеуге әлім жетпей жатыр.

Балалар атаға көмектесейік, қарандаршы біз мына шегелерді қағып берейік.

-Балалар енді мына ұнды дайын жәшікке салайық.

-Балалар біз көздерімізді жұмып сиқырлы сөздерді айтып, ұнмен жәшікті атаға жіберейік.

Сиқырлы сөздер: «1-2-3 жәшік атаға ұш»

-Айша сен барып қасындағы есікті аш, көрейік жәшік атаға жетті ме?

-Балалар біз бүгін тауыққа, әжеге, атаға көмек көрсеттік, қарайықшы тоқаштарымыз пісіп қалған шығар.

(духовканы ашады, онда піскен тоқаштар)

-Тоқаштар пісіпті, енді қолдарымызды жуып, тоқашпенен шай ішейік.

Балалар жан-жақтарына қарап дауыс қай жақтан естіліп жатқаның тыңдайды.

Балалар тәрбиеші көрсетіп жатқан есіктергке жақындайды, Тұмар барып бірінші есікті ашады.

Балалардың назары үстел басында тұрған бұршақтарға айысады.


Бұршақтарды қолдарына алып қарайды, әр қайсысы өздеріне стақандар алып тек қана ақ бұршақтарды жинайды.

Ақ түсті бұршақты көрсетеді, түсін атайды.

Балалар шеңберге тұрып көздерін жұмып сиқырлы сөздер айтады: «1-2-3 бұршақ тауыққа ұш»

Назым барып қасындағы есікті ашады, балалар тауық біздің бұршақтарымызды алғаның көреді.


Балалар дауыс шығып жатқан есікке қарайды.

Қасиет барып астыңдағы екінші есікті ашады.


Әженің айтып жатқаның тыңдайды, көмек беруге дйын екендерін айтады.


Шыңғыс барып әженің қасындағы есікті ашады.

Балалар көздерін жұмады сиқырлы сөздер айтады: «1-2-3 қамыр бізге ұш»

Балалар қамыр тұрған үстел басына жақындайды, қамыр мен картопты қарайды.

Тәрбиешінің тоқашты мүсіндеу жолдарын көрсетіп жатқаның мұқият қарап тұрады.

Жеке жұмыс: балалар өздерінің картоп салынып тұрған тоқаштарын жапсыра бастайды. Саусақ маторикасын дамытады.

Балалар өздерінің жасаған тоқаштарын тәрелкеге салады, қолдарын сулы сүлгімен сүртеді.

Балалардың назары үшінші дауыс естіліп тұрған есікке ауысады.

Фархат барын үшінші есіктің тектерін ашады.


Балалар жәшік тұрған үстел басына жақындайды, жәшікті жанжағынан қарайды.

Балалар бір-бір балғадан алып жәшікте кірмей тұрған шегелерді қағады.

Тәрбиешімен бірге ұнды жәшікке салады.

Сиқырлы сөздерді айтып жәшікті атаға жібереді: «1-2-3 жәшік атаға ұш»

Дияра барып қасындығы есікті ашады.


Балалар тәрбиеші алып шыққан тоқаштарға қарайды.


Жетекші жөндеуші түрі.


-Қонақтармен қоштасу, балаларды мадақтау.

Тоқашпен шай ішуге шақыру.

Балалар келген қонақтармен қоштасады, қолдарын жуады.

Үстел басына отырып өздері жасап, пісірген тоқашпен шай ішеді.

Күтімді нәтиже :а) Қолданады: тектерді ашу, мүсіндеу, бұршақтарды жинауға күнделікті өмірде, ойындарда қолданады.

ә) Түсінеді: көмек сұраған адамдарға қамқорлық жасау керектігін.

б) Ұғынады: тамақ ішерінің алдыңда қолдарын жуу керектігін.







  • Начальные классы
Описание:

Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың технологиялық картасы.

(1-ші сәбилер тобы)

Білім аймағы: «Таным» «Қатынас» «Шығармашылық»

Білім бөлімі: Сенсорика. Көркем әдебиет. Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Шұбар тауық»

Мақсаты: Балалардың жақсы көңіл күйін қалыптастыру, көмекке келуге,болысу, жанашу дығдыларын қалыптастыру.

Балаларда саусақ маторикасын дамыту. (бұршақтарды теру,есіктердің тектерін ашып, жабу,қамырдан тоқаш жасау).

Балаларға түстерді ажырата алуға үйретуді жалғастыру.Балаларға тоқашты жасату арқылы, мүсіндеу тәсілдерін үйрету.

Балалардың сөздік қорын молайту. Билингвалдық компоненті: тек-кручки, қамыр-тесто,бұршақ-зернышка.

Сөздік жұмыс: қайырымды, жапсыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: бұршақ, стақандар,табақша, сүлгілер,қамыр,ыдыстар сенсорлық үстелдер мен тақта,

ТСО-дан тауықтың, әженің, атаның дыбысын пайдалану.

Автор Куанышева Динара Адайевна
Дата добавления 08.02.2017
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 449
Номер материала MA-070065
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии: