Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Зейнел ОтангульСабақтың тақырыбы: C. Мұратбеков «Жусан иісі» Сабақтың мақсаты: а) өтілген тақырып бойынша білімдерін жинақтап бекіту; ә) сөйлеу тілін байыту,тіл мәдениетіне көңілдерін аударту,салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу; б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Сабақтың түрі: білімді жинақтау,қорыту сабағы.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру,сайыстыру т.бСабақтың көрнекілігі:, кітаптар, дидактикалық материалдар т.бПәнаралық байланыс: тарих, қазақ тіліСабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау:Үйге берілген «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» тақырыбында жазған ой тоғауды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. б) Жаңа сабақты түсіндіру: «Жусан иісі» повесінен үзінді оқып,алған білімімізді жинақтау үшін бүгінгі сабақта «XXI ғасыр көсбашсысы» интеллектуалды ойын ұштастырылып отыр. Ойын VII кезеңнен тұрады. I . Бәйге. Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Ғибрат», «Қасиет» тобы. Әр топқа бес сұрақтан қойылады.1-топқа1. Әңгімедегі кейіпкерлерді ата. (Аян,Есікбай,Бапай шал, Тұрған, Асылбек шал, әңгімеші бала.)2.Шығармада баяндалатын оқиға қай жылдары өткен? (1941-1945 жылдар)3. Аян ертегісі қалай басталады? (Ертеде бір жетім бала болыпты)4.Аян тайдырып алған тобығын кімге салғызды? (Асылбек шалға)5. Аянды талай жерге дейін шығарып салған кім? (Есікбай) 2-топқа1. Аян алғашқы сауатын кімнен ашты? (Иманжановтан)2. Әжесі қайтқан соң Аян кімнің қолына көшті? (Әжесінің тумасы Бапай шалдың үйіне)3. Аянның кешкі қорегі не еді? («Тісің бар ғой» деп бір уыс бидай төгеді)4. Аян алғаш рет қалай тобығын тайдырды? ( Өрістен бұзау айдап келе жатқанда үйретемін деп,өзінің қысқа бұзауына секіріп мінген. Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кетті.)5. Ауыл қай жерде орналасқан? (Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың етегінде).II. Көкпар. Әр топтан бір оқушы шығып билет суырады. Берілген тақырып бойынша мақал-мәтел айтады. Топ мүшелері толықтырады. Қанша мақал-мәтел айтса сонша ұпай жинайды. III. Тіл өнер. Әңгімеден бір сөйлем алынады,ішінен бір сөз қалдырып кетеді. Сол сөзді тауып орысша,ағылшынша аудармасын айтады.Толық жауап берсе 30 ұпай. Әуелде біз-балалар оның ..... айтпайтынын білгеніміз жоқ. (ертегі,сказка)Менің көкем де,атам да жоқ,сондықтан төбелессем .... ұрсады ғой. (әже,бабушка) Шіркін,ағама .... жазар едім. (хат,письмо)Ал, жүріңдер мен кешегіден де ... ертегі айтамын. (қызық,интересный)Ағамның .... сіңіп қапты. (иісі,запах) Аян есік жақтағы темір пештің түбіне төселген құрым киіздің үстінде кір-кір жұқа құрақ .... жамылып жатыр екен. (көрпе,одеяло)Аян арық ..... отқа тығып жіберіп,шала піскен күйелеш масақты лып дегізіп суырып алатын. (қол,рука) IV . Жанды сөз С. Мұратбековтің шығармаларына байланыстырып екі топ бір-біріне үйден дайындап келген тест түрінде сұрақтар қояды. 1-топ сұрақтары1. С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесінен . Сатай Рабиғадан қандай кітап алды?А) қазақ әдебиеті Ә) геометрия В) алгебра Б) « Қан мен тер»2. Сатай Рабиға кетуге ыңғайланғанда қандай сұрақ қойды?А) Сен жақсы оқисың ба? Ә) Сен өлімнен қорқасың ба?Б) Қасқырды көргенде қорықтың ба? В) Сен қай мектепте оқисың?3. С.Мұратбековтің шығармаларын ата.А) «Балықшы әні», «Туған жер» Ә) «Қос шалқар», «Оянған өлке»Б) «Ауыл оты», «Дос іздеп жүрмін» В) «Әпке», «Дермене» 2-топ сұрақтары1. «Менің басым ауырып тұр» Қай кейіпкердің сөзі?А) Садақ Ә) Иманжанов Б) Есікбай В) Аян2. С.Мұратбеков Мәскеудегі М. Горький атындағы институтты қашан бітірді?А) 1973 Ә) 1971 Б) 1982 В) 19613. С.Мұратбековтің алғаш әңгімесі қай жылы жарияланды?А) 1952 Ә) 1973 Б) 1954 В) 1964 V. Суретте,бейнеле. Аян бейнесін құрастырамыз. Дәптерімізді алып Аян бейнесін топтастырып жазамыз. Зеректілігі зейінділігі ұстамдылығы Төзімділігі Аянның бейнесі мінезі сырт пішініVI . Шешен сөз. Әр топтан бір-бір оқушы шығып тақырып суырады. Тақырыпқа байланысты өз ой-пікірін ортаға салады.Аян мен әңгімені баяндап отырған бала арасындағы шын достық туралы ой өрбіт. Аян тағдыры сені ойландыра ма?VII. Жорға. Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қойылады.Білімді бағалау: Оқушылырдың жинаған ұпайларын есептеп,жеңімпаз қатарды анықтау,белсене қатысқын оқушылырды бағалау.Үйге тапсырма: Аян ертегісін «Баяғыда бір жетім бала болыпты» деген тақырыпта ертегіні жалғастырыңдар және оған өздеріңше ат қойыңдар.Сабақтың тақырыбы: С.Мұратбеков «Жусан иісі»Мақсаты:Білімділік: шығарманың идеясын тақырыбын, құрылысына қарай талдату, шығарма кейіпкерлеріне талдау, Тәрбиелік:тақырыпты меңгерту арқылы оқушыларды өз ойын ашық айтуға, адамгершілікке, бауырмалдыққа, достыққа ,мейірімділікке, тәрбиелеу.Дамытушылық: оқушылардың ізденімпаздық қасиетін,тіл байлығын дамыту.Сабақтың түрі: өтілген тақырыпты жинақтап,пысықтауСабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау.Көрнекілігі: тірек сызба,интерактивті тақта,суреттер, бейнебаян.Сабақтың барысы:I . Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалауII. Үй тапсырмасын тексеру.Сұрақтар:1.С. Мұратбеков кім?2. С. Мұратбеков қай жылдары өмір сүрді?3. Қай өңірде дүниеге келді?4. Қандай оқу орнын бітірді?5. Қандай шығармаларын білесің?III. Маған әсер қалдырған көркем үзінді. IҮ. Тірек-сигнал. Р/с Көркем үзінді Аянның қасиеттері 1 -Менің көкем де жоқ, апам да жоқ, сондықтан төбелессем әжем ұрсады... 2 Алыс-жұлыс ойын үстінде күрескенімізде ол біразымызды жығып кетті.Тек Есекбайдан ғана жығылды. 3 Біз басқа балалар,әлі де сөйлем құрастырып жаза алмайтынбыз.Сондықтан Аянға кеп:-Хат жазуды үйретші ,- деп жата жабысатынбыз. 4 -Мә,мына менің хатымды көшіріп жаз, тек менің ағамның орнына өз ағаңның атын жаз,- деп қоятын. 5 -Салып берің қалай,ей! Мына аяғың қисық боп бітіп,жазылып кеткенге ұқсайды ғой,енді оны қайта орнына салу оңай емес.Ауырғанына шыдар ма екенсің?!-Шыдаймын,ата,салып беріңізші!... Пікірлесу.1.Шығарма неліктен «Жусан иісі»деп аталды? 2.Аянның аянышты тағдырына кім кінәлі?3.Жазушы Аян бейнесі арқылы не айтқысы келді?4. Аян ертегілері неге аяқталмайды?5.Төменгі сыныпта танысқан көркем шығармалардан Аянға тағдыры ұқсас кейіпкер есіңде ме? Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалар» атты әңгімесіндегі Бораштың бейнесі.6.Венн диаграммасы Қорытынды. Шынында да , бұл күнде Аян қайда екен?Тірі ме екен?Ондай бала тірі болуы тиіс! Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді.Ал тірі болса , жусанды төбеге бір оралмауы қалай?! Жусанның иісін сағынбауы мүмкін емес қой!Қалай ойлайсыңдар,Аян елге оралды ма?Егер сен автордың орнында болсаң,шығарманы қалай аяқтар едің?VII.Қазіргі замандағы жетім балалар үйі туралы бейнебаянVIII.Үйге тапсырма: Шығармадан көркемдегіш сөздер мен мақалдарды тауып жазу
6 663 033 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Евстратова Любовь Андреевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
600 ч.
Курс повышения квалификации
72/180 ч.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
5 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.